Материалдар / Эмпатия сезінуді қалыптастыру

Эмпатия сезінуді қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Коммуникативтік дағдыны дамыту.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Эмпатия сезінуды қалыптастыру


«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна


Мақсаты: «Жұпта жұмыс істеу»: коммуникативтік дағдыны дамытуда жұптарда бірігіп үндемей сурет салуды көздейді; мінез-құлқының үйреншікті әдістерін және әлеуметтік рөлдерді зерттеу және түзету.


Амандасу. Ширату. Психогимнастика жаттығуларын қолдану.

1-жаттығу. (4-5 минут)

Партнерлер бір мезгілде бірігіп сурет салады / мүмкіндік болса бір-бірімен сөйлеспей/. Партнердің әрекеттеріне ілтипат білдірмеуге тырысыңыз.

  • тақырыпты белгілеп алуға болады;

  • үндемей сурет салу;

  • бірге болғыңыз келетін қоршаған ортаны бейнелеңіз;

  • коллаж техникасын пайдалануға болады.

2-жаттығу «Бейнелеу және бақылау» (7-8 минут)

Біреуінің салған суретін екіншісі бақылап отырып, бейнелген образды қиялдауға тырысады және өзінің ассоциацияларын сурет салушыға айтып отырады. Ал сурет салып отырған партнердің өзінің қалауы бойынша айтқанды қабылдауға құқығы бар. Сонан соң партнерлер рөлдерін ауыстырады.

3-жаттығу «Маскалар» (5-6 минут)

Өзіңіздің партнеріңіздің мінез-құлқының ерекшеліктерін көрсететін бірнеше маскалар жасап, оларды соған өлшеп көруге беріңіз.


4-жаттығу «Ортақ жоба» (5-6 минут)

Партнермен бірге алдын ала талқылап алып немесе сөйлеспей ортақ жоба құрыңыз.

Мысал: сурет, коллаж, мүсін, заттар композициясы.

5-жаттығу «Күнбағыс» (10-11 минут)

Барлық қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Содан соң орындыққа отырып көздерін жұмады. Бәріне бірінші сабаққа қалай келгендерін еске алуды ұсынады. Жүргізуші «Енді көздеріңді баяу ашып асықпай көтерілеміз. Сендер біртұтас топқа айналғандарыңды сезінесіңіздер. Қолдарыңды бір- біріңнің иықтарыңа қойып, көздеріңді жұмып, күнбағыс гүліндей баяу желдің лебімен оңға - солға шайқалыңдар» (30 секунд).

Осы қалыпта көздеріңді ашып, әрқайсының көзіне қараңыз. Енді бірте- бірте тоқтап, көзді қайта жұмыңдар. Қолдарыңды иықтан алыңдар. Күнбағыс пісіп, әрқайсыларың жеке – жеке күнбағыс дәніне айналғандарыңды сезініңіздер. Екі қадам артқа шегініп, сырт айналыңдар. Сізді жел күнбағыстан алысқа айдап бара жатқанын сезініңдер, бірақ сіз өзіңізбен бірге ұрық энергиясын әкетіп барасыз. Осы энергияны өз денеңізде сезініңіз. «Мен өмірлік күш- қуатқа толымын, менде әрі қарай дамуға, өсуге күш- қуат бар!»

Рефлексия: өзінің көңіл-күймен бөлісу. (8-9 минут)



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі