«Еңбекпен кешіп өмір өткелін ,
Байқамаппыз жылдар жылжып өткенін» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеш.
Кездесудің мақсаты:Ел Тәуелсіздігінің маңыздылығын түсіндіру, Елбасының сындарлы саясаты арқасында жеткен толағай жетістіктерімізді жырлай отырып,осы күнге жетуге ерекше еңбектерін сіңірген маман иелерінің еңбек жолымен танысу, әңгімелесу
Жүргізуші:
Жылдар- жылдар тарихтың мол бекеті,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімдер баурайды,
Халқымыздың өткені мен бүгіні,
Тура келіп тарихи бір орайға,
Тәуелсіздік түсті деме оңайға .
Жолында оның «Шұбырынды ақтабан»
Болған қазақ елміз біз соны ойла!
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздік – ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі.
Құрметті: Ұстаздар, оқушылар және кешіміздің қонақтары Бүгінгі Ел Тәуелсіздігінің
25 жылдық тойына арналған «Еңбекпен кешіп өмір өткелін, Байқамаппыз жылдар жылжып өткенін» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Бейбіт сүйгіш , бітімшіл мәнердегі,
Қуатты елге айналдым әлемдегі.
Барар бағыт жолымның дұрыстығын,
25 жылым жемісті дәлелдеді –
«Тәуелсіздікке тарту» әдеби – монтаж.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
«Қазақстаным , алға» әнімен Гүлзаданы қарсы алыңыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақсан халқына жолдауында: «Біз ұлтына және діни наным – сенімдеріне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт –дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз!Біздің кейінгі ұрпаққа аманатымыз, ең басты байлығымыз Ел бірлігі болуы керек.Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті.Осы орайда Елбасы бейбітшілік, халықтар достығына аса назар аударып,Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО -2017 көрмесін табысты өткізіп, Ұлы жолда сапарымызға сәттілік тілеп, баршамызға «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда табыс тіледі.Осы жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда тұратын 130 дан астам ұлт өкілдері тату – тәтті көк тудың астында мемлекетіміздің экономикалық, мәдени жалпы айтқанда жан – жақты өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.
Ата – бабам аңсаған арманына
Жеттік міне бүгін елдің мақсатына.
Жүз отыздан астам ұлт өкілдері,
Достасып жатыр аспан астында.
Достық біздің тірегіміз,
Бірге соғар жүрегіміз.
Отан ыстық бір –біріне,
Достасқан ұлы еліміз – «Біз Қазақстанда тұрамыз» атты би өнеріне кезек береміз.
Ұланымыз орыстың
Ұлы мекен қоныстың,
Ұранымыз туыстық,
Ұлттар бізге тым ыстық- орыс халқының биі.
Өзбекстан мақталы,
Одақтың бір мақтаны.
Еңбек сүйгіш халықпыз,
Ел бірлігін сақтады – өзбек ұлтының биі
Үндістанда елімнің,
Көңілі шат ерінің.
Досшыл абзал адамы,
Достыққа нық сенімім – үнді елінің биі.
Ер грузин халқымыз,
Еркін бірлік салтымыз.
Жалынындай достықтың,
Жанымыз оттай жарқынбыз – грузин халқының биі.
Кәріс деген халықпыз,
Туыстасу салтымыз.
Қадірлейміз, туыстар,
Ұлы достық даңқын біз – кәріс ұлтының биі.
Егінді тың жеріміз,
Еркін қазақ еліміз.
Құтты болсын достық той,
Қуанышпен келіңіз – қазақ халқының биі «Қара жорға»
Халқымыздың азаттық жолының сан ғасырлық тарихы бар.Елдік пен ерліктің ғажайып үлгісін көрсете білген ата- бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігіміз сақталды, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді.«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, Қазақстан мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан – теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деп еліміздің ең тұңғыш Президенті айтқандай сол еліміздің өсіп – өркендеуі жолында еселеп еңбек еткен, әлі де талмай қызмет атқарып келе жатқан кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы мектеп директоры қызметін атқарған, зейнеткер ұстаз Айгүл Шәріпқызы
2.Ауылымыздың әкімі, 8- сыныптың қоғамдық жетекшісі Шегебай Нұрмұханұлы
3.Ауылдық амбулаторияның бас дәрігері Алтынай Саятқызы
4.Ауыл тарихындағы алғашқы мешіт имамы Бақберген Айтажыұлы
5.Тәуелсіздігімізбен қатар еңбек жолын бастаған мектеп кітапханашысы
Алмагүл Қараханқызы
«Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң - толған мамандық,
Айналаң - толған өнеге» дей отырып кешіміздің «Қонақпен сұхбат» айдарына кезек береміз.
1.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
2.Адам болашақ мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу қажет?
3.Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Ауылдық мешіт имамы Бакберген Айтажыұлына «Дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» –деп Елбасымыз айтқандай дінімізді насихаттау жөнінді не айтар едіңіз?
4.Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
5.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Бақберген Айтажыұлы сізге сұрақ қазіргі кездегі діни ағымдар жөнінде не айтар едіңіз?
6.Таңдаған мамандығыңызға өкінген кезіңіз болды ма?
7.Мамандығыңызға байланысты оқу орнын қай қаладан бітірдіңіз?
Мешіт имамы Бакберген Айтажыұлына сұрақ мешітке оқушы балалардың неше жастан барғаны дұрыс?
8.9- сыныптан мамандыққа байланысты оқуға баратындарға айтар кеңесіңіз?
9.Оқушылық өміріңізден қызықты бір оқиға айтсаңыз?
10.Ең алғашқы ұстазыңыздың есімі кім, сол ұстазыңыздың есіңізде қалған ұстанымы?
Әбунасыр әл - Фараби «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет, қандай іс істесекте, содан рахмет алу,соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген екен.Осы ұлы ойшыл, бабамыз айтқандай қызметтеріңізден халқымыздың алғысын ғана алып жүре беріңіздер – деген тілекпен сұхбаттарыңызға алғысымызды айтамыз.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».Жақын арада әрқайсымыз мамандық таңдау мәселесіне тап боламыз.Сол кезеңде аға – апайларымыздың келелі кеңестері кәдемізге жарайды деген сенімдеміз.
Келесі кезекте «Қонақтарымызға тапсырма» айдарын бастаймыз.Қонақтарымызға әріптер таратылады, осы әріптерден басталатын мамандық атауларын жазу керек.Кім көп мамандық жазады, сол адам жеңіске жетеді...
А- агроном, аспаз, археолог, артист, архитектор
Д- дәрігер, дизайнер, даяшы, діни қызметкер, дәнекерлеуші
М- маркетолог, машинист, медбике, менеджер, мал дәрігері, монтаждаушы, мозайкашы
П- педагог, пошташы, продюсер, прокурор, психиатор, психолог
С- сатушы, спортшы, стюардесса, суретші
Біз кімбіз?
Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз.
Ертеңгі күні үшін әр салада еңбек ететтін еңбекқор жастармыз.
Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау жастармыз.
Сан мамандықты меңгеретін, ғарышты да игеретін мамандық иелеріміз.
Біз Тәуелсіздік тірегіміз.Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен, жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.
Ел егенмендігіне өз үлестерін қосатын оқушылармен ойынымызды жалғастырамыз.Бұл ойын әрине көрермендермен «Ең жақсы» деп аталады.Ортаға бір оқушы шықса, мен мамандық түрлеріне байланысты қысқаша «Ең жақсы» деген сұрақ қоямын қатысушы бір немесе бірнеше мамандық түрін атауға болады.
Ең ақшасы көп банк қызметкері, экономист
Ең жасыл эколог, бақташы, гүл өсіруші
Ең тәтті аспаз, кондитер
Ең салмақты, қатал мұғалім, заңгер
Ең қарым- қатынасы күшті бизнесмен
Құштарлық болған жерде алға қойған мақсаттар әрқашан да орындалады.Ол үшін қанаттарыңыз талмай ,білім көгінде самғай беріңіздер демекпін.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!
Ойнадық, күлдік, бақытты балалық шақ, не деген алаңсыздық, тыныштық, осының бәрі тәубе ететін Тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз!Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар; ол Тәуелсіз Қазақсан!Ендеше сол Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!!!
Ауылдық кітапхана меңгерушісі дайындап әкелген «Тәуелсіздік баспалдақтары» атты жылжымалы кітап көрмесіне назар аударамыз.
Кездесу кешімізде келесі сөз кезегін сынып жетекшіміз Анар Жаңабайқызына береміз,
Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар және оқушылар баршаңызды алда келе жатқан Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.Қазақстанның болашағы осы отырған оқушылар сендердің қолдарыңда, өз Отанын сүйетін, өзге елге құрметпен қарайтын еліміздің патриоттары.Білімдеріңді жетілдіріп, еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестеріңді қоса біліңдер дегім келеді.
Бүгінгі «Еңбекпен кешіп өмір өткелін, байқамаппыз жылдар жылжып өткенін» атты мерекелік кездесу кешіміздің қонақтарына 8- сынып оқушыларының дайындаған сыйлықтарын ұсынуға рұқсат етіңіздер! Отбасылырыңызға амандық, Отанымызға тыныштық, дендеріңізге саулық тілейміз!
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі –бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Тәуелсіздігім – тәтті сый,
Тәңірден келген, ағайын!
Бар қазағым бақыттың
Жиырма бес жылын тойласын!
Хор: «Атамекен»
«Еңбекпен кешіп өмір өткелін, байқамаппыз жылдар жылжып өткенін» атты мерекелік кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз.
Егеменді еліміздің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Еңбекпен кешіп өмір өткелін, Байқамаппыз жылдар жылжып өткенін" тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз