Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі 11 сынып қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі 11 сынып қазақ тілі мен әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Мектеп:

Күні:18.09

Мұғалімнің аты-жөні:Байнабекова К.Е.

Сынып:11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

Т. 11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

А.11.2.5.1 көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:«Пәтер іздеп жүр едік...» мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай біледі. Көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша дубляж жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: «Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша жинақы мәтін құрастырады.

Бағалау критерийі

«Пәтер іздеп жүр едік...» мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтайды. Көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді.

«Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша дубляж жасайды.

«Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша жинақы мәтін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:«Пәтер іздеп жүр едік...» мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтайды. Көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді. «Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша дубляж жасайды. «Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша жинақы мәтін құрастырады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қиын-қыстау, панасыз, жанталас, делдал, жаны ашу

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Пәтер жалдау, делдал, жастардың әлеуметтік жағдайы, жұмыссыздық, аңқау, өтірікші. Талқылауға арналған сұрақтар:

Мемлекет баспана мәселесін шешуге қандай мүмкіндіктер жасап жатыр?

Жүргізіліп жатқан бағдарламалар тиімді ме? Қарапайым халықтың қалтасы баспана алуға жете ме? Не себептідепойлайсыздар?

Елімізде баспанасыз жүрген адамдар неліктен көп?

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы оқу

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік туралы білімдері қалыптасқан

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың

басы 6 мин

2 мин

1 мин




2 мин









2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Сұрақ-жауап» әдісін пайдаланып өткен сабақты пысықтау.

Психологиялықахуал қалыптастыру.

«Шаңырақ» әдісі. Шеңберге жиналады. Әр оқушы бір сөзбен тілек айтып, ортаға бір қадам аттайды. Оң қолдарын алдыға созып, шаңырақ жасайды.

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа арналған суреттер көрсетіледі.

  • Берілген суреттер туралы не айта аласыз?

  • Елімізде баспанасыз жүрген адамдар неліктен көп?

  • Алматыдағы «Жетім бұрыш» туралы естіп пе едің?

  • Қалай ойлайсың, ел арасында бұл орын неліктен солай аталған?

  • Адамдар пәтерді не үшін жалдайды?

  • Қарапайым халықтың қалтасы баспана алуға жете ме?

Осы сұрақтарға жауаптарды қорытындылай келе,оқушыларға бүгінгі жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады (интерактивті тақтада жазылып тұрады), бағалау критерийлеріне талдау жасалады (әр оқушының алдында жатады). Сыныпты мозайка (үйдің пішіні) арқылы 3 топқа бөлемін («Баспана», «Өз үйім», «Пәтерім»).


Сабақтың

ортасы

26 мин

1 мин


3 мин



3 мин



4 мин















5 мин












3 мин










1 мин








5 мин











1мин

1-тапсырма. Тыңдалым алды. Сөздік жұмысы.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен жаңа сөздермен танысады, дұрыс айтуға машықтанады қиын-қыстау– қиындық көріп жүрген ауыр кезең панасыз – қорғансыз, үйсіз, көлеңкесіз жанталас – жан+талас, әрекетету

Тыңдалым. С. Т. Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің желісіне түсірілген «Пәтер» фильмінен үзінді тыңдау.

«Кейс–стади» әдісі. Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау. Оқушылар стоп кадр арқылы үзінді тыңдай отырып, ары қарай не болатынын болжайды.

«Кім жылдам?» Ж. Тыңдалым мазмұны бойынша берілген бес сұрақтың жауабын кестеге жазады.

1.Әңгімеде не мәселе көтеріледі?


2.Жас отбасы не іздеп жүр, іздегендерін тапты ма?


3.Пәтерді кімнің, ненің көмегімен іздеді?


4.Жалға алған пәтерлері қандай?


Дескриптор: ·

  • Тыңдалым үзінділері бойынша әрі қарай оқиға қалай өрбитініне болжам жасайды. ·

  • Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша кесте арқылы тиісті ақпаратты анықтайды

Кері байланыс. Ерекше қажеттілігі бар оқушылардың жанына келіп, пікір алмасамын. Ең бірінші болған оқушы, жазған жауабын дауыстап оқиды

Тыңдалым соңы. ТЖ А) бейнематериалға дубляж жасау,диалог құрастыру. Оқушылардың көпшілігі бейнематериал үзіндісіне дубляж жасайды. Оқушылар топта өзара рөлдерді бөліп дайындалады. Әр топта тайм менеджер уақытты қадағалап отырады. Әртоптың жұмысы бағалау критерийге сай бағаланады.

Дескриптор:

· Бейнематериалдан скриншот арқылы жасалған суреттермен танысады.

· Жаңа сөздердіқолдана отырып диалог құрастырады

· Топтар сынып алдына шығып, дыбыссыз қосылған фильмдегі кейіпкерлерді дыбыстап, сөйлетеді.

Ә) Кейбір оқушылар«Пәтер іздеп жүр едік...» тыңдалым мәтіні бойынша жинақы мәтін құрастырады.

«Жүзіп шығу» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар қашан «жүзіп шығып» (түрегеліп), жауап беретіндерін өздері шешеді. Егер бірден бірнеше оқушы «жүзіп шығатын» болса, онда оқушылар кімнің бірінші болып жауап беретінін өздері шешеді.

Дескриптор:

· Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

· Сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

ҚБ. «Парасатты диалог»әдісі.Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылардың мәтінді болжауға қалай қатысқаны; бейнематериалға диалог құрастырып, дубляж жасағанда оқушылар жұпта, топта қалай жұмыс жасағаны; кейбір оқушылардың жинақы мәтін жазудағы еңбектенулері бағаланады.

2-тапсырма. ТЖ «Елімізде баспанасыз жүрген адамдар неліктен көп?» деген сұрақты талқылайды. Әр топ өз пікірлерін тілдік (вербалдық) және бейвербалдық

элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеп қорғайды.

«Рольдік ойын» әдісі.Тақтада рольдер ілінеді:

Талқылаушы – рольдерді бөліп береді, тақырыпты, негізгі идеясын анықтайды.Спикер – бейнематериалда көтерілген мәселеге өзіндік пікірін білдіреді.

Белгілеуші – бейнематериалда көтерілген мәселе бойынша сұрақ құрастырады. Байланыстырушы - тақырыптағы көтеріліп отырған мәселені осы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.Суреттеуші- мәтіннің мазмұны бойынша шағын сурет салады. Әр топ өз жұмыстарын ортада қорғайды.

Дескриптор:

· Пікір білдіреді

· Көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдықэлементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді.

ҚБ.«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі негізінде оқушылар алдымен топ ішінде өзара, одан кейін топтар бір бірін бағалайды. Жұмыс кезінде әрбіреуінің рольді қалай орындай алғандығы, оқушылардың өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінулері, топтық қарым-қатынас, ынтымақтастық бағаланады.

https://www.soyle.

kz/video/view?id=85

Сабақтың

соңы


7 мин


3 мин




3 мин






1 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына оралу.

«Сұрақ жауап »әдісі

· Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болды?

· Елімізде баспанасыз жүрген адамдар неліктен көп?

· Қарапайым халықтың қалтасы баспана алуға не себепті жетпейді?

· Сен биыл мектеп бітіресің. Болашақта осы мәселеге әсер ететін жұмыс орнында отырсаң, қандай әрекет етер едің?

Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаз.

Бас бармақ— басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе не болды? Балаң үйрек — бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім?

Ортантерек—ойлану.Мен бүгін қандай біліммен тәжірибе алдым? Шылдыршүмек—шынайылық.Сабақ маған ұнады ма?Неліктен? Кішкенебөбек—көңілкүйахуалы.Өзімдісабақтақалайсезіндім?

Үйге тапсырма.Оқулық 22-бет 11-тапсырма. «Әлеуметтік теңсіздік: жастардың баспана мәселесі» тақырыбында шағын мақала жаз.

Мақалада Қазақстан бойынша қандай проблемалар бар екенін статистикалық деректермен, графикалық сызбалармен дәлелдеп жаз.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.00.2023
4472
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі