Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Көрнекілігі: Мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Мұны ұмытуға болмайды» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Онда ерлік жайында түрлі – түсті суреттер, буктемелер, мақал – мәтелдер ілінген.
-
«Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы».
-
«Батыр – елдің сәулеті,
Бал құрақ – жердің сәулеті».
-
«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».
-
«Ер - елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы».
Барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Сабақтың тақырыбын хабарлап, жоспарымен таныстырып, мақсатын айту.
Жер бетіне адамдардың қанша ұрпағы келіп – кетсе де Ұлы Отан соғысы олардың естерінен еш уақытта шықпауы керек. Соғысты және жеңіс әпрегендерді ұмытпау дегеніміз – бейбітшілік үшін күресу. Тарихта Ұлы Отан соғысындай соғыс болған емес. Өйткені, бұл соғыс миллиондаған адам қаза тапқан жойқын соғыс қана емес, бұл соғыста ешқашан болып көрмеген батырлар шығып, ерліктер жасалды. Ересектермен қатар балалардың өздері қас батырлық танытты. Кеңес адамдары майданда шайқасты, тылда еңбек етті, жауға қарсы астыртын жұмыстар жүргізді, партизан отрядтарында соғысты. Соғыстың уақытында 12000 – дай адам асқан ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың 9000 жастар еді. Отан үшін болған ұрыстарда жанын қиған ерлердің қанға батқан, оқ тескен партия және комсомол билеттері қаншама. Соғыс біткеннен бері көп жылдар өткенімен Ұлы Отан соғысының ардагарлеріне Отанымыз күнбе – күн қамқорлық жасауда. Ал соғыстан оралмағандар, Жеңіс үшін жанын қиғандар жөніндегі естелік әр адамның жүрегінде сақталады.
Бірғаным:Адам тарих.Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем демін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен дозақтан.
Бастаушы: Мөлдір аспанды бұлт қаптады.Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
Дулат: Отанымызға қатерлі күн туды. Еліміздің көптеген ер – азаматтары майданға аттанды.
Көрініс: «Майданға» әні. (солдат киімді , мылтық асынған оқушылар өтеді).
Динара: Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды. «Бәрі де майдан үшіін» деген ұран тасталды.
Бастаушы: Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері , Отаны үшін арпалысты.
Қанат : Қаһарлы күндер өттің арпалыста,
Құныққан қан құмарлар қанша қысса.
Мызғымай болат қорған армиямыз,
Бір адым бастырмады алты ай қыста.
Жанат: Тойтарып анталаған жаудың бетін,
Көрсеткен батырлықтың құдіретін.
Жиырма сегіз батырын туған елі
Ардақтап, мәңгі жасар құрметін.
Абдолла : Қас дұшпан қаһар төгіп келген шақта,
Өңмеңдеп Москваға төнген шақта.
Гастелла жарқ - жұрқ етіп найзағайдай,
Ауды өртеп, өмір берген келер сапқа.
Дулат : Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмайды жау бірақ.
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрады,
Жиырма сегіз шың болып.
Гүлзат : Танктер Москваға келді төніп,
Ағылды жау әскері желіктеніп.
Ұшқыштар біздің сонда түйілгенді,
Отына пулеметтің ерік беріп.
Ән: «Катюша»
Еркебұлан:Оқ борады күні – түн,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров.
Туын жықпай қолдағы,
Өжет болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Ар намысын елінің.
Асыл : Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жері үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаудың көзін жойды олар.
Дулат : Даламыздың гүлісің,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрден.
Динара : Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді. Мәншүк аты.
Қанат : Бақыт деген келер дәйім күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер.
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.
Абдолла : «Көк түтінге көмемін деп көгімді,
Ес жидырмай еземін», - деп елімді.
Келді фашист – жеңе алмады бірақ – та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Көрші үйіне қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті.
Ерлігіне ескерткішті орнатып,
Жолдастары басына гүл қойыпты.
Бірғаным: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.
Абдолла : «Ер есімі – ел есінде». Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер – азаматтар естен мәңгі шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Бастаушы: Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».
Бастаушы: Халқымыз аялап, қастерлей білген батыр аға Бауыржан Момышұлы биыл 100 жасқа толып отыр. Ағаның «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп елінің ертеңі үшін жауына қаймықпай қарсы баруы – ежелден келе жатқан бабалар бойындағы ұлылығы сияқты. Бойындағы қайсарлығы, өжеттігі жауға қарсы жігерленіп, намыстың отын үрледі. Сол ерліктер әкелген «Шуақты күндерде» Бауыржан ата ерлігі батырлықтың белгісіндей боп, қаламынан жыр тамған ақынның мазмұнды тақырыбына айналды. Енді Батыр ағаға арнаған өлең – шумақтарымызға кезек берсек.
Абдолла: Оразақын Асқар – « Бауыржан батыр»
Батырға тән бітімің зор болатын,
Бүркіт қана сенше иық қомданатын.
Көргелі іздеп келгендер беттей алмай,
Бейбіт күнде – ақ сұсыңа таңданатын.
Қыран қабақ тұратын түйілгелі,
Отты көзің қырағы қиырда еді.
Батырлықтың белгісі киімде емес,
Бар болмысың, бүкіл жан күйіңде еді.
Білімділік еселеп ерлігіңді,
Қол басқарып соңғыға бердің үлгі.
Қайталанбас хас батыр екеніңді,
Досың түгіл жау да, шет елде ұғынды.
Ұл боп туып ұлы боп қалдың мәңгі,
Жоқтатпадың жорықта Ер Тарғынды.
Қорғап бейбіт күнде де әділдікті,
Аттатпадың ешкімге алдыңда арды.
Бірғаным: Кетті даңқың мұхиттан алыстарға,
Сен қайрасаң селт етіп намыс бар ма.
Қаламгерлер жыр етіп ерлігіңді
Тауыса алмады өзің ат салыссаң да.
Қосса да үлес ұлың да, келінің де,
Бітер емес ерліктің кені мүлде.
Алып тұлғаң, талантың асқар таудай,
Алыстарды тіпті асқақ көрінуде.
Еркебұлан: Қ.Аманжолов - «Бауыржан»
Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін,
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.
Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде туған елдің тұрды толқын,
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.
Бірғаным: Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар,
Алқындым, бір көруге болып құмар.
Көктемде күркіреген күн даусын
Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар.
Қан майдан қаталатып, шөлдегенде,
Кез болдым, жалтылдаған екі көлге.
Көл емес кездері ғой Бауыржанның
Елестеп мың көрінер бір көргенге.
Абдолла: Бойы бар бізден гөрі биігірек,
Тіп – тік боп абыройын тұрған тіреп.
Топ жара көрінсін деп екі иығы,
Туған ел жаратыпты оны ірірек.
Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын,
Теңіздей тебіренткен терең жанын.
Алғандай бойға жиып бар қуатын,
Кешегі өзі кешкен уақиғаның.
Асыл: Кейде ол көк семсерлі генералдай,
Кейде ол күй көңілді ақын жандай.
Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне,
Өресі өрен ойдың тартылғандай.
Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын,
Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.
Жаратпас жаман – жасқап жұрт ескісін,
Соғады өз дүкені сөз асылын.
Динара: Ойы бар қиялының қанатында,
Адаспас апарып бір салсаң тыңға...
Бір дәурен ойнап – күліп отырғаны,
Жалтылдап екі көзі қарсы алды да.
«Бауырым – Бауыржаным» дейді халқым,
Алып ұш, ақын жүрек ердің даңқын.
Келешек келе жатыр көремін деп
Тік басып туған жерде жүрген қалпын.
Ағамыз атағына асқар тау кең,
Жау келсе – жау бүйректей етер жәукем.
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең!
Дулат: Қ.Мырзалиев – «Панфилов пен Бауыржан»
Көрмегенді ол бұрын,
Көрмегенді бұл бұрын.
Көріспеген қос батыр,
Тани кетті бір – бірін.
Жас қазақты құлындай,
Жақсы көрді ұлындай.
Қаһармандық - қылыш та,
Ақыл соның қанындай.
Гүлзат: Баукең біздің нөкер – ді,
Нөкерліктен көтерді.
Өткірлігі өзінің
Ұстарадан бетер – ді.
Жаны берік тастан да,
Жарасады дастанға.
Жас жігіттің жұлдызы
Жарқ етті бір аспанда.
Асыл: Панфиловтың әскері,
Баукең соның басты ері.
Қай қиынға салса да,
Қайтар емес жас бөрі.
Тауысып жаудың амалын,
Талай бұзды қамалын.
Таң атпастан бастайды,
Зеңбіректер тағы әнін.
Қанат: Бір орыс пен бір қазақ,
Бас қосқанда – жыр ғажап.
Ағайынды қос ерді
Аңдып ылғи жүрді ажал.
Жеңіп жауды қанқұйлы,
Жүздеген ер жан қиды.
Жан қиғанның біреуі –
Жолбарыстай Панфилов.
Жанат: Бұдан кейін хал қандай!
Омырауы малмандай...
Баукей біздің
Бір түнде
Болды жетім қалғандай.
Ашты – ау ажал іргеңді,
Біте соны тұрда енді!...
Бір қазақтың бақыты
Панфиловпен бірге өлді!
Асыл : Екі дүние айқасты,
Майдандасқан алаңда.
Фашистерді шайқаста
Езгіледік табанда.
Бейбітшілік орнаттық.
Күн ортақ барлық адамға.
Еркебұлан:Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түңдігі түрілген.
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген.
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған.
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән көріп,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай,
Тойып жейтін нан болып.
Ән: «Ақ көгершін».
Бастаушы: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті. Кеңес халқының алдында, соғыс зардаптарын жою, экономика мен мәдениетті, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын ғылым мен техниканы дамыту міндеті тұрды.
Жанат : Қазақстаным!
Даңқыңды тағы өрлеттің.
Дыбысың дауыл,
Тағы да шырқап, сен кеттің!
Дулат : Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін!
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен, мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Динара: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге, Күнге айт сен.
Не десең де, сенің сөзің қуатты.
Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс таңым.
Қаптап көкке абырой мен баққұсың.
Самға, самғай бер менің Қазақстаным!
Ән: «Қазағым менің!»
Бірғаным: Арылтып жерден жауымды,
Табанға шаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні? –
9 май күні!
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк бойлап.
Мәре – сәре, мәз – мәйрем,
Отанымыз той тойлап,
Десеңдер бұл қай күні? –
9 май күні!
Гүлзат : Ер азат, еңбек, ерлік, ел көрікті,
Еңбектің өрнегімен жер көрікті.
Мыңдаған қазақстан күрескері,
Жеңіске жеткізді елін, ерлерін елі
5- оқушы: Күн көзін бұлт баспасын,
Енді соғыс болмасын.
Қабаққа қайғы қонбасын
Жер бетін өрт шалмасын,
Әр күні бейбіт таң оятып,
Әлпештеп жұртты оятып,
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар,
Күле берсін балалар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Қорытынды: «Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды». Фашистердің істеген қылмысын Кеңес адамдары ұмытпайды. Соғыстан кейін көптеген қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіш орнатылды. Біз фашистердің айуандығын ұмытқан жоқпыз. Ұмытпайтын себебіміз: біздің халқымыз көрген қайғы қасіретті адам баласы, келешек ұрпақ ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.
Біз Сізбен және бүкіл ТМД мемлекеттерінің халқымен бірге көптен бері асыға күткен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығын тойлаймыз.
«Соғыс» деген қасіретті сөз тарих қойнауына енгенімне, қанды майданның жанға салған жарасы, жүрекке түсірген қасіреті, азалы күндер және ата- бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Соғыс кезінде талай жас қыршынынан қиылып, талай жас өрім бақытты балалықтан айрылды, талай ана боздаған жоқтап, талай ару жесір қалды.
Дүние жүзіндегі барша адамзат соғысқа қарсы!
Сіздер, аяулы ардагерлер, өздеріңіздің қажырлы да жігерлі күштеріңізбен Отан- Ана үшін жеңіс жлында күрестіңіздер.
Өмір мен өлім арпалысқан сол зұлматты жылдарда өмірлеріңізді қатерге тігіп, от пен оқтың арасында жауыздықпен бетпе- бет келіп, нәтижесінде бейбіт өмір орнаттыңыздар.
Сіздердің өшпес ерліктеріңіздің арқасында қалалар мен ауылдар жылдан- жылға көркейіп, әсемденіп, зауыт- фабрикаларымыздың жұмыстары жанданып, тың игерілді, еліміздің экономикасы нығая түсті.
Біз Сіздерге мәңгі қарыздармыз!
Өлгендер ешқашан ұмытылмасын, тірілерге - құрмет!
Бүгінге сол сұрапыл жылдарда қар жамылып, мұз төсенген, Отан үшін, Ел үшін өмірін қиған батыр ата- аналарымыздың рухына тағзым етеміз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Қатарымызды сиретпей, бізбен бірге болыңыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ер есімі - ел есінде

шағым қалдыра аласыз