Материалдар / Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын,елімізді қорғаған батырларды мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2022
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!»


Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын,елімізді қорғаған батырларды мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

(Балалар қолдарындағы жалаушаларды жоғары көтеріп, әуенмен залға кіреді)

Жүргізуші: Егемен болмай ел болмас,

Етек-жеңі кең болмас

Терезесі кең болмас,

Енді қазақ тең болмас.

Әсем әуен салдырған

Сәбилерде алғыр жан

Бал дәуреннің қызығы

Есте қалар балдырған.

Жүргізуші: Кең байтақ , көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің! Құрметті қонақтар, тәрбиешілер балалар! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 28 жылдық торқалы тойымен құтықтаймыз! Тәуелсіздігіміз баянды болып, ел аман жұрт тыныш болсын! Біздің «Бәйшешек» мектепалды даярлық тобы дайындаған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді Әнұранмен бастаймыз.

Әнұран:

Жүргізші: Тәуелсіз ел болысымен, біздің мемлекетіңіз өзінің жаңа даму жолын таңдады. Барлық қазақ халқы үшін жаңа өмір басталды. Бірақ біз бұл жаңа дәуірімізде өзіміздің өткенімізді,халқымыздың бұрынғы тарихын ұмытпаймыз. Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай біздің бүлдіршіндеріміздің сіздерге арналған музыкалық өнерін қабыл алыңыздар.

Вокал қатысушылары Ноян Батырхан, Жұмаділ Аслан және Заманбек Нұрасылдың орындауында жеке дауыста ән «Мен елімнің ертеңі»

(Ортаға ата домбырамен шығады, қолында құмырасы бар немересі келіп,ортаға отырады.)

Тілші: Бас қаламыз қай қала?

2. Қ.Р Президенті кім?

3. Қ.Р Рәміздеріне не жатады? Сәлеметсіз бе?! Ата мен Астана телеарнасынан келген тілшімін. Тәуелсіздік күніне арналған бағдарламаға сұқбаттар жинап жүрмін.

Атасы: Амансың ба қарағым?!

Тілші: Сіз не ойлап кеттіңіз?

Атасы: еее балам «тарихымызды білмей, болашаққа жол жоқ деген» жап-жас, көңілді сендерге қарап,өзімнің жас кезім есіме түсіп кетті.

Тілші: өзіңіздің жас кезіңізді айтып беріңізші...

Атасы: Ооо,бұл бұрынғы уақыттарда болған еді. Ол кезде қазіргідей тыныш заман болмады. Ол уақытта өзінің жерін қорғап, жауға тойтарыс берген батыр жігіттер болды.

Тілші: Ата сол оқиға туралы айтып беріңізші.

Атасы: Жарайды қалқам. Бұл оқиғаның барлығы қасиетті Түркістан жерінде болған еді....

Тілші : әрі қарай не болғанын білгім келеді.

Атасы: одан кейін қиын қыстау заман болды. Жауларымыз біздің қасиетті жерімізді тартып алмақ болды. Біздің ержүрек батырларымыздың арқасында біз жерімізді қорғап қалдық. Қазір сендер бақыттысыңдар осылай ән айтын, би билеп көңіл көтеріп жүрген.Оданда маған өнер көрсетіңдер өткенімді ұмытып,көңіл көтерейін.

Тілші : ата біздің балалар көңіліңізді көтеріп ән шырқап берсін.

Жүргізуші:Ән "Біз Отанның бөбегі" орындайтындар вокал қатысушылары Әбілқайыр мен Ерасыл атты әнші балапандарымызды шақырамыз!

Жүргізуші: Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің өркендеуіне, үздік елдің қатарына қосылуына үлес қосқан елбасымызды айтпай кетсек ұят болар еді. Тақпақтар:

1 бала: Мақсатына жету үшін алдағы

Әу бастан ақ дұрыс жолды таңдады

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе?

Орындаған балалардың арманын.

2 бала

Дұшпандар өткен салып із

Ел ел емеспіз намысы жоқ парықсыз

Нұрсұлтандай патшасы бар дарынды

Ел тізгінін қолына алған халықпыз

3 бала

Отан деген – әр адамның жүрегі

Оған ел де, жер де, су да кіреді

Отанымды бар әлемге паш еткен

Президентім – мақтанышым, тірегім.

Тірлігіне шырай берген кім десең?

Ол- Нұрсұлтан бақ жұлдызың

Сол азамат болмағанда ағайын

Бүгіндей қуанбас ең, күлмес ең.

4 бала

Ағайындыр аталы сөз ұқсаңдар

Ар-ожданың, имандылық ұстам бар

Қазағымның маңдайындағы жұлдызы

Нұрсұлтанның сары жолын ұстаңдар.

5 бала

Атыңнан айналайын Нұрсұлтаным

Қазаққа бақ болып туған нұр сұлтаным

Атағын Астананың аспандатып

Арада аман – сау болып жүр сұлтаным.

6 бала

Қазағымның қарапайым ұлы еді

Отан десе оттай соққан жүрегі

Шахта, зауыт, жұмыс жоқ ол білмейтін

Сегіз қырлы бір сырлының бірі еді.

7 бала

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

8 бала

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен

Жүргізуші: Алау болып жанамыз,

Батыр бола аламыз»,-

Деп келіпті бишілер

Қуана қарсы аламыз!

Патриоттық би: "Менің елбасым!"

Видео Слайд көрсетіледі...

Жүргізуші: балалар тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз, талқылып берейікші.

1-бала: Т – білдіреді теңдікті

2-бала: Ә – әдептілік елдікті

3-бала: У – уайымсыз қайғыны

4-бала: Е – егемен туған жерімді

5-бала: Л – лайым, бейбіт, бірлікті

6-бала: С – сенімділік тірлікті

7-бала: І – ілтипатпен ізет қой

8-бала: З – зиялылық, тілек қой

9-бала: Д – шақырады достыққа

10-бала: І – ілкімді болып сақтыққа

11-бала: К – күн боп көктегі,

Қол сұқпа, көз алартпа баршаға

(қолдарындағы «Тәуелсіздік» сөзі жазылған шарларын көкке ұшырады)

Тақпақтар: 1-бала: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Жасай берші ұлы күн,

Үміті болып елімнің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп ананың.

2-бала: Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16-желтоқсан шуақ болып

Тәуелсіздік еліме алып келген.

3-бала: Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі

4-бала: Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы

5-бала: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызды барлық үміт ақталсын.

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Жүргізуші:Патриоттық флэшмоб "Алға Қазақстан!"

Бүгінгі ертеңгілігімізді «Атамаекен »әнімізбен аяқтаймыз.

Ән: «16-шы Желтоқсан!»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!