Материалдар / Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Ел ертеңін ойлаған - Елбасы»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанға деген мақтаныш, патриотттық сезімдерін арттыруға, ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болу, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаевтың портреті, елбасымыз жазған еңбектер, Республикамыздың мемлекеттік нышандары.


Сабақтың барысы:

-1-оқушы Дана

Ақиқат - тіліп түсер алмасымыз,

Тәуелсіздік жалғасқан жалғасымыз.

Халқымыз бірауыздан қолдайтұғын,

Нұрсұлтан Назарбаев - Елбасымыз!

Хор

1 -желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күні құтты болсын!


1-жүргізуші: Қыдырхан

Бүгін сіздердің назарларыңызға « Ел ертеңін ойлаған - Елбасы» атты ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.


2-оқушы Ерсұлтан

Тәуелсіздігіміздің арқасында көгіміз де туымыз да, төрімізде елтаңбамыз, аспанда әнұранымыз мәңгі қалықтасын.

Сөзін елбасымыздың өзі жазған әнұранмен бастасақ.

Әнұран орындалады. (хор)

Мерей

Ал ендеше, Нұрсұлтан Назарбаев кім? Қай жердің тумасы? Қай жылы дүниеге келген?

3-оқушы. Гүлім

Н.Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, аз-маз өнімдерін сатып, үйішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген керемет мереке саналатын. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

4-оқушы. Нұрсауле

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металургия комбинатына жұмысшы болып аттанды.

Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар.

5-оқушы Әсем Н. Назарбаевтың өскен ортасы.

Иә, Нұрсұлтан Назарбаев балалық шақпен қоштасып үлкен өмірге қадам басты. Құрыштай қайнаған Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

6-оқушы. Назгүл

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінеді.1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

7-оқушы. Анеля

1973-1977 жылдары Қармет комбинатының партком хатшысы.

8-оқушы Айдана

1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің 2- хатшысы.

9-оқушы Айдын

1979-1984 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.

10-оқушы Азат

1991 жылы 1-желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде басым дауыспен Президент болып сайланды.

11-оқушы Қыдырхан

Содан бергі уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті атқарған еңбектерін былайша өрнектер едік.


12- оқушы Дана

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және ол тек посткеңестік елдер аясында ғана емес, әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналды.


13-оқушы: Медина

Әрине, мұндай жетістікке қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауда дұрыс бағыт таңдап алудың арқасында қол жетті.


14-оқушы Аружан:

Осындай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтты республикамыздың Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рол атқарды. Қанеки, достар, біздер Елбасымыз жөнінде не білетінімізді бөлісейік.


15-оқушы: Азат

Кеңес одағы ыдыраған кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы батыл да білікті қадамдар жасай білді. Кешегі одақтың өзге субьектілерінің арасында көп ұлтты Қазақстан этносаралық шиеленіске бір табан жақын тұрғандай көрінетін.


16-оқушы: Ақмарал

Алайда ондай келеңсіздікке жол берілген жоқ. Н. Назарбаев жасампаздық саясатты таңдап алды, халық пен мемлекет билігі бірлігінің , Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының беріктігінің символы және кепілі болды.


17-оқушы: Дина

Сондықтан біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге ұлтына сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Хор

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады.


18-оқушы : Азат

Президент әлемдік ағымдарға мұқият назар аударады, ал өзінің көрнекті ғалым екендігі де белгілі. Оның іргелі еңбектерінің қатарына жататындар: «Нарық және әлеуметтік- экономикалық даму», «Қоғамды өзгерту стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта өрлеу», «Бейбітшілік эпицентрі», «Еуразия жүрегінде» тәрізді кітаптары мен басқа да ғылыми жұмыстары әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолдауға ие болды.





Бекасыл

Қазақстан Президенті тек өз елінің бірлігін ғана емес, сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың ауаның да жіті байқай біледі. Оның кепілі 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі.

Айдана

Американдық «Вашингтон-пост» газетіндегі 1991 жылғы 30 шілдесіндегі мақалада: «Бүкіл дүниежүзі КСРО президенті Горбачев пен Ресей президенті Ельцинді кеңестер Одағындағы екі ұйытқы тұлға ретінде тануға әдеттенген кезде осы үлкен елдің белгісіз бейхабар түпкірінен 3 адам саясат сахнасына шығып, бүкіл дүние назарын баурап барады» деп жазды Елбасымыз.


Аблай

«Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді болады», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Нұрсұлтан Әбішұлы саясаткер, ғалым және стратег ретінде қысқа кезең ішінде тәуелсіз мемлекеттің оң жетістіктерге қол жеткізе алатындығын бүкіл әлем алдында дәлелдеп берді.

Назгүл

Әлемдік ағымдарға басты назар аудару – біздің Президентімізге тән қасиеттің бірі. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік дәрежеге сай ғалым болып табылады. Ол экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі, бірнеше халықаралық университеттердің құрметті докторы, шет мемлекеттердегі бірқатар Ғылым академияларының академигі болып табылады.

Ерсұлтан

Президент өзінің жыл сайынғы халқына жолдауында алда тұған міндеттерді нақты қойып, қандай асуларды алу керектігін айқын көрсетіп берді, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, болашағымыз қандай болу керек десек, соған орай өмірлік ұстанымды парасатты түрде айқындау керектігіне назар аудартты.

Медина

Қараша айында Н. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол» атты жолдау жолдады.

Айдын

Қазақстан Республикасының Президенті туралы өзінің елінде де, сондай-ақ әлемнің басқа жерлерінде де жақсы жағынан айтылып келеді, оның атқарған істерінің, әсіресе біздің еліміздегі ғана емес барлық халықтардың бейбіт өмір сүруіне орай тындырған жұмыстарының мән-маңызын сезінбеу мүмкін емес, сондықтан да «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты - менің Президентім !» деп зор сеніммен, әрі мақтаныш сезіммен айта аламыз!

Мерей

Қазақ жері – достықтың гүлістаны,

Дархан өлкем – мерейлі ырыс-бағы.

Күрестерде, еңбекте, мерекеде,

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Әділ

Қазақ елі бауырмал ел барынша,

Көп жақсылық көріп өстік осы елден.

Қазақ бізге орын берді төрінен,

Қазақ бізге орын берді жерінен.

Қазақ бізге бөліп берді нанынан,

Тірі қалдық пейілінің кеңінен.




Дина

Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек – деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

Би : Орындайтындар қыздар тобы

Айдана

Асыл өлкем ерекше,

Қазақстан – мекенім,

Беп-белгілі емес пе,

Сенің ғажап екенің.

Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізде мәңгілік.

Қыдырхан

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім,

Күн сәулелі Қазақстан!

Әсем

Бақыт күні осы күн,

Оны әнге қос бүгін.

Ардақтайды бұл күнді,

Келетұғын ғасырың.

Аялайды ел мұны,

Өміріңді ендігі.

Ертеңіміз ол біздің,

Еркіндіктің ер күні.

Қарақат

Әлдеқалай түспейді адасып нұр,

Астанаға сұлу тәж жарасып тұр.

Жап-жаңа бұл Астана әлемдегі,

Көшелермен бой түзеп таласып тұр.

Астана әнін орындау. Талип Назгүл


Ерсұлтан

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,

Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.

Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,

Біз боламыз, о, Отан, жас ұланың!

Аружан

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып Аналар бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.



Нұрбақыт

Тіліммен Дінім, Ұятым, Арым, Берекем,

Еліммен жерім, Арманым, Мұңым, мерекем.

Алатау тұлға, оранған нұрға бақ дарып

Тәңірден тағлым бұйырған дара ер екен!

Балнұр

Елбасым, Елбасым!

Айбарым, ардағым!

Елбасым, Елбасым,

Ойлаған халқының арманын

Кемеңгер, көрігім.

Тасқыны жаңа жыр арманың!

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген.

Жүзіңнен нұры, жүректен жыры өшпеген!

Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,

Келеді елі бастаған ұлы көшпенен.

Ақмарал

Достықпен дүниені табындырдың,

Киелі кең далаңа ел қондырдың.

Нұрсұлтан ата жасай бергін мәңгіге

Әлемге казақ елін таныстырдың.

Анеля

Өмір жолың қайта жанды сөнгенде,

Нұрсұлтаным Президент боп келгенде

Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,

Дауыс берген сайлау күні бар пенде.

Қарақат

Достықтың туын көтеріп,

Еліңе бақыт келтіріп.

Президент болдың Нұрсұлтан,

Қазақтың салтын тербетіп.

Назгүл

Сансыз бұлақ ағып жатты бұлқынып,

Таңым атты шұғылданып нұр қуып

Шетте жүрген бауырларым бас қосып

Егеменді «қазақ» деген ел болып.

Азат

Еркіндік пен достық орнап елінде,

Көк байрақты желбіреттің көгіңде

Жер бетінде барлық қазақ жиналып,

Көш бастады ұлылықтың төрінде.

Аблай

Халқымда күш-қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қарай қозғалайық.

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!

Вальс Орындайтындар 3-сынып оқушылары «Үш қоңыр» әні

Дана

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы.

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.

Аружан

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тумасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын Қыран, Бүркіт, қос қанатың!

Анеля

Кенеліп мол табысқа ұлан-ғасыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл.

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

Нұрбақыт

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ –ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Қыдырхан

  • Тәуелсіздік туы желбіреген күннен бастап елімізді ерен жетістіктерге жеткізген, бейбіт өмірдің салтанат құруына, экономиканың еңселі дамуына жол ашқан, қазақ халқының дүние жүзіне танылуына еңбек сіңірген Президентіміз Н. Назарбаев екен.

  • Ерсұлтан

  • Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Н. Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент - біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз, мақтай да аламыз.

  • «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды.

Нұрсауле

Тәуелсізбін ! Бар ма мұң?

Талайлы болсын талғамым!

Өркені өссін қазақтың,

Осы – менің арманым!

Ақмарал

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

Гүлім

О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы-менің мұратым!

Мерей

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім!


Қорытынды.




Үлгілі тәрбие сағаты 28.11.2014ж


3-сынып


Сабақтың тақырыбы: « Ел ертеңін ойлаған - Елбасы»


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанға деген мақтаныш, патриотттық сезімдерін арттыруға, ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болу, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаевтың портреті, елбасымыз жазған еңбектер, Республикамыздың мемлекеттік нышандары, бүктемелер.



Сабақтың барысы:

Ақиқат - тіліп түсер алмасымыз,

Тәуелсіздік жалғасқан жалғасымыз.

Халқымыз бірауыздан қолдайтұғын,

Нұрсұлтан Назарбаев - Елбасымыз!


  1. Елбасымыздың өскен ортасы

  2. Атқарған қызметтері.

  3. Елбасы туралы айтылған ойлар.

  4. Тақпақтар ( Отан, Елбасы, Қазақстан Республикасы)

  5. Ән «Астана»

  6. Қорытынды.



ЖИ арқылы жасау
28 Қырқүйек 2018
633
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі