Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 желтоқсан ҚР нің президент күніне арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Гимн

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан ,

Ықпаған еш ауыртпалық,қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайлағаны баршамызға белгілі.Яғни,өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан-мемлекеттік тарыхының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Жоғарғы Парламеннтің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет –Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп ,бұл баршамыз үшін қунышты оқиға болды.Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.Биыл міне,тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Сөз кезегін оқушыларға:Назарбаевтің өмірбаны туралы мәлімет беру

Викториналық сұрақтар.

  1. Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы?

  2. Н.Ә.Назарбаев қай жылы ҚР нің Президенті болды?

  3. Президен күні неліктен 1 желтоқсан деп жарияланды?

  4. Қазіргі таңда Н.Ә.Назарбаевтың қандай кітаптары жарыққа шықты?

  5. Н.Ә.Назарбаевтың негізі мамандығы?

Елі үшін көтеріп нар жүгін де ,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Қазақстан Мемлекетінің Тұнғыш Президент күніне арналған оқушылардың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анык өшпес алтын

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына-дей отырып



Концерттік бағдарлама

Бір басында кемеңгерлік, даналық .

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса-болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып

Бүгір Тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық!

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, әр халқым!

Сөз кезегі мектеп директоры ......................на беріледі.


Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Елапаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршамызға құтты болсын!

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі