400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕҢБЕК - АДАМ ПСИХИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ШЕШУШІ РОЛЬ АТҚАРАТЫН ӘРЕКЕТТІҢ БІРІ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала педагог және тәрбиешілерге теориялық білімдерін толықтыруда қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбек - адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі ретінде


Тлеубаева Гулбаршын Слямовна

№1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің педагогикалық тәжірибе жетекшісі


Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылысы. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Беліглі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердіңі жиынтығы еңьек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.

Еңбек ету - өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды.

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі – еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігін К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко нақты талдаулар жасааған. Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі – оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы. Еңбек үрдісі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен жетістіктер, нәтижелер адамның дүние танымына, көзқарасына, мақсат – міндеттеріне, қажеттілігіне сай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететінгін ұғыну, саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болады.

Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек үстінде өзіне - өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым – қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.

Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.

Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:

    1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);

    2. еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;

    3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );

    4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб);

    5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;

    6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау).

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің белсенділік формасы, қоздырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Б.И. Додонов іс-әрекеттің күрделі мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды. Бұл схема бойынша адам еңбек әрекетінде мотивтер келесі «шекті» құрамымен жүзеге асады:

  • Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,

  • Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі,

  • Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),

  • Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі, жағдайы, еңбектегі қатынас, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты. Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты.

И.Г.Конурина, А.К.Маркова, И.В.Кузьмина, Н.И.Бобнева, А.н.Деркач, А.А.Бодалев, А.П.Ильин, А.П.Ситников, Н.В.Месяцев, А.Ф.Лазурский, Е.А.Климов және тб. ғалымдар еңбекті адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері ретінде қарастырады. Кез-келген іс-әрекет белгілі бір дәрежелер, талаптар негізінде жүзеге асады. Оның нақты жүйесі, құрылымы, негізгі және қосымша элементтері болады және ол белгілі бағытта ұйымдастырылады. Еңбек обьектісіне, мақсатына және тәсілдеріне байланысты. Әрбір мамандық қызметкерге белгілі талаптар қояды.

Әрбір кәсіби іс-әрекет қызметкердегі қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты іскерлікті, бейімділікті, шеберлікті, еріктік қасиеттерді және өзіне белгілі қатынасты талап етеді. Кәсіби іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жету үшін аталған тұлғалық қасиеттер маңызды роль атқарады.

Адам іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Адам психикасының дамуында мамандық таңдау басты орын алады. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен педагог мамандар, ұстаздар мен ата – аналардың жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің тұлғаның дұрыс мамандық таңдауы. Себебі, кәсіби еңбек оның болашақ жемісті іс-әрекеті болып табылады. Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Психология. Алматы – Рауан., 1995.

  2. Бердібаева С. Творчестволық іс - әрекеттің этнопсихологиясы. А-2006.

  3. Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога. - М.: Просвещение,1991г.

  4. Леонтьев А.Н. «Общее понятие о деятельности» - В сб. Основы теории речевой деятельности. Под.ред. А.А.Леонтьева М., 1974

  5. Оллпорт У. “Личность в психологии” М. 2005 г.

  6. Ухтомский А.А. Сбор. Соч. 1 том, Изд-во ЛГУ, 1985.

  7. Франкл А. Человек в поисках смысла. - М.: Прогресс,1990.


Резюме

В статье рассматривается общие понятие о деятельностии, также роль профессональной деятельнсоти в жизни человека.


Resume

In the article examined general concept about activity, also role of professional activity in life of man.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі