Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ЕЛТАНУ» ЭЛЕКТИВТІК КУРСЫН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Байтемирова Гульзамира Анарбекова
«ЕЛТАНУ»
ЭЛЕКТИВТІК
КУРСЫН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Жалпы білім беретін қазақ мектеп, лицей, гимназиялардың 8 сыныптарына арналған)
Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жыл
УДК 373.167.1
Б БК 26.8 я 2 я
72
Е 32
Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады. Курс 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – Азия елдері, ІІ бөлім – Еуропа елдері. Осы елдер туралы мәліметтермен таныса отырып оқушылар түрлі сарамандық жұмыстар мен тест тапсырмаларын да орындайды.
Бағдарламаның түсіндірме жазбасы
Бағыты:
Ағылшын тңлң пәнінің негізінде Әлемнің мемлекеттерін қамтитын «Елтану» элективті курс бағдарламасы. Жалпы білім беретін қазақ мектеп, лицей, гимназиялардың 8 сынып мұғалімдері және оқушыларына арналған.
Өзектілігі:
Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынас нығайып, күннен күнге беделі артып келеді. Бұл, сөз жоқ, шет ел тілін оқытуды жақсартуды талап етеді. Қазіргі қоғам сұранысының талабы: білімді, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілетті, өз бетінше білімін жетілдіріп, талдау мен қорытынды жасай алатын, өз ойын, пікірін, көзқарасыннақты білдіретін жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде жасаған баяндамасында білім беру реформасының стратегиялық басты міндеттерінің бірі- шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке үш тілді жетік меңгерген, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып- тәрбиелеу екенін атап көрсетті.
Шетел тілі оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым- қатынас мәдениетіне де үйретеді.
Ағылшын тілі пәндері, басқа да жалпы білім беретін пәндер сияқты тәрбие, білім және адамзаттың басқа да басты қабілеттерін меңгерту міндеттерін атқарады. Оқушылардың шет тілде оқып- жазуы, сөйлеуі және бір тілден екінші тілге аударуы дүние жүзінің озық мәдениетті халықтарымен қарым- қатынас жасауға мұмкіндік туғызады.
Қазақстандық білім берудің ұлттық моделін жасауда нәтижеге бағытталған үш деңгейлі мақсаттар жүйесі негізге алынды. Біздің жаңа ұлттық моделіміз әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, көп деңгейлі әрі үздіксіз білім беру сипаттарыменерекшелінеді.
Ұсынылып отырған “Елтану” авторлық бағдарламасы ауызша және жазбаша сабақтарға арналған сөйлеу іс-әрекетінің дифференциалды және интегралды принциптері бойынша оқытудың барлық түрлерін (аудио-ауызша сөйлесу, оқу және жазу) қамтиды. «Елтану» курсында тақырыпта көрсетілген арнайы коммуникативтік міндеттерді шешу мақсатында мәтінді тыңдау, мәтін бойынша сөйлеу, сұраққа жауап беру, мәтіннен кейінгі кезек-дискуссияға шығу, өз ойын жеткізу, ролдік ойындар, қалыптасқан жағдайға қарай өз диалогін құру басты негізге алынады.
Бағдарламаның мақсаты:
Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің географиялық жағдайы, мәдениеті, әдет- ғұрпы, салт- дәстүрі және тарихы туралы мағлұмат бере отырып,балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
«Елтану» бағдарламасының міндеттері:
-
Оқушының пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық-ізденіс қабілеттерін дамыта отырып, өз бетінше білім алуға жетелеу;
-
Курс барысында грамматика мен Әдебиет теориясы негіздері басшылыққа алынып, тереңдете оқыту;
-
Оқушыларға білім берумен қатар олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл- ой қабілеттерін дамыту;
-
Сабақты тарих, география, әдебиет, этнография пәндерімен байланыстырып, балалардың алған білімін байыту, оқушыларға іздену жұмыстарын ұсыну;
-
Оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттерін іске асыру;
Ерекшелігі:
«Елтану» авторлық бағдарламасы ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы білім беруге арналған. Оқушылар елтану күрсы бойынша ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы толық мәліметтер алумен қатар сол елдердің салт- дәстүрі мен әдет- ғұрпы және өзіндік ерекшеліктері туралы айта білуге үйренеді.
Бағдарлама оқушыларға тануға байланысты кейбір күрделі материалдарды жазбаша, ауызша жетік түсіну үшін ағылшын тілі пәні бойынша 8 -шы сыныпқа арналған. Оның құрылымы оқушылардың жас ерекшелігі мен даму деңгейіне сай анықталған. Бұл оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, қосымша материалдармен кірістіріліп қарастырылған. Бағдарлама курсы негізінде балалар Ұлы Британия, Америка Құрама Штаттары, Канада, Жаңа Зеландия және Австралия мемлекеттерінің географиялық орны, халқы, мемлекеттік басқару ісі, қалалары мен экономикасы туралы мағлұматтар алады.
«Елтану» курсы бойынша 1 жылға 34 сағат берілген. Берілген тақырыптар 5 модульге бөлінген. Тақырып материалдарын түсіндіруде оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін ( лекция, семинар, жоба, реферат, пікірталас, дөңгелек үстел, бақылау жұмыстары) пайдалануға болады. Ұсынылып отырған бағдарламада теориялық және практикалық материалдар қолданылады. Теориялық бөлімде оқушылар лекция немесе презентация түрінде баяндайды. Практикалық бөлім жаттығулар мен тестерден тұрады. Әр тараудан соң тестік тапсырмалар беріліп, балалардың білімі тексеріледі.
І тоқсан. 9 сағат: Модуль 1 Ұлы Британия
ІІ тоқсан 7 сағат: Модуль 2 Австралия
ІІІ тоқсан 10 сағат: Модуль 3 Канада 5 сағат
Модуль 4 Жаңа зеландия 5 сағат
ІҮ тоқсан 8 сағат: Модуль 5 Америка
Күтілетін нәтиже:
1. Мемлекеттің ресми атауы мен географиялық орнын;
2. Оқып жатқан елдің тарихын, салт- дәстүрін, ұлттық ерекшелігін;
3. Білім сапасының жүйесін, мәдени өмірі мен әдет- ғұрпын;
4. Атақты адамдары мен ақын- жазушыларының өмірі мен шығармаларын;
-
Оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізу жолдарын;
-
Жан- жақты оқып үйрене отырып, сипаттай білуді;
-
Мұғалім сұрақтарына жүйелі жауап беруді және сауатты сұрақ қоя білуді;
-
Сөйлеудің ауызша, жазбаша түрлерін.
-
Өзіндік көзқарасын қалыптастырып, пікірін айта білуді;
-
Ізденуге барлық оқушы қатысады;
-
Әр түрлі мәселелер топтық жұмыста шешімін табады;
-
Нәтиже топтық бірлескен жұмысқа тәуелді болады;
-
Әрбір оқушы нәтижеге қосқан өз үлесін бағалайды және басқаларды бағалай білуге үйренеді;
-
Шығармашылық белсенділігі артады;
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
І тоқсан Модуль 1 9 сағат
Тақырыбы: Ұлы Британия
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сабақтың түрі |
1 |
Ұлы Британия Біріккен корольдығы және Солтүстік Ирландия |
2 |
Дәріс |
2 |
Ұлы Британия аралдары |
1 |
Презентация |
3 |
Англия |
1 |
Презентация |
4 |
Шотландия |
1 |
Реферат |
5 |
Уэльс |
1 |
Реферат |
6 |
Солтүстік Ирландия |
1 |
Реферат |
7 |
Лондон |
1 |
Дөңгелек үстел |
8 |
Бақылау тесті |
1 |
сынақ |
ІІ тоқсан Модуль 2 7 сағат
Тақырыбы: Австралия
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сабақтың түрі |
1 |
Беймәлім оңтүстік жер |
2 |
Презентация |
2 |
Атаулы қалалары |
1 |
Дәстүрлі сабақ |
3 |
Нағыз зерттеуге тұратын мемлекет |
1 |
Дөңгелек үстел |
4 |
Канберра |
1 |
Дөңгелек үстел |
5 |
Австралия туралы мәліметтер |
1 |
Пікірталас |
6 |
Бақылау тесті |
1 |
сынақ |
ІІІ тоқсан Модуль 3
Тақырыбы: Канада 5 сағат
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сабақтың түрі |
1 |
Канада |
1 |
Презентация |
2 |
Канада тарихы |
1 |
Дәріс |
3 |
Канада басқару органдары |
1 |
Дөңгелек үстел |
4 |
Оттава және басты қалалары |
1 |
Презентация |
5 |
Бақылау жұмысы |
1 |
Сынақ |
Модуль 4 Тақырыбы: Жаңа Зеландия
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сабақтың түрі |
1 |
Жаңа Зеландия |
|
Презентация |
2 |
Жаңа Зеландия басқару органдары |
|
Дәріс |
3 |
Жаңа Зеландия халқы және өмір сүру стилі |
|
Дөңгелек үстел |
4 |
Маори соғыстары |
|
Дәріс |
5 |
Бақылау жұмысы |
|
Сынақ |
ІҮ тоқсан Модуль 5
Америка Құрама Штаттары 8 сағат
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Сабақтың түрі |
|
1 |
Мемлекет пен халық |
1 |
Дәріс |
|
2 |
Америка шығу тарихы |
1 |
Презентация |
|
3 |
АҚШ басқару органдары АҚШ конгресі және сайлау |
1 |
Дөңгелек үстел |
|
4 |
АҚШ президенттері |
1 |
Дөңгелек үстел |
|
5 |
Вашингтон Д.С. және қалалары |
1 |
Дәстүрлі сабақ |
|
6 |
Америка символдары |
1 |
|
|
7 |
Ұлттық мерекелері мен салт-дәстүрі |
1 |
Семинар |
|
8 |
Бақылау жұмысы |
1 |
Сынақ |
«ЕЛТАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫ КУРСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ- МАЗМҰНДЫҚ БӨЛІГІ
1. Курсқа кіріспе, тақырыбы, мазмұны, мақсаттары және міндеттері мен күтілетін нәтижелері.
2. Әдебиеттермен жұмыс. Каталогтармен жұмыс істеу әдіс тәсілдері. Белгілі бір тақырып бойынша әдебиет көздерін зерттеу әдістемесі. Кітапханада библиографиялық бөлімде жұмыс істеу ережелері.
3. Рефераттар құрылымы. Реферат түрлері: ғылыми, оқу, әлемтану және т.б
4. Зерттеу жұмыстарының негізгі түрлері және олардың мазмұнынын компанентері. Баяндама, конспект, реферат, тезис, пікір талас, шығарма. Жұмыстың әр-түрінің мазмұнының компанентері, мазмұнына қойылатың талаптар, рефератпен жұмыс істеу кезеңдері, рәсімдеуге қойылатың талаптар , бағалау кретериі
5. Ғылыми зерттеу жұмысының империкалық әдістері. Жобалау негіздері . Графикалық әдістер . Миға шабу әдісі және т.б.
6. Бақылау. Бақылаудың негізгі міндеттері. Бақылау әдісінің кемшіліктері. Бақылаудың жіктелуі.
Тәжірибе : Ғылымдағы тәжірибенің маңызы. Тәжірибенің түрлері ,жоспарлау, бақылаудың негізгі міндеттері
Ағылшын тілін оқыту 8-сыныпта күнтізбелік тақырыптық жоспар арқылы жүзеге асырылады.Ағылшын тілін менгеруде ,ауызша сөйлеуде,ойын жеткізуде граматикалық тақырыптардың манызы зор.Сол мақсатта күнтізбелік тақырыптық жоспар әртүрлі төмендегідей граматикалық тақырыптармен қамтылған:
-«артикль»,осы шақ «болу »,зат есімнің көпше түрі ,есідік, есімдіктің түрлері, модальді етістік, саналатын және саналмайтын зат есім,созылыңқы осы шақ, аяқталға осы шақ,өткен шақ, дұрыс ,бұрыс етістіктер т.б тақырыптарды менгереді.
Елтану таңдаулы курсында оқушылардың әртүрлі тақырыптар қамтылған «Таныстыру» ,«Жанұя», «Спорт», «Апта», «Ай», «Жыл мезгілдерін», «Хобби»,«Саяхат», «Тағам»т.б тақырыптармен қамтылған.
«Танысу »тақырыбында оқушылар өзерінің аты, жасы, қал-жағдайы ,қайда тұрады, нешінші сыныпта оқиды т.б мәліменттер айтуға үйренеді.
«Жанұя»тақырыбында оқушы өз отбасы мүшелері жайлы толық ақпаратты менгереді.Онда оқушы өз отбасында қанша адам, олордың аты- жөні, жасы ,қайда жұмыс істейді , аға-әпкесі нешенші сыныпта оқиды т.бмәліметтер айтуға үйренеді. Және жаңа сөйлемдерді қолданып жанұя мұшелері жайлы сөйлем құруға үйренсе , «Спорт» тақырыбында оқушылар өздерінін және сыныптастарынын ,достарынын қандай спорт түрімен шұғылданатынын ағылшын тілінде айтуға үйренеді.
Апта», «Ай», «Жыл мезгілдерін» оқушылар бұл тақырыптарда ағылшын тілінде ай, апта ,жыл мезгілдерін , олардын ерекшелігі жайлы еркін айтуға үйренсе,«Хобби» тақырыбында оқушылар өздерінін достарынын сыныптастарынын сүйікті ісі жайлы нені ұнатады ,нені ұнатпайтынын ағылшын тілінде айтуға үйренеді.
Ұлы Британия
Мемлекеттің ресми толық аты «Ұлы Британия Біріккен Корольдығы және Солтүстік Ирландия» деп аталады. Біріккен Корольдық Европаның солтүстік батысындағы Британ аралдарында орналасқан. Мемлекет төрт бөліктен тұрады; Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия.
Жер көлемі 314000кв км. Британ аралдары Европа континентінен Солтүстік теңізі мен Ағылшын каналы арқылы бөлінеді, ал батыс жағалауы Атлант мұхиты мен Ирланд теңізімен шектеседі.
Ұлы Британияда өте биік таулар жоқ, оның жері көбіне жазық болып келеді. Басты өзендері Темза және Северн. Атлант мұхитынан ескен жылы ауаның әсерінен елдің климаты жұмсақ, әрі жауынды.
Халық саны 58млн-ға жуық, мемлекетте ағылшындар, уэльстер, шотландықтар және ирландықтар негізгі ұлттар болып есептелінеді, бірақ Британияның бұрынғы Азиялық және Африкандық колонияларынан келген қоныстанушы эмигранттар өте көп.
Ұлы Британия өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Негізгі өнеркәсібі дамыған орталықтары Лондон, Бирмингем, Манчестер, Лидз, Ливерпул, Глазго және Бристол.
Мемлекеттің астанасы Лондон. Біріккен корольдық – парламенттік монархия сондықтан елді патша немесе патшайым басқарады.
Америка Құрама Штаттары
АҚШ – дүние жүзіндегі ең күшті және жоғары дамыған мемлекет. Ол Солтүстік Американың орталығында орналасқан. Оның батыс жағалауы Тынық мұхитымен, ал шығыс жағалауы Атлант мұхитымен шектеседі.
Жер көлемі 9млн кв км. Американың таулы аймақтарына шығыста Апалача таулары мен батыста Кордильера таулары жатады, ал осы екі таудың аралығындағы орталық жазықтық прерий деп аталса, шығысындағы жазықтық Миссисипи жазығы деп аталады.
Басты өзендері дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Миссисипи өзені (7.330км) және Гудзон өзені. АҚШ климаты әртүрлі; солтүстік бөлігінде суық, Қыста 40 градусқа дейін суытып, қалың қар жауады; оңтүстігінде климат субтропикалы, жазда температура 49 градусқа дейін ысиды.
АҚШ- та халықтың саны 250 млн, олар өздерін Американдықпыз деп атайды. Халықтың көп бөлігі қалаларда тұрады.
АҚШ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы жоғары дәрежеде механикаландырылған, автомашина жасау өндірісі жоғары дамыған мемлекет.
Мемлекеттің астанасы Вашингтон қаласы. АҚШ- 50 штаты және Колумбия округы( астана орналасқан) бар федералдық мемлекет.Мемлекетті 4 жылға сайланған президент басқарады.
Канада
Канада – дүние жүзіндегі екінші үлкен мемлекет. Ол Солтүстік Америкада орналасқан. Канадада 28 млн халық тұрады. Халықтың 80% оңтүстікте қоныстанған.
Канада 10 провинция мен 2 территориядан тұратын федерация.Ол тәуелсіз мемлекет, бірақ1982 жылғы конституциялық акт бойынша Британ монархы, Патшайым Элизавета ІІ Канаданың да патшайыьы болып танылған.
Бұл мемлекеттің Британиямен күшті байланысын білдіреді.
Канаданың халқы әртүрлі; халықтың 57% ағылшындар, 32% француздар. Жергілікті тұрғындар американдық үндістер мен Эскимостар халықтың 2% ғана құрайды. Халықтың 77% қалаларда тұрады. Үлкен қалалары Торонто және Монтреал. Астанасы- Оттава.
Австралия
Австралия - дүние жүзіндегі бір құрылықта орналасқан бір мемлекет. Ол Тынық мұхиты мен Үнді мұхитының ортасында орналасқан.Ол Солтүстік Американың оңтүстігінен 11000 км Азияның оңтүстік шығысынан 8200 км қашықтықта жатыр. Австралия сөзі латын тілінен «australis» оңтүстік деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттің ресми аты- Австралиялық Одақ.
Австралиялық Одақ - 6 штаттан (New South Wales, Queensland, South Australia, Tasmania, Victoria and Western Australia) тұратын федерация. Әр штаттың өз үкіметі бар. Австралия 2 территорияға бөлінеді; Федералдық астана территориясы және Солтүстік территориясы. Астанасы-Канберра.
Австралия Британия сияқты конституциялық монархия. Елдің басшысы Британ королі Элизавета ІІ, бірақ оның күші өте аз. Ол - Британия мен Австралия арасындағы ұзақ жылдардағы тығыз байланыстың символы.Австралия Британдық Ұлттар Достастығының мүшесі.
Австралия басқа жерде кездеспейтін, тек өзіне ғана тән жануарларымен әйгілі. Онда қалталы жануарлар кенгурудың бірнеше түрі мен коала, динго және крокодилдер кездеседі.
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландия Оңтүстік батыс тынық мұхитында аралда орналасқан мемлекет.Ол Австралияның оңтүстік шығысынан 1600 км және оңтүстік батыс Колифорниядан 10500 км қашықтықта жатыр.Жаңа Зеландия Полинезия деп аталатын аралдар тобына жатады. Мемлекет Солтүстік және Оңтүстік арал деп аталатын екі үлкен аралдарда орналасқан.
Мемлекеттің астанасы – Веллингтон. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі, бірақ көптеген жергілікті халық өз ана тілі Маори тілінде сөйлейді. Мемлекет бір кездері Британ империясының құрамында болған, бірақ қазір тәуелсіз мемлекет және Британ Ұлттар Достастығының мүшесі.
Жаңа Зеландия- конституциялық монархия; мемлекет басшысы Британ патшайымы Элизавета ІІ, бірақ үкіметті премьер министр басқарады.
Сабақ №1
Күні: Сынып: |
Мектебі: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Америка Құрама Штаты (жалпы мәлімет) |
||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушыларға Америка Құрама Штаттары,оның жер көлемі, халқы астанасы т.б туралы жалпы мәлімет беру. |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Америка Құрама Штаттарын біледі |
||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||
Басым бөлігі: Жер көлемі, халқы. Астанасы жайлы біледі |
|||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||
Кейбірі: |
|||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
|
||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Биология, география, жаратылыстану. |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Жаңа сабақ |
I. Organization moment: -Good morning, pupils! –How are you?-Who is on duty today? – Who is absent? -What date is it today? –What’s the day of the week? –Are you ready for the lesson?-OK, let’s begin our lesson! II. New theme/ Presentation 1.Vocabulary. development [di’veləpment]- дамыту hold [hould]- ұстау leading [li’diŋ]- басшы, көшбасшы powerful [pauəful]- мықты coast [koust]- теңіз жағасы to consist [kən’sist]- құрамына кіру separate [ seprit]- бөлу branch [brəntŠ]- түбі, тамыры to divide [di’vaid]- бөлу 2.Brainstorming. Answer the questions. What do you know about the USA? How many states are there in the USA? What is the capital of the USA? 3. Presentation The Star Splendid Banner is sung in the audience. Teacher: You’ve heard about America everywhere from the Mass Media, from school, from the other sources of information. Today we are going to recollect your background knowledge or to learn new interesting and useful facts about America. During the lesson you are going to work in three groups. Each group will get a dollar for a correct answer. At the end we will count the score of each group and find out the winner of today’s lesson. The winner will get medals.
Step 1: the first task for you is to do the puzzle and answer the question who is it? (Students collect puzzles and look at the screen to see the correct picture) Slide 1
Teacher: tell me who is the person? Right you are this is Christopher Columbus Step 2: Teacher: By the way he is our guest today. So Sir Christopher Columbus you are welcome (the student of the upper course appeared in the audience in the costume of explore) The great explore came to our session to tell you the story of his discovery, and you are to listen to him and answer his questions. Christopher Columbus’ speech Hello, everybody! Do you want to hear a story from world’s greatest sailor? It all began in far 1492. All Europe was trying to reach the Far East by sailing around the southerner tip of Africa. But I had a better idea. Some people said that the world is round. And I knew they were right. I even managed to persuade the Queen Isabel. She gave me money and I promised to find a new way to India. Finally, on September 6th, 1492 three marvelous ships the Pinta, the Nina, the Santa Maria began great journey with the bravest crew and brilliant captain abroad. It was a great trial for me and my crew, because the Atlantics full of beasts and monsters, you know . But we have reached the land on October 10th. I thought it was India, but somehow it appeared to be the new continent! But I didn’t claim it. It was done by Amerigo Vespucci, another talented explorer. That’s why in 1507 mapmakers named this new world America. But still my achievements weren’t forgotten. Columbus Day is celebrated on 2nd Monday of October in the USA and most Spanish-speaking countries to honor brave, courageous and skilled captain and explorer-Christopher Columbus Questions: When was America discovered? When do Americans celebrate Columbus Day? Why is America called America? What was the purpose of my trip? Teacher: thank you Christopher Columbus for your story. Count the score for the first task and give dollars according to the quantity. Step 3: Teacher We are moving further, the following task is a quiz and we are going to know do we have any experts on America here? So look at the screen, read and listen to the question and raise your hand if your group is ready to answer for correct answer you will get a dollar (20 questions) |
Суреттер |
|||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары |
IV. Practice work Answer the questions. Where is the USA situated? What are major political parties? Who is the USA president now? How many states are there in the country? What is the US population? What is the political structure in the country? What is the capital of the USA? What is the name of American flag? Where did the first European people to settle North America come from? What was the number of the first English colonies in America? Who was the president that ended slavery? What is the name given to the official residence of the President of the USA in Washington, D.C.? |
Қима қағаз |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Giving home task. Your hometask will be to make a booklet about the America’s sightseeing. The lesson is over! You are free! Good-bye children! By using «5-5-1» method students write their impressions on the lesson with 5 sentences , take 5 words from 5 sentences, select the most important word and summarize the lesson.
Бағалау. |
|
|||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Сабақтан алған білімін жинақтау, қорыту.
|
Биология, география сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Сабақ №2
Күні: Сынып: |
Мектебі: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
АҚШ климаты |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушыларға Америка Құрама Штаттарының географиялық жағдайы, климаты, табиғи ресурстары т.б туралы мәлімет беру. |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Оқушылардың ой-өрісін, терең ойлау, көркем жазу, тақырыпқа көзқарастарын еркін айту қабілеттерін дамыту |
|||||||||||||
|
||||||||||||||
Басым бөлігі: Америка Құрама Штаттарының географиялық жағдайы, климаты жайлы мәлімет беру. |
||||||||||||||
|
||||||||||||||
Кейбірі: Америка Құрама Штаттарыныңтабиғи ресурстары туралы мәлімет беру. |
||||||||||||||
|
||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
|
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
|
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Биология, география, жаратылыстану. |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы |
|
Мозайка |
||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ |
I. Organization moment: -Good morning, pupils! –How are you?-Who is on duty today? – Who is absent? -What date is it today? –What’s the day of the week? –Are you ready for the lesson?-OK, let’s begin our lesson! II. Checking up the home task To make a booklet about the America’s sightseeing. III. New theme/ Presentation. 1. Vocabulary. to stretch [ stretŠ]- созылу to consist [kən’sist]- құрамына кіру to extend [ikstend]- жалғасу advantage [əd’va:ntidЗ]-артықшылық equal [ikwəl]- тең precious [preŠəz]- бағалы 2. Brainstorming. Answer the questions. What do you know about the climate of the US? Is the USA rich in natural resources? 3. Presentation The USA is the fourth largest country in the world, after Russia, Canada and China. Including the states of Alaska and Hawaii, the US covers an area of 9 millions square km. The United States has many kinds of climate. The weather ranges from the warm, wet conditions of the Appalachians to the semi-desert or desert conditions in some of the western states. It varies fromsouthern Arizona and southern Florida, where almost there is no winter at all, to the territory of Montana, North Dakota and South Dakota, where there are long, very cold and severe winters. In other words, the US has practically all the climatic zones. The main land mass of the US is in the temperate zone. The climatic conditions of the country are determined by the great mountains and the wind. West of the Rocky Mountains, running all the way from the Canadian border to Mexico, there are vast areas where almost no trees grow. In this section of the country there are deserts, which receive as little as 12-13 centimetres of rainfall a year. Yet, west of the Sierra Nevada Mountains, there are places in which 250 centimetres of rain fall annually. It is one of the wettest places in the USA. |
|
||||||||||||
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары |
2. Are the sentences true or false? 1) The coldest climate is in the northern part. 2) Many rivers don’t cross the country. 3) The main lakes in the USA are the Great Lakes in the north.. 4) The west has a subtropical climate. 5) The temperature as high as 50 degrees in summer. 3. Complete the diagram. Find the differences and the similarities of the climate, natural resources, etc. between America and Kazakhstan. V. Conclusion of the lesson, giving marks. |
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Giving home task. «+ - ?» method
Бағалау. |
|
||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Сабақтан алған білімін жинақтау, қорыту.
|
Биология, география сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР :
География
Жануартану
Әдебиет.
Тарих
Мәдениеттану
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
КачаловаК.Н. ИзраилевичЕ:Е.
«Практическая грамматика английского языка»
-
М.И. Дубровин «The everyday English almanac for boys and girls»
-
Г.А. Войтова «Америка салт-дәстүрі» Москва «Просвещение» 1987
-
Америкадағы мерекелер.
(Анықтама кітап) – 1986
-
Ағылшын тілі «Snow Ball» 1996
6. «Ағылшын тіліндегі 400 тақырып» Л.И. Куриленко.
ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЬІРЫЛУЬІ:
-
Сөздіктер: түсіндірме сөздіктер, аударма сөздіктер, суретті сөздіктер.
-
Шет мемлекеттің көрнекті жерлері туралы альбомдар.
-
Фланелографпен жұмыс істеуге арналған суреттер және аппликациялық материалдар.
-
Тақырыптық суреттер.
-
Жаттығулар жинақтары.
-
Грамматикалық кестелер.
-
Лексикалық кестелер.

