Материалдар / Елін сүйген елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елін сүйген елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы туралы ақпараттар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиесағатының мақсаты:

1. Дамытушылық: ҚазақхалқыныңтұңғышпрезидентіНұрсұлтанӘбішұлыНазарбаевтыңөміржолы, туып-өскен, оқыпбілімалған, қызмететкенжерлерітуралымағлұмат беру;

2.Тәрбиелілік: Елбасыныңөміржолынанүлгі ала отырыпОтанын, халқынсүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттықпатриоттықсезімгетәрбиелеу;

3.Білімділік: Шәкіртжүрегіндеелбасынадегенсүйіспеншіліксезімінояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтаркөрсету, шарлар, суреттер.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбын «Адасқан буындар» әдісі арқылы ашамыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

Мұғалім сөзі:

Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Бүгінгі 3 «Б» сыныбында өткелі отырған «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

Осы ашық тәрбие сағатының алғы сөзін бастауыш сыныптар бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрекешова Тойған апайға береміз.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Қазақстан Республикасының басында тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ»,«Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі еліміздің президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ал,ендеше, балалар, елбасы жайында білетіндерімізді ортаға салайық.

(оқушылар кезекпен елбасының өмірін қысқаша айтып шығады)

1 оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.






2 оқушы:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украина қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3 оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4 оқушы:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1 - желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

5 оқушы:

Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Ол кісі сонымен қатар ақын,оның көптеген кітаптары жарық көрді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» деген әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

6 оқушы:

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Мұғалім сөзі:

Енді сіздерге тапсырма осы айтылған өз ойларыңызды қағаз бетіне түсіресіздер.

Топ болып жұмыс жасайсыздар.

1-ші топ сіздер елбасының өмір жолынан үзінділер жазып,постер қорғайсыздар.

2-ші топ елбасының жеткен жетістіктерін жазасыздар,ол үшін алдарыңызға тасталған суреттерді пайдаланасыздар.

3-ші топ елбасының отбасын жазатын боласыздар.

4-ші топ елбасының жазған кітаптары жайлы мағлұмат бересіздер.

(Оқушылар топ болып жұмыс жасайды,постер қорғалады)

Жарайды,өте жақсы балалар.

Бүгінгі сабақтан елбасы жайында аз да болса мағлұмат алдық.

Қорытынды:

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
                                                                     Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Осымен 3 «Б» сыныбының кемеңгер көшбасшыға арнаған тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!




















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!