"Елің сүйген Елбасы" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елің сүйген Елбасы" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалабақша балаларын Елбасы жайлы түсінік қалыптастыру. Тәрбиешілерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 06.12.2018

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Мақсаты: Балаларға елбасының аты-жөнін толық атауға, оның сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныстыру. Үлкейткіш құралды, интерактивті қарындаш, боямақты пайдалану арқылы балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: АКТ, ойын, көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: флипчарт, сюжетті суреттер, дидактикалық ойынға қажет таратпа материалдар.

Барысы:

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады.

-Балалар, қәне сәлемдесіп алайық!

Біз жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Үлкендермен ең алғаш

Сәлемдесіп аламыз.

Қайырлы таң!

Доброе утро!

Good morning!

Арайлап атқан бүгінгі таңымызды күнтізбе бұрышын бақылаудан бастайық. Жыл мезгілін және ауа-райының арнайы белгілерін көрсету.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде қанша ай бар, ата?

-Қыс мезгілінде үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазір желтоқсан айы.

-Қазір қыстың алғашқы айы желтоқсан айында мерекелер көп екен. Алғашқы мерекеміз «Тұңғыш президент» күні және алда «Тәуелсіздік» мерекесі келе жатыр. Тәуелсіз дегеніміз біз ешкімге яғни өзге мемлекетке өзге ұлтқа тәуелді емеспіз. Өз жеріміз, өз президентіміз және гимн мен рәміздеріміз бар. Аталған мерекелердің құрметіне «Елін сүйген елбасы» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізді бастаймыз.

-Қане , орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек тұсына қойып гимнімізді айтайық.

(Балалар қатарға тұрып гимн әуеніне қосылады.)

Ғажайып сәт: Кенеттен бұлбұл құстың дауысы шығады.

-Балалар, бұл ненің даусы?

Балалар шиқылдаған құстың даусы шыққанын айтады.

(Мультимедиялық тақтада хат әкелген құс шығады. )

-Балалар бізге құс хат әкеліпті.Хатта не бар екен? Лупаның көмегімен көрейік. Мұнда карта бар сияқты. Ашып көреміз бе?

-Бұл қай елдің картасы болды екен?

-Қазақстан Республикасының картасы.

-Әрине, байқасаңдар,біздің жеріміз ұлан байтақ,кең екен. Көрші орыс, өзбек, қырғыз, қытай елдерімен шекараласамыз.

-Балалар, мына сиқырлы лупаның көмегімен өз өлкемізді, балабақшамызды тауып алуға болады.

-Міне, Қазақстанның оңтүстік аймағында орналасқан екен. Ал мына жоғары қарай солтүстігінен елордамыз Астана қаласын көреміз. Өздерің байқағандай, Астана қаласын қызыл түс белгіленіпті. Астанамыз-өте әсем қала.

Балалар біздің өз елтаңбамыз, әнұранымыз, ата заңымыз, туымыз бар. Біз оларды қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

Туды көрсетіп сипаттау

  • Мемлекетіміздіің туының түсі көгілдір, ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі, астындаға қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Елтаңбаны көрсетіп сипаттау

  • Республикамыздың Елтаңбасы көгілідір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды, шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді.

(Балалар да әңгімеге араласады,өз білетін ойларын айтады.)

-Осындай керемет гимніміз шырқалып, туымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз жоғары ілініп тұруы президентіміздің арқасында екен. Сендер Нұрсұлтан атамыз жайлы не білесіңдер? Мына суреттердің көмегімен әңгімелеп көрейікші.

Балалар:

-Өзге мемлекеттерге іс-сапарға барады.

-Басқа елдердің президенттерімен кездеседі.

-Халыққа көмектеседі.

-Балаларды жақсы көреді , олардың болашағын ойлайды.

- Домбыра тартуды, ән айтуды жақсы көреді.

Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық.Бізге саяхат жасауға сиқырлы көмектеседі

Сергіту сәті.

- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған.

Осы Қарағандыда балалық шағы мен жастық шағы өтті. Жастайынан еңбекқор, еліңе деген үлкен пайдасың азамаат.

Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай қала.Осы жерде жастайынан астында жұмыс жасаған әрбір азаматтары.

-Келесі қай қалаға саяхат жасаймыз деп ойлайсыңдар?

-Астана.

-Әрине, ол елордамыз, бас қаламыз, біздің елбасы жұмыс жасайтын Астана қаласы.

Астана қаласында көптеген әсем ғимараттар бар. Сол ғимараттарды

Дидактикалық ойын: «Пішіндермен салыстыр»

Мақсаты: Елорда төрінен орын алған әсем ғимараттарды пішіндермен салыстырып, атай білуге үйрету. Елге, жерге деген құрметке тәрбиелеу.

Балалар интерактивті тақтада да, үстел үстінде де жұмыс жасайды.

Тәрбиеші: Балалар,көңіл-күйлерің қалай? Сендерге бүгінгі оқу қызметі несімен ұнады? Қай жерде ерекше әсер алдыңдар?

Балалар өз ойларын айтады.

Тәрбиеші: Ерінбей еңбек еткен адам үлкен белестерге жетеді. Нұрсұлтан атамыз сияқты еңбекқор, елін сүйетін, қорғайтын, елі үшін аянбай еңбек ететін азамат болуға шақырамын.

Келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Елбасы жайлы, ҚР Рәміздері жайлы өз білгендерін,

Түсінеді: Елбасымыздың құрметті тұлға екенін,

Қолданады: интерактивті тақтада қаламмен жұмыс жасауды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі