Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімнің еркіндігі тәуелсіздік деп аталатын ашық тәрбме сағаты осы мектеп қабырғасында жүрген барлық ұстаздарға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ» КММ
















Кітапханалық сағат

Тақырыбы: Елімнің еркіндігі Тәуеліздік










Өткізген: Г.С.Исабекова













Тәрбие сағат тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.


Құрметті, оқушылар, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға кіреді де, жарты шеңбер болып түрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Айжүз:

Тәуелсіздік таңын сүйем .

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.


Меруерт:

Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.


Әдемі:

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.


Арайлим:

Маған қымбат ұлы елімнің .

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.


Сабина:

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.



Бек:

Бостандығым тұңғыш рет,

Аққанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.


Арайлим:

Ән «Анашым»


Алтынай:

Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.


Диас:

Тәуелсіздік – Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәйім шат күнім.


Айжүз:

Балабақша серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік –ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.


Сабина:

Қыста келген бақыт бұл,

Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін

Әлемге елім шашып тұр.


Меруерт:

Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.


Хормен «Біз өмірдің гүліміз» әні орындалады.


Әдемі:

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай


Диас:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.


Алтынай мен Сабина:

Би «Қазақтың қыздары-ай»


Марат:

Егеменді ел бақыты ертеңгі,

О, халайық Құтты болсын қуаныш!


Хор: « Менің Қазақстаным»


Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.11.2018
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі