жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың.docx
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың
ата- аналарына арналған сауалнамалар жүргізу.
Ата –аналардан балалары туралы ақпарат алу
Педагог-дефектолог:
2021-2022 оқу жылы
Ерекше білім беруді қәжет ететін оқушылардың
ата аналарына арналған сауалнамалар жүргізу.
Ата –аналардан балалары туралы ақпарат алу бойынша
жүргізілген жұмыс туралы
Баяндама
Күні:06.09.2021ж
Жүргізген:
Мақсаты: Ата аналардан балалары туралы мәлімет алу және балаға қаншалықты жақсы көңіл бөлетіндігін білу. Балаға қолайлы орта тудыру арқылы, баланың дамуына жан жақты ықпал ету, білім алудағы қиындықтарды жеңуге және қоршаған ортаға бейімдеуде ата-анамен мектептің ортақ жұмыс жасауы.
Жоспар:
1.Ата-аналармен амандасу, жиналыстың мақсатымен таныстыру.
2.Ата-аналарға сауалнама жүргізу.
3.Ата –аналардан оқушы туралы ақпарат жинау. Әңгіме жүргізу.
4. Оқушымен психологиялық-педагогикалық қодау қызметінің жүргізілуіне ата ана келісімін алу
Қатысқандар: 5 ата ана қатысты
Жұмыс барысы
1.Салеметсіздерме құрметті ата-аналар қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиналысқа уақыт бөліп келгендеріңіз үшін рақмет.
Бүгінгі жиналысымызда сауалнама жүргізіліп бала туралы толығырақ ақпарат алатын боламыз және бала тәрбесі туралы кеңес берілетін болады.
Олай болса сауалнама сұрақтарымен танысып шығып жауаптарыңызды жазыңыздар.
Ата- аналарға арналған сауалнама.
Құрметті, ата-аналар ұсынылатын сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. бұл мектеп мамандары мен мұғалімдердің балаларға оқытуды ұйымдастыру мен көмек көрсетуді жақсартуға септігін тигізеді. мінез-құлықтың (дамудың) бірде-бір белгісін өткізбей, крест қою немесе ұсынылған төрт жауаптың бірін сызу қажет. егер маңызды деп санасаңыз, бала туралы қосымша ақпарат жазыңыз.
1. Сіз өз балаңыздың дені сау, мықты, шыдамды, мектеп жүктемелерімен күресуге қабілетті деп санайсыз ба?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
2. Сіз оның есту, көруі қалыпты деңгейде дамығанына сенімдісіз бе? (егер ауытқушылық бар болса, онда есту, көру немесе сөйлеу тілін белгілеңіз)
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
Қосымша ақпарат (Денсаулығында қандай ауытқушылық бар қысқаша):
3. Сізді уайымдататындай мінез-құлқында қандай да бір ауытқу бар ма: қимылының шектеулігі немесе тежелуі, уайымға бейім, ашушан- дық, шулы, ыстықты көтере алмау, жылауық, негізсіз қорқыныш және т.б.?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ Қосымша ақпарат: (қандай белгілер қысқаша)
4. Сөйлеуді түсінуде немесе өз сөйлеу тілінде қиындықтар бар ма: дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтпайды, сөйлемдерді құра алмайды, қайта айта алмайды (керегінің астын сызу керек).
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
5. Бала өлеңдерді, ертегілерді немесе әңгімелерді, ауызша тап- сырмаларды, әріптерді немесе сандарды жақсы есте сақтай ала ма?(қажеттісінің астын сызу: өлеңдер немесе әріптер)
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
6. Оқуды тыңдағанда, сурет салғанда, теледидарды көргенде бала ынталы және мұқият бола ала ма?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
7. Бала жұмыс барысында қалай тез шаршайды, ол ұйықтайды ма?
да.
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ сәйкес келетінді сызыңыз:
- Ұзақ уақыт жұмыс істей алады (30 минуттан артық), тіпті ол ұнамаса
- Оған ұнайтын нәрсемен ғана ұзақ уақыт айналыса алады
- тіпті егер ол ұнаса да, онымен ұзақ уақыт айналыса алмайды
-Ұзақ отыра алмайды
8. Оны епті деп атауға болады ма? Сурет салуды, мүсіндеуді,
қайшымен жұмыс істеуді, баспа әріптерімен жазуды біледі ме? Өзі бауды байлауды, түймелерді тағуды, секіруді, велосипед тебуді, доппен ойнай ала ама? (қайсысын жасай алатынын сызыңыз: сурет салуды немесе тағуды)
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
9. Бала өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген бе (киіну, шешіну, ұқыпты түрде сақтау мүмкін бе)? Ол ойыншықтарды, заттар- ды жинауға үйренген бе?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
10. Сіздің балаңыз өте жауапты деп айтуға бола ма? (тапсырмалар туралы ұмытпайды, оларды уақытында орындауға тырысады).
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
11. Бала ересектермен, басқа балалармен, қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын ұстана ма?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
12. Бала мектепке барғысы келеді ме?
1) иа 3) иа дегеннен гөрі жоқ
2) жоқ дегеннен гөрі иа 4) жоқ
13. Сіз табысты оқыту үшін балаға көмек қажет деп ойлайсыз ба? (қайсысы дұрыс деп санағанды сызыңыз). 1) Жоқ, мамандардың көмегіне мұқтаж емес
көмекке мұқтаж:
1) психолог
2) педагог-дефектолог
3) логопед
4) тьютер (жеке көмекші)
14. Сіздің ойыңызша, сыныпта табысты оқу үшін балаға қандай жағдай жасау керек?
- ерекше немесе арнайы жағдайларға мұқтаж емес
-Қажет:
1) жеке көмек және сабақ барысында мұғалімнің көмегі
2) бірінші парта да отыру
3) сабақ ортасында демалуға уақыт беру
4) жеке сұрақ, жеке тапсырма Қосымша ақпарат:
баланың күшті жақтары:
баланың әлсіз жақтары:
Ата-ананың аты-жөні _____________________________________
2.Ата-аналарға дефектолог мұғалімнің психологиялық кеңесі
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
3. Қүрметі ата-аналар сұрақтарыңыз болса қойсаңыздар?
4. Балаларымыздың қалыпты дамуында бір болып ат салысайық! Осымен жиналысымызға бөлінген уақытта аяқталды, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет сау болыңыздар!
Ата аналармен жұмыс
«Менің балам» тақырыбында ойын тренинг
Дефектолог:
Логопед:
2020-2021 оқу жылы
Хаттама
«Менің балам» тақырыбында ойын тренингі өткізілгендігі туралы
Күні:16.11.2020ж
Жүргізген:Мұғалім дефектолог :
Мұғалім логопед :
Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі мектеппен отбасының ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез құлқы бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, педагогтер арасындағы өз ара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Жоспар:
1.Ата-аналармен амандасу, жиналыстың мақсатымен таныстыру.
2.Ойын шарттарымен таныстыру.
3.Ойын барысы.
3.Ата –аналарға психологиялық кеңес беру.
Қатысқандар: 6 ата ана қатысты
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі мектеппен отбасының ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Баршамызды бал тілімен баурайтын.
Бала деген бір бақытқой самғаған
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Логопед: Атамыз қазақ
«Бала – адамның бауыр еті»
«Балалы үй - базар» - дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс бере гүлі. Ал біз қазіргі уақытта жұмыс бастылықпен балаларымыздың іс-әрекеті, мінез-құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл-күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе? Балаларымыз қалай өсіп келеді? Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрмекке ортамызға бір топ ата-аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар
Логопед: Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс-шараларға қарағанда өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңыздың өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңізде мүмкін. Ендеше іске сәт дейік. Берілген смайлингтерге өздеріңіздің қандай көңіл-күймен келгендеріңізді белгілеп шығыңыздар.
Бүгінгі «Менің балам»! осы тақырып төңірегінде бас қосып отырмыз.
І-кезең «Менің балам»
ІІ-кезең «Емтихан»
ІІІ-кезең «Жедел тест»
ІV-кезең «Бала тілі-бал»
V-кезең «Сахнада самғаймыз»
VІ-кезең «Алтын балыққа тілек»
Логопед: 1 кезеңіміз «Менің балам» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балалаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпен- кезек «Менің балам ....» деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр-сипатындағы ерекшеліктері туралы баяндау ұсынылады. Дайын болсақ бастайық!
Логопед: Әңгімелеріңіз үшін рахмет! Өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Деседе сіздерге кішкентай ғана емтихан ұйымдастырған едік, тамашалап көрсек...
Дыбыстар жазылған өз балаларыңызды дөп танып айтып бересіздер... (Ата-аналар жауабы).
Логопед: Жауаптардың дұрыс бұрыстығына көз жеткізейк Логопед ретімен оқыйды.(Логопед қорытындысын шығарады.)
Логопед: ............. отбасы өздерінің алғашқы ұпайларын жинап та үлгерді. Байқап отырғандарыңыздай әрбір дұрыс жауап үшін қоржындарыңызға 1 ұпай қосыла береді, тиісінше бұрыс жауапқа ұпай берілмейді.
Логопед: Келесі кезең «Жедел тест» деп аталады.
-
Балаңыздың ең тәтті қылығы не?
А) күлгені ә) ренжігені б) сұрағаны
2) Балаға пайдалы тағам не?
А) нан ә) сүт б) конфет
3) Балаңыз күнделікті сабақ орындауы қалай жүреді А) өз еркімен ә)ата-ана көмегімен б) әр түрлі
4) Балаңыз уйде еркін сөйлей алама?
а)ия ә)жоқ б) ар түрлі
6) Балаңызға көбіне неден жасалған ойыншықты көбірек әперер едіңіз?
А) темірден ә) қағаздан б) ағаштан
5)Балаңыздың тілі неше жаста шықты?
а)2-3 ә)3-4 б)4-5
6)Балаңыз осы кезге дейн ауыр жарақаттар алған жоқпа?
а) алды ә)алған жоқ б) шошынып немесе қорққан кездері болды
7)Балаңыз уйде еликтеп әр турлі дыбыстар салама?
а)ия ә)жоқ б)кейде
Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы, көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «Ашу – дұшпан, ақыл - дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.
Логопед: Сәл серігіп қалдық. Енді ойынымызға қайта оралайық. Сізбен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптастыру үрдістерін тереңірек түсіну аса маңызды. «Бала тілі - бал» атты келесі кезеңде бүлдіршіндеріміз бал тілдерімен жұмбақтар жасырады, сіздер кезек күтпестен шешімін табуларыңыз керек.
Логопед: Тілдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрістерін өсіру мақсатында балаларымызбен жиі-жиі жұмбақ , жаңылтпаш, тақпақ жаттауға, күнделікті сөйлесіп тұруға кеңес береміз.
Логопед: кезеңдер бойынша: __________________ отбасы _____ ұпай жинады. Құттықтаймыз!
Логопед: Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуға тәжірибелеріңіздің бар-жоқтығын «Сахнада самғаймыз» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конверт салынған «Бауырсақ» ертегісі кеіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз қалауларымен таңдап алуды ұсынады).
Логопед: Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс-қимылдарын нағыз әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар.
Назарымыз сіздерде!
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы.
Логопед: Барлығыңыздың да ұпай қоржындарыңыздың тағы да 1 ұпайға толығуымен құттықтаймыз!
Логопед: Бүгінгі басқосуымыз аяқталыпта келеді. Сөз соңында сіздерді тағы да ғажайыптар әлеміне шақырсам деймін. Егер сіздің қармағыңызға алтын балық ілініп, ең маңызды, ең, ең, ең.... деген жалғыз ғана тілегіңізді орындааймын десе, қандай тілек тілер едіңіз? Алтын балыққа тілек. (Барлық ата-аналар жауабы).
Логопед: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын!
Бүгінгі басқосуымыздың нүктесін қойып, Қорытынды сөз. Жениске жеткен ата-ананы марапаттап сөз берейк.
Ата аналармен жұмыс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген