жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері бақылау Анықтамасы
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері бақылау Анықтамасы
Бақылау мақсаты: ЕББҚ бар білім алушыларға көрсетілетін қолдаудың, оқу процесі мен ортаның бейімделуінің ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкестігін зерделеу.
Бақылау обьектісі : ПМПК қорытындысы бар оқушылар (Жұмаш А., Құрманжан Ж., Бақытжан Д., Сулейман Ф., Қуанышұлы И.);
Педагог-логопед пен арнайы маманның тізіміндегі оқушылар;
Мамандардың (логопед, дефектолог, ассистенттер) жұмыс жоспарлары мен сабақ кестелері;
Оқушылардың жеке даму карталары мен ата-анамен байланыс дәптерлері.
Бақылау түрі: Тақырыптық бақылау.
Құжаттарды сараптау (сабақ жоспарлары, кестелер, хаттамалар);
Түзету сабақтарына қатысу және бақылау;
Мамандармен және педагог-ассистенттермен әңгімелесу.
1. ЕББҚ бар білім алушылардың контингенті
ОПМПК қорытындысы бойынша, зерделеу барысында мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған 2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың сапалық құрамы анықталды:
(Жұмаш Айару-диагнозы: ЗПР с нарушением регулации деятельности Логоневроз
Құрманжан Жансерік-диагнозы: ЗПР органического генеза ОНР І-ІІ уровня
Бақытжан Даниял-диагнозы: ЗПР органического генеза ОНР ІІ-ІІІ уровня
Сулейман Фатима-диагнозы: ЗПР нарушение произвольной регулации деятельности Дислексия
Арнайы мамандар анықтаған оқушылар: Педагог-логопед тізімінде-15 оқушы, арнайы маманның тізімінде-15 оқушы.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың (ППҚ) ұйымдастырылуы
Мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 29.04.2025 жылғы № 92 бұйрығының қосымшаға (ережеге) сәйкес, мектепте мектеп директорының бұйрығымен Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі құрылды. Білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары психологиялық-педагогикалық қолдау процесін ұйымдастырушы және және бақылаушы ретінде, ЕББҚЕ балалардың жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, жеке-дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын жасауға басшылық етті. ЕББҚЕ балалардың даралық ерекшеліктері ескере отырылып,оқыту мен дамытудың біртұтас стратегиясын құрдылды.
№92 бұйрық талаптарына сәйкес мектепте келесі қолдау шаралары іске асырылуда:
Мамандар жұмысы: Педагог- логопед, арнайы маманның жеке-түзету дамыту жоспарына сәйкес , әр оқушымен аптасына 2 рет жұмыс жүргізіледі.
4 Ә сынып оқушысы Жұмаш Айарудың медициналық қорытындысына сәйкес, ротоцизмге артикуляциялық жаттығулар, тұтықпасына дұрыс тыныс алу жатығулары үнемі жүргізіліп отырады.
1 А сынып оқушысы Құрманжан Жансеріктің сөздік қоры шектеулі болғандықтан, сөздік қорды байыту және белсендіруге арналған түзету-дамыту сабақтары жүргізіледі. Аталған қорытындымен мектепте оқитын оқушылардың көп жағдайда сөйлемдері қысқа және грамматикалық қателер көп болады.
3 Ә сынып оқушысы Бақытжан Даниялға ұсақ моториканы дамыту сабағы жүргізілді. Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындады.
4 В сынып оқушысы Сулейман Фатимаға жоспарға сай аптасына жеке екі рет, сабақ кестесі бойынша сабақтар өтілді. суреттердің айырмашылығын табу, тиісті түстерге бояу, оқу жылдамдығын анықтау, әріптерді тану және оқу дағдыларының меңгерілу деңгейі, артикуляциялық жаттығулар т.б. жұмыстар жүргізілді.
Диагностика: Оқу жылының басында диагностика жүргізіліп, оқушылардың сөйлеу моторикасы мен грамматикалық құрылымының деңгейлері анықталды.
Педагог-ассистенттердің қызметі: педагог-ассистенттер Сайлау Ф., Кенжеханова С., Сағымбекова Ф., Бершімбекова А. бекітілген оқушыларға (Бақытжан Д., Жұмаш А., Сулейман Ф., Құрманжан Ж.) сабақ барысында жеке қолдау көрсетеді. Олар оқушының эмоционалдық күйін бақылай отырып, олардың болашақта өз бетімен жұмыс жасауына үйретеді.
3. Оқу процесі мен ортаның бейімделуі
Жеке тәсіл: Педагог-ассистенттер мен пән мұғалімдері бірлесе отырып, оқушының жеке оқу қарқынына қарай көрнекіліктер мен нұсқаулық карталарды қолданады.
Кері байланыс: Ата-ана мен ассистент арасындағы «Байланыс дәптері» жүйелі жүргізіледі. Бұл оқушының үйдегі және мектептегі даму динамикасын салыстыруға мүмкіндік береді.
Әдіс-тәсілдер: Сабақтарда саусақ моторикасы, логоритмика және сенсорлық үзілістер элементтері қолданылады.
4. Анықталған мәселелер мен кемшіліктер
Кейбір оқушылардың (Құрманжан Ж., Сулейман Ф.) дыбыс айту деңгейі мен оқу техникасы әлі де тұрақты түзетуді қажет етеді.
Оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларында (жұптық ойындарға қатысу) қиындықтар сақталуда.
5. Қорытынды және ұсыныстар
ППҚ қызметіне: №92 бұйрыққа сәйкес, әр баланың жеке даму картасын толықтыру және түзету жұмыстарының аралық динамикасын нақтылап отыру.
Педагог-ассистенттерге:
Сайлау Ф.: Бақытжан Даниялды жұптық ойындар арқылы әлеуметтендіруді күшейту.
Кенжеханова С.: Жұмаш Айарумен оқыған мәтін бойынша кері байланыс жасау (сурет салу, баяндау) әдістерін жиілету.
Сағымбекова Ф.: Сулейман Фатимаға дерексіз ұғымдарды нақты заттар (таяқшалар, схемалар) арқылы түсіндіруді жалғастыру.
Бершімбекова А.: Құрманжан Жансеріктің ортаға тез бейімделуі үшін сыныптағы белсенді оқушылармен «тәлімгерлік» байланысын орнату.
Пән мұғалімдеріне: ЕББҚ бар балалар үшін тапсырмаларды саралау кезінде тек көлемін азайтып қана қоймай, оқушының қабылдау ерекшелігіне қарай (визуалды, тактильді) мазмұнын бейімдеу.
Жеке оқу бағдарламаларын (ЖОБ) оңтайландыру: №92 бұйрық талабына сай, ПМПК қорытындысы бар 5 оқушының (Жұмаш А., Құрманжан Ж. және т.б.) жеке оқу бағдарламаларын оқушының тоқсандық динамикасына қарай қайта қарап, күрделілік деңгейін реттеп отыру.
Мультипәндік топ жұмысын күшейту: Ай сайын педагог-ассистент, пән мұғалімі және арнайы мамандардың қатысуымен «кейстерді талқылау» (case-study) отырыстарын өткізу. Мұнда оқушының тек оқуы емес, әлеуметтік бейімделуі бағалануы тиіс.
Материалдық-техникалық базаны нығайту: ЕББҚ бар балалардың диагнозына сәйкес (дислексия, дисграфия) түзету кабинеттерін заманауи сенсорлық құралдармен және дамытушы ойыншықтармен толықтыру.
ІІ. Пән мұғалімдеріне (Сынып жетекшілерге)
Тапсырмаларды саралау (Differentiation): Сабақ барысында ЕББҚ балаларға жалпы сыныпқа берілген тапсырманың көлемін ғана азайтып қоймай, оның мазмұнын жеңілдету (мысалы: мәтінді жазу орнына тірек сөздерді қою немесе суретпен сәйкестендіру).
Бағалаудың икемділігі: БЖБ және ТЖБ жұмыстарын өткізу кезінде баланың ерекшелігін ескеріп, уақытын ұзарту немесе тапсырма формасын өзгерту (жазбашаны ауызшаға ауыстыру).
Инклюзивті мәдениет қалыптастыру: Сынып ұжымында ЕББҚ балаларға деген мейірімділік пен төзімділікті арттыру мақсатында «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» атты тәрбие сағаттарын жүйелі өткізу.
ІІІ. Педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік ұсыныстар
Әлеуметтендіру (Сайлау Ф. мен Бершімбекова А.-ға): Бақытжан Даниял мен Құрманжан Жансеріктің басқа балалармен қарым-қатынасын нығайту үшін «Жұптық жұмыс» әдісін жиі қолдану. Баланы сыныптан оқшауламай, керісінше топтық ойындардың «басты рөліне» тарту.
Визуалды қолдау (Сағымбекова Ф.-ға): Сулейман Фатима үшін абстрактілі ережелерді визуалды карталарға, пиктограммаларға айналдыру. Күнделікті сабақ кестесін суреттер арқылы бейнелеп, партасына іліп қою.
Коммуникацияны дамыту (Кенжеханова С.-ға): Жұмаш Айарудың сөйлеу тілін дамыту үшін «Сөйлейтін суреттер» әдісін қолдану. Әр оқыған ертегісінен кейін балаға кейіпкердің іс-әрекетін қимылмен көрсетуді тапсыру.
ІV. Ата-аналармен жұмыс бойынша
Үйдегі түзету ортасы: Ата-аналарға баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін үйде жасалатын қарапайым жаттығулар жинағын (құммен, моншақпен жұмыс) ұсыну.
Эмоционалдық қолдау: Ата-аналарға баланың кішкентай жетістігін (мысалы, бір дыбысты дұрыс айтуы) үлкен жеңіс ретінде бағалап, ынталандырып отырудың маңыздылығын түсіндіру.
Кері байланыс сапасы: «Байланыс дәптерін» тек ақпарат көзі емес, баланың даму динамикасын талдау құралы ретінде пайдалануды жалғастыру.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген