Материалдар / «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп, ЭКСПО көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Маусым 2018
904
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп,
ЭКСПО көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
2.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

3.Отанын сүюге,ел тарихын білуге, Астана қаласына,еліне, елбасына деген құрмет сезімге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: "Ғажайып көрме" мульттоптамасы, бейнероликтер, тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар, суреттер, слайд.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

Әнұран

1 – жүргізуші 
Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.  Ақбота


2 – жүргізуші 
Астана атың қандай нақ та әсем, 
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен 
Жырларымды айтарымсың жатқа сен! - Нұрбол



1 - жүргізуші 
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге 
Жайнаған Отанымның жүрегінде. 
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне. Ақбота


2– жүргізуші 
Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам! Нұрбол




Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Ал енді осы ғимараттармен таныс болыңыздар.

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астанақаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражайуниверситет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

«Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.

Қазақ елі монументі-Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл –Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.

Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді

Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – «Қаһармандық» деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер шоғырланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.

Батыс жақ бетке орналастырылатын «Жасампаздық» атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді.

Ал монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген.

Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен аяқталады.

Нұр Астана мешіті - Бүгінде әлем жұртшылығын өзінің әсем сәулетімен тамсандырған «Нұр Астана» орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылы пайдалануға берілді.

Цирк ғимаратының құрылысы 2001 жылғы желтоқсанда басталып, 2005 жылғы 14 желтоқсанда есіктерін айқара ашты. Циркті салу идеясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың еншісінде. 

 

 "Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал.



Республикалық велотрек      

Құрылысы 2006 жылы басталып, 3 жылда жобаға бірнеше түзетулер енгізілді. Соңғысы 2011 жылғы қысқы олимпиада ойындарына байланысты.

"Астана-Арена»  футбол стадионы

Сыйымдылығы – 30 000 көрермен орны.

Көлемі 10 000 ш.м. жылжымалы жабыны бар әлемдегі 6 құрылыстың бірі. Стадион 2009 жылғы 3 шілдеде ашылды.

"Алау» мұз айдыны

Бөлінген телімнің орналасқан орны - Есіл өзенінің сол жағалауы, Қабанбай батыр даңғылы бойынша, футбол стадионының жанында. Конькимен сырғанау спорты, шорт-трек, Канада хоккейі (2 алаң), керлинг, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін жүргізуге арналған. Кешен құрамына - негізгі конькимен сырғанау стадионының үлкен аралықты құрылымы мен қонақ үй, төрт жүз метрлік жүгірме жол, 10 000 орындық трибуна, СПА, фитнес орталық, кафе мен дәмханалар, әкімшілік кеңсенің конус тәрізді ғимараты кіреді.

 Назарбаев Университетi — қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары оқу орны. Н. А. Назарбаев университетті өзінің атымен атауға рұқсат берді. Университеттің идеясы – бұрын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге барып оқыған студенттерге енді Қазақстанда сол сапа мен деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беру.

«Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.

Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды, жасанды жүрек пен өкпені қондыру, діңгектік жасуша және ұзақ өмір сүру саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірлемелерді жүргізеді.

Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.

Пәнаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады».

Бүгін сіздермен Еуразияның жүрегінен орын тепкен елордамыз Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы туралы әңгімелейтін боламыз.

Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр. 

Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.

20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. 

Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.

Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген. Қаладағы сауда орталықтарының көптігінен жалға алушылар бұл жерге келмейді деген болжамдар жоққа шықты. Коммерциялық алаңдардың 82%-ы қазірдің өзінде бос емес. Ал мынау орталықта орналасқан "Тілек ағашы".Жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.

"Хан шатырдағы" назар аударуға тұрарлық тағы да бір бұрыш - "Өнер галереясы". Сіз бұл жерде қазақстандық суретшілер мен қолөнершілердің тамаша туындыларының куәгері атанасыз.

Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады

«Алатау» спорт сарайы да – елорданың думанды орталықтарының бірі. «Қазақстан» спорт сарайы салынғанша Астанадағы мәдени-спорттық шаралардың барлығы дерлік осында өтеді.

Елордадағы спорттық кешендердің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – «Қазақстан» спорт сарайы

Мұғалім: Балалар бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдық, соңы білейік. Алғашқы екі топ бүгінгі саяхаттан алған әсері бойынша немесе суреттер арқылы мәтін құрастыруларың керек. Ал екінші топ бүгінгі саяхаттан есте қалғанын плакатқа сурет салу арқылы көрсетеді. Үшінші топ бес жол өлең құрастырады.
Балалар, саяхатымызды аяқтап ауылға қайтайық, барлығымыз пойызға мінейік. Көңілді отыру үшін бәріміз қосылып ән салайық. 
Ән. «Көк тудың желбірегені» 
Қорытынды. Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бірер жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек. 
Сонымен балалар, бүгінгі саяхатымызда мәреге жетті. Біз бүгінгі сабақта уақыттың аздығына байланысты Астана қаласының барлық жерін аралап болғанымыз жоқ. Біз барып тамашаламаған жерлер әлі де көптеп кездеседі.
Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін

Қорытынды.
«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағаты барысында Егемен еліміздегі Астанамыздың 20жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола беріңдер. Астананың өркендеуіне өз тілегімізді жазып,мына гүлдерімізді жапсырайық.
Тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Амандықова апайға сөз береміз.
Осымен бүгінгі Астанамыздың 20 жылдық мерекесіне арналған
«Еңселі Елорда,асқақтаған Астана» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!