Еңбек тәрбиесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

«Еңбекке тәрбиелеу - ата-ананың міндеті»







Сыныбы: 7

Сынып жетекшісі: Малкесова А.С











Жаңажол ауылы

2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: «Еңбекке тәрбиелеу- ата-ананың міндеті»

Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;

  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;

  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;

  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.


Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер:


Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.


Еңбек ер атандырады.


Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.


Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме, 
Егін екпей жерге өкпелеме.


Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, 
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 


Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.


Ердің атын еңбек шығарады.

 

Бақыт кілті еңбекте.


Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.


Маңдайы терлемегеннің

Қазаны қайнамайды.


Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


Мынадай сұрақтарға жауап алу:

  • Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?

  • Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?

  • Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?

  • Қандай шаруалар істейді?

  • Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?

  • Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?

  • Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.

Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.

Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды.


Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға)

  1. Сынып жетекшісі балаңызға «бүгін сағат 3.00-де мектеп ауласында сенбілік жұмыстар жүргізіледі, жұмыс киімдеріңіз бен қолғап киіп келіңдер және өздеріңізбен бірге күрек пен тырнауыш ала келіңдер» деп айтып жібереді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің әрекетіңіз.

  2. Балаңыз сабақтан келген бойда сізге мынаны айтады: мен қазір тамағымды ішіп болған соң, Жалғастың үйіне барып шөп түсірісуге көмектесіп келемін, үйдегі шаруаны келген соң да тындырамын» дейді. Сіздің әрекетіңіз, оны жібересіз бе?


Балаңыз қандай үйірмелерге қатысады? Онда немен айналысады? (Оқушылардың шығармашылығынан туындаған туындылармен таныстыру, суреттер көрсету, марапаттарын атап өту – еңбектенудің жемісі)


Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»

Ата-аналар мен оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.


Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.

«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,


- Жалғас, еңбегің жемісті болсын! 
- Нұрайна, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. 
- Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. 
- Алихан, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- Абылайхан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.

- Лаура, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!

- Дильназ, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол

- Қуандық, ата-анаңның еңбегін бағалай біл

- Мерұлан, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте

- Асылым, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын

- Жеңіс, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!

- Бекасыл, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.

Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2. Білім алуына көмектесуге міндетті;

3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Ата – ананың жауапкершілігі:

1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.



 Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы. Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2020
1319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі