Елін сүйген елбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елін сүйген елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан жайлы әңгімелесу.Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту.Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім,Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу,рухана отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елін сүйген Елбасы!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан жайлы әңгімелесу.Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту.Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім,Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу,рухана отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы,рәміздердің суреті,шарлар,бәйтерек.

Мотивациялық талаптану.

Ақыл ойы дананың,

Ана тілден аламын,

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның,

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді,

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

Қазақстанның рәміздерін атаңдар?

Біз қай ұлтпыз?

Біздің ұлтымыз қазақ.Біздің тіліміз қазақ тілі.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін барлық өнерімізді біздің Елбасымызға арнаймыз,өйткені ол біздің тұңғыш Елбасымыз.1991 жылы 1-желтоқсанда –Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасының күні деп жарияланады.

Тәрбиеші: Еліміздің барлық саяси, салтанатты шаралар Қазақстанның Әнұран орындауымен басталады, біз де қазір әнұранды орындайық.

Әнұран орындалады.

Сұрақ-жауап:

Тәрбиеші: Біздің елбасымыз,Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Еркімен кәрі,жасымыз

Дауыс беріп сайлаған

Бар біздің елбасымыз

Халық қамын ойлаған

Н.Ә.Назарбаевтің өмірбаяны, еңбек жолымен таныстыру. (слайд арқылы)

Тәрбиеші: Балалар біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз.Ол елдің аты қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Тақпақ:

Анамыздай тілеуі ақ

Отан бізде біреу-ақ (Ханшайым)

Отан-жерім, Отан-суым

Отан қуат нәр береді (Айсұлтан)

Отан-ұран,Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді (Асылым)

Сергіту сәті.

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел!

Суреттермен жұмыс.

Тәрбиеші: Әр елдің өзінің мемлекеттік рәміздері болады, ал біздің еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Балалар: Ту,Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды Бұл не? Тудың түсі неге ұқсайды

Мынау ҚР мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбада не бейнеленгенін қарандар.

«Тәуелсіз мемлекет» ұғымына түсінік беремін. Мемлекетіміздің Ата заңы Қазақстан азаматтарының құқықтарын оның ішінде балалардың да құқықтарын қорғайды, сонымен қатар азаматтар заңының ішіндегі баптарды білуге, орындауға міндетті.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?

Балалар: Қазақ тілінде.

Ана тілім-ұраным

Ана тілім-құралым

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр әнім

Тәрбиеші: Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар: Нұр-Сұлтан.

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышы –Нұр Сұлтан!

Қорытынды: Ән: «Әнұран»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2022
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі