"Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Емтиханға дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?”



Мақсаты: Емтиханға дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.


Өзіңізді бақылай аласыз ба? Сауалнамалық сұрақтар

Мақсаты: қатысушыларға олардың қандай коммуникативтік бақылауы бар екені ситуация өзгергенде қалай қабылдайтынын көрсету, алдын болжай біледі ме, айналадағыларға қандай әсер қалдыратынын байқату.

Нұсқау: Пікірлерді оқып, “иә“ немесе ”жоқ” деп жауап беріңіздер.

1. Маған басқа адамдарға еліктеу қиын сияқты.

2. Мен кейбір жағдайларда айналадағылардың көңілін аудару үшін ақымақтық жасай аламын.

3. Менен жап-жақсы актер шығар еді.

4. Мен басқа адамдарға шын мәніндегіге қарағанда, бір нәрсені терең уайымдайтын сияқты көрінемін.

5. Мен өз ортамның көңілінің назарында кейде ғана боламын.

6. Түрлі ситуацияларда және әртүрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әртүрлі ұстаймын.

7. Мен шынымен көзім жеткен нәрсені ғана дәлелдей аламын.

8. Өз ісімді алға тарту үшін адамдармен қатынаста адамдар мені қандай етіп көргісі келсе, солай ұстауға тырысамын.

9. Мен жек көретін адамдарыммен де жақсы қарым-қатынаста бола аламын.

10. Мен әрқашанда қандай болып көрінсем, мен сондаймын.


Жоқ” жауабына 1, 5, 7 сұрақтарға және қалғандарына “иә” деп жауап берсеңіз, 1 баллдан қойыңыз. Баллды есептеңіз. Егер сұраққа әділ жауап берсеңіз, онда сіз туралы төмендегідей айтуға болады:

0 – 3 балл. Сіздің коммуникативтік бақылауыңыз төмен. Сіз оны ситуацияға байланысты өзгерту керек деп санамайсыз, қарым-қатынаста өзіңізді шынайы көрсетуге қабілеттісіз. Кейбіреулер сіздің мінезіңіздің тіктігіне байланысты сөйлесу ыңғайсыз деп санайды.

4 – 6 балл. Сізде орташа коммуникативтік бақылау. Сіз шынайысыз, бірақ эмоцияңызды көрсете бермейсіз. Сізге айналадағы адамдармен өз мінез-құлқыңызды көбірек ұштастыру керек.

7 – 10 балл. Сізде жоғары коммуникативтік бақылау. Сіз кез-келген рольге еркін кіріп, ситуация өзгерісіне тез икемделесіз.


«Емтихан тапсыруға ұсыныстар» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың табысқа жету мотивациясын қалыптастыру, ұсыныстарды жағымды түрде беруге үйрету.

Мазмұны: Жетекші қатысушылардан мына жағдайды көз алдарына елестетуді ұсыну: олардың жақындарының (әкпесі,інісі т.б) бірі дәл қазір өте маңызды емтиханға бармақшы. Оған ұсыныстар айту қажет ( емтиханда өзін қалай ұстау, қалай жауап беру).1-2 минуттан соң әрбір оқушы өзінің сол жақтағы көршісіне бұрылып оған ұсыныс айта бастайды.

Талқылау. Көршіге берілген кеңестерден табысқа жетуді қалыптастыратын жол болсын тілектері естіледі. Қатысушылырдың арасынан кімнің тілегі жақсы шықса, жаднама ретінде жазып, іліп қоюға болады.


«Мәтін ішіндегі тест» ойыны.

Мақсаты:Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын, мотивациясын жетілдіру.

Балалар сыныпта қалаған ретімен отырады. Жетекші әрқайсына «Мәтін ішіндегі тестті» таратып оны толтыруды ұсынады.

Сіз нұсқауға бағына аласыз ба? Үш минут ішінде мына тестті толтырып шығыңыз.

1.Орындамас бұрын бәрін мұқият орындап шығыңыз.

2.Парақтың оң жақ жоғары бұрышына баспа әріптерімен (баспа)

өз атыңызды жазыңыз.

3.Атыңызды қоршаңыз.

4.Сол жақ жоғары бұрышқа бес шағын шаршы салыңыз.

5.Әр шаршыға (х) белгі қойыңыз.

6.Парақтың жоғары жағына өз фамилияңызды жазыңыз.

7.Есіміңіз жазылған оң жақ жоғары бұрыштың астына телефон нөміріңізді жазыңыз. Телефоныңыз жоқ болса, 100 санын жазыңыз.

8.Жазған нөмірді барлығы еститіндей дауыстап айтыңыз.

9.Осы нөмірді қоршаңыз.

10.Парақтың сол жақ төменгі бөлігіне крестик қойыңыз.

11.Осы белгіні үшбұрыштап белгілеңіз.

12.Әдеттегі дауысыңызбен 10-нан 1-ге дейін кері санаңыз.

13.Парақтың жоғары бөлігіне қарындаштың немесе қаламсаптың ұшымен үш кішкентай тесік жасаңыз.

14.Мен «Мен біттім» деп дауыстаңыз.

Енді барлығын мұқият оқып шыққаннан кейін 1 және 2 тапсырманы орындаңыз.

Талқылау. Топ тапсырманың мағынасын түсінгенде бөлмеде күлкі таралады және тестті неге толтырғандарын айтады. Барлық қатысушылар жетекшінің «қармағына» түседі. Жоғары сынып оқушылары қабілеттілікті тексеруге арналған тапсырма деп жауапкершілікпен қабылдайды. Ойын соңында ешкім өзін алданып қалғандай сезінбейді,керісінше тапсырма босаңсуға, демалуға мүмкіндік береді.


«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.




Эксперимент” жаттығуы

Мақсаты: стресс жағдайында өзін ұстауға үйрету.

Өткізу техникасы: әрбір қатысушыға бейтарап түрде жазылған әріптерден құралған мәтіні бар топтама таратылады. Сол мәтінді оқуға тапсырма беріледі.

Нұсқау: Сізге 30 секундтың ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:

МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМААсЫқпАтүспеДІдепҚОлымАТЕзДамЫЛСЫзіздЕУІнеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДебоЛАдыКезЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгІРетІнДЕҚазаҚертЕГіСінқОЛдаНдЫқҚаЗақЕрТегІЛерІарҚЫЛыБалаЛаРдЫҢжАсеРЕкшЕЛікТЕріНЕқАРАйқИЯлДЫқШығАРмАШылдЫҚкөРсетКІшІнАНықтАУеЕрЕК

Талдау: Тапсырманы бірден орындадыңыз ба?

Жылдам орындау үшін сізге не қажет болды?

Сіздің көзқарасыңызша өзін ұстау деген не?

Өзін ұстауды қалай дамытуға болады?


Мен өзімді ........... мақтаймын” жаттығуы

Мақсаты: өзіне деген бағасын арттыру, эмпатиясын дамыту.

Нұсқау: Мен өзіңізді бір нәрсе үшін мақтауыңызды ұсынар едім. Қазіргі уақытта басқаның елеп, ескеруін, мақтауын қаласаңыз да, бұл кейде ғана болады. Қазір өзіңізді мақтауға мүмкіндігіңіз бар ма, не үшін мақтар едіңіз. Сонымен сөз тіркестерін жалғастырыңыз: “Мен өзімді ...... мақтаймын”.

Талдау: Өзіңізді мақтау қиын болды ма? Сол сәтте қандай сезімдер болды?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
1370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі