«Eңбек түбі береке »

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Eңбек түбі береке »

Материал туралы қысқаша түсінік
: «Eңбек түбі береке »
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Eңбек түбі береке »
Мақсаты: оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру,оқушыларды адал еңбекке баулу .

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

«Қорапшадағы сый» әдісі арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру.


Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп,тілектер айтады.


Жаңа тақырыпқа кіріспе

8 мин

«4 сурет,1 сөз» әдісі

Бұл әдіс оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында ойнатылады.


Тақырып бойынша бейнебаян көрсетіледі.




Оқушылар берілген суреттерді пайдаланып,сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,талқыға салады.




Сабақтың ортасы

15 мин













Топтық жұмыс

7 мин

«Киіз үй» әдісі арқылы оқушыларды үш

топқа бөледі.


Тақырыпқа байланысты «Тіл тағдыры» атты қысқашабейнебаян көрсетіледі.


Топтарға ырым тыйым сөздер беріледі.Мән мағынасын түсіндіру қажет

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.

Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1 - бөлім. Бұл бөлімде оқушылар батырлық, отан, туған жер, достық туралы
Мақалдар айтып жарысады. Ұпай орнына асық беріледі.

2 - бөлім. Бұл бөлімде мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар сол мақалдың
жалғасын табулары керек.

Қына тасқа бітеді,....../Ақыл жасқа бітеді/
Білекті бірді жығар,.../Білімді мыңды жығар/
Бір тал кессең,.../он тал ек/
Тау мен тасты жел бұзар,.../Адамзатты сөз бұзар/
Шебердің қолы ортақ,.../Шешеннің сөзі ортақ/
Еңбексіз өмір -..../сөнген көмір/
Отансыз адам -..../ормансыз бұлбұл/
Ынтымақ болмай,..../іс оңбас/
Ырыс алды -..../ынтымақ/
Күш -...../білімде/
Досы көпті жау алмайды,..../Ақылы көпті дау алмайды/
Өнер алды -.../қызыл тіл/
Тіл тас жарады,..../тас жармаса бас жарады/
Ағайын - алтау,.../ана біреу/
Әкеге қарап ұл өсер,.../Шешеге қарап қыз өсер/

3 - бөлім. Ұпайы аз топ ойыннан шығарылады. Бұл бөлімде жұмбақтар оқылады,
Оқушылар сол жұмбақтың жауабына қатысты мақал айтады.

Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
/су/

Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
/күн/

Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды.
/ит/

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
/кітап/

4 - бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Екі көзі төрт болды.
Таяқ тастам жер
Тайға таңба басқандай
Ат шаптырым жер
Құлақ түру


Карточкаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Топта оқушылар берілген проблемалық сұраққа талдау жасап,өз ойларын постер жасау арқылы түйіндеп,қорғайды.





Оқушылар ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді.

Әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріледі.









Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

«Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін пайыздық көрсеткішпен көру.

III. Қорытындылау. Ұпайы көп топты анықтау, жеңімпаздарды мадақтау


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2025
10
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі