Материалдар / «Еліне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Еліне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, сыйлауға шақыру, кез келген мамандықтың қыры мен сырларын түрлі болып келетінін түсіндіру. Ел үшін еткен еңбектің әрқашан бағасы құнды боларын білуге үйрету. Оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерін дарыту әрі дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
81
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сыныбы: 10 «А, Б»

Тақырыбы: «Еліне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет»

(еңбек ардагерлерімен, ардагер ұстаздармен кездесу)

Мақсаты: Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, сыйлауға шақыру, кез келген мамандықтың қыры мен сырларын түрлі болып келетінін түсіндіру. Ел үшін еткен еңбектің әрқашан бағасы құнды боларын білуге үйрету. Оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерін дарыту әрі дамыту.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Еліне қарай – құрмет, жасына қарай - ізет» тақырыбында өткелі отырған еңбек ардагерлерімен кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде еліміздің болашағы, - дей келе құрметті оқушылар, кешіміздің қонақтары, еңбек ардагері Сәденов Жаңаберген ағайымызды және ардагер ұстаздар Майханова Күлбарам, Қазақбаева Көптілеу апайларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Слайд-шеру. (кешіміздің қонақтары және олардың ұлағатқа толы өмір белестері жайлы слайдтар көрсетіледі және қосымша мәліметтер оқылады)

1-жүргізуші: Сәденов Жаңаберген (Құндызай апайдан алу керек)

2-жүргізуші:

Қазақбаева Көптілеу апайымыз 1949 жылы 16 қаңтар күні дүниеге келген. Көптілеу апайымыз осы киелі шаңырақ, №105 орта мектебінен 1957-1963 жылдар аралығында 8 кластық білім алып шыққан. Бітіре салысымен педучилищеге мұғалім мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1966 жылы тәмамдаған. 1980 жылы Қаз ГУ-дің тарих факультетінен білім алып шыққан.

1966-2006 жылдар аралығында №105 орта мектебінде аттай 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша қызмет жасап, қызметінің арасында 1968-1970 жылдың аралығында аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі қызметінде де болған.

Отбасында 6 баланың анасы, 11 немеренің әжесі. Отбасының ұйытқысы бола білген ана, ұстаз, әже мектеп оқушыларымен бірге өз балаларының да тәрбиесін назарынан тыс қалдырмай, тағдырдың жазған ауыр жүгін өз мойнымен көтере білген бірегей жан. Бұған дәлел ретінде барлық балаларының жоғары білімді әрі адамгершілігі мол азамат болып өсуі нақты дәлел. Көптілеу апайымыз өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде көп еңбек сіңірген ұстаз ретінде еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері атанып, қазіргі таңда 40 жыл еткен еңбегінің жемісін көріп, немерелерінің шаттығына бөленіп отырған жан.

1-жүргізуші:

Майханова Күлбарам апай 1955 жылдың 14 сәуірінде дүниеге келген. 1976 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, мұғалімдік еңбек жолын бастаған. 36 жыл ұстаздық қызметте болған Күлбарам апай І санатты орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі. Республикалық, облыстық білім жүйесіндегі білім беру мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы және жетілдіруде шығармашылық еңбегі мен табысы үшін Білім министрлігінің құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Апайымыз отбасында өнегелі те тәрбиелі әже бола білген 3 баланың анасы.

2-жүргізуші: Келесі кезекте орындалатын әніміз Сіздердің қошеметтеріңізге.

Ән: «Бақыт деген...» орындайтын 10-сынып оқушылары: Исаева Ақтолқын, Бақтыбаева Аружан.

1-жүргізуші: «Мектеп - білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары мен өз мамандықтарының қыры мен сыры туралы айтып берсе.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да, осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
1-жүргізуші:
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады,

Сәлемін қабыл етіп алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұлы ғұлама, ғалым, ұстаз Әбу-Насыр Әл-Фараби сөзінде:
«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген екен.
1-жүргізуші: Келесі кезекте мектеп оқушылары қадірменді қонақтарымызға өздерін толғандырып отырған сұрақтарын қойса... (сұрақтар беріледі)

1. Осындай мамандықты таңдауға не себеп болды? (Сәденов ағайға) 2. Бала кезіңіздегі арманыңыз қандай еді? (Көптілеу апайға)

5. Мектеп өмірінен есіңізде қалған тентек оқушы бар ма? (Күлбарам апайға) 3. Отбасыңызда, немерелеріңіздің арасында ата жолын қумақшы жастар бар ма? (Сәденов) 4. Мұғалім ретінде неше дүркін түлек шығарып салдыңыз? (Көптілеу апайға) 7. Отбасындағы ана міндеті мен мемлекет алдындағы мұғалімдік жауапкершілікті қатар алып жүру қиын болды ма? (Күлбарам апайға)

6. Өз мамандығыңызға байланысты қызықты сәттеріңіз жайлы бөліссеңіз. (Сәденов ағайға)

8. Немерелеріңіздің мектептен алып жүрген білімінің сапасына көңіліңіз тола ма? (Көптілеу апайға)

2-жүргізуші: «Әке – бәйтерек, ана – жапырақ, бала – жағасындағы құрақ» демекші, ата-ана өз баласының «табанына кірген шеңгел маңдайыма кірсін» деп өсіреді. Қадірменді қонақтар, келесі сықақ өлең немере, қазіргі заманауи немерелер туралы болмақ.

«Немере деген немене...» Оқитын 9-сынып оқушысы Әбдіқалықова Гүлсезім.

1-жүргізуші: Келесі кезекте ойын


2-жүргізуші:

Кем көрмейміз сізді асыл анамнан
Сізге ұқсап қудық бізде сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болса,
Балалардың бақыты үшін жаралған.
1-жүргізуші:

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазыма мың сан алғыс,
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

2-жүргізуші:

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да аталмаған ұстаздар
Алдарында мәңгілікке қарызбыз.

Ендігі кезекте ән. «». Орындайтын Бақтыбаева Аружан

1-жүргізуші:

Нұрын төккен көк аспан күмбезіне,
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға
сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

2-жүргізуші: Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз, Асыға сәлем жолдап жүректен біз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Ұстаз - ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.
Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.
Ұстаз – ол әке, шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.
Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды.

2-жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген.
Құрметті ұстаздар!

Ән «АНА».
Орындайтын____________________________

2-жүргізуші: Ойларыңызбен бөліскендеріңіз үшін, үшін көптен – көп рахмет. Сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ортамызға келіп, пікір білдіргендеріңізге рахмет айтамыз. 1-жүргізуші:  Қадірменді қонақтар, біз сіздерді құрмет тұтамыз. Әрбір айтылған ақылдарыңызды ықыласпен ынта қойып тыңдап, дана Абай атамыз айтпақшы, адамның баласы болуға уәде береміз! . 1-жүргізуші: Өздеріңізге деген шәкірттеріңіздің дайындаған аздаған сыйлықтары бар. Соны қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Бүгінгі «Еліне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» тақырыбындағы кездесу кешіміз аяқталды. Көңілдеріңіз ешқашан жабырқамасын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді әрі қуанышқа толы болсын! Есен-сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!