400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Cәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат













Ашық сабақ







Тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.











Дайындаған: Мендібаева К.Р.













2016 ж

__________________



Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Мақсаты:

- Энергия туралы түсініктерін тереңдету.

- «Күй» ұғымын қалыптастыру.

- Күй параметрлерімен таныстыру.

- Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.

- Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.

.Білімдік  мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын  өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.

Дамыту мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер,плакаттар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

Үй тапсырмасын сұрау.

1.Дене импульсі дегеніміз не?

2.Дене импульсінің векторы қалай бағыттылған?

3.Күш импульсі дегеніміз не?

4.Дене импульсінің өзгерісі неге тең?

5.Тұйық жүйе дегеніміз не?

6.Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

ж адамзаттың тұңғыш ғарышкері?

ІІ. Мағыныны тану.

Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.

І топ тапсырмасы

Энергия – қандай ұғым?

Механикалық күй дегеніміз не?

ІІ топ тапсырмасы

Механикалық энергия дегеніміз не?

Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

ІІІ топ тапсырмасы

Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?

Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?

Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз. Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.

Механикада дененің  механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

дененің берілген уақыт мезетіндегі орны

дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.

Олай болса, бұл – нүктенің қайбір уақыт мезетіндегі координаталар мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады. Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама — механикалық энергия деп аталады. Механикалық  энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі –  (Е) Джоуль (Дж). Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады. Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өзара орналасуына байланысты энергия - потенциялық энергия деп аталады. Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( 3.6-сурет бойынша).

Жүйенің  толық энергиясы тұрақты болады.

Етолық= Еk+ Ep=const

 Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады. Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.

ІІІ. Есептер шығару.

І топ

1.Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз. (g = 9,8 м/с)

2. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есептеңдер.жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Ауаның жебе қозғалысына тигізетін кедергісі есепке алынбайды.

ІІ топ

1. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы неге тең? (g = 9,8 м/с)

2. Шойын тоқпақтың 8м биіктіктен түскен кездегі энергиясы 18000Дж болса, оның массасы қандай болғаны.

ІІІ топ

1. Массасы 80 кг, жылдамдығы 5 м/с велосипедшінің кинетикалық энергиясы неге тең?

2. Зеңбіріктен ату кезінде 280м/с бастапқы жылдамдық алған снарядтік жоғары ұшады. Ату орнынан қандай биіктікте снарядтың кинетикалық энергиясы оның потенциалдық энергиясына теңеледі.

ІV.Терминология.

V.Бекіту. Ой толғаныс.  Венн диаграммасын толтыру.

 





VI. Анықтама  кестесі.





р.с

физикалық  шаманың

атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Дене  импульсі




2

Күш  импульсі




3

Кинетикалық  энергия




4

Потенциалдық  энергия




5

Толық энергия




















БҮҮ  кестесін  толтыру.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім  келетіні






VII. Бағалау.

VIIІ.Үй тапсырмасы: §22,23   19, 20 жаттығу.



.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі