400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еңселі оқу ордасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Еңселі оқу ордасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңселі оқу ордасы»

Еліміздің білім беру саласына өз үлесін қосып келе жатқан киелі шаңырақ, іргелі оқу ордасының бірі – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК. Колледжіміз аудан көлеміндегі техникалық және кәсіптік  білім беріп, мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оқу ордасының тарих парақтарына көз жіберсек, ол жылдан-жылға жалғасып, бүгінгі күндермен сабақтасып жатыр. Білім беру ұйымының техникум дәрежесінен колледжге дейінгі эволюциялық жолдан өтуі – заңдылық. Колледждің ірге тасы 1968 жылы қаланған болатын. Кәсіптік бағыттағы білім – уақыт пен кезеңді талғамайтын , қоғамның қай саласында да өзіндік жауапкершілігі  мен ұстанымы бар білім саласы. Бұл ретте  Шағалалы топырағында алғашқы білім шаңырағы ретінде орта кәсіптік-техникалық техникум болып құрылып, бүгінде 55 жылға жуық тарих бетін парақтаған колледжді ерекше айтуға болады. Осы уақыт ішінде біздің оқу орны еңбектің қай саласында болмасын, мыңдаған маман резервін даярлап ұшырған қасиетті білім ошағы болып табылады. Бүгінгі колледж – негізгі және орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби білім беру саласында «Кәсіптік оқыту», «Электрмен қамтамасыз ету», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Есеп және аудит», «Жерге орналастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Өсімдікті қорғау және карантин», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» сынды мамандықтарды даярлауда. Колледжде тұрақты және жоғары кәсіби білікті оқытушылар мен қызметкерлер ұжымы жұмыс істейді. Колледжде  білім алушыларға арналған оқу кабинеттері, оқу зертханалары, оқу-өндірістік шеберханалары, спорт зал, жатақхана, асхана, акт залы, кітапхана орналасқан екі оқу корпусы жұмыс істейді. Колледжде оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны әлеуметтендіру басты міндеттердің бірі болып табылады. Оқу орыныда әр студент – жеке тұлға екені жайлы, оларға тәрбие беру – жеке тұлғаны қалыптастыруға көп ықпал ететіні туралы педагогикалық маңызды іс-шаралар өтеді. Колледж оқытушылары өз сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды, интерактивті тақтаны қолданумен қазіргі заманауи білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу бағытында көптеген іс - шаралар атқаруда. Тәрбие беру жүйесінде адамгершілік, құқықтық, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған игі іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Олар «Екі жұлдыз», «Күзгі бал», «Біз таланттарды іздейміз» байқаулары, «Студент қатарына қабылдау» салтанатты кеші, қазақ әдебиеті мен қоса әлем әдебиетінің көрнекті тұлғаларына арналған әдеби, портрет кештері, виртуалды кітап көрмелері, тимбилдингтер, спорттық жарыс түрлері, сабақтан тыс іс - шаралар көп өткізілуде. Болашағымыздың тұтқасы жастар екенін ескере отырып, колледжде жастар саясатына ерекше көңіл бөлінеді, жастар ісі жөніндегі комитет «Жастар ұйымы» жұмыс істейді.  Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі үрдіс. Жастар біздің жарқын болашағымыздың кепілі екендігін жадымызда ұстау қажет. Сол себепті студенттеріміздің студенттік өмірлерінің жарқын өтуіне әрбір колледж қызметкері өз үлесін қосуы тиіс деген ойдамын. «Ұстаз-колледж жүрегі» демекші, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде ұстаздың орны ерекше, ондай болса елімізде білімді, әрі білікті мамандарды даярлайтын білім мекемелерінің бірі, әрі бірегейі болып табылатын колледжіміз өркендеп, жыл сайын мыңдаған білікті түлектерді ұшырсын, деген ізгі тілекпен сөзімді аяқтағым келіп отыр.

Авторы: кітапханашы - Дәулет Гүлхан Лұқпанқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2024
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі