ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің экономика пәні
оқытушысы Мамраимова Гүлсағат Қалманқызы
Тақырыбы: Еңбек нарығы
Сабақтың мақсаты: Еңбек нарығы туралы мәлімет беру.
Білімділік: Еңбек нарығы мәні, қатысушылары жайлы жаңа мағлұмат беру.
Дамытушылық: Тақырыпты меңгерте отырып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: слайд, тарату парақшалары.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу
2) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Сұрақ-жауап түрінде
-
Сәйкестендіру тесті алынады
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі сабағымызды мынадай сұрақтардың көлемінде түсіндіріп өтеміз.
-
Еңбек нарығы түсінігі
-
Еңбек нарығының қызметі
-
Еңбек нарығына тән қасиеттері
1) Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалащқы өскен сайын өсіп отырады.
2) Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
3) Еңбек нарығына тән қасиеттер:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;
- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;
- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;
- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;
- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
-
Еңбек нарығы дегеніміз не?
-
Еңбек нарығының қандай ерекшеліктері бар?
-
Еңбек нарығының басты екі қызметін атаңыз?
Үй тапсырмасын беру.
а) Бағалау (белсенділік танытқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау).
б) Ескерту (Сабақта салғырт отырған оқушыларға ескерту жасау).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еңбек нарығы

шағым қалдыра аласыз