Еңбегімен еленген жан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбегімен еленген жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушылары мен мұғалімдерге көмек болады. Материалда мектеп оқушыларының еңбек ардагер және ардагер ұстаздармен кездесу кешінің сценарийі жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Еңбегімен еленген жан

Мақсаты:

Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету. Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау.
Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, қымбатты оқушылар! Бүгін мектебімізде «Еңбегімен еленген жан» тақырыбында ауылымыздың ардагерлерімен кездесу кеші! Балалар, Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл - парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Ал бүгін бізге қонаққа

  1. Асанбаева Мереке – ардагер ұстаз.

  2. Ахметова Гүлдариха – ардагер ұстаз.

  3. Батырбекова Гүлбағила – зейнеткер.

  4. Қазымбеков Темірбек - ақсақалдар төрағасы.

  5. Жарықбасова Кенжегүл - еңбек ардагері.

  6. Сәрсенбайұлы Рысбек – еңбек ардагері

ауылымыздың еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздарымыз келіп отыр. Қош келдіңіздер.

Оқушылар мен келген қонақтардың бір сәтке назарларын видеороликке аудару. Еңбекпен жеткен жеңіс туралы видео көрсетіледі.

Жүргізуші:

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленеді. Осы «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақыттың кілті еңбекте» деген мақалдардың мағынасы қалай, оны алдарыңызда отырған мына оқушыларға қалай түсіндірер едіңіздер? Өздеріңіздің еңбек жолдарыңыздан мысалдар келтіре отырып айтып кетсеңіздер.

Ардагерлерге сөз беріледі.

Ардагерлерге сұрақтар қойылады.

1. Балалық шақтан есіңізде ең қуанышты қандай оқиға бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға қандай?
5. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің ішінде «осы менің жолымды жалғастырады» деп ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
7. Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?

8.Балаңызды, немерелеріңізді үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?

9.Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?

10. Балаға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып алған дұрыс па?

11. Сіздердің кезіңіздегі мектеп тәртібі мен қазіргі заманның мекетп ережесінде, тәртібінде айырмашылық бар ма?

12. Сіздердің ойыңызша, «оқушылар сенбілігі» дегеніміз не? Ол да еңбек түріне жата ма? Сіздердің кездеріңізде оқушылар қандай еңбекпен айналысатын еді?

Жүргізуші:

Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.
«Батаменен ер көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

Құрметті қонақтар, аталар-әжелер, бүгінгі сіздермен өткен өнеге мен үлгіге толы кездесу кеші өз мәресіне жеткен екен. Оқушылар бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген қонақтарымызбен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақыттарыңызды аялап келгендеріңіз үшін мың алғыс айтамыз!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2019
2228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі