Қазақтың архаикалық эпосы
Кіріспе:
Көшпелі ғұмыр кешкен халқымыздың ертеректегі тіршілігінен хабар беретін ең құнды мәліметтер біздің фольклорымызда сақталған. Осы фольклорымызда сақталған мұралардың үлкен бір мәуелі бұтағы – қазақтың көне эпостары. Көне эпостар қазақ xалықының тұлғасымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып , тарих сахнасынан өшіріліп қалмай, жаңа кезеңді бастан өткеріп отырған бағалы қазыналар санатына жатады.
-
Қазақ эпосының зерттелуі
Жалпы эпостарды жинау, зерттеу сонау кеңестік үкіметтің алдында, анығырақ айтқанда революцияға дейінгі жылдарда В.Радлов,Г.Потанин, Ш.Уалиханов еңбектерінде қолға алынды.Бірақ бұл кезде толық эпикалық жырлардың түрлері, олардың жанрлық ерекшеліктері туралы толыққанды еңбек болмады, тек ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі өлең-жырлардың қалай сақталғаны туралы пікірлер кездесті. «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол , байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ортадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтынын қайтерсіз»[2,176],-деген Ш.Уәлиханов пікірі осыны аңғартады.
Ендігі кезекте кеңес үкіметі фольклоршылары эпосты түрлерге жіктеп, оларды қалай талдауға болады деген мәселеге тоқталды. Біз баян еткелі отырған көне эпостарда сол кезде зерттеле бастады. Оған, Н.Ильминский, А.Веселовский сынды тұлғалар атсалысса, өзімізден, Ә.Диваевтардан бастап М.Әуезов, С,Мұқанов, С.Сейфуллин,Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Ы.Дүйсенбаевтардың қосқан үлесі зор болды.
Осы ғалымдар еңбегінің нәтижесінде фольклортану саласында эпос, оның ішінде көне эпос және оның жекелеген үлгілері туралы мұрамыз ауыздан-ауызға тарап, көптен жиналып, қағаз бетіне түсті. Көне эпостың жеке түр ретінде зерттелуіне бертін келе Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова,С.Садырбаев, Е.Тұрсынов, т.б. зерттеушілер атсалысты.
Фольклорды , соның ішінде эпосты жинап, жариялау, зерттеу, насихаттау көрнекті ғалым Мұхтар Әуезовтің сіңірген еңбегі мол. Ауыз әдебиетін халықтың сан ғасырлық өмір тәжірибесі мен арманының жемісі деп қараған ғалым оның әдеби –эстетикалық, танытқыштық және тәрбиелік мәнін ерекше бағалаған. Осы мақсатпен ол ауыз әдебиетінің өзге жанрларымен қатар эпосты зерттеу саласында жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көп іс тындырған.
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті ақын, прозашы, драматург, зерттеуші әрі академик Сәбит Мұқановтың ауыз әдебиеті, әсіресе эпос жанры туралы ойлары жанр табиғатын түсіну мен насихаттау жолында үлкен рөл атқарды. Халқымыздың эпостық мұралары толық зерттеліп, кең жұртшылыққа таныла қоймаған отызыншы жылдардың өзіндегі Мұқановтың бұл бағыттағы жұмыстарының маңызы зор болғаны анық.
Сәбит Мұқановтың эпосқа қатысты еңбектерін екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – эпостық шығармаларды жариялау бағытындағы еңбегі, екіншісі – батырлық жырларды зерттеу саласындағы қызметі. Ғалым өзінің «Халық мұрасы» атты зерттеуінде қазақ халқының рухани және материалдық қазынасын тереңнен зерделей отырып, эпостың жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсеткен және бұл бағытта орнықты ойлар айтқан.
Эпос туралы құнды пікірлер негізінде жиырмасыншы ғасырдың екінші ширек ғасырынан бастап, эпосты кезеңі мен тақырыбы бойынша бөлу қолға алына бастады. 1939 жылы жазылып, бірақ баспада жарияланбаған Е.Ысмайыловтың «Көне эпос» деген зерттеуінде эпосты төрт топқа бөліп қарастырды.
1) XIV ғасырға дейінгі - қаңлы-қыпшақ заманы. Бұған «Ер Төстік», «Құламерген - Жоямерген», «Дотан батыр», «Көрұғлы», «Құбығұл», «Бозғұлан», «Алпамыс» жырларын тән деп есептеген.
2) XIV – XVI ғасырлар - ноғайлы заманы. Бұл кезең «Едіге», «Қобыланды», «Орақ – Мамай », «Шора», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Қамбар», «Бөгенбай батыр», «Ер Сайын» жырлары оқиғаларын қамтиды деп есептеді.
3) XVII –XVIII ғасырлар - қазақ пен қалмақ арасындағы соғыстарға қатысты эпос. Қабанбай, Есімхан,Бөгенбай, Олжабай, Алтай, Қаратай атына байланысты жырларды осы кезеңге жатқызды.
4) XIX ғасырдағы ұлт-азаттық күресінің ерлері Исатай, Махамбет , атақты батырлар Бекет, Жанқожа, Ағыбай, Сұраншы, Сыпатай, т.б. туралы жырлар өз алдына бір топтаған[4,215]. Мұндай жіктеу тарихилығы мен тақырыбы жағынан ешбір талас тудырмайды. Тек жалпы батырлық тақырыбындағы жырлардың бұл кезеңдері эпостың басқа түрлері мен олардың тақырыптарын қамтымады.
Халқымыздың эпостық мұрасын зерттеуде елеулі еңбек сіңірген ғалымдардың бірі – академик Ә.Х.Марғұлан. Оның эпостану бойынша ұзақ жылдық ізденістерінің күрделі бір нәтежиесі оның қазақ жырларының шыққан кезеңін дәуірге бөлуінен көрінеді. Ол 1940 жылы жазған «О характере и исторической обусловенности казахского эпоса» деген еңбегінде эпостың шығу тегі мен жасалу кезеңін бес дәуірге бөліп қарайды. [1,15]
1. Ең көне замандағы эпостық жырлар. Бұған "Ер Төстік", "Ақ Кебек", "Құламерген", "Шолпан мерген" сияқты жыр-аңыздар жатады;
2. Оғыз-қыпшақ заманында пайда болған эпостар (XI-XII гг./), Қорқыт, Алпамыс, Қазанбек, Домбауыл, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т.б.жырлардың сюжеттері;
3. Тарихи дәуірлердегі эпос (XI-XIY гг.) "Қобланды", "Ер Тарғын, "Қамбар", "Қазтуган" т.б;
4. Жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығын және оған қарсы күресті сипаттайын жырлар. "Қабанбай", "Бөгенбай","Оджабай"
5. Феодалдық қайшылықтарға қарсы күреспен байланысты туған эпос.
Алайда эпостарды бұлай жіктеу олардың жанрлық ерекшеліктеріне қарамай қатар қойып қойды. Осының барлығын ескеріп қорытындылаған, қазақ әдебиеттану саласына еңбегі сіңген зерттеуші Ә.Қоңыратпаев эпосты 10 салаға бөліп қарады:[3,18]:
1. Ертегілік эпос ( “Ер Төстік”, “Құламерген”, “Таласбай мерген”, “Дотан батыр”, “Мұңлық – Зарлық”);
2.Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос(“Орхон жазулары”, “Күлтеген” жайындағы жырлар);
3.Оғыз эпосы (“Кітаби дадам Қорқыт” жырлары );
4. Тайпалық эпос (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар”);
5. Ноғайлы эпос (“Ер Тарғын”, Мұрын Сеңгірбаев жырлайтын “Қырманның қырық батыры” т.б.);
6.Тарихи эпос («Бекет», «Досан батыр», 1916 жыл поэзиясы);
7.Лиро-эпос («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан »);
8. Шығыстық дастандар («Рүстем - дастан», түрлі қиссалар);
9. Авторлық эпос («Еспембет», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Нарқыз»);
10. Совет эпосы (Аманкелді, Мәлік, Төлеген жайындағы жырлар) Бұл жердегі ертегілік эпос дегеніміз архаикалық эпос. Автор эпостарды осылай топтау арқылы бір жағынан жанрлық ерекшеліктерді, екінші жағынан тарихи-дәуірлік кезеңдерді ескергені аңғарылады. Белгілі фольклортанушы В.М.Гацак, сол кездегі советтік еңбектер негізінде эпостық жырларды көне қаһармандық, қаһармандық, романдық, тарихи деп төртке топтастырды.
2)Көне эпостың зерттелуі.
Осылайша әр эпосты кезеңі мен тақырыбына қарап бөліп алған соң ғалымдар олардың жеке-жеке түрлеріне тоқтала бастады. Қаһармандық эпос пен көне эпостың арасындағы жеке ерекшелік, лиро-эпостық жырлардың ерекшелігі, тариха жырлардың құрылысы сынды сан мәселеге көңіл бөлді.
Ғалым Ә.Қоңыратбаев еңбектерінде көне эпосқа қатысты тың әрі ғылыми тұжырымдар мол. Ол көне эпосты жанрлық, хронологиялық жағынан ертегілік эпос деп бөліп қарауды ұсынады.
Көне эпостардың кей ерекшеліктері туралы академик М.Ғабдуллин мен Т. Сыдықов бірлесіп жазған еңбектерінде құнды пікірлер айтады. Олар көне эпосқа «...ертедегі адамдардың ру тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, тұрмыс – тіршілігі, күнкөріс, шаруашылық жайлары, бақташылық, аңшылық кәсібі, дүниетанудағы көзқарасы, наным-сенім ұғымдары мифтік-фантастикалық негізде суреттелген», - деген анықтама береді [5,32-33].
Көне эпостың шығу тегін , олардың жанрлық ерекшелігі жайлы керемет еңбек жазған Р.Бердібаев пен Ш.Ыбыраев болды.
Рахманқұл Бердібай өзінің « Эпос мұраты» атты еңбегінің «Көне эпос» деп аталатын бірінші тарауында тек қана қазақ емес жалпы түркі халықтарының көне эпосының шығу тарихы туралы айтады. Көне эпостың архаикалық белгілеріне тоқталады. Автор өзінен бұрынғы фолкьклортанушылар Б.Н.Путилов пен Е.М.Мелетинскийдің еңбектеріне сүйене отырып көне эпостың негізгі белгілерін тұжырымдайды: «... мифтік уақыт адамдар санасында бірте-бірте қиялға айналып, бір кезде өтіп кеткен «алтын дәурен» туралы ұғымды туғызады, мифологиядағы ұнамды ерлер батырлық эпостың каһарманына ұласып, аждаһа жалмауыздар зұлым жаулар бейнесіне көшеді, ертегілік, мифтік образдар тарихи образдарға айналады...» -деп сипаттайды. [6,9] Ал «Қазақ эпосы» атты еңбегінде көне эпос мәтіндерінің желісінде кездесетін жеті ортақ белгісін анықтайды:
-
Көне эпоста фантастикалық оқиғалар мен қиял-ғажайып жағдайлар маңызды орын алады. Адамзатқа қауіпті зұлым күштер (жезтырнақ, дию, албасты, аждаһа) қатер төндіреді, және олармен күресу арқылы қаһарман өз мақсатына жетеді.
-
Эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік түсініктер айқын көрінеді. Оқиғалар мен байланыстар үш түрлі әлемде орын алады: аспан, жер, жер астында, бұл мифтік дүниетанымның көрінісі болып табылады. Мифтік дәуірдің белгілері мен алғашқы адамдардың әрекеттері осы үш әлемнің шеңберінде көрінеді.
-
Әке мен баланың ұзақ уақытқа айрылып, қайта қосылуы — бұл қас күштер әсерінен болатын оқиға. Бұл көрініс қасіреттің, сондай-ақ дәуірлердің өзгерісін білдіреді.
-
Эпоста анаеркі (матриархат) дәуірінің аяқталып, атаеркі (патриархат) дәуірінің басталуына қатысты оқиғалар бар. Бұл өзгерістер кейде тікелей айтылмаса да, әсері айқын байқалады.
-
Қазақтың көне эпосында ертедегі аңшылық өмірдің суреттері кеңінен сақталған. Аңшы мен мергендердің зұлым күштерге тап болып, түрлі қиындықтарды жеңіп, мақсаттарына жетуі эпостың басты желісі болып табылады.
-
Эпоста адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм, тотемизм және т.б.), жануарлар мен өсімдіктердің де жанды деп есептелуі көрініс табады. Бұл сенімдер эпикалық шығармаларда із қалдырады.
-
Ақылды жүйрік аттар мен жас баланы асырайтын киіктердің қамқорлығы, сондай-ақ адал ниетті қаһармандарға көмекке келетін перілер мен қырық шілтендердің болуы ерекше орын алады.
Қаһармандардың тез есеюі, жүйрік ат таңдап, сапарға шығуы, түрлі қиындықтарды жеңіп, батыр болып үйленуі — көне эпостың айқын ерекшеліктері деп жазады.
Ш.Ыбраев өзінің «Қазақ эпосы» атты еңбегінің «Көне замандағы эпостық жырлар және олардың типологиясы» атты бөлігінде көне эпостың шығу тегі, оның жанрлық ерекшеліктері тақырыбына жете тоқталған болатын. Еңбек негізінде көне эпосты зерттеу кезеңдері қазақ халқының рухани мұрасы ретінде ерте заманнан зерттеушілердің назарында болғандығын аңғарамыз. Автор тілге тиек еткен ғалымдардың еңбектері көне эпостың тарихи, мифологиялық және әдеби қырларын анықтауға бағытталған. Бұл зерттеулерді өзім үш негізгі кезеңге бөліп қарастырдым:
1)Алғашқы сипаттау кезеңі.Көне эпостарды жинақтау және жариялау кезеңі (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы). Бұл кезеңде фольклор жинаушылар көне эпостың мәтіндерін жазып алып, жария етті. Олардың еңбектері арқылы эпостар алғаш рет кең жұртшылыққа танылды.
2)Ғылыми жүйелеу кезеңі. Кеңес дәуірінде көне эпостарды жанрлық және тақырыптық тұрғыда топтастыру қолға алынды. Зерттеушілер эпостың тарихи мазмұны мен әлеуметтік рөлін талдады.
3)Заманауи зерттеулер кезеңі. Көне эпос мәтіндерін тарихи-мәдени контексте қарастыру, заманауи әдістерді қолдану.Бұл бағытта эпостардың маңызы тек әдеби мұра ретінде емес, ұлттың мәдени коды ретінде де қарастырылуда.
Сонымен қатар автор осы еңбегінде көне эпостың шығу тарихында синкренттік ұғымның басымдағын айтады. Орыс ғалымы Е.М.Мелетинскийдің фольклор синкретизмін екі түрге бөлгендін хабар етіп, екі түрінің де толық болмаса да көне эпостың шығу тарихында сақталатынын айтады.
Көне эпос өзіне негізгі арқау етіп ауыз әдебиетінің үлгілерін алсада, бұл мәселеде де ғалымдар әртүрлі пікір айтады. В.Я.Пропп мемлекетшілдікке дейінгі эпостың негізгі бастауы мифтер десе, В.М.Жирмунский жалпы қаһармандық эпостардың бастауы батырлық ертегілер деді. Ә. Қоңыратбаев болса қазақтың көне жырларын қарастыра келе, эпос басында аңыз, ертегі, шежіре түрінде айтылды да, бертін келе еретегілік сипатынан айығып қалды деп жазады. Осының барлығын Ш.Ыбраев дәлел ретінде ұсынып «Демек, осы айтылған пікірлердің қай-қайсысының да жаны бар. Себебі бұл, біріншіден, кене эпостың региональдық, этностық, жергілікті ерекшеліктерінен хабар берсе, екіншіден, оның синкреттік табиғатын да айғақтайды.»- деген пікір білдірді.
3)Көне эпостың жанрлық ерекшеліктері.
Қазақтың эпикалық шығармаларын жанрлық және кезеңдік тұрғыдан талдай отырып, оларды басқа халықтардың эпикалық дәстүрлерімен салыстыру өте маңызды мәселе болып табылады. Біздің ежелгі эпостарымыздың кейбір элементтері немесе сюжеттері көршілес халықтардың мәдениетінде де байқалады. Мұндай ұқсастықтар түрлі факторларға байланысты туындауы мүмкін: кейде бұл халықтардың түп-тамырындағы тарихи және генетикалық байланыстардан, басқа жағдайда олардың тығыз мәдени алмасуларынан, ал кейде тұрмыстық, кәсіптік немесе салт-дәстүрлердің ортақтығынан көрінеді.
Эпостың көркемдік мәні оның мазмұнында ғана емес, сонымен қатар жалпы халықтық рух пен идеологияда терең ұғынылады. Ол өткеннің қиял мен қиялға толы оқиғаларынан құралатындай көрінгенімен, оның ішкі мағынасы өте терең және мәңгілік болып қалады. Эпикалық шығармалар адамдық қасиеттерді, әділеттілік пен ерлік идеяларын қалыптастырып, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Бұл шығармалар халықтың тарихи санасы мен рухани дүниесін айқындайтын құндылықтарды насихаттайды.
Эпостың негізгі белгісі – ол белгілі бір халықтың тарихын, мәдениетін және дүниетанымын көрсететін аңыз болып табылады.Бұл шығармалар нақты тарихи оқиғаларды емес, сол кезеңнің символы мен мәнін, ұлттың болмысын көрсетеді. Эпос жеке адамдардың қиялымен өзгертілмейді, себебі ол өзінің табиғи қалпында, өз ерекшеліктерімен халықтың шынайы рухын жеткізеді.
Қазақ эпосы – ұлттың мақтанышы, тарихи-мәдени мұрасы. Олардың көпшілігі эпикалық тұрғыдан өте бай әрі халықтың рухани әлемін терең ашады. Қазақтың эпосы ғасырлар бойы сақталып, жазба әдебиетпен салыстырғанда ерекше құбылыс болып саналады. Эпостың жанрлық ерекшеліктері мен стадиялық сипаты әр кезеңнің шындығын көрсетеді, сонымен қатар мифтік, ғажайып және сиқырлы элементтерді қамтитын шығармалар да кездеседі. Мысалы, «Құламерген», «Жоямерген», «Құбығұл», «Мұңлық - Зарлық» сынды жырларда архаикалық элементтер мен мифологиялық элементтер айқын көрінеді.
М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықов көне эпостарды зерттей келе, олардың мифтік және фантастикалық негізде жазылғандығын атап өткен. Олар: «Қазақ халқының эпикалық шығармалары бір ғасырдың ғана жемісі емес, ол сандаған ғасырмен бірге жасасып, талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген»[23, 26] – деп тұжырымдайды. Көне эпостың негізгі баяны екі түрлі желіде келеді. Біріншісі жалпы батырлық жайлы, екіншісі аңшылық жайында. Бұл шығармаларда адам мен табиғаттың, дүние мен жанның байланысы, сонымен бірге халықтың күнкөріс салты, наным-сенімі мен тұрмыс-тіршілігі де бейнеленеді. Эпостың кейіпкерлері әр түрлі ғажайып жағдайларға тап болып, өз мақсаттарына жету үшін күреседі, олар халықтың батырлық, әділеттілік, жақсылық үшін күрескенін көрсетеді.
Архаикалық эпостың ерекшеліктерін орыс фольклоршыларынан көруге болады. Олар көне эпосқа тән белгілерді сипаттап, мифология мен қиял-ғажайып элементтердің оның құрамында қалай көрінетінін зерттеген. Мысалы, Б.Н. Путилов өз зерттеуінде орыс және оңтүстік славян эпосындағы архаикалық элементтерді жүйелі түрде талдайды. Ол эпикалық аңыздардағы көне кезеңге тән белгілерді атап көрсеткен:
-
Қиял-ғажайыптың эпосқа қатысуы: Эпостарда фантастикалық және ғажайып оқиғалардың орын алуы.
-
Әлденеше қат әлем туралы түсінік: Эпоста бірнеше әлем немесе өмір салтының бар екендігі туралы ұғымның көрінуі.
-
Мифтік дәуір мен ілкі адамдар: Эпостарда мифтік кезеңдер мен сол дәуірдің мәдени қаһармандары туралы әңгімелердің болуы.
-
Құбыжықтар мен айдаһарлар: Эпостарда әртүрлі қиял-ғажайып кейіпкерлердің, мысалы, құбыжықтар мен айдаһарлардың бейнеленуі.
-
Табиғаттың сиқырлы күштеріне табынушылық: Эпостарда табиғаттың сиқырлы күштеріне деген сенім мен табынушылықтың көрінуі.[1,]
Бұл элементтер архаикалық эпоста көне дүниетаным мен мифологияның негізгі белгілері ретінде байқалады.
Сонымен қатар көп жағдайда батырлық ертегі мен көне эпостың жанрлық айырмашылығын аңғармай жатады. Осы мәселе төңірегінде біз еңбегін жоғарыда тілге тиек еткен Шәкір Ыбраев керемет талдау жасады. Ол өзінің «Қазақ эпосы» атты еңбегінде бартырлық-қиял ертегі мен көне эпостың арасындағы ерекшеліктерге тоқталды. Оның айтуынша ертегілерде көрініс беретін мифтік бейнелер ол батырдың сенген дүниелерінен туады. Ал көне эпоста батыр өз күшіне сенеді. Ертегілерде қандай уақиға болсын әрдайым батыр жеңіп шығады деген көзқарас болатын болса, көне эпоста батырлардың басынан көптеген трагедиялық оқиғалар өтеді. Мысалы, қырғыз халқындағы «Қожаш» жырында бас қаһарман сұр ешкінің киесіне қалып жалғыз өзі биік құздың басында қалып, қайтыс болуы соның дәлелі.
Қазақ көне эпосын жанрлық тұрғыдан зерттеу үшін оның тарихи, мәдени контекстін, даму кезеңдерін түсіну қажет. Эпостың пайда болуы мен эволюциясын терең талдай отырып, оны түркі-монғол халықтарының эпостарымен салыстыру да ғылыми тұрғыдан аса маңызды. Менің тақырыбымның өзектілігі осы көне эпостардың мотивтерін тану, олардың көркемдік ерекшеліктері мен беретін тәрбиесін зерттеу болып табылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еңбекке баулу

шағым қалдыра аласыз