«Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясы»
КММ
«Еңбек етсең жетерсің
мұратқа» тақырыбындағы
7
-сынып оқушыларымен кездесу
БАҒДАРЛАМАСЫ:
Өту мерзімі: 28.09.2023ж.
Сағат: 12:00-12:45
-
Жүргізуші: Кіріспе сөз
-
Өлең
-
Тосын сый (сыйлық)
-
Еңбек
ардагерімен сұхбат «Сұрақ –бізден, жауап сізден»
-
«Мақал-мәтел» сайысы
-
Бейнебаян
-
Естелік фото
«ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЖЕТЕРСІҢ МҰРАТҚА»
тақырыбындағы еңбек ардагерімен кездесу
кешінің сценарийі
Кездесу қонақтары:
7-сынып
оқушылары
Кештің
мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға
бағыт - бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал
ету. Еңбек етудің адам
өміріндегі орнын сезіндіру.
Оқушылардың қоғамдағы
өзгерістерге назарын аудара отырып, азаматтық позициясын
қалыптастыру.
Кездесу кешінің жоспары
Кештің
барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі «Еңбек етсең жетерсің
мұратқа» атты кездесуімізге қош
келдіңіздер!
Еңбектің орнын алмастыра
алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің
экономикалық, əлеуметтік, саяси дамуы еңбек етудің арқасы екені
сөзсіз. Өйткені адамдардың тынымсыз еңбегінің нəтижесінде ел
экономикасы мен қазынасына қаншама байлық құйылып жатқанын жақсы
білеміз. Олай болса адал еңбегімен халыққа қызмет етіп
жүрген, кешіміздің қадірлі қонағын
таныстыруға рұқсат етіңіздер, Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Қ. Тоқаевтың, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, облыс әкімінің,
облыстық мәслихаттың және басқа да қоғамдық ұйымдардың Алғыс
хаттарымен марапатталған, "Қостанай облысының танымал адамдары"
(2021 жыл) және "Қазақстанның Алтын кітабы" ( 2021 жыл) кітаптарына
енгізілген. ," Еңбек ардагері"," Кәсіподақ ардагері "
- Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы.
Мектебімізге қош келдіңіз.
Бүгінгі кездесу кешіміздің
бағдарламасы:сұрақ жауап, бейнебаян және мақал мәтел сайысынан
тұрады.
Жүргізуші: Көп еңбегі көңілді демей ме
дана қазақ. Бүгінгі «Еңбек етсең, жетерсің мұратқа» атты кездесу
кешіне 8 «Ә» сынып оқушысы Кіндікбай Айдананың дайындап келген өлең
жолдарына кезек берсек.
(Өлең)
Жүргізуші: Құрметті Балбөпе Ғалымжанқызы,
сіздің бар болғаныныз үшін, жасаған адал еңбектеріңіз үшін, алғыс
білдіре отырып ортаға сізге дайындаған тосын сыйымызды қабыл
алыңыз.
(Музыка) (Тосын сый) (Сыйлық)
Жүргізуші: «Сұрақ –бізден, жауап
сізден»
Сұхбатқа кезек
берсек.
Жүргізуші: Иә, еңбектің
бейнетке толы екені рас. Бірақ сол бейнеттің зейнетінің рахаты мен
лəззаты қандай болатынын айтуға тіл жетпейтіні тағы шындық.
Қиындықтан мойымай, бейнеттен қажымай, тек болашағынан үміт
күтетін, еңбекті ерлік деп бағалайтын ұрпақ тəрбиелеуде Сіз секілді
бақытын еңбектен тапқан адамды үлгі ете білсек қана жұлдызымыз
оңынан тумақ.
Олай болса,сіздің еңбек
жолыңыз туралы әңгіме өрбітсек, қалай
қарайсыз?
Жүргізуші:
– 1947 жылы 20 қазанда Қостанай
облысы, Семизиор ауданы, Қоянды ағаш ауылында дүниеге келгіпсіз?!.
Өзіңіздің отбасыңыз, ата-анаңыз туралы айта
кетсеңіз?
Келесі сұрақты оқушыларға
берсек:
-
Ең
алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды?
-
1999
жылдың маусым айында Қостанай облыстық кәсіподақтар кеңесінің
төрағасы болып сайланған екенсіз, кәсіподақта атқарған еңбек
жолыңызда қандай қиындықтар болды?
-
1999
жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде әулиекөлдіктердің қолдауымен
Әулиекөл сайлау округінен Облыстық мәслихаттың депутаты болыпсыз.
мәслихат депутатының атқаратын міндеті қандай?
-
Жалпы
еңбек қызметіңіз бойынша қандай марапаттауларға ие
болдыыңыз?
-
Кейінгі
жасөспірімдергееңбек етуге байланысты қандай кеңес берер
едіңіз?
Жүргізуші: Келесі кезекті «Мақал-мәтел
сайысына берсек. Қандай сынып көбірек еңбек туралы мақал-мәтел
біледі екен көрейік.
Мақал мәтел сайысының шарты:
Команда бойынша, әр сыныптан 3 оқушыдан кезекпен кезек мақал
айтады. Бір мақал қайталанбау керек. Қай топ көп мақал айтады. Сол
топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: «Адал еңбек»
қысқа
метражды фильмге назар аударсақ.
Кері
байланыс түйін сөздер : еңбек, адалдық, ақша, жұмыс, бағалау,
көмек, ниет.-адамдық, адалдық қасиетке
тәрбиелейді.
Жүргізуші: Құрметті,
Балбупе
Галимжанқызы! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан
олардың бүгіні мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас
ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу –
қоғамға, ұстаздар мен ата-аналар қауымына ортақ міндет. Сондықтан
бүгінгі кештегі еңбек жолыңызбен бөлісіп, балаларымызға үлкен ой
салып, болашақ маман иелері болып адал қызмет етулеріне түрткі
болары анық. Балаларға, ақ тілек пен батаңыз
болса..
Жүргізуші: Құрметті Балбөпе
Ғалымжанқызы, сізге алғысымызды білдіре
отырып, бүгінгі кездесу кешінен
естелік болсын деген ниетпен сізбен суретке түсіп
алсақ.
(Музыка ойналады. Оқушылар
келген қонақпен естелік сурет
жасайды.)
Еңбек күніне арналған концертімізді
тамашалауға, мектепбіміздің АКТ залына мерекелік концерттік
бағдарламамызды тамашалауға
шақырамыз.