Материалдар / ЕЛТАҢБА –ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕЛТАҢБА –ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздердің халықтың өзіндік табиғатына, болмысына,қоғамдық құрылыстарына тән тарихы бағзы заманнан бастау алады. Ендеше рәміздердің әрқайсына тоқтала кетсек. Елтаңбаларды зерттеумен ғылымда геральдика (елтаңбатану) ғылымы болса, ал зерттеуші адамын геральдистер деп атайды. Бұл тақырыпта ХVІ ғасырда арнайы еңбектер шығып көптеген мағұлматтар кездеседі. Ал ғылыми саланың негізін қалаушы француз Менестрэ болып саналып, 1650 жылы елтаңбатану мәселелеріне арналған тұңғыш іргелі еңбек жазып шығарды. Тарихта сол сияқты Коломбилер, Варенн және Ансельм сияқты бірнеше рәмізтанушылардың есімі тарихта құрметпен аталады. Елтаңба билік нышаны ретінде тулардың, жалаулардың, мөрлердің және ақшаның құрамдас бөлшектері ретінде пайдаланылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2023
269
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЛТАҢБА –ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Есеркенова А.К

Ақтөбе қаласы №34 ОМ тарих пәні мұғалімі


Мемлекеттік рәміздердің халықтың өзіндік табиғатына, болмысына,қоғамдық құрылыстарына тән тарихы бағзы заманнан бастау алады. Ендеше рәміздердің әрқайсына тоқтала кетсек. Елтаңбаларды зерттеумен ғылымда геральдика (елтаңбатану) ғылымы болса, ал зерттеуші адамын геральдистер деп атайды. Бұл тақырыпта ХVІ ғасырда арнайы еңбектер шығып көптеген мағұлматтар кездеседі. Ал ғылыми саланың негізін қалаушы француз Менестрэ болып саналып, 1650 жылы елтаңбатану мәселелеріне арналған тұңғыш іргелі еңбек жазып шығарды. Тарихта сол сияқты Коломбилер, Варенн және Ансельм сияқты бірнеше рәмізтанушылардың есімі тарихта құрметпен аталады. Елтаңба билік нышаны ретінде тулардың, жалаулардың, мөрлердің және ақшаның құрамдас бөлшектері ретінде пайдаланылады. «Герб» деген терминнің шығуы мамандардың пайымдауынша немістің «еrbe» -мұра, поляктің«herb» эмблема, белгі деген сөздермен байланысты. Қазақтың «таңба» деген сөзінің мәні осыған ұқсас. М.Қашқари сөздігінде (ХІ ғ.) ел билеушілердің ерекше белгілері деген мағынада «Хақан не басқа билеушілердің таңбасы» деген анықтама бар. О.Сүлейменов «Таңба –тайпа, ру белгісі, қазіргі шекара бағандарына мемлекеттік елтаңба соғылса, ежелгі тайпалар жаңа жерге қоныстанғанда шекарадағы тасты өз таңбаларымен белгілеген.»«Таңба» сөзін орыс князьдіктері «герб» деген мағынада қолданған. Таңба ұғымы көптеген түркі халықтарына ортақ екені байқалады.Мысалы, қырғызша «тамға», -жылқының санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша «тамға» немесе «таңба» -қазақшадағыдай мағынада; әзірбайжанша «дамға» таңба, белгі; өзбекше және башқұртша «тамға» -таңба, белгі, мөр. 1882-1892жылдары Н.Ф.Костанов түркі халықтарына тән үш мыңға жуық таңба үлгілерін жинаған.Белгілі түркітанушы В.В.Радлов бұл ұғымның мағынасын «белгі», «ру таңбасы», «мөр» деген сөздермен ашады.

Елтаңбатану ғылымының тәртібі бойынша екі металл алтын мен күміс, бес түрлі бояу(эмаль –финифт) –қызыл, көгілдір, алқызыл, жасыл, көк реңдер негізгі рәміздік белгілерге жатады.

Елтаңбаларды пайдаланылатын белгі бедерлердің, бейнелердің де астарлы мағынасы болады. Мысалға алатын болсақ, арыстан –күш, жігердің, батылдықтың, кеңдік пен дархандықтың, ерліктің және биліктің, аю –сақтықтың, бұқа –күштің, әтеш –сайыс пен күрестің, жылан –мәңгілік пен даналықтың, балық –сергерктік пен сақтықтың белгісі саналады. Өсімдіктер әлемінен қарасақ, пальма –ұзақ ғұмырдың, жеңістің, лилия -өмірдің, қайта тірілудің белгісін білдіреді. Геометриялық кескіндер ішінде дөңгелек (шар) –жердің, әлемнің, шеңбер –шексіздіктің, текше (куб) –мәңгіліктің нышандарына жатады. Рәміздік белгілерде кездескен жануардың, өсімдіктің сонымен бірге түрлі геометриялық кескіндерде кездеседі және оған ұлттық таным ерекшеліктері және заман болмысындағы өзгешеліктер тікелей әсер ететіндігі байқалады.Көне түркі мелекеттерінде қолданылған билік нышанының бір белгісі Күлтегін(685-731ж) қағанға орнатылған ескерткішке бедерленген үшкір пирамида түріндегі стелланың бесбұрыщты ұшар басының бір қырына таңбаланған. Шәкәрім шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырдан бастап белгілі.Қазақ рулары осы күнге дейін сақталған. Мысалы, тік сынар сызық немесе дара әліп –қаңлылардың, тік қос сызық, қос әліп –қыпшақтардың, көлбеу немесе тік айқасып қисықан қос сызық немесе айқыш –керейлердің, бұрыш белгі –наймандардың, дөңгелек –дулаттардың, қос дөңгелек –қоңыраттар, садақ –адайлар, құлақты дөңгелек –суандардың тағы да басқа ру –тайпалық таңбалар салынады. Елтаңбалардың қарапайым көтерілген эволюциялық даму, жетілу жолы бірнеше кезеңнен тұрады. Біз бұл ретте қолда бар деректерге сүйене отырып алты кезеңді немесе алты деңгеймен бөліп көрсетуге болады. Біріншісі –алғашқы әлеуметтік айырым белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында өте ертеден белегілі малға ен салу дәстүрі. Бүгінде бұл дәстүрдің қазақ қоғамынан қалмағыны анық. Қазақ ауылдарында малына ен салып белгілеп қояды. Жоғалған малды сол салған ен арқылы іздеу салады. Екіншісі –рәміздік таңбалардың қолданысқа түсуімен дараланады. Далалық мәдениете өзгеше орын алатын рулық таңбалар осы деңгейден көреміз. Үшіншісі –мөрлердің, төртінішісі –әулеттік елтаңбаларды болуы. Әулеттік елтаңбаларға қатысты негізі үш шарт болған. Атап айтар болсақ, біріншіден, әулеттің тегі мен елге сіңген еңбегі туралы деректер толық дәлелденген немесе ресми түрде танылған болуы тиіс. Үшіншіден, елтаңба міндетті түрде өкілеттік билік орындарында бекітіліп, ресми тіркелуі керек.Бесіншісі –қалалық, аумақтық бөліністердің елтаңбаларының пайда болуымен. Бұл жерде қалалық және аумақтық құрылымдар елтаңбаларының пайда болу кезінде елтаңбалар патша жарлығымен заңдастырылып отырған. 1649-1900 жылдар аралығында шыққан заңдар жинағында Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалары туралы деректерде кездеседі. Патшалық Ресейде әулеттік, қалалық және аумақтық бөліністер елтаңбаларының суреттері мен сипаттамаларын жинап, кітап етіп шығарып тұру жолға қойылған. Мұндай алғашқы жинақ 1686-1687жылдары жарияланды. І Павел патшаның нұсқауы бойынша, 1797жылы Ресей империясы дворян әулеттерінің жалпы елтаңбалығын шығару қолға алынған. ХХ ғасырдың басына дейін осындай 20том кітап жарияланды. Онда 5мыңнан астам елтаңба жинақталған. Жалпы Ресейдегі барлық дворян әулеттерінің бестен бірінің ғана ресми хатталған әулеттік елтаңбалар болған. Қазақстанда қалалық елтаңбалар ХІХ ғасырда пайда болды. Патша заманынан бастау алған қалалық елтаңбалар бүгінгі күнге шейін өз маңызын жойған жоқ. Соңғы деңгейі ең жоғары деңгей –ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалардың шығуы болып табылады.

Рухани үш тіректің бірі болған Қазақстан Республикасының бір рәмізі –елтаңба туралы тоқталсақ. Қазақстанның қазіргі таңдаған елтаңбасы Ш.Уәлиханов пен Ж.Мәлібеков үлкен еңбектің арқасындадүниеге келді.

Елтаңбаның негізгі элементтеріне жоғырада аталғандай үңіле қарайтын болсақ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп тұрған –шаңырақ. Ол –елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді

Сонымен шаңырақ –күннің қозғалысын, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Шаңырақтаң соң көзге тағы ерекше боп тұратын бұл киіз үй. Киіз үй көшіп –қонуға лайықталып жасалады. Киіз үй –көшпенділер өмірінің символы, көрінісі. Қытай ақыны Бо Цзюннің киіз үй туралы айтқандарына қарасақ «Киіз үй –көшпелілердің ұғымы бойынша әлемнің кішкене үлгісі. Керегелері мен шаңырағы –Аспанның күмбезі. «Аспан мен Жердің некесінен алғашқы адамдар –түріктер пайда болды», -деген ертеде.

Киіз үйдің есігі әрқашан да Шығысқа қарайды. Түндігінен күн сәулесі еркін түсіп тұрады. Киіз үй –тұсбағдар тәріздес. Күнге бетін беріп, үйдің ең қадірлі де құрметті жерінде патша не хан отырған.Ханның сол жағы солтүстік, оң жағы –оңтүстік, артқы жағы –батыс болды. Қонаққа арналғңан ең құрметті орын Төр деп аталды. Киіз үйде отырғанда иерархиялық тәртіпті сақтайды. «Шаңырағы шайқалды» деген идиомалық тіркес отбасында қайғылы оқиға немесе қаза болғанын білдіреді. Сондықтанда да жаңа қоныс иелеріне: «Шаңырағың биік, керегең кең, басағаң берік болсын!» деген тілектер айтылады. Елтаңбадағы қасиетті қара шаңырақ бейнесі де осындай ойдан туған».

Елтаңбаның шаңырағы, киіз үйі мен бірге тұлпар бейнесі кездеседі. Қазақта «Ат –адамының қанаты» деген мақал бар. Елтаңбада қыран қанатты қос тұлпар –қос пырақ бейнесі бедерленген. Қанат –асқақ арман нышаны. Бұл жерде ол еңселі биік, дәулеті тасыған тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі ел мұратын еске салады. Қанатты тұлпарлар -елдің өсіп өркенеуіне, дәулеті тасып дамуына қатысты табиғи тілектердің, сол сияқты қоғамдығы әр түрлі мүдделермен және ғаламдық өркениет үміттерімен үйлесім табуға ұмтылыс пен ізгі ниеттің көрінісі.Қанат образының терең рәміздік мәнінің Мемлекеттік елтаңбада жақсы жарасым табуы –жалпы мәдениет заңдылықтарының, оның ішінде нышандық емеуіріннің, типлологиялық образ жасау мүмкіндіктерін пайдалану жемісі. қанатты тұлпарлар образы ертеден белгілі. Тарихи деректерге көз жүгітсек Авестада (б.з.д І ғ)қанатты тұлпарлармен көшіп қонып жүретін турелі туралы айтылады. Қанатты тұлпарлар бейнесі петорлифтерден айқын көрініс табады яғги сақ –сармат мәдениетіне жататын « аңдық стиль» қолтаңбасымен ерекшеленетін өнерінде жиі кездеседі. Археологиялық кезеңделуі б.з.б ІV ғасырда өмір сүрген Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адамның» бас киімінде қанатты тұлпардың бейнесі кездеседі. Тұлпар –дала пырағы, ол ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Бұл биік арманның, шабыттың, қажырлық пен қайраттылықтың нышаны. Ал елтаңбадағы қыран қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп -өнуін көрсетеді. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де кажет. Аcпандағы әрбір жұлдыз жердегі қандай да бір адамның жан дүниесіне сәйкес келеді. Ол адам қайтыс болғанда, оның аспандағы жұлдызы жерге ағып түседі. Ағып түскен жұлдызды көрген қырғыздарға: «Жұлдызым жоғары болғай»,- деп, өзіне ұзақ ғұмыр тілеген. Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз халқымыздың «Жұлдызымыз жарқырай берсін» деген арманынан туған. «Жұлдыз» және «бес» ұғысмында терең нышандық байланыс бар екендігі назар аударарлық. Біздің заманымыздан бес мың жылдықта өмір сүрген мысырлықтар ғарыш ұғымын беретінмбес санын жұлдыз суретімен көрсеткен. Бес саны ақиқат, әділдік және әділдік құдайы Маат қолында деп есептелетін тағдыр ұғымын да берген. Бес –ақиқат пен әділдіктің ең жоғарғы өлшемі. Білімді бес балдық жүйемен бағалау осыдан шыққан. Бесбұрышты жұлдыз белгісі пифагорлық ілімінде өзгеше орын алады. Пифагорлықтар бір –біріне хат жазғанда «5» деген санын салған. Ол амандасу рәсімін, «сау –саламат болыңыз» деген ұғымды берді. Бесбұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Тағы да бес санына анықтама берер болсақ, бүгінде тәуелсіз Қазақстанның бес мемлекетпен шектестетінің аңғартады.

Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Ел аты мемлекеттің лингвистикалық және этно –мәдени рәмізі болып саналады. «Қазақстан» деген –жазудың этималогиясына үңілер болсақ, бұл жерде қазақ –этностың атауы, стан –дегеніміз парсы тілдерінде ел ұғымын білдірген. Қазақ атауының шығуы сонау бағзы заманан бастау алғанын көреміз. Византия императоры Константин Порфиродни (Х ғ) Кубаньның шығыс жағын мекендегеп отырған елді «Казахия» деп атайды. «Закхиядан әрі Папангия, Панагиядан әрі Казахия, ал одан әрі алаңдар отаны» деп жазды.шығыс ғалымдарының әйгілі тұлғаларының бірі –Әбілқасым Фирдоуси өзінің «Шахнама» атты еңбегңнде «Қазақ» және «Қазақ хандығы» деген көк теңіздің солтүстігін мекндеген күшті және көп санды ел делінген. 982жылы парсы тілінде жазылған «Худуд Әл –Ғалам» атты еңбекте: «алан елінде қасақ деген ұлыс бар» деп қазақ халықының сонау заман белгілі болғаның айғақтайды.

1997 жылы ел атауының ағылшын тіліндегі ресми транскрипциясы «Kazakztan» деп бекітілді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Е.Шәймерданов Елтану (тарихи –философиялық рәмізбаян) А., 2005

2 .Ш.Құдайбердиев Родословия тюрков, киргизов, казахов и ханских династий А.,1990

3. Е. Шаймерденов Государственные символы республики А.,2001

4. Қазақстан тарихы көне заманан бүгінгі күнге дейін І том А.,1996

5.Қазақ әдеби тілінің сөздігі 13том


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!