Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Сабақтың тақырыбы: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы
түсініктерін кеңейту. Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой- өрісін ,
дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық ,іздемпаздық,
іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,өз пікірін қорғай алуға
үйрету.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т.
б.
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1-топ «Қазыбек би» 2-топ «Төле би»
3-топ «Әйтеке би»
Мұғалім: Оқушылар біз қандай баламыз?
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Шаттық шеңбері: Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты – еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек. Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең еңбек.
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет
деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады,
киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді
тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты
етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды,
жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең
барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз.
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың
«Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны
тамашалаңыздар.
Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
Қуыршақ: - Қайдан келдің, бауырсақ? –
деп сұрады қуыршақ.
Бауырсақ: - Дүкеннен келдім нан сатқан,
деді оған бауырсақ.
Қуыршақ: - Дүкенге келдің қай
жақтан?
Бауырсақ:- Наубайдан келдім нан
жапқан.
Қуыршақ: - Наубайға келдің қай
жақтан?
Бауырсақ:- Диірменнен келдім ұн
тартқан.
Қуыршақ: - Диірменге келдің қай
жақтан?
Бауырсақ:- Даладан келдім кең
жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Әңгімелесу.
1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Мұғалім:
Бәйгіге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, дегендей бүгінгі ашық тәрбие сабағымыз «сайыс» түрінде өтеді.
Мұғалім: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Мұғалім: Ал, балалар, балалар, Біріңе-бірің еріңдер, Біліміңді тексеріп, Сайысқа қатысып қөрініздер.
Мұғалім: Бүгін біз осы уақытқа дейінгі алған білімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен, өрнектеп, өнерімізді, білімізді ортаға салайық. Біліміздің артып, санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Мұғалім: Сайыс бағдарламасымен қатысатын оқушыларға таныстыру.
Мұғалім: Бөлімдерімен
таныстыру.
1 бөлім. Тіл өнері. (Мақал-
мәтелдердің жалғасын табу.)
2 бөлім. Бәйге сайысы. (Cұрақ- жауап)
3 бөлім. Жеті жұмбақ. (Әр топқа жеті жұмбақ жасырамын)
4 бөлім. Шешендік өнер. (Әр топ өз билерінің шешендік, нақыл
сөздерін айтады.)
5 бөлім. Ана тілі әлемі.( Шарлар үрленген, ішінде
тапсырмалары бар.)
6 бөлім. Капитандар жарысы. (Бір сөзден, бір сөйлем құру, бір мақал
айту.) 7 бөлім. Алтын сандық. (Сандықтың ішінде өткен
сабақтарымыздан тапсырмалар болады.)
8 бөлім. Ән шашу. (Әр топтан бір оқушы, бір ән айту қажет.)
1 бөлім. Тіл өнері. (Мақал- мәтелдердің жалғасын табу.) ал кәніки
бастайық. Ортаға әр топтан бір оқушы шығу
қажет.
«Қазыбек би»
тобы
1.Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
2.Кетпен шауып өлгем жоқ, Кемтаршылық көргем жоқ.
3. Жер өмірдің бесігі, Еңбек ердің бесігі.
4. Халық қазы, Еңбек таразы.
5. Қалған іске – қар жауар.
6. Сөзі аздың, Ісі саз.
«Төле би» тобы
1.Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
2. Еңбекпен ер өседі, Егізден төл өседі.
3. Көңілсіз жұмыс-өнімсіз.
4. Еркін еңбек – баршаны жеңбек.
5. Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.
6. Еңбегіңе қарай табысы, Ерлігіне қарай намысы.
«Әйтеке би» тобы
-
Еңбегің сыйлы болса,
Ішің майлы болар.
-
Еңбегіңе қарай құрмет,
Жасына қарай ізет.
-
Еңбек ырыстың бұлағы,
Еңбек бақыттың шырағы.
-
Еңбекпен бақыт егіз.
-
Қолы қимылдағанның
Аузы қимылдар.
-
Еңбек өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады.
2 бөлім. Бәйге сайысы.
(Cұрақ- жауап)
«Қазыбек би»
тобы
1. Сөз неден құралады? (Әріптерден)
2.Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
3.Басты байлық не? (Денсаулық)
4.Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана).
5. Орман дәрігері? (Тоқылдақ).
6.Жырды орындаушы қалай аталады? (Жыршы).
7. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден).
8.Әр адамның шағын Отаны? (Отбасы).
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
10.Бір сағатта неше минут бар? ( 60 минут )
«Төле би» тобы
1.Әліппенің атасы кім? ( Ыбырай).
2. Жыл басы қай жануар болды? ( Тышқан).
3. Су анасы не? ( Бұлақ).
4.Анаңның бауырлары саған кім болады? ( Нағашы).
5. Аңшының құсы ( Бүркіт)
6.Әнді орындаушы қалай аталады? ( Әнші).
7. Жуан дауысты дыбыстарға жататын әріптерді ата. (А,О,Ы,Ұ )
8.Ауырсаң кім емдейді? (Дәрігер)
9. Төрт түлікті ата. (Түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі)
10. Сенің Отаның қалай аталады? (Қазақстан)
«Әйтеке би» тобы
-
– Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсарин өлеңі қалай басталады? (Бір Аллаға сиынып)
2. – Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы? (Абай)
3.-Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға?( президент)
4.- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (Ә,е,ө,і,ү)
5.-Төрт түліктің төлдерін ата. (Бота, құлын,бұзау,қозы, лақ.)
6.- 8 наурыз қандай мереке? (Халықаралық қыз, келіншектер күні.)
7. – Қазақстанның ұлттық аспабында орындалатынған әуен? (күй)
8. -16 желтоқсан қандай күн ? (Тәуелсіздік күні)
9. – Балалны тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең? ( Тұсау кесер)
10. 1 ғасырда қанша жыл бар? (100 жыл)
-
бөлім. Жеті жұмбақ сайысы.
«Қазыбек би»
тобы
1. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы жоқ ( қарындаш)
2.
Бұрылса болды құлағы
Бұраса уақытты қуады. (сағат)
3.
Ішінде тамақ салынған
Есігі тастай жабылған ( жұмыртқа)
4.
Қабат- қабат қаттама
Ақылың болса аттама ( кітап)
5.Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқантты. ( алма) 6.Сырты жасыл қатты, Іші қызыл
тәтті. (Қарбыз.) 7..Жерде жатып желіндейді, Күз
түскенше желінбейді. (Қауын.)
«Төле би» тобы
1.Қардай аппақ, балдай тәтті- ақ
( қант)
2.Жылт- жылт еткен , жылғадан
өткен ( су)
3.Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты, ( сарымсақ- пияз)
4.Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға. ( піл)
5.Жер бетінде шашы бар.
Жер астында басы бар. ( сәбіз)
6.
Көк лағым көгенде жатып
семіреді. (Қарбыз.), 7.
Бұтағында азығы Ортасында
азығы . (Алма.)
«Әйтеке би» тобы
-
Ақ құман жүр жүзіп,
Су бетін сүзіп. (Аққу.)
-
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (Қарындаш.)
-
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (Бор.)
-
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп.)
-
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт. (Көгершін.)
-
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш.)
-
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан.)
4 бөлім. Шешендік өнер. (Әр
топ өз билерінің шешендік, нақыл сөздерін айтады.)
«Қазыбек би»
тобы
Өркенім өссін десең, Кекшіл болма- Кесапаты тиер еліңе Елім өссін десең,
Өршіл болма, Өскеніңді өшірерсің. Бапсына іс түскен пақырға Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа. Жанашыры жоқ жарлыға Жәрдемші бол асыға. Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа. Бүгін сағы
сынды деп, Жақыныңды басынба!
«Төле би» тобы
Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала,
Өзегің талса, өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе ,көпшілікті сағала. Өзіңе – өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол.
«Әйтеке би» тобы
Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Тамыры суда болса да, Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген фәни бұл, Панасы жоқ, тұрақ жоқ. Баласы жоқта, мұрат жоқ,
Бәрінен де сол қиын, Түнде жанған шырақ жоқ, Артта қалған тұяқ жоқ, Шүкіршілік етіңіз!
5 бөлім. Ана тілі
әлемі.( Шарлар үрленген, ішінде
тапсырмалары бар.)
«Қазыбек би» тобы
1.Қазақ даласына алғаш білім
жарығын алып келген кім? (А. Байтұрсынов.)
2.Өлең жазатын адамды кім деп
атайды? (Ақын.)
3.
Төбе шашы тік тұрды. Деген
сөзді қай кезде қолданамыз? ( Қорықты).
4.Қолды болды. Деген
сөзді қай кезде қолданамыз?
(Ұрланды).
«Төле би» тобы
1.
Өмірде болған адам басындағы
оқиға қалай аталады?( Аңыз.)
2.Абайдың нақыл сөзін аяқта.
Адамның баласының ең жаманы- ( талапсыз)
3.
Жүрек жұтқан. Деген сөзді қай
кезде қолданамыз? ( Батыр).
4.
Қоян жүрек. Деген сөзді қай
кезде қолданамыз? (
Қорқақ).
«Әйтеке би» тобы
1.
Көзі моншақтай,
Өзі жұп- жұмыр,
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып- жымыр.
деген жолдарда қай төл туралы айтылған? (
Құлын)
2.
«Бейбітшілік» сөзінде неше
дауысты дыбыс бар? Неше буын бар? (4 дау.дыб.бар. 4 буын
бар.)
3.
Көзі ілінбеді. Деген
сөзді қай кезде қолданамыз? (
Ұйықтамады). 4.
Беті бүлк етпеді. Деген
сөзді қай кезде қолданамыз (
Ұялмады).
6 бөлім. Капитандар жарысы. (Бір сөзден, бір сөйлем құру, бір мақал айту.)
«Қазыбек би» тобы
«Нан» сөзі.
1.Апамның
наны өте
тәтті.
2.Нан бар жерде ән
бар.
«Төле би» тобы
«Кітап» сөзі.
-
Мен кітапханадан кітап алдым.
-
Кітап – алтын қазына.
«Әйтеке би» тобы
«Отан» сөзі.
-
Менің Отаным Қазақстан.
-
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
7 бөлім. Алтын сандық. (Сандықтың ішінде өткен сабақтарымыздан тапсырмалар болады.)
«Қазыбек би» тобы
«Ақсақалдың ақ батасын» атты тақпақты мәнерлеп айтып бер.
«Бір дегенім бесік» деген санамақты жалғастыр.
«Төле би» тобы
«Көкемнің ақылы» атты тақпақты мәнерлеп айтып бер.
«Бір дегенім білеу» деген санамақты жалғастыр.
«Әйтеке би» тобы
Атасы Марияшқа не деп бата берді.
«Бір – білім ал» деген санамақты жалғастыр.
Екі – ерлік көрсет,
Үш – үлгі тұт,
Төрт – тәртіп керек,
Бес – Бестік баға ал,
Алты – алғыс ал,
Жеті – жеңіс біздікі,
Сегіз – сенім керек,
Тоғыз – тоқу керек,
Он- оқу керек.
8 бөлім. Ән шашу. (Әр топтан
бір оқушы, бір ән айту қажет.)
«Қазыбек би» тобы
Буриев Бекнұрдың орындауында «Қазағым» әні.
«Төле би» тобы
Давлетбай Меруерттің орындауында «Ұстазым» әні.
«Әйтеке би» тобы
Умбетияр Саяттың орындауында «Ауылым ақ бесігім» әні.
1. Сайыстың қорытындысы
шығарылады. 2. Қай топ жеңгенін анықтау.
3. Оларды марапаттау.
Оқушылар, айта берсек еңбек
туралы мақал да, тиым сөздер де көп екен. Еңбек етіп жақсы оқитын
балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Осымен сабағымызды қорытындылаймыз:
Еңбектің пайдасы –
тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады,
шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне
қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.
Еңбек етпеген ішіп –
жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме, демекші -
сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе
алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне
сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол
біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ
болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің
арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді
болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге
тырысуымыз керек.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

