Еңбек –қуаныш, жалқаулық
–азап.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек –қуаныш, жалқаулық
–азап.
Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек
етуге қызығушылықтарын арттыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нақыл сөздер.
І бөлім Суретпен жұмыс: Жағдаятты талдау.
Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Еңбек –қуаныш, жалқаулық –
азап» деп аталады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі бізге неге ұнайды?
ІІ бөлім: «Ой шақыру кезеңі»
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
-Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар қоғамда еңбек ету барысында адамның
өмірге дағдылануы қалыптасады. Ал еңбектің қарапайым түрінен
күрделі түріне көшу жолында адамның өмір сүруіне қажеттің барлығы
осы еңбекпен келеді екен.
ІІІ бөлім: «Мақал сөздің мәйегі»
Еңбек, жалқаулық туралы мақал – мәтел айту.
Оқушы:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Оқушы:
Еңбек –қуаныш,
Жалқаулық – айырылмас азап.
Оқушы:
Дихан нанын жейді,
Жалқау арын жейді.
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
Оқушы:
Жалқаулық – жаман ауру.
Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Оқушы:
Жалқауға күнде той.
Жалқауға сөз, шабанға таяқ батпайды.
ІV бөлім: Сахналау кехеңі:
Екі соқа.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, соқаның әдемі болуы неліктен.
-Бос жатқан соқаны неліктен тот басып кетті?
-Сонымен балалар, еңбек етсең еңбек жеңіс, қуаныш әкеледі екен.
Еңбектенген адамды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді.
V бөлім: «Тапқыр болсаң шешіп көр»
Анаграманы шешу.
1.К,Е,Ң,Е,Б (еңбек)
2. Ш,Е,Н,І,Р,Е,К (еріншек)
3.Ы,Қ,Л,А,У,Қ,А,Л,Ж (жалқаулық)
4.Е,І,П,Т,Ә,Д (әдепті)
5. І,Б,Л,І,Д,І,М (білімді)
Оқушы:
Қырға шықсаң өрлеп
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтң бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Оқушы:
Көгере бер , көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Ән: «Айгөлек» орындайтын: Көкен А. Исламберді А.
VІ. Бөлім: «Зерделі болсаң жетерсің биік шынарға»
Көп нүктенің орындаған сөздерді табу.
1. Бейнетің қатты болса,
Татқаның ...(тәтті болар)
2. Көз қорқақ, қол ...(батыр)
3. Еңбекшіге әр күн ... (сәт)
Еңбексізге бір күн ...(сәт)
4. Адамды адам еткен .. (еңбек)
5. Көп еңбегі .. тең (көлен)
Оқушы:
Ержетіп үмітіңді біз ақтармыз
Жетіңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті жер –ана, ауыл енді.
Көркейтетін болашақ біз жастармыз.
VІІ.Қорытынды бөлім:
-Сонымен балалар, еңбектің пайдасы қандай?
Тәрбиелейді
Қуантады - Еңбектің пайдасы - жігерлендіреді
Бақытты етеді - үнемшіл болуға үйретеді - өмір сүруге
үйретеді
Жалқаулықтың зияны қандай?
Жалқаулықтың зияны
Ұқыпсыз – еріншек – тәртіпсіз - ұйқышыл
Балалар, сендер болашақта ата –ананың үмітін ақтар, еңбекқор саналы
азамат болатындарыңа сенімдімін. Сендердің қазіргі міндеттерің
жақсы оқып, тәртіпті болу. Жақсы оқудың да өзі де еңбек. Тәрбие
сағатымыздың соңын Менделеевтің сөзімен аяқтағым келеді. «Еңбекті
жан тәнімен сүймейінше ешбір талантта, ешбір кемеңгерде шықпайды
екен». Еңбегі арқылы адам өз арман мақсатына жетеді
екен.
№14ЖОББМ
КММ
Сынып
сағаты:
Еңбек –қуаныш, жалқаулық
–азап.
Сынып:
8А
Сынып жетешісі: Каримова
М.К