Материалдар / «Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді:

ДТІЖО _______________ Г.Т.Құрманбай


Білім беру ұйымының атауы

«С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мұғалім аты-жөні:

Нұрғалиқызы Ж.

Оралбек М.

Омар Б.

Өмірзақ О.

Күні:

04.11.2024ж.

Сынып:

9 «Ж»

Жалпы оқушы саны-

Қатысқан оқушы саны-

Қатыспаған оқушы саны-

Сынып сағатының тақырыбы:

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

9-САБАҚ

«Жасөспірім және еңбек қатынастары»

Сабақтың мақсаты

оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;

2) қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету.

3) Осы білімдерін күнделікті сабақта пайдалануға дағдыландыру.

оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;

2) қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету.

3) Осы білімдерін күнделікті сабақта пайдалануға дағдыландыру.

Білім алушыларды адал еңбек етіп, адал табыс табуға үйрету. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіре отырып, тағылымды тәрбие мен адалдық қасиеттерін ұғындыру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Құндылық

-өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;

-түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

-еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

Қауіпсіздік мақсаты:

оқушыларды еңбек қатынастарының негіздері мен олардың жұмыс орнындағы құқықтарымен таныстыру.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

тар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

Психологиялық ахуал.

Мемлекеттік әнұран орындау.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

.

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

9 САБАҚ.

«Жасөспірім және еңбек қатынастары»


4-апта дәйексөзі:

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!



Оқушылар сәлемдеседі, ән ұранды орындайды.

Мұғалім айтқан дәйек сөзді дәптерлеріне жазып, жаттап алады.


Слайд

Сабақтың ортасы



























































Сабақтың барысы 1. Кіріспе 2. Ой қозғау

-Адал, адалдық, адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік,адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.

Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі - ел бастар. (Ж.Жабаев) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (Мұхтар Әуезов)

Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. (Ғабит Мүсірепов)

Асыл қасиет – адалдық, асыл міндет – адалдық. (Максим Горький)

Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. (Қаюм Насыри)

Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. (Михаил Пришвин) Адалдық танытатын адамға да адал бол. (Плавт Тит Макций)

Тақырыбымызды ашу мақсатында кезекті бейнероликке берсек.

Құрметті қатысушылар, қадірлі қауым! Біз бүгінгі іс-шарамызды адал еңбек туралы бейнероликпен бастадық. Бұл бейнежазба баршамызды еңбек етудің маңыздылығы мен шынайы терең мағынасын түсінуге шақырады. Адал еңбек – тек материалдық игілікке жетудің ғана емес, сонымен қатар өмірімізге мән беріп, қоғамға пайда әкелудің де негізі.

Елбасымыз айтқандай: «Еңбек түбі – береке». Адал еңбек адамның болмысын қалыптастырып, оны құрметке, абыройға жеткізеді. Әрбір істі адал ниетпен, шын пейілмен атқару – өзіміз үшін ғана емес, отбасымыздың, ел-жұртымыздың гүлденуіне қосқан үлесіміз.

Енді осы маңызды тақырыпты талқылай отырып, сіздермен бірге еңбекқорлықтың өмірдегі орны мен адал еңбектің рухани құндылығы жайында әңгіме өрбітпекпіз. Бүгінгі шарадан шабыт алып, өзіміздің күнделікті ісімізге жаңаша көзқараспен қарауға шақырамыз.

Алдымен ұлы тұлғалардың адал еңбек туралы айтқан сөздеріне тоқталайық. Олардың ойлары бізге бағыт-бағдар болмақ.

Абай Құнанбайұлы:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым – ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз».

Мұхтар Әуезов:

«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен».

Фридрих Энгельс:

«Адамды адам еткен – еңбек».

Жүргізушілер бірнеше сұрақ қояды, оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Балалар, сіздердің ойларыңызша, адал еңбек қандай нәтиже береді?

Өздеріңе жақын адамдардың арасында адал еңбегімен үлгі болған біреуді айтып бере аласың ба?

«Еңбек түбі – береке» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Топтық жұмыс

Енді біз топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз. Әр топтың өз міндеті бар.

1-топ: Мақалдарды жалғастыр: 1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет) 2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс) 3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер) 4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады) 5.Еңбек етсең ерінбей, ……… …(Тояды қарның тіленбей) 6.Еңбек ердің – көркі, ……. ……. (Ер елдің көркі) 7.Еңбексіз өмір — ……. …….(сөнген көмір) 8.Еңбектін көзін тапқан, …(Байлықтың өзін табады) 9. Еңбек мұратқа жеткізер, …….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер) 10.Еңбегің қатты болса, …... (татқаның тәтті болар) 2-топ: — Бұл сөздерді кім айтқан? 1. Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) 2.Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов) 3-топ: Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. /милиционер/ Бал тамған мәзір, Ол бар жерде әзір. /аспазшы/ Оқу-білім бағдары, Заманының бағбаны. /мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды, Қайшысы бар жалақтайтын /шаштараз/ Келіп баған қасына, Өрмеледі басына. /монтер/ Еңбек орны-танабы, Сүйікті ән- дала әні Егін салып, мәпелеп, Асырайды қаланы. /дихан/ Көрініс

Адал еңбектің құндылығын көрініс арқылы көрсеткеніміз жөн болар. Ортаға оқушыларымызды шақырамыз!

Көріністің тақырыбы: «Еңбекпен келген табыс». Оқушылар отбасы өмірінен алынған көрініс қояды. Әке мен ана балаларына адал еңбектің маңызын түсіндіріп, еңбексүйгіш Ерлан мен жалқау Айдынның өмірін салыстырады. Көрініс соңында Айдын өзінің қателігін түсініп, еңбекке бет бұрады.

Мақсаты: Оқушыларға адал еңбектің маңыздылығын көрсету арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:

1.Әке – отбасын еңбекке баулитын ақылшы.

2.Ана – мейірімді, бірақ балаларын дұрыс жолға бағыттайды.

3.Үлкен ұл (Ерлан) – еңбексүйгіш, адал табыс табуды мақсат етеді.

4.Кіші ұл (Айдын) – жалқау, жеңіл жолмен табыс тапқысы келеді.

5.Көрші – отбасыны мақтайтын жанашыр.




Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп отырады және өз ойларын дәптерге жазады.






Оқушылар ұлы тұлғалардың сөздерін жазып алып, оның мән мағынасы туралы өз ойларын айтады.



























-Оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.








Оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады. Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді.






Мақалдардың жалғасын тауып айтады.








Оқушылар өлең жолдары мен сөздердің авторларын тауып, өлең жолдарының мағынасын түсіндіреді.




Берілген жұмбақтарды топтаса, біріккен түрде шешеді.









Берілген тақырыпта көрініс қойып, көріністегі оқиғамен өзара пікір алмасады.














слайд

суреттер































Бейнеролик















Интерактивті тақта






















слайд




























сахна

Сабақтың соңы бекіту

Сабақты қорытындылау.

Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Қорытындылай келе, Абай атамыздың мына сөзін еске салайық:

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар, қалан!»

Баршаңызға тәрбие сағатымызға қатысқандарыңыз үшін рақмет! Адал еңбекпен жарқын болашаққа қадам басайық!



Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды?

Бұл ... қиындық туғызды?

Оқушылар өз ойларын айтып қорытындылайды.




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі