Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ең үздік авторлық бағдарлама. Физика пәнінен
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
Қазығұрт-2021ж.
Жалпы мәліметтер
№ |
Аты-жөні |
Аудан, қала |
Жұмыс орны |
Қызметі |
Мамандығы |
Санаты |
Пед. өтілі |
Байланыс нөмірі |
1 |
Куздеубаев Жандарбек Бактиярович |
Қазығұрт ауданы |
С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі |
Бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие орынбасары |
Физика бакалавры |
ІІ |
11 |
87718864288 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы.
Технология (грек тілінен аударғанда) – шеберлік, өнер, білім беру.
Технология дегеніміз - әдістемелік жүйесімен дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы. Нәтиже көрсетіп жүрген оқу технологиясы деңгейлік саралап оқытуға негізделген.
Технология – оқушы мен ұзтазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Педагикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
-
Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.
-
Оқушының жеке қабілеті анықталады.
-
Іштей бір-бірімен қалмауға тырысып талпынады.
-
Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
-
Өзін-өзі тексеруге дағдыланады.
-
мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
-
Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Білім берудегі педагогикалық технология.
-
Советтік технология
мұғалім оқулық оқушы
-
Жаңа технология
о
қушы оқулық
мұғалім
3 .
Мұғалім ұйымдастырушы,
технолог.
4 . Бастапқы
зат технология 2-ші затқа
айналуы.
Оқушы технология
нәтиже
тәсіл
технология түрлендіру
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасына кіріспе түсінік.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан - қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан » қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәрбиелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмыстың дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс барысында көз жеткізілген.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпараттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат міндеттеріне тоқталайық:
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да Сабақ қарастырлғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіргендіргіш арқылы (Ойды қозғау) әсер ету жүзеге асырады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», “Жұпта талқылау”, «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің 2 мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділіктен талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –бірте ойлауға қадам басуға бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырға біліммен ұштасырады.
Ойлаумен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаны екінші кезеңі мағынаны тану (Түсіне білу) бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жасатады. Одан көрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегіген өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіге, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады, олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау ойлау бадарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім (Үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3.Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау;
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7.Ал оқушылардың осыған байланысты:
-Сенімділікпен жұмыс жасау;
-Бар ынтасыман оқуға берілу;
-Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
-Мен осы мәселе туалы не ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
-Маған бұл жаңа ойлар–идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы
дамытудағы сабақтың 3 сатысы
Сыни ойлау дегеніміз не?
Дэвид Клустер
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз? Мен ұсынып отырған анықтама бес баптан тұрады.
Біріншіден, сыни ойлау-дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды, бұны біз тек өзіміз үшін ғана жасаймыз. Сонымен, ойлау тек жеке (идивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.
Сыни ойлау міндетті түрде жаңа өзіндік (оргиналды) болуы шарт емес: біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзімдікі сияқты қабылдауымызға құқылымыз. Бізге тіпті басқалардың пікірімен келісу ұнайды-бұл біздің ойымыздың достығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің пікіріне жиі қосылады. Дербестік сөйтіп сыни ойлаудың бірінші және мүкін, ең маңызды сипаты.
Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивировка) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Кейде біз «бос баспен ойлау қиынға соғады» деп те айтамыз. Күрделі ойды тудыру үшін талай «шикізатты»-фактілерді, идеяларды, мәтіндерді, теорияларды, берілген жәйттерді, тұжырымдарды-қайта өңдеу керек. Мен сыни ойлауды дәстүрлі факторларді зерттеуге теңегім келмейді-сыни ойлауды фактілік білім ғана айқындамайды. Алайда оқытушы жұмысы тек сыни ойлауға үйретумен шектелмейді: біз шәкірттерімізді ең күрделі түсініктерді қабылдауға және есінді әртүрлі деректерді сақтауға үйретеміз. Сыни ойлауды үйрету-оқытушы сан қилы жұмысының бір ғана қыры.
Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Адам баласы болмысынан білімге құштар. Біз жаңа бір нәрсені байқасақ, соны білуге құмарлық танытамыз. Біз қандайда бір ерекшелікті көрсек, оның ішкі құрылысына үңілгіміз келіп тұрады. Біз бұл ерекшелікті жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерден гөрі бүлдіршін балалардан көруге үйренеміз, әтеген-ай десек те мектептегі білім берудің бала миына жасаған ықпалының кері әсері осындай. Алайда нағыз танымдық процес өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады. Демек, бір жағынан сыни ойлауға үйретудің қиыншылығы оқушыларға бізді қоршаған проблемалардың сан алуандылығын танып білуге көмектесуде жатыр.
Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады.
Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Ол бұған қоса бұл проблеманың басқа да шешімдері болуын ескеріп, өзі таңдаған шешімінің басқалардан гөрі санаға қонымды және тиімді екендігін дәлелдеуге тырысады.
Және де, бесіншіден, сыни ойлау-әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі, немесе фиолософ Ханна Арендт жазғандай «кемелденуге тек қана біреудің қатысуында ғана жетуге болады». Біз басқалармен пікір таласып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталаспен дау дамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әр түрлі жариялануын қолданады. Менің сыни ойлаудың дербестігі туралы келтірілген бірінші анықтамам мен сыни ойлаудың әлеуметтік өлшемдерін атайтын соңғы уәжімнің арасында ешқандайда қарама-қайшылық жоқ. Сайып келгенде, әрбір сыни ойлаушы қандай да бір қоғамдастықта еңбек етіп, өз тұлғасын қалыптастырудан басқа ауқымдырақ мәселелерді шешеді.
Сонықтан да сыни ойлау арасында жұмыс жасайтын ұстаздар тиімді түрде пікір алмасуға қажетті қасиеттерді-сабырлықты, басқаларды тыңдай білуді, өз пікіріне деген жауапкершілікті дамытуға көп көңіл бөледі. Дәл осылай педагогтар оқу процесін сынып бөлмесі сыртында өтіп жатқан шынайы өмірге жақындата алады.
Сыни ойлау анықтамасының келтірілген бес бабы білім алудың әртүрлі әрекеттерімен жүзеге асырылады, алайда, менің ойымша, мұғалім үшінде, оқушы үшінде олардың ең тиімдісі жазба жұмыстары болады. Жазуда ойлау процесі көзге түсетін, яғни мұғалім үшін көрнекті болады. Жазушы әрқашанда белсенді әрекеттер. Ол дербес ойланып, осы кезде өзінің барлық білім қорын қолданады. Өз пікірін қуаттау үшін ол лайықты дәлелдеме құрастырады. Жақсы орындалған жазба жұмысы қандай да болмасын проблема шешімін іздестіруден және оқырмандарға табылған жауапты ұсынудан тұрады. Бұған қоса ол өз бітімі бойынша әлеуметтік нышанда болады, өйткені жазушы әрқашанда оқырманға бағытталған.
Оқушылар мен студенттер үшін оқу процесінің қиын, дәлірек айсақ, ең қиын бөлігі. Әлбетте, жазба тапсырмасын бере отырып мұғалім өзінің де жұмысын көбейтеді. Алайда көптеген педагогтар жазудың маңыздылығын түсіне отырып, жүктемесін осылайша өз ерікмен көбейтуге барады. Қатарына ой қозғау, өзіндік жазба, толықтыру, редакциялау мен «жариялауды» қосатын жұмыс барысында мұғалім өз оқушыларына жазу ережелерін түсіндіріп қиын мәселені шешуге көмектеседі. Ал оқушылар үшін мұғалімнің олардың жұмыстарына ықыласпен силастықпен қарайтындығы, өздерінің сыныптастары, басқа ұстаздар, ата-анасы, тіпті бейтаныс адамдармен өз ойларымен бөліскендігі құнды. Мен осы себептерге сәйкес жазу-сыни ойлауға үйретудің ең тиімді тәсілі деп тұжырымдаймын.
Инсерт – “Түртіп алу” немесе “INSERT” стратегиясын беруде әртүрлілік байқалады. Ағылшын вариантында былай беріледі.
“V” – белгілі оқып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетінг болсаңыз немесе білемін деп ойлаған жеріңізге қойылады;
« - » – белгісі, егер ақпарат сіздің білетініңізге сай келмесе немесе өзгеше болса қойылады;
«+» - белгісі, егер ақпарат сіз үшін жаңа болып табылса, сол жағдайда қойылады;
«?»- белгісі, егер ақпарат сізді таң қалдырса, сізге түсініксіз болса, не
болмаса ол туралы тереңірек білгіміз келсе, сол жағдайда қойылады.
Мүмкін, аударма дұрыс болмады немесе семинарларда «V» - белгісімен “білемін” онда «+» белгісімен “білмеймін” деп белгілеудің тренерлер айырмашылығы жоқ деп ойлаған болуы керек. Бұл белгілердің мәні тереңірек және позитивті байланыста қолданылады, яғни американдық стратегияда «+» - “мен бүгін үйрендім / таныдым” дегенді білдіреді, ал бұл қашанда «+» болады. Екінші жағынан, бұл белгі мұғалімге “мәтінді дұрыс таңдадым ба?”, бүгін балалар жаңадан не білді? деген сұрақтар төңірегінде ой толғануға озық болып табылады. Өздерінің ойланып көріңіздер, бұл жобаның рухында қай вариант және оларда айырмашылықтар бар ма?
Инсерт – түртіп алу жүйесі стратегиясы .
Мақсаты – мәтінді түсіну үшін керек бірден-бір құрал. Инсерт оқушыларға, өзі оқыған әңгімеге түсінігін тексеруге өз ойын айтуға басшылық етеді.
Бұл стратегияны мағынаны ажырату кезеңіне қолданамыз.
v |
- |
+ |
? |
|
|
|
|
ИНСЕРТ
Мен үшін түсінікті |
Менің білетініме сай келмейді н/се өзгеше |
Жаңа ақпарат |
Мені таң қалдырды н/се түсініксіз |
|
|
|
|
Бес жолыды өлең стратегиясы - ақпаратты түгендеп айту, терең ойды, сенімді, сенімді қысқа сөзбен қамту өнері болып табылады.Бұл іс- әрекет, тақырып туралы толғаныстан, терең бай түсініктің негізде болуын талап етеді. Бұл ақпаратты синтездейтін және материалды қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең жолдары, яғни француздың без деген сөзінен шыққан.
Әр адамға бұл өлеңді жазуға 5 минут уақыт беріледі, содан соң екеуі бірігіп не себептен жазғанын сөйлеп түсіндіруге дәлелдеуге себепші болады. Және тақырыпты сын тұрғысынан қарап шолуға мүмкіндік береді. Бұл іс-әрекет басқаны тыңдауға үйретеді, және басқаның идеяларынан дұрысын тауып, екеуі бірдей келісетін жерлерді бығыттайды. Бұл жұпта жасалған жұмыстарды топта талқылауға болады.
1-ші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұруы керек;
2-ші жол тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұруы керек;
3-ші жол тақырыптың іс-әрекетін көрсететін үш сөзден тұруы керек;
4-ші жол тақырыпқа деген қатысты 4 сөзден тұратын сөйлем болуы керек;
5-ші жол тақырыптың мәнін көрсететін бір сөзді синоним болуы керек.
5 жолды өлең стратегиясы
1. Не? Зат есім
2. Қандай? Сын есім
3. Не істейді? Етістік
4. Синоним 1 сөз
5. Идеясы 4 сөзден тұратын 1
сөйлем
Семантикалық карта стратегиясы .
Бұл стратегия оқушының бойындағыны жандандыру және дамытуға арналған семантикалық қасиеттерді талдау. Оқушылардың оқып жатқан тақырыпқа байланысты білімі бар болған жағдайда бұл стратегияны пайдаланған тиімді. Бұл стратегияның мақсаты белгілі бір тақырыпқа байланысты жаңа білім мен оқушыларға бар білімнің деңгейін салыстыру. Семантикалық картада оқушылар үшін немесе төрт обьектіні талқылаудан бастайды. Әр тақырыптың қасына дұрыс деп санаған қосу белгісін қояды.
Семантикалық карта ой толғаныс кезеңінде қолданады.
№ |
Тұлғалар |
Саяхатшы |
Жазушы |
Ғарышкер |
Материк ашқан |
Ғарышкер зерттеуші |
Жазушы зерттеуші |
1. 2. 3. |
Ю.Гагарин М.Поло Х. Колумб |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Венн диаграммасы .
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады.Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар түзіледі.Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Венн диаграмманы ойтолғаныс кезеңіне қолданамыз.
Венн диаграммасы .
Ортақ белгісі
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.
Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі Сол жағына сол әсер еткен үзінділер
қатты әсер тұстар, үзінділерді жайлы пікір жазады.(нені, еске түсіреді
жазады. себеп салдары қандай, қандай сұрақ
туды т. б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып бітірген соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру , пікірін, көзқарастарын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
Сіздің ойыңызға не сақталып қалды?
Автор оқырманды қалай қызықтырады?
Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде
Бұл әдіс оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді.Ақпататты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдыретін түсінуге бығыттайды. Сондай ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілін дамытады. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Джиксо-ұжымдық оқыту стратегиясы.
Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегідей ұйымдастырылады.
Алдымен ұжым төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “Жанұя” топтар деп аталады.Содан кейін І,ІІ,ІІІ,ІV ке санау арқылы І лер бөлек, ІІ лер бөлек, ІІІ тер бөлек, ІV тер бөлек өз алдарына “жұмыс” тобын құрайды оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсінуі қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген 1-лер, 2 бөлігін 2 санын алғандар 3-4 нөмерлі топтарға оқуға тапсырылады.Жұмысты бастамас бұрын “жұмыс” тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “Жанұя” топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждақаттылығына байланысты түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып , өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мұшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы оқытуға үйренеді.
Джиксо стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді.Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай ақ мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Бұл стратегияны мағынаны ажыраты кезеңіне қоямыз.
Еркін жазу стратегиясы.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңіне пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әліде біле түсу керек екенін т.б. өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кездек оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерімен таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алғаш білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Мұғалім үшін төрт ескерпе:
-
Сіз берілген сұрақа әртүрлі жауап түрлерінде беруіңіз;
-
Сіз талқылауды мәтінге бағыттауыңыз қажет;
-
Айырмашылықтардың бар болуын біліңіз және олардың ой-пікірін сыйлай біліңіз;
-
Қатысушылардың пікірін түзетуден аулақ болыңыз.
Ереже:
-
5-10 минут уақыт беріледі;
-
Әріптесіне оқып береді;
-
Ең жақсы эссе тоқтауға ұсынылады;
-
Сол жазған идеялардың ішінен түсініксіз деген сұрақтарға қандай жауаптар бергені үшін оқушыларға сол мәтінді назар салып оқу керектігі ескеріледі.
Кубизм стратегиясы - бұл ағылшынша кауан тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.
Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті қолданады. Ол кубикті қағаздан 15-20 см. Шамасында жасау керек. Оның әр жағына мына 6 көмекші сөздер жазылады.
-
Зерттеңіз;
-
Салыстырыңыз;
-
Қолданыңыз;
-
Дамытыңыз;
-
Сипаттаңыз;
-
Талқылыңыз немесе қарсы болыңыз.
Мұғалім берілген тақырып бойынша осы тапсырмадан соң еркін 2-4 минуттай жаздырады. Мұғалім 6 жағына да жеке түсінік береді. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған ереже жоқ. Бір ғана мақсатол аса ұтымды талқылап ой алмасып ретімен жүргізіп отыру керек.
Кубизм стратегиясы ой толғаныс кезеңінде қолданылады.
Ішіне сыртына стратегиясы.
Мысалы, химия пәнінен Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің, оның қосылыстарының сипаттамасы.
Периодттық жүйенің ішіне не кіреді және сыртына не жатады деген сұраққа осы стратегины пайдаланып көрейік.
Ішіне Сыртына
Период Су, ауа (О2, Ы2)
Үлкен период Әк
Топ Қышқыл
Қосымша Оксидтер
Негізгі топша Тұздар
Химиялық элемент атом Қант
Ядро (пратон, нейтрон) Темір
Электрон А1
Реттік нөмері Қалайы
Сілтілік метал Қорғасын
Сілтілік жер метал
Х алькоген
Галоген
Инертті газ
Бұл стратегияның мақсаты, оқушылардың ойын анықтап бір жүйеге түсіру.
Бұл стратегияны білгілі бір пәнде мәтіндегі ойды анықтап немесе белгілі бір сұраққа жауап болатын сөздерді ішіне қатысы жоқтарын сыртына ал мүлдем қатысы жоқтарын үшінші бағанаға қойылады.
Жұптасып сурет салу стратегисы.
Бұл стратегияда әр топ сурет салады. Ол үшін оқушылар сөйлемеу керек. Жалпы жұмыс барысында мына ережелер сақталады.
1.Идеялар қайдан келді, қаламды ұстаған кім.
2. Суретті кезекпен салдыңыз ба?
3. Кімнің кезегі келгені қалай шешілді?
4. Келісімге келу жолын баяндап беріңіз.
Яғни бұл стратегияның мақсаты, жұптағы адамдар бірін-бірі түсініп, ынтымақтасыпжұмыс жасай білу керек. Әр жұптан бір лидер шығып салынған сурет бойынша жоғарыдағы сұрақтарға жауап береді. Әр топтың суретті қабырғаға іліп қорытындылайды.
Ұқсастық пен даралық
Бұл стратегия 4-5 тұлғаны талқылаған кезде қолданылады.
Нөмерленген кісілер
Бұл стратегияға қойлатын талаптар қойлатын талаптар:
1.Оқушылар 3-4 адамнан тұратын кішігірім топтарды құрайды.
2. Кішігірім топтардың ішінде оқушылар 1-3-ке немесе 1-4-ке дейін санап нөмерленеді.
3.Мұғалім сұрақ немесе бір проблеманы жинақтап айтады.
4.Оқушылар әр қайсысы сол проблемамен айналысады..
5.оқушылар сол проблеманы топ болып талқылайды.
6.Мұғалім бір оқушының нөмерін айтады, сол оқушы тұрып өз тобының талқылаған туындысын бүкіл сыныпқа айтып береді.
Болжау стратегиясы. Мысалы 4 сыныптың ана тілі пәнідегі Үш жігіт түралы хикая тақырыбында қолданылды.
Сабақтың мақсаты:
Әр оқушы өз алдына қойған мақсатқа жету жолын біледі.
Міндеттер:
Мазмұнға байланысты міндеттер:
Әңгімені оқып танысады . Мазмұнын ашады. Кейіпкерлерді салыстырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Ұсынылған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісіне талдау жасай отырып бағалайды. Өзінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсінеді.
-
Оқушылар бірін-бірі оқытуда:
-
мәтінді оқу
-
мәтіннің түсіксіз жерін айқындайды
-
топтастарының сұрақтарына жауап береді
-
қорытынды шығарады
-
Бағалау:
1.Топтағы қорытынды жауаптар
2.Жазба жұмыстар
Сабақ барысы :
-
Қызығушылықты ояту сатысы:
Ой қозғау.
Сұрақ: Өмірлеріңде қандай мақсат қойдыңдар?
Жұмыс түрі:
-
Жеке ойлау.
-
Көршіңе айту.
-
Көршіңнің алдына қойған мақсатын айту
Жауаптар:
1.Менің көршім Роза. Оның алдына қойған мақсаты жақсы оқып, білім алу, жоғарғы оқу орнына түсіп, бір мамандықты таңдап алу.
2.Менің көршім Нарз. Оның алдына қойған мақсаты сабақты жақсы оқу, ата-анасын ренжітпей, құрметтеу. Дәрігер мамандығын оқып үйрену.
II.Мағынаны ажырату сатысы:
Осы алдымызға қойған мақсатқа қалай жетуге болады екен. Мақсатқа жету жолдарымын қазір біз“Үш жігіт туралы хикая”әңгімесін оқып, танысайық.
Осы хикая не туралы болады деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.
I-бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беру:
Мәтін не жайында?
Кім туралы?
Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?
Жұмыс түрі:
-
Жеке.
-
Жұппен.
-
Топпен.
-
Әрбір топтан бір оқушы шығып ойларын ортаға салады.
Жауап: 1-бөлімде үш жігіт туралы. Олар бір-бірін білмейді.Олар олар өлместің тауын іздеге шықты.Бірінші жігітжолда жүре –жүре шаршайды. Бір сұлу қызға кездеседі. Сол сұлу қыздың қасында қалады. Ол өз алдына қойған мақсатына жете алмады. Ал екінші мен үшінші жігіт бұл кедергіге тоқтамайды деп ойлаймыз.
1.II-бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Оқиға қалай жалғасты ?
2. Не көріп отырсыңдар ?
3. Оқиға ары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
Екінші жігіт жолда жүріп келе жатып шаршап, шөлдеп, тілі кеуіп кетеді Оның алдынан бұлақ көтінеді. Бұлақтан су ішіп, рақаттанып сол жерде қалып қояды. Бұл жігітте өз алдына қойған мақсатына жете алмады.Ал үшінші жігіт барлық кедергілер барлық қиындықтар мен кеднргілерді жеңіп мақсатына жетеді деп ойлаймыз.
Мұғалімнің сұрағы: Неге жетеді деп ойласыңдар?
Ардақ: Өйткені бірінші жігітпен екінші жігіт орта жолда қалды. Ал арға қойған мақсатқа әрқашанда жету керек. Сондықтан менің ойымша үшінші жігіт өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.
2.III-бөлімді оқу.
Сұрақтарға жауап беру:
-
Әңгіме қалай аяқталды?
-
Көкейіңе не түйдің?
-
Кейіпкерлерді бағала.
Жауап:
Үшінші жігіт барлық кедергілерді, қиындықтарды жеңіп мақсатына жетті. Біздің ойымызша, егер өз алдыңа мақсат қойсаң, оған әрқашанда жету керек . Ол үшін ерік, жігер керек.Еңбек ету арқылы барлық кедергілерді , қиыншылықтарды жеңуге болады.Бірінші жігіт пен екінші жігіт әлсіздіктері, жалқаулықтарын жеңе алмай мақсаттарына жете алмады.Оларды еріксіз, жігерсіз деуге болады. Ал үшінші жігіттің еңбешіл, қайратты екенін көруге болады.
III. Ой толғаныс сатысы.
“Кім боламын?”-атты шығарма жазу.
Білім беруде әр сабақта қолдануға болатын тиімді интербелсенді
ТӘСІЛДЕР
1. Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер.
Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сабақ мазмұны өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсатты-оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды.
Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Жұптағы ой қозғау – оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-4 минут), оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.
Кластерлер - («жүзімнің шоқтары» деген мағынада) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Т-кестесі - бір-біріне қарама-қарсы («ия/жоқ», «келісіммен/келіспеймін»,
«қарсымын/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», “басы/аяғы”, «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі обьект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды. Содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестелерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада оқытушы бүкіл аудиторияға ортақ кесте құрастыруына болады. Әр жұп/топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады.
Т-кестесі оқытушыға екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан-жақты мүмкіншілік береді.
Абай |
Шоқан |
-ақын -ағартушы -діни философ -болыс болған -орыстан үйретуге шақырған -медреседе оқыған |
-Омбы кадет корпусын бітірген -саяхатшы -ағартушы -орысша оқыған -отыз жасында өмірден озды -орысша жазған |
Оңай және қиын сұрақтар кестесі - Т-кестесінің модификациясы. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпарат пен танысқанда (мәселен, лекция мазмұны мәтін) толтыра алады (алдымен жеке, содан кейін жұппен, шағын топ ішінде немесе бүкіл аудиториямен). Кестенің сол жағына олар өз түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді.
Бұл жерде оқытушы оқушылармен алдын-ала бұл сұрақтардың бір-бірінен айырмашылығын анықтап алғаны орынды. Мәселен, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде (лекцияда) жауабы бар сауалдар: ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, олара тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беріге болады: оқушы мұнда өз ойын, пікірін келтіреді. Немесе оңай сұрақтарға бір жақты жауап беруге болады («ия»/“жоқ”), ал қиын сұрақтарға жан-жақты жауап беру керек.
Ойлан, Жұптас, Пікірлес - оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бақытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғанан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Оқытушының екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялауын сұрауына болады.
Бұл тісілді тек шағын топтарда ғана емес, сонымен бірге оқушылардың саны көп лекциялық лектерде (100 және одан да көп) қолдануға тиімді.
Алдын ала берілген атаулар – оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасымен байланысты туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушының бірнеше оқушының ойы мен мен пікірін тыңдауға болады.
Бұл тапсырманы күрделендіруге де болады. Ол үшін алдын ала берілген ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен биология сабағында «фотосинтез, флорофилл, дәптер» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау, сонда да оқушылар жоғарғы да келтіргендей олардың өзара қатынасы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.
Атаулар туралы үш сұрақ – бұл тәсіл «Алдын ала берілген атаулар» тәсіліне ұқсас. Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді жазып, оқушыларға осы атауға қатысты келесідей сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта қайда және қандай контексте кездестіріп едіңіз?
2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша не жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушы бірнеше оқушының пікірін тыңдайды. Оқытушының сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
Еркін жазу - оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек. Еркін жазудың ережелері:
- толассыз жаза беруі керек;
- егер ой келмесе, «не жазарымды білмей отырмын» деген сыңайда жаза беру керек;
- қате туралы ойламау керек, өйткені мұнда оқулылар өзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болуы керек.
Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқылау мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында жазбаға қайта оралып, оған оған түзетулер мен толықтырулар енгізу орынды. Оқушылар осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында өз білімдері мен ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады.
2. Жаңа ақпаратпен танысу кезіңінде (зерттеу мен іздену) қолдануға болатын тәсілдер.
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін (түсінемін) игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданан тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым (түсінігім) қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Кең ауқымды лекция – лекцияны 6-15 минуттық бірнеше бөлімге бөліп, олардың арасындағы үзілістерді (2-5 минут) оқушылардың жаңа ақпарат жайлы ойлану, пікірлесу, талқылау сияқты белсенді әрекеттермен толықтыратын дәріс оқу тәсілі.
Зерттеулер адам зейіні 6 минуттен кейін сейіле бастап, 15 минуттен кейін екі есе азайатындығын дәлелдейді. Сол себепті лекцияны бөлімдермен оқу (әр лекцияны 3-4 бөлікке бөлген тиімді) оқушылардың зейінін әлсіретпей, жаңа мағұлматқа деген қатынасы мен қызығушылығын жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіншілігін береді.
Кең ақымды лекцияны келесі үлгіде өткізуге болады.
1. Зерттеу жаңа мәлімет жөніндегі сұрақтарды онымен танысудан кейін емес (сабақ аяғында), сабақ басында қою оқушылардың жаңа тақырыпты игеру деңгейін арттыратындығын дәлелдеген.
Сабақ басында оқушыларға жаңа тақырып туралы ойлану, пікір мен ойларын ауызша/жазбаша келтіру тапсырылады (әрекеттер жеке, жұппен, шағын топ ішінде-оқытушының және оқушылардың қалауы бойынша атқарылады). Мұнда жоғыры да «Сабақтың бастапқы кезеңінде қолдануға болатын тәсілдер» атты бөлімде келтірілген тәсілдерді қолдануға тұрарлық.
Осы әрекеттер арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, оны қабылдауға және игеруге дайын болады.
2. Лекцияны әр бөлімі оқылғанда оқушыларға оның мазмұны тұрғысында ойланып, өз түсінігімен пайымын көрсететін тәсілдерді орындау тапсырылады. Бұл тәсілдер төменде келтіріледі. Басқаша айтқанда, лекция кезінде оқушы тек тыңдап не көшіріп қоймай, мазмұнды игерудің белсенді әрекеттерімен (ауызша немесе жазбаша) айналысады. Бұл арқылы олар жаңа тақырып мазмұнына деген өз қатынасы мен түсінігі айқындап, оны игеру мүмкіншілігін арттырады.
3. Лекция аяқталған соң оқушыларға оның мазмұны туралы алдымен ауызша (жұп, топ ішінде) содан кейін жазбаша ойлану тапсырылады. Оқушы «Не білдім/үйрендім?», «Бүгінгі тақырыптың маған қандай пайдасы/тиімділігі бар?», «Бұл туралы не ойлаймын?» сынды сұрақтарға жауап береді. Әдетте оның жазғаны ағымдағы бақылау жасау үшін сабақ аяғында оқытушыға өткізіледі.
Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою – лекцияны әр бөлігінен кейін оқушыларға жұп (немесе шағын топ) ішінде бір-біріне немесе өзге де оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі.
Лекцияның бірінші бөлігі оқылып жатқанда жұптағы А оқушы В-ға бірнеше сұрақты жазбаша дайындайды, лекцияны бөлімі оқылғаннан кейін А оқушы В-ға дайындаған сұрақтарын қояады да, В оларға жауап береді. Екінші бөлімнен кейін, керсінше, енді В оқушы А-ға сұрақтарын қояды. Үшінші бөлімнен кейін А мен В жұбы бірлесе көрші С және Д жұбына сұрақтар әзірлеп, үзілісте солармен сұрақтарымен алмасады, бірлесе жауап іздейді. Лекцияның төртінші бөлімі оқылу барысында А мен В бірлесе оқытушыға сұрақтар дайындайды. Оқытушы бірнеше жұптың сұрақтарын тыңдауына болады, олара өзі жауап беріп, немесе ол сұрақтарға басқа оқушылардың жауап беруін талап етуі мүмкін.
Мұнда басты назарды жауаптарға емес, сұрақтарға аударған жөн. Оқушылардың құрастырған сұрақтары олардың сабақта қандай дәрежеде жұмыс жасағандығының айғағы болады, сол себепті оқытушының сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңында жинап алғаны тиімді әрекет.
Тапсырмалардың мазмұны мен реті оқытушы тарапынан шығармашылық тұрғыдан лекцияның тақырыбына, бөліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Бірін-бірі оқыту – «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Әдетте біз біреуді үйрету арқылы өзімізде үйренеміз, екіншіден көп жағдайда оқытушыдан гөрі оқушылардың бір-біріне түсіндіргені тиімдірек: олар жолдастарының айтқанына тереңірек иланады, тезірек түсінеді.
Лекция алдында оқытушы оқушыларға олардың кішігірім топтарға (2-4 адамдық) бөлініп, кезекпен ұстаз рөлін орындайтындығы мен оның қандай әрекеттер атқаратындығы туралы айтып кетуі керек. Лекцияның әр бөлігінен кейін оқушылар алдын ала белгіленген кезекпен мұғалімнің рөлінде келесідей амалдарды орындайды:
1. Мұғалім рөліндегі оқушы леция бөлігі аяқталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қорытындылап шығады;
2. Одан кейін мұғалім рөліндегі оқушы қасындағы оқушыларға лекция мазмұны бойынша екі үш сұрақ қояды, оны бұл жерде оқушылар арасында кішігірім пікіпталас тудыруы да ықтимал;
3. Мұғалім рөліндегі оқушы өз тобындағы оқушылардың туындаған сұрақтартарына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді;
4. Соңында мұғалім рөліндегі оқушы лекцияның келесі бөлігі не туралы болатындығы туралы өз болжамын қасындағыларға келтіреді.
Лекцияның келесі бөлігінде мұғалім рөлін енді басқа оқушы орындап, келтірілген әрекеттерді ретімен орындайды.
Қос жазба күнделігі – лекция мазмұнына оқушылардың зейінін аударып, өз қатынасын, қабылдауы мен түсыныгін келтіре алатын кесте. Лекция оқылғанда оқушы қағазды екі бөлімге бөліп сол жағын «Үзінділер» (немесе «Ситаталар») деп атап, оған лекцияда өзінің назарын тоқтатқан немесе ерекше толдғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде лекция мәтінін көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе «Коментарий») деп аталады. Мұнда оушы сол жақта келтірілген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жаза алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол лекция хақында өз ойларын, түсінігін, пайымдау мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде оқушылар жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды, пікірлеседі. Оқытушы әрүзілісте бір екі жазбаларын бүкіл аудиторияға оқып беруін сұрағаны дұрыс.
Үзінділер |
Түсіндірмелер |
Білім әрбір төрт жылда ескіріп отырады... Адам миының көлемі шектеулі... |
Сонда біз жоғарғы оқу орнын аяқтағанда, көп білімімізескіріп кетеді екен ғой!.. Біз ақпаратты жаттамай, сол мәліметті игеретін тәсілдерді игеруіміз керек деп ағайдың айтқаны рас болып шықпай ма? Бұл жерде мен «Сонда адам өз миында не сақтау керек?» Деген сұрақ төңірегенде ойланып қалдым. Біздің миымыз кей жағдайда қоқыр-қоқыс салынған себетке ұсамай ма:оның ішінде ненедей нәрсе жоқ екен? Аннан-мұннан жиналған арасында еш байланысы мен біріктірітін жүйесі жоқ түрлі-түрлі ақпараттар мен ұғымдар. Ал олардың қайсысы өмірде нақты түрде қажетті болар екен? Кім білер екен?.. |
Білемін, білгім келеді, білдім – бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас. Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады. Оқытушы сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: оушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасыпбілгендерін келтіреді. Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін оларға осы «тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай орындалады.
Сабақ барысында оқушылар жазғандарын лекция мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс/бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады.
Лекция аяқталысымен оқушылар «Мен не білдім?» Деген сұраққа жазбаша жауап береді, жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды. Оқытушы бүкіл аудиторияның пікірін білгені дұрыс. Егерде оқушылардың білейін деген сұрақтары сабақта қарастырылмаса, оқытушы оларды бұл мәселелерді өздігімен игеруін сұрауы мүмкін.
Оқушылар сомен сабақ барысында келесідей кестені толтырып шығуы қажет (оның оң жағына олар өз ойларын келтіреді):
Білемін |
1 – кезең Жаңа ақпаратты айқындауға дейін |
Білгім келеді |
2 – кезең Жаңа ақпаратты айқындауға дейін |
Білдім |
3 – кезең Лекциядан кейін |
Сабақ барысында оқытушы тақтада оқушылардың кейбір жауаптарын келтіре, бүкіл аудиторияға ортақ кесте толтыруына болады.
Жигсо - көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл. «Жигсо» деп елуінші жылы балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: оның әр бөлігі өз орнын тапқанда ғана ойыншық бүтін болып шығады.
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке шағын топ ( «бастапқы топ»)ішінде оқып шығуы керек (1). Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір оқушы бар жаңа топтар («сатапшылар тобы»)құрылады. Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды. Енді олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің «сарапшысы» атанады (2). Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып, өзгелерді өз бөлімдеріне үйретеді.
Бастапқы топтар Сарапшылар топтары Бастапқы топтар
(құрамында №1. → (құрамында тек №1 → (құрамында №1.
№2, №3, №4 оқушылар бар) №2,№3,№4
оқушылар бар) оқушылар бар)
3. Сабақтың аяққы кезеңінде(үйренгенді айқындау) қолдануға тәсілдер.
Бұл кезеңде оқытушы оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір мен талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуді қолданады.
Бұл кезеңде оқушы «Не білдім / үйрендім?». «Бұл не үшін керек?»,“Оның қолданысы қандай?”. «Бұл білімді әрі қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?» деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Эссе – оқушының сабақта қарстырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Әдетте сабақта эссе 5-10 минөттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал. Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.
Эссені түрлендіруге де болады.Мәселен, сабақ аяғында оқушылар параққа бір сұрақ жазып,парақтың оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.
Немесе эссе оқушының сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін.
Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір оқушыға жазуға болады.
Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде (3-5адам) оқушылардың қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, проблема, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша кезекпен сағат тілі бойынша белгіленген уақыт аумағында (1-2 минут) өз ойларын ауызша ортаға салу тәсілі.
Дөңгелек үстелде келесі ережелерді ұстанған жөн:
- біреудің сөзін бөлуге болмайды;
- басқаның пікірін сыйлау керек: келіспегенімізді сөз,мимика,ишарат арқылы білдіруге болмайды.
- берілген уақыт шеңеріне аспау керек;
- сұрақтар туындайтын болса, оларды дөңгелек үстел аяғында ғанаа қоюға болады;
Дөңгелек үстелде сөз бір оқушыға бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде оқушылар алдындағы ойларын қайталамай, оларды әрі қарай жалғастыруға және басқалардың пікірін де ескере отыру қажет.
Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі мүмкін. Ондай жағдайда оқушылар (мәселен семинар немесе практикалық сабақтарда ) парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аумағында (2-3 минут) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршілеріне парағын береді. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады. Белгіленген уақыт өте парақтар тағы оңға қарай беріледі де жазуды толықтыру әрі қарай жалғастырылады. Жазба жұмысы парақтың жазу иесіне қайтып оралғанша жалғасады. Бүкіл үстелге айналып өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен де танысып шығып, қорытынды тұжырым жазады.
Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық оқушылар бір мезгілде жұмыс жасайды, олар бір-бірінің жазғанына тәуелді болады, сондықтан да бір-бірінің алщдыңғы жауапкершілікті сезінеді: егерде ол ешнәрсе жазбайтын болса,ол көршісіне қиындық туғызатынын біледі. Ал оқытушының әрбір топтың қалай жұмыс істегенін бағалап,олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай дәрежеде дамығандығын аңғаруға болады.
Оқушылардың өз идеяларын бір параққа ғана жазуына болады, онда топта бір парақ ғана айналымда жүреді.
Үш қадамды сұхбат – тақырып бойынша оқушылар бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі. Бұл тәсіл сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару керек.
Шағын топ ішінде (3-4 адам) оқушылар тақырып бойынша бір-бірімен интервьюді келесі кезекпен алуы мүмкін:
Үш оқушыдан тұратын топта:
1. А оқушы В-дан интервью алады, ал С олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
2. В оқушы С-дан интервью алады, ал А олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
3. С оқушы А-дан интервью алады, ал В олардың сұрақ жауабын жазып отырады;
Төрт оқушыдан тұратын топта:
1. А оқушы В-дан интервью алады, ал С оқушы Д-дан интервью алады;
2. В оқушы С-дан интервью алады, ал Д оқушы А-дан интервью алады;
3. Төртеуі де жауапты ортақтаса талқылайды.
Үш қадамды сұхбатты жазбаша да орындауға болады.
Әрине бұл тәсілді қолданған да оқытушының жұмыс ретін шығармашылық тұрғыдан өзгертіп тұруы әбден орынды.
Пікірталас – қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Пікірталас өткізудің түрлері баршылық. Жалпылама олардың негізгі әрекеттері төмендегідей.
Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы олардың осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек (1). Осындан кейін оқушылар үш үлкен топтарға бөлінеді: бірінші пікірді, екінші пікірді жақтағандар және «мүмкін» деген көзқарасты ұстанғандар (2).
Оқушылар бір пікірді ұстанғандар тобында өз көзқарастырын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, олардың тізімін жасайды (3).
Әрбір топ бүкіл топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды (4).
Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (мәселен, 2 минут) жеткізеді (5). Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады, оларға жауапты тек спикер ғана бермей, топтың басқа да мүшелеріне де қайыруына болады (6).
Осылайша үш топта өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін қарсыластар бір-біріне қол соғып, орындарына отырып, пікірталастан кейін бағанағы проблема жөнінде эссе түрінде жазбаша келтіреді (7).
Пікірталастың ережелері:
- спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеуі керек;
- қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпауы керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған», «біздің ойымыз ғана дұрыс!» деген сияқты );
- егер келіспесеңіз, тек қарсы жақтың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады;
Пікірталас соңында оқушылардан «Қай жақ жеңді?» деп сұрауға болады. Егер оқушылар жеңісті біреуге беретін болса, онды оларды келесідей ұғымға сұрақ қою арқылы алып келу керек секілді:
- пікірталас ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі;
- пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік береді;
- пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.
Топтық зерттеу (Бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда оқушылардың бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап етуді проблеманы оқушыларға ұсынады. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (10-15 минут ішінде). Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқалардың сұрақтарына жауап береді, олардың шешіміне түзету енгізуі де мүмкін.
Бірлескен жұмысты қорғау кезінде келесі ережелерді ұстанан орынды:
- спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;
- басқа топтың көзқарасына сын айтпай, тек жағымды және позитивті тұрғыдан пікір келтіруге болады;
- тек сұрақ қана қоюға болады.
Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беріп, немесе топтар тапсырмаларды өздеріде таңдап алуы мүмкін.
СТО бағдарламасын сабақта пайдаланғаннан кейінгі ой толғаныс.
Мұғалім:
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру жолға қойылды;
- қызығушылықты оятуға ерекше мән беретін болды;
- өзіне сын көзбен қарауды меңгерді;
- сабақта әрбір жұмысты аяқсыз қалдырмауға дағдыланды;
- сабақ кезеңдерінде сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауға үйренді;
- сыныптан тыс жұмыстар, ата-аналармен шаралар жаңа формада ұйымдастыратын болды;
- өзімнің ұжым арасындағы беделім өсті, жеке белсенділігім артты;
- оқушылармен даму деңгейін үнемі зерттеп отыру, қажеттілігіне айналдыру.
Оқушылар:
- ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
- рефлекция жасай алды;
- ойлау процестерін меңгерді (талдау, жинақтау, салыстыру);
- шығарма эссе жаза алды;
- әртүрлі шешімдер айта алды;
- оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарды;
- ізденуге, дағдылануға үйренді;
- аз уақытта көп жұмыс жасауға үйренді;
- үлгерімі жоғарлады.
1

