Материалдар / Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру туралы жалпы мәлімет.Сонымен қатар тиімді платформалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
868
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,

Соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек."

Неміс педагог - дефектолог П.Шуман

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың барлық балаларды, соның ішінде Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  Инклюзивті оқыту – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жалпы білім беретін қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген бірдей теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру жатады. Осы бағыт біздің Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде де балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етуде, сонымен қатар арнайы мамандарда жұмыс жүргізуде екі дефектолог, екі психолог,логопед, әлеуметтік педагог мамандары бар. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

 

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен денсаулық  жағдайына  қарай ұзақ  уақыт  бойы  орта  бiлiм  беру  ұйымдарына  бара  алмайтын  азаматтар  үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиелеу  мен  оқыту  медициналық көрсеткіштерге  байланысты  мүмкін  болмаған  жағдайда  ата-ананың  (немесе заңды  өкілдердің) мүддесін ескере  отырып,  белгіленген  тәртіпте  оқыту  үйде жүргізіледі .

Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім берудің мақсаты мен міндеттері–білім алудың өмір бойына үздіксіздігі, білім сапасы мен қолжетімділігін, соның ішінде қашықтан оқыту арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру қызметтерінің кең спектрін қамтамасыз ету үшін тиімді жағдай жасау тәжірибесін белсенді түрде жүзеге асыру, олардың қанағаттануын жақсартады. Жаңа ақпараттық білім беру технологияларын енгізу және қашықтан білім беру арқылы білім беру бағдарламаларын және осы санаттағы балалардың білімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара

алмайтын  балаларды  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  екі  модель  қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.

Қашықтан оқыту – елімізде жалпы білім беру және арнайы білім жүйесінің құрылымдық жүйесі және ұйымдастыру, әдіс-тәсілдердің елеулі өзгерістерін білдіретін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық балалардың психофизикалық жағдайлары мен даму деңгейіне қарамастан әлеуметтену, тәрбиелеу, білім беру және дамытудың қашықтан электронды әдістерінің  бейімделген жүйесін жасақтауда.

Қашықтан оқытудың негізгі міндеттері:

- ерекше білім бер қажеттілігі бар балалардың білім беру бағдарламалары негізінде жоғары сапалы білім беру;

- қашықтан білім беру тұжырымдамасы мұғалімнің жетекшілігімен оқыту, сондай-ақ қосымша өз бетімен білім алу болып табылады.

Қашықтан оқыту - бұл зерттелетін материалды оқушыға жеткізу үшін ақпараттық технологиялардың жиынтығы, оқу үрдісінде оқушылар мен оқытушылардың интерактивті байланысы, сондай-ақ оқу процесінде зерттелетін материалды дамыту бойынша өз беттілік жұмысы бар оқушыларды қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы техникалық құралдар оқу материалдарын өз қажеттіліктеріне сәйкес оқушылар түзете алатын мүмкіндік береді.  Мысалы, оқушының көру қабілетінде кемшілік болса оқушы материалдағы шрифт түрі мен көлемін өзіне ыңғайлы  етіп үлкейтіп қарауына, суретті қойып немесе орнын ауыстыруына, түсін өзгертуіне, тақырып жазарда өзіне ыңғайлы графикалық символдарды қолдануына мүмкіндік бар. Осылайша, ең қолайлы сипаттамалары зерттелетін материалды  оқушы өзі таңдайды. Тірек-қимыл аппараттары қиындық туындататын оқушыларға ыңғайлы компьютер құралдары қарастырылған, тышқан және клавиатура және т.б. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қашықтан оқыту құралдарының бірі бейнеконференция арқылы
Zoom, Online mektep бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану болып табылады.Zoom, Online mektep бағдарламасында жұмыс жасап отырып,  құжаттарды тең редакциялау мүмкіндігі үшін, мұғалім Google Drive сервисін қолдана алады. Бұл әрекетті орындау үшін, мұғалім жаңа құжат жасайды немесе Word бағдарламасында бұрын құрылған құжатты пайдаланады, оны Google Drive ішіне жүктеп, құжатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді және осы құжат сілтемесін оқушыға жібереді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастырудың  бірнеше әзірлік кезеңдері бар: өңделім, апробация және енгізуді қамтитын  әзірлік сатысы, негізгі қашықтан оқыту жүйесін тікелей қолдану кезеңі, бақылау-бағалау шараларын қамтитын қорытынды кезеңі.

Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері:

- оқушыларға тұлғалық бағытталған оқыту (сабақ және уақыт шектеуі жоқтығы, әр оқушының сақталған әлеуетін қолдана отырып кестеден тыс жұмыстану мүмкіндігі, бала өзінің кемшіліктерінен ұялған жағдайда немесе отбасынан тыс қарым-қатынас жасауға келіспеген жағдайда қашықтан оқыту);

-  технологиялық, өз бетімен, бірақ білімді меңгеру деңгейі бақылатын үдерісте өзара әрекет етудің әртүрлі әдістері, формалары және құралдары;

Үйде оқыту үшін оқу материалының мазмұны оқытудың мемлекеттік стандартын меңгерумен шектеледі. Үйде оқытуды ұйымдастырудың негізгі әдістері: сұхбат, әңгіме, түсіндірме, көрсету, компьютермен жұмыс істеу әдісі, өз бетінше жұмыс, демонстрация, жазба жұмыстары т.б. Үйде оқыту мұғалімнің оқушымен оқу жұмысын ұйымдастырудың жеке формасын басымдылықпен пайдаланумен құрылады, бұл іс-әрекеттің негізі оқушының өз бетінше жұмыс істеуі болып табылады.

Үйде оқыту құралына техникалық құралдар компьютер, үйде оқитын оқушының жеке даму картасын бақылау ЖДБ, оқулықтар, анықтамалық әдебиеттер, диагностикалық әдістемелер жатады. Оқушының білімділігі үйде оқытуды ұйымдастырудың нәтижесі болып табылады.

Үйде  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  жалпы  әдістемелік ұсынымдардың 9-шы пунктінде:

Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда педагогтар командасына және ЕББҚ бар балаларға bilimlend сайтындағы инклюзивтік курстың материалдарын қолдану оның тиімділігін арттырары сөзсіз.Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат.
Психикалық дамуының тежелуі негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi.
Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi алты-жеті жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы  психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!