400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Еңбек бәрін жеңбек" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Еңбек бәрін жеңбек" тақырыбында сынып сағаты қмж тәрбие сағаты, қауіпсіздік сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Педагогтың аты-жөні

Дуйсенова Г.У.

Күні

23.09.2024ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сынып сағаты тақырыбы:

«Еңбек түбі - береке»

Құндылық:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Сабақтың мақсаты:

Мамандық түрлері және әр мамандықтың маңызы туралы айта отырып, еңбектің адам өміріндегі мәнін ұғындыру. Еңбек етуге қызығушылықтары ояту. Еңбекті қадірлеу, бағалау, оның қуанышын көре, сезе білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:


1. Адам өміріндегі еңбектің маңызын талқылау.

2. Білім алушыларға еңбек, адамгершілік құндылықтарын дарыту.

3. Еңбек етуге қызығушылықтарын ояту

Сабақтың жабдықтары

Интерактивті тақта, компьютер, презентация, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, т.б. көрнекіліктер


Сабақтың дәйек сөздері

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.

Абай Құнанбайұлы


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

  • Оқушылармен амандасу

  • Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім сөзі:

Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек!


«Миға шабуыл» әдісі

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
5.Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
6. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?


«Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.









Оқушылар сұрақтарға жауап береді




Интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі материалдар









Интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі материалдар

Сабақтың ортасы


30 минут

ІІ. Жалғасын тап

  1. Еңбек ерлікке жеткізер, …

  2. Еңбек етпей елге өкпелеме, …

  3. Еңбек етсең емерсің, …

  4. Еңбегіне қарай — құрмет, …

  5. Еңбек адамның …

  6. Еңбек – ата, …

  7. Еңбек ет те мақтан, …

  8. Еңбек жастан, …

  9. Еңбек ер ...

  10. Бақыт кілті...







ІІІ. Жауабын тап. Берілген жұмбақтардың жауабын тауып, үш тілде айтады.

  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? 
    2. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді.
    3. Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім?
    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.

5. Жансыз жарады, Жанды ұрады.
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген.
7. Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол.
8. Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды
9. Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар.


IV. Жұптық жұмыс

Болашақта Отанымыз, еліміз үшін қандай еңбек, қандай кәсіп етер едіңдер? Әр жұп сурет салып, ортаға шығып қорғайды. 5 минут уақыт беріледі.


V. КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ТҮРЛЕРІ. ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК

https://youtu.be/T1uPlZeHCGE?si=jMirGbK0tkmRDnhw

https://youtu.be/X_Zqhc3u_sQ?si=P6BPkEt-swfEaL5N



1. ерлік елдікке жеткізер

2.егін екпей жерге өкпелеме

3.ерінбесең жеңерсің

4. жасына қарай – ізет

5.екінші анасы

6. жер – ана

7. ойнап күл де шаттан

8.өнерге бастан

9. атандырады

10. еңбекте






1.Теңізші,моряк, sailor

2.Балықшы,рыбак, fisherman

3. Өрт сөндіруші, пожарный, fireman

4. Қайшы, ножницы, scissors

5. Балта, топор, axe

6. Ине, жіп, иголка, needle

7.Аспаз, повар, cook

8. Етікші, сапожник, shoemaker

9.Ұшқыш, летчик, pilot

10.ара, пила, saw








Жұптық жұмыс орындайды




Үлестірмелі қағаздар, мақал-мәтелдер



















Слайдтар, мамандық иелерінің суреттері, жұмбақтар





























Ақ парақтар, фломастер, маркер, түрлі түсті карандаш.

Сабақтың соңы


10 минут

Кері байланыс. 4 «Қ»


Рефлексия. «Табыс» ағашы

Оқушылар бүгінгі сынып сағатына байланысты кері байланысын қағаз бетіне өз ойларын жазады.


Оқушылар өзіне, Отанына, мектебіне, ұстазына деген жылы тілектерін арнайды.




Сткерлер










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі