400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ербалюкова Б.К.

Материал туралы қысқаша түсінік
10класс Ербалюкова Б.К. Қазіргі зерттеулердегі аналитикалық әдістер 1) Заманауи талдау әдістерінің кемшіліктері: жоғары сезімталдық, талдауды орындау жылдамдығы, бір уақытта бірнеше көрсеткіштерді анықтау мүмкіндігі, операторсыз автоматты түрде жұмыс істеу мүмкіндігі. 2) Заманауи талдау әдістерінің артықшылықтары: қызмет көрсететін білікті персоналға деген қажеттілік, қолданылуы қиын жабдықтар, нәтижелердің төмен қолжетімділігі, жабдықтар мен қажетті материалдардың қымбат болуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

10класс Химия 3-тоқсан

Электролиз.

Массалық үлесі 30%, массасы 320 г натрий хлоридінің ерітіндісі электролизденгенде 1,12 л (қ.ж.) сутек бөлінген. Осы реакция өнімінің шығымын және түзілген натрий гидроксидінің массасын есептеңіздер.

БПрямая соединительная линия 2 ерілген:

w- 30%

m( NaCl ер-ді)-320 г

V(H2) -1,12 л

ТПрямая соединительная линия 1 /к η(Н2)- ?

m( NaOH ) -?

Шешуі:

  1. Еріген зат пен еріткіш массасын табамыз: m= m(ерітінді) ∙ ω

m(NaCl) = m(ерітінді) ∙ ω(NaCl) = 320 · 0,3 = 96 г

  1. Зат мөлшері: n= m/M

M(NaCl) = 23+35,5= 58,5 г/моль

n(NaCl) = m(NaCl) M(NaCl) = 96 г ·/58,5 г/моль = 1,6 моль

  1. Электролиз процесі теңдеулерін жазамыз:

K(-): 2H2O + 2e → H2↑ + 2OH-

A(+): 2Cl- – 2e → 2Cl0 → Cl20

электролиз 2NaCl + 2H2O → 2NaOH + H2↑ + Cl2

  1. Соңғы жинақтап жазылған теңдеу бойынша есептеулер жүргіземіз:

m г х г 1,12 л

2NaCl + 2H2O → 2NaOH + H2 + Cl2

58,5 г/моль 40 г/моль 22,4 л/моль

  1. Сутектің теория бойынша бөлінуге тиісті мөлшері:

n 2) = n(NaCl)/2 = 1,6 моль /2 = 0,8 моль

  1. Реакция кезінде бөлінген сутектің нақты зат мөлшері: n=V/VM

n(Н2) = 1,12 л/22,4 л/моль = 0,05 моль

  1. Сутектің щығымы: η(Н2) = 0,05 моль/0,8 = 0,0625 немесе 6,25%

  2. Реакция теңдеуі бойынша түзілген натрий гидроксидінің зат мөлшері: n(NaOH) = 2n2) = 2 ∙ 0,05 моль = 0,1 моль

  3. Оның массасы: m(NaOH) = n(NaOH) · M(NaOH) = 0,1 моль · 40 г/моль = 4,0 г.

Жауабы: η(Н2) = 6,25%; m(NaOH) = 4.0 г


Cабақтың тақырыбы: Қазіргі зерттеулердегі аналитикалық әдістер


Shape1

Талдау түрлері





Сызбанұсқа-1

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2


Shape6 Shape7 Shape8 Shape9

Функционалдық талдау

Молекулалық талдау

Фазалық талдау

Элементтік талдау




  1. Заманауи талдау әдістерінің кемшіліктері: жоғары сезімталдық, талдауды орындау жылдамдығы, бір уақытта бірнеше көрсеткіштерді анықтау мүмкіндігі, операторсыз автоматты түрде жұмыс істеу мүмкіндігі.

  2. Заманауи талдау әдістерінің артықшылықтары: қызмет көрсететін білікті персоналға деген қажеттілік, қолданылуы қиын жабдықтар, нәтижелердің төмен қолжетімділігі, жабдықтар мен қажетті материалдардың қымбат болуы.

  • Инфрақызыл спектроскопия әдісі – қазіргі таңда кеңінен қолданылатын аналитикалық құрылғы. Оның мынадай қолданыстары бар: молекуладағы функционалдық топтарды анықтау;

толықтай қосылысты оның спектрін мәліметтер қорында жиналған спектрлермен салыстыру арқылы анықтау;

нақты байланыстардан пайда болған жұтылулардың интенсивтілігін өлшеу арқылы белгілі бір қосылыстардың концентрациясын анықтау және есептеу;

өндірістік жолмен алынған химиялық заттардың тазалығын тексеру.

Химик-зерттеушілер функционалдық топтарды анықтау үшін спектрдегі жұтылу позицияларын корреляциялық диаграммамен салыстыра отырып инфрақызыл спектроскопия әдісін қолданады.

  • Инфрақызыл спектроскопия әдісі сондай-ақ белгілі бір байланыстарға тән жұтылуларды бақылау арқылы белгілі бір қосылыстардың бар екенін анықтау үшін қолданылады.

Масс-спектрометрия Оқулық 6 бет.

Масс-спектрометрия – атомдардың, молекулалардың және молекулалық бөлшектердің массасын, сондай-ақ олардың таралымын магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің ауытқуын бақылау арқылы тікелей өлшеуге арналған аналитикалық әдіс.

Масс-спектрометрдің иондану камерасында өндірілген иондардың артық энергиясы болады, бұл олардың фрагменттік иондар деп аталатын кішігірім фрагменттерге ыдырауына әкеледі.

Бұл әдісте қолданылатын құрал масс-спектрометр деп аталады.


Масс-спектрометрдің пішіні иілген түтік тәрізді, оның орталық бөлігі күшті магнит өрісінде орналасқан. Түтік ішінде вакуумдық сорғылар арқылы төменгі қысым сақталады, соның нәтижесінде ауа молекулалары спектрометрде зерттеліп жатқан химиялық бөлшектердің емін-еркін қозғалуына кедергі келтірмейді.

Үй жұмысы: &52 №5-7 7бет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2022
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі