Материалдар / Еңселі елорда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еңселі елорда

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ


«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы












Үш тілді білім беруді ілгерілету








Тәрбиешілер: Азаматова І.Қ

Әділханова Г.А













2019 жыл

«Бізге қажетті –жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, тұған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді  азаматтық парызым деп ұғатын  ұрпақ тәрбиелеу»

                                                                          Н.Ә. Назарбаев



«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты. Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы айтылған сөздердің қайсысында болмасын шындық бар сияқты. Бала тәрбиесі – зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар зор үлесі бар. Бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады.

Балабақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, балабақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Балабақшада баланың балалық шағы жан-жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Балалар дене шынықтырудан, ағылшын тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән-күйден, тіл дамытудан білімдерін дамытады. Тіл дамыту демекші, тілге деген құрметіміз қандай деңгейде. Тіл үйрену дегеніміз сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Кез келген өркениетті елде көп тіл білу жақсы дамыған. Қаласаң өз үйренгеніңше тілді меңгеруге болады. Ал, бірақ өз ана тіліңде сөйлеу – басты мақсаттардың бірі.

Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан» - деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім – тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.

Бүгінгі күнгі үштілділік тәрбие берудің мәселесі туындап отыр. Үштілділік оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күні ең басты қажеттілік.

Көптілділік тұжырымдамасы ҚР-дағы білім беру дамуының негізгі стратегиялық бағыты ретінде ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2006 жылғы қазанның 23 дегі Қазақстан халқының Ассамблеясында аталып өтілді. Президент өз сөзінде ең кем дегенде үш тілді еркін меңгерген көптілді, көпмәдениетті тұлғаның негізгі моделін ұсынды: қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-халықаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – әлемдік тілдердің бірі. Егеменді еліміздің шапшаң дамып келе жатқан халықаралық қатынастары, халықаралық сауда – саттық нарығы да көп тіл білуді қажет етеді. Үш тілде оқыту заман талабы. Үштілділік – Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.

Педагогикалық фактор тілді оқытудық жаңа әдіс – тәсілдері, интерактивті әдістер мен жаңа технологияларын, бақылау әдістерін, педагогтардың шеберлігін қазіргі заманға сай ұйымдастыруды қажет етеді. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек.Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік, мықты болады деп ойлаймын. Балаларымыздың бірнеше тіл білуі олардың танымдық көкжиегінің кеңеюіне де игі әсерін тигізеді. Шет тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы да сол, балалар  тоғыз жасқа дейін  сөйлеу шеберлігінің маманы, олардың миының тілге арнайы икемді болуы, бірақ ол есейе келе төмендей түсетіні анықталған. Сондай ақ ерте жастан балаға  ағылшын тілін оқыту, баланың сурет салу, сөйлеу, таным қабілетінің ағылшын тілімен байланысты жоғарлайтыны басқа балалармен салыстырғанда денгейінің жоғары екендігі байқалды.

Қазргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын. Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі балаларға үйретуге міндеттіміз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қарым-қатынас жасай алу үшін біз оларға кішкентай кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.

Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында біздің балабақшаның балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мәнерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруының мақсатына қойып отырмыз. Өз, тілдерімен қоса өзге де тілдерді бағалай білуге баулимыз.

Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін, зейінін тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде ойындар, ертегілер,өлендер,сергіту сәттерін қолданып,үш тілді тез және толық меңгеру үшін ойын, ертегілер, сергіту сәті арқылы үйретуіміз керек.





Ойындар:

1) «Вижу - не вижу»

Показываете карточку с рисунком, и спрашиваете «Ты видишь кошку?» Дети отвечают «Да, я вижу кошку.». Также учим отрицание — показываете карточку «Ты видишь кошку?» «Нет, Я не вижу кошку.Я вижу собаку».

2)"See - Don’t see" Show the card with the picture and ask «Do you see a cat?» Children answered «Yes, I do». «I see a cat». Also teach denial - show card. «Do you see a cat?» «No, I don’t.» «I don’t see a cat». «I see a dog.»

3) «Көрдім - көрген жоқпын»

Тәрбиешінің қолында суреттер, ол балаларға суретті көрсетіп сұрайды, бұл жерде нені көріп тұрсыңдар? Балалардың жауабын алған соң, суретті жасырып тағы сұрайды, «Ал енді сендер балаларды көріп тұрсызба?» «Балалар жауап қайтарады- Жоқ, көріп тұрған жоқпын» - деп.

Сергіту сәт

1) «One,one,one»

One,one,one little dog run
Two two two cats see you
Three three three birds in the tree
Four four four frogs on the floor. 

Сөзімді қорытындылай келе, ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің, шығармашылықтың бастауы деп білемін. Үштілділік – қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру оларды жастайынан оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету деген міндеттер қойылған.

Сондықтан, әр білім беретін білім ошағында, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті – Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс деп санаймын. Санай отырып кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап ,балалардың ағылшын және басқа тілдеріне қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек. Ол үшін педагогтарды ұш тұғырлы тілін меңгеру үшін кәсіби біліктілігін арттыру қажет. Жұмыс бабында үштілділікті кеңінен күнделікті қолдану керек. Педагогтар бір-бірімен тәжірибе алмасып,өз іс-тәжірибелерімен бөліссе, жұмыс алға өрлейді деп ойлаймын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!