Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ер балалармен жұмыс, анықтама, хаттама 1 - 2 тоқсан бойынша толық
Бекітемін
Мектеп директоры: М.Рахымбаев
«Мирас» ұлдар клубымен жүргізілетін жұмыс жоспары.
2024 – 2025 оқу жылы
№р\с |
ӨТКіЗІЛЕТІН ШАРАЛАР |
МЕРІЗІМІ |
Өткізілу түрі |
ЖАУАПТЫЛАР |
1 |
ИДН кездесу Мақсаты: Жасөспірімдердің құқығын қорғау және қылмыстың алдын алу |
Қыркұйек |
Отырыс Ақыл-кеңес |
АӘД мұғалімі Сынып жетекшілері |
2 |
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі »дөңгелек үстел |
Қазан |
Теолог мамандармен кездесу |
АӘД мұғалімі |
3 |
«Бақытты отбасы, бақытты бала, бақытты ел" |
Қараша |
Түсіндірме жұмыс |
ДТІЖО |
4 |
Жасөспірімдермен жекелей әңгіме өткізу \психологиялық ерекшеліктеріне қарай\ |
Үнемі |
Сырласу |
Психолог Сынып жетекшілері |
5 |
Вейпсіз әлем |
Желтоқсан |
Танымдық сабақ |
АӘД мұғалімі Сынып жетекшілері |
6 |
«Мен және әкем» қыстық сайыс |
Қаңтар |
Сайыс |
Сынып жетекшілері |
7 |
«Мен әкемнәі ұлымын» кездесу сағаты |
Ақпан |
Сырласу |
АӘД мұғалімі |
8 |
Өзіңді таны |
Наурыз |
тест |
Психолог |
9 |
«Жігіт сұлтаны-2023» |
Сәуір |
Сайыс |
Тәлімгер |
10 |
«Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» |
Мамыр |
Спорттық сайыс |
АӘД мұғалімі Дене тәрбие мұғалімі |
Клуб жетекшісі: Н.Бекбаев
2024-2025 оқу жылындағы «Мирас» ұлдар ұйымы
жиналысының жоспары
№ |
Жүргізілетін іс-шаралар |
Өткізу мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
Кеңестің №1 отырысы 1.Кәмелетке толмаған ер балалармен құқықбұзушылық және қаңғыбастық кезіндегі қылмыстардың алдын алу; 2.Ұйымдасқан төбелесті болдырмау, оған ықпал еткен жағдайларды жою туралы. 3.Ұялы телефонның оқушыға зияны; 4.Буллинг, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу; |
қыркүйек |
Ұлдар кеңесі жетекшісі |
2 |
Кеңестің №2 отырысы 1. Жеке бас тазалығы кездесу 2. «Иманды ұл-ел сенімі» пікірталас |
қараша |
Ұлдар кеңесі жетекшісі Медбике |
3 |
Кеңестің №3 отырысы 1. «Жаман әдеттен сақтанайық» пікіралысу 2. «Дос және достық» әңгіме |
қаңтар |
Ұлдар кеңесі жетекшісі АӘД пәні мұғалімі |
4 |
Кеңестің №4 отырысы 1. "Бірінші байлық -денсаулық" /лекция/ 2. «Ұл балалар гигиенасы» әңгіме |
наурыз |
Ұлдар кеңесі жетекшісі Медбике |
5 |
Кеңестің №5 отырысы 1. «Бала мен ата-ана қарым-қатынасы» /баяндама/ 2. Ұлдар кеңесінің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі |
мамыр |
Ұлдар кеңесі жетекшісі Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
ИДН кездесу
Мақсаты: Жасөспірімдердің құқығын қорғау және қылмыстың алдын алу
Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық – танымдық біліммен қамтамасыз ету шараларының аясында құқық қорғау органы қызметкерлері және сала мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.
Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.
Оқушыларға бос уақттарын тиімді пайдалану, сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысу туралы ақпарат беріліп, түнгі беймезгіл жүріс, көлік басқармау, бөгде адамның ұялы телефонын рұқсатынсыз пайдаланбау тағы басқа да тиым салынған орындарда жүрмеу ескертілді.
Әсіресе, әлімжеттік, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды.
Жамандыққа бармаудың бір жолы бос уақытты тиімді пайдаланып, өзімізге қажетті нәрселермен айналысу.
Білім алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналысу секілді жақсы қадамдар — бүгінгі ұрпақтың қоғамнан тыс қалмауына зор ықпал етері анық.
Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында "Мирас" ер балалар клубының жылдық жоспарына сәйкес «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп формасына қойылатын талаптар, дене шынықтыру пәніне арнайы киiммен қатысу сынды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстар қабылданды
Жаман тату қазады өзіңе ор,
Оған сенсең, бір күні боларсың қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады иығы да зор.
Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
Құқық бұзушылық пен қаңғыбастық кезіндегі қылмыстардың алдын-алуға байланысты оқушылармен өткізілген 8-9-10-11 сынып ер балаларымен өткізген кезекті жиналыстың
№ 1 х а т т а м а с ы
20 қыркүйек 2024 жыл
Қатысқаны – 8-9-10-11 сынып ер балалары, сынып жетекшілер,
мектеп директоры және орынбасарлары, мектеп психологі,
мектеп инспекторы –
Күн тәртібінде :
-
Кәмелетке толмаған ер балалармен құқықбұзушылық және қаңғыбастық кезіндегі қылмыстардың алдын алу;
-
Ұйымдасқан төбелесті болдырмау, оған ықпал еткен жағдайларды жою туралы.
-
Ұялы телефонның оқушыға зияны;
-
Буллинг, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу;
Тыңдалды: Мектеп директоры- М.Рахымбаев
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу , кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 7 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары мен ата-аналар комитетінің 1 мүшесі бар. Ол А.Габдуллаева
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияның көмекшілері» құрылды. Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған оқушы тартылып отыр.
Шығып сөйлеушілер: Б.Мусилимов – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Біздің бұл шараны өткізудегі мақсатымыз, жас ұрпаққа ата-бабаларымыздың ерекше қастерлеген қасиеті, әділдік принципінің бұзылмауын, қара қылды қақ жарған турашыл адамның қай адамнан да жоғары, биік тұратындығын түсіндіру.Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі.Ал, қылмыс дегеніміз – қоғамүшін ерекше қауіпті құбылыс.Жасаған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық білім беруді ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған болатын. Онда мынадай үш мақсат алға қойылған: 1) адамның жоғарғы азаматтығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру; 2) таңдап алынған еңбек әрекетіне дайындық процесінде жастардың арнаулы құқықтық білім алуын қамтамасыз ету; 3) қылмыстық әрекеттің алдын алу мәселесін шешу.
Кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша учаскелік полиция инспекторы Н.Жақыпбекова: Қоғам талабы заман талабы, себебі әр адам өз заманының баласы. Біз құқықтық мемлекет орнықтыруды мақсат етіп отырған мемлекетпіз.Барлық адам заң алдында бірдей, барлық адам заңға бағынуға тиіс. Жалпы құқық дегеніміз не? Құқық дегеніміз –бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Құқық бұл біздің қалауымыз. Мсыалы, сенің оқығың келе ме?Осыған сәйкес құқық бар. Бірақ біздің барлық қалауымыз құқық бола бермейді, құқық деп аталу үшін біздің қалауымыз ақылға сыйымды болу керек., ол басқалардың қалауына қарсы келмеу керек.
«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі:
Қылмыс әдейі, қасақана немесе байқаусызда жасалуы мүмкін.Әдейі жасалған қылмыс тікелей немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұрса да, қасақана қылмысқа барса, бұл ойланып, саналы түрде, әдейі жасалған қылмыс болып саналады. Кейбір қылмыстар салақтықтан, дүниеге қоршаған ортаға қалай болса солай, мән бермей қараушылықтан да туады. Адамдар әрқашан да өзіне, басқаға да абаймен, адамгершілік парасатпен қараса, қылмыстың да болмауы мүмкін. Қалай десек те өз ісінің басқаға зардабын тигізбеуді ойлау әркімнің азаматтық, адамдық борышы болуы тиіс.
А.Сукурлукова мектеп психологы - Ойынға құмарлық адам өз-өзін басқара алмаудан, өз әрекетіне жауап бере алмаудан туындайды. Бұл – өте кең таралған тәуелділік. Адамның өмірге деген қызығушылығы азайып, бақылауды жоғалтып, типті эмоционал реакциялар көрсетеді. Ол науқастың әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби жұмысына, жеке өміріне және қаржы жағдайына ауыр әсер етеді. Бұл ауруды емдеу тәсіліне психотерапия, дәрілік терапия, қолдау топтарына қатысу жатады. Мұндай тәуелділікке шалдығу себептеріне өзін-өзі бағалай алмау, жұмысқа, жетістіктеріне қанағаттанбау, материалдық жағдайға шамадан тыс назар аудару, жалғыздық сезімі, достары, туыстары тарапынан түсінбеушілік, отбасындағы шиеленіс сынды факторлар әсер етеді. Лудоманияны ХХІ ғасырдың ауруы деп атайды. Елімізде бұл індеттің осындай ауқымға жетіп отырғаны ел-жұртты қынжылтады. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелерін көтерді. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Соңғы жылдары Қазақстанда ойынға тәуелділік жағдайы кең ауқымға ие бола бастады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен трагедияға айналды.
Жиналыс аяқтала төмендегіше
Қаулы етеді:
-
.Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған ұйымдар мен клуб жұмыстары жандандырылсын. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар мен дәріс сабақтары,құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу кештерін ұймдастыру жауапкершілікпен орындалсын.
-
Мектепте оқу процесі кезінде оқушылардың мектеп ғимаратының сыртына шығуына қатаң тиым салынсын,мекеме ішіне бөтен адамдардың тек мекеме әкімшілігінің рұқсатымен кіруді,оқу ғимаратының кезекшілік жұмысы күшейтіліп,сабақ кезінде,үзілістерде,сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың қауіпсіздігін сақтау қатаң ескертілсін.
-
Сынып сағаттарында лудоманияның салдары қоғамға аса қауіпті зиян екендігі, түрлі ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын дамытуға арналған дәріс сабақтары,танымдық кездесу кештері,мектеп инспекторымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
-
Кәмелетке толмағандар арасындағы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бағытындағы заң бұзушылықтарға жол берілмеу жұмыстары қолға алынсын..
Жиналыс төрағасы:
Жиналыс хатшысы:
Бақытты отбасы, бақытты бала, бақытты ел
"Бақытты отбасы, бақытты бала, бақытты ел" тақырыбында ұлдар кеңесінің жетекшісі Н.Бекбаевтің ұйымдастыруымен 8-11 сыныптың ер балаларының ата – аналарына түсіндірме жұмыс өткізілді.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. "Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер" дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру - табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Осы орайда мектебімізде 20 қараша - "Балаларды қорғау күні" қарсаңында "Бақытты отбасы, бақытты бала, бақытты ел!" тақырыбында 8-11 сыныптың ер балаларының ата – аналарына түсіндірме жұмыс өткізілді.
Мектеп директоры М.Рахымбаев жиналыстың мақсатымен таныстырып балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі басымдықтарға тоқталды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов баланың құқықтары, балаларға жасалатын қатыгездік пен зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын-алу жөнінде ақпараттық хабарлама жасап, дені сау, біліммен қаруланған, тәрбиелі, ұлтқа қызмет ететін бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру отбасы мен мектептің бірлігінен бастау алатынын айта келе, ата-аналарға сәттіліктер мен табыстар тіледі.
8-11 сынып жетекшілері А.Амирова, А.Кеңесова, А.Бытыкова, Д. Адалбек, С.Қалынбекова, Қ.Далибаева, Б.Молдажанның ұйымдастыруымен өткізілген қызықты әрі мағыналы "Амандасу", "Креатив", "Стакан пирамидасы" атты тренингтер жалғасын тауып, ата-аналар қызығушылықпен қатысты.
Жиналыс соңы ата-аналар мен сынып жетекшілердің ер балалардың тәртібі бойынша еркін пікірлесу сәтіне ұласты.
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім,
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім" демекші, балалардың оқуы мен тәрбиесіне көңіл бөліп, балалардың бақыты үшін атсалысып жүрген барша ата-аналарымызға алғыс айтамыз.
"Вейпсіз әлем"
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Демек, темекімен қатар электронды құрылғының өзі адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді. Сондықтан әрбір саналы адам өз өміріне қауіп төндіретін заттардан аулақ болғаны жөн.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы орайда мектебімізде "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" және буллинг, кибербуллинг, "Вейпсіз әлем" нашақорлықтың алдын алу тақырыбында учаскелік полиция қызметкері және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов 6-11 сынып оқушылары және ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкері Н.Жақыпбекова қазіргі кезде қоғамда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында орын алатын келеңсіз жағдайлар мен оқиғаларға, құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау, буллинг, электронды темекі, нашакорлық және жасөспірімдердің машина, мотоцикл, мопед түрлерін айдау қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысты сипаттама мен нақты деректер келтірді. Аталмыш жағдай орын алғанда тартылатын жауапкершілік, ата-анаға салынатын айыппұл көлемдері туралы ақпараттар берді.
ХАТТАМАСЫ № 3
Қатысқандар:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов
2. «Мирас» ұлдар ұйымының жетекшісі Н.Бекбаев
3. Сынып жетекшілер
4. 7-11 сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1. Жеке бас тазалығы кездесу
2. «Иманды ұл-ел сенімі» пікірталас
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов таныстырып өтті. "Гигиена - жасөспірім денсаулығының маңызды бөлігі. Біз теріні таза ұстау, ішкиім мен киімдерінің тазалығы, тісті дұрыс күту, қол мен тырнақтың тазалығы туралы айтамыз.
Қоғамдық орындарға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек. Тісті де күту аса маңызды. Теледидарды ұзақ қарауға, компьютерде, телефонды көп пайдалануға болмайтыны туралы да айтамыз. Ұйқының ұзақтығы 8 сағаттан кем болмау керек"
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей, «Бірінші байлық – денсаулық»- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет.
«Мирас» ұлдар ұйымының жетекшісі Н.Бекбаев - Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1 Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау,жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2 Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3 Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде
сөйлемеу.
4 Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5 Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денеңе жаман жаралар шықпайды.
Шешім:
1.Бірінші байлық денсаулық лекциясы есепке алынсын
2.Ұлдардың жеке бас гигенасы үнемі бақылауда болып қадағалансын
Жиналыс төрағасы: Б.Мусилимов
Жиналыс хатшысы: Н.Бекбаев

