Материалдар / Емтихан алдындағы тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Емтихан алдындағы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг тақырыбы: «Емтихандық стресстердің алдын-алу жолдары» Тренинг мақсаты: 1.Үрейлену мен стрессті жою тәсілдерінен ақпараттандыру. 2. Оқушылардың мазасыздық деңгейлерін түсіру, қобалжу деңгейлерін орнына келтіру. 3.Өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру. Тренинг мазмұны: Бүгін біз, қобалжу мен емтихандық стресс сияқты тақырыптарды қозғамақпыз.Қобалжу мен стрессс емтиханға дайындық кезінде, сабаққа мұғалімдер қатысқан жағдайда сынып оқушыларында жиі кездеседі. Сондықтанда емтихан алдында студенттермен жұмыс жасау үшін бұндай жағдайға интелектуалды және эмоционалды дайындықты тікелей қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2022
2721
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жарма технология колледжі»КММ







БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Атанова А.З

«____»__________2021жыл









Тақырыбы: «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арылуға болады!»









Дайындаған: Нұрасыл Г.О















2021-2022 оқу жылы



Тренинг тақырыбы: «Емтихандық стресстердің алдын-алу жолдары»

Тренинг мақсаты:

1.Үрейлену мен стрессті жою тәсілдерінен ақпараттандыру.

2. Оқушылардың мазасыздық деңгейлерін түсіру, қобалжу деңгейлерін орнына келтіру. 3.Өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру.

Тренинг мазмұны: Бүгін біз, қобалжу мен емтихандық стресс сияқты тақырыптарды қозғамақпыз.Қобалжу мен стрессс емтиханға дайындық кезінде, сабаққа мұғалімдер қатысқан жағдайда сынып оқушыларында жиі кездеседі. Сондықтанда емтихан алдында студенттермен жұмыс жасау үшін бұндай жағдайға интелектуалды және эмоционалды дайындықты тікелей қажет етеді.

1. жаттығу. Танысу:"Менің есімім нені білдіреді" өздеріне деген сенімділіктерін, топ ішінде өздерін еркін сезіну, бір-біріне деген жағымды қарым-қатынас орнату.

2. жаттығу. Сергіту.Саусақтарымызды жұдырыққа жинаймыз, басбармағымыз ішке бүгілген болу керек. Демімізді жай сыртқа шығарып, асықпай жұдырығымызды күшпен қысамыз. Сосын жаймен жұдырығымызды босата отырып, дем аламыз. Енді бұл жаттығудың тиімділігін еселеу үшін көзімізді жұмып жасаймыз.

3.  «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:
Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.

4. жаттығу «Жағымдылықты баптау!».

Мақсаты: топ қатысушыларында емтиханға деген көзқарасын оңтайландыру.

Нұсқау: топ қатысушыларына қағаздар таратылады да, олар сол қағаз бетіне ұсынылған сөйлемдерді аяқтай отырып, келесі сұрағына жауап береді: «Емтиханға дайындалу кезінде менің жұмсаған күшім неге әкелді?»:

    Мен жасай аламын...

    Мен .................................. өзімнің көзқарасымды өзгерттім.

    Мен үйрендім ...

5.Қорытынды«Келесі кездескенше!».

Мақсаты: бір-бірлерінің арасындағы түсінушілікті, сенімді дамыту, кері байланысты алу.

Нұсқау: «Менің қолымда әдемі доп бар. Қазір сіздер бұл допты бір-біріңе беріп, бүгінгі өткен тренингтік күн туралы өздерінің сезімдерімен бөлісесіздер».

 Талдау:

 Бүгінгі күн сіздерге не берді?

 Қандай жаңалық болды?

 Келешекте нені пайдаланасыздар?






Психологиялық кеңес

Тренинг тақырыбы: «Емтихандық стресстердің алдын-алу жолдары»

  1. Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.

  2. Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.

  3. Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.

  4. Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.

  5. Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

  6. Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.

  7. Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.

  8. Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.

  9. Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

  10. Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.

  11. Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.

  12. Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.

  13. Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.

  14. Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

  15. Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.

  16. Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.

  17. Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.

  18. Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!


Психолог : Нұрасыл Г.О




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Бакли Р., Кэйпл Дж.
    Теория и практика тренинга –
    Грехем Х.Т., Беннет Р. Управление человеческими ресурсами.-М.:ЮНИТИ-ДАНА,2004. 


  2. Десслер Гари. Управление персоналом.-М.:Дело,2000. 


  3. Еропкин А.М. Организационное поведение.-М.:ИНФРА-М,1998. 


  4. Занковский А.Н. Организационная психология.-М.,2000. 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!