жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды түзетудің тиімділігін арттыру жолдары»
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды
түзетудің тиімділігін арттыру жолдары»
Кажимгалиева Клара Умирзаховна
№5 Құрманғазы ауданының психологиялық–педагогикалық түзеу кабинетінің дефектолог мұғалімі
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар(тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктеріескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде мүмкіндігі шектеулі балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы шілденің 11-ндегі №343 Заңында мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау мен олардың құқықтарын қорғауда жаңа принциптік бағыт белгіленді. Заңның 3-ші бабында «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі» деп көрсетілген. Заңның негізгі мақсаттарының бірі «туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастаған (туған кезден) анықтау». Ал Заңның негізгі принципі ретінде «балалардың қабілеттерінің шектелу дәрежесіне, жасына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол жеткізуін және тең құқықтылығын» атап өтуге болады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жолдауында.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады.
Мұғалім-дефектолог – бұл өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның ролі, адамның құндылығы мен қажеттілігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру әрекеті маңызды. Мұғалім-дефектологтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың орны мен олардың қоғамдағы ролін белгілеуге бағытталады. Маман иесінің оптимистік көзқарасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдағы белсенділігін айрықшалауда нақты байқалады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби-тәжірибесі түрлі ұжымдағы оқушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, студенттер, жастар тобы, конфессионалдық және қоғамдық ұйымдардағы кәсіби біліктілікпен ұйымдастырылған әрекетті қамтамасыз етеді.
Мұғалім-дефектологтың кәсіби, іскерлік құзіреттілігін айқындаушы қызмет түрлері мыналар: дамудағы кемшілікті алдын алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес беру, арнайы педагогикалық ағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғары оқу орнында немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы педагогика ғылымының шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім-дефектолог өзінің міндетті қызмет түрімен шектелмейді, себебі оның кәсіби әрекеті әлеуметтік қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуды, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен өмірін қорғауды қажет етеді. Мұғалім-дефектолог өмір бойы оқумен, үйренумен шыңдалады. Тәжірибе барысында кәсіби шыңдалу әрекетін ұйымдастыру кезінде өзінің әріптестерімен, ата-аналармен, ұжым мүшелерімен өзінің жеке кәсіптік тәжірибесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қабілеті мен кәсіби мүмкіндіктерін арттырып отырады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби әрекеті адамның денсаулығы мен жалпы жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын да анықтайды. Соған байланысты мамандық таңдауда денсаулығында қандай да бір жағымсыз жағдайлар болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі түрлі аурулар, есту, көру, сөйлеу органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби әркетін шыңдауға кедергі болатыны анықталған. Арнаулы мамандар, соның ішінде логопедтер анық, таза, мәнерлі сөйлеулері тиіс. Мұғалім-дефектолог үшін ең қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік, жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің жұмысына деген қызығушылықтың жоғарылығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруге деген қызығушылықтарын арттыра білу, оқушылар мен тәрбиеленушілерге жылы жүрегін ұсына білу, кәсіби шындықты қалайтын сыйластық қажет.
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Олар аутизм, психикалық дамуының тежелуі, инфантилизм, жүйке жүйесінің бұзылуы, энурез сияқты түрлі аурулармен ауырады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:
-
баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;
-
мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;
-
өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).
Балалардың психикалық дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға қалыс қалған баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбеюіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:
-
сабақ процесінде жай қосылады;
-
оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;
-
берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;
-
оқу мен жазуы баяу;
-
оқыған мәтінді түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды.;
-
есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;
-
тез шаршағыш;
-
сыныптастарымен аз араласады;
-
өз ойын анық айта алмайды.
Мақсаты: ПДТ балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалардыңтүрлі сырқаттардың салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларының себептерін, белгілерін, құрылымын мезанизмдерін зерттей отырып, анықталған кемістіктерді түзету, жетілдіру, толтыру жолдарын, әдістерін, амалдарын іздену және орнын тәжірибеге енгізу. Сөздік қорын молайту, көрнекті сюжетті суреттер мен ертегілер арқылы әнгімелеуге дағдалындыру. Зейін тұрақтылығына арналған жаттығулар арқылы зейінін шоғырландыру. Сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Өлшем бірліктері мен бағыт-бағдарлауға үйрету. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәжірибелік бақылаудағы баланың жасы: Н.А. – 3 те.
Аңғарымы: Балалар сал ауруы, спастикалық диплегия. Энцефалопатия, церебралды органикалық психикалық дамудың тежелуі. Сөйлеу тілі дамымауының 3-деңгейі.
Баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу
|
Баланың заттық ойын әрекетінің дамуы |
||
|
Тексеріс барысында қолданылған көрнекілік құралдар |
Мақсаты |
Баланың тапсырманы орындауы |
|
Машина, екі сақиналы пирамида, қарындаштар, пошта жәшігі, тұрмыстық заттар (кесе, қасық, сүлгі) Жұмсақ ойыншықтар (Қоян, күшік) дәрігер Айболит |
Заттық ойын әрекетінің дамуын, ережеге сай ойын ойнау дағдысын және заттық іс-әрекеттерін анықтау |
Тұрмыстық заттарды құрал ретінде пайдалана алмайды. Ойын әрекеттерін қайталай алмайды. Заттарды еркін әрекет барысында қолымен шамалы ғана қозғалтады, қарындашты ұстай алмайды. Сюжеттік және рөлдік ойынға кіріге алмайды, күле береді. |
|
Танымдық әрекетінің дамуы
|
||
|
Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ, куб геометриялық пішіндер. Қызыл, сары, көк түсті доптар, шарлар. Ата-анасының суреті. |
Пішіндер мен түстерді ажыратуын анықтау. Көріп қабылдауымен зейінін анықтау. Баланың қоршаған адамдар туралы түсінігін анықтау. |
Заттарды көлемі бойынша және түстерді ажырата алмайды. Өзінің атын атағанда қарамайды, ересек адам өзіне қарап сөйлегенде көз арқылы қатынасқа түспейді, өзінің дене мүшелерінен басы мен қолын көрсетеді. Суреттегі ата-анасын таниды. |
|
Сөйлеу тілін түсінуін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту |
||
|
Ойыншықтар (қуыршақ, машина, қоян) Сюжетті суреттер. (сүт, тоқаш, кәмпит) |
Сөйлеу тілінің түсінуін анықтау Сюжетті суреттер арқылы көріп қабылдауын анықтау |
Қуыршақты бер, ал, машина қайда? қоянды көрсет? деген сөздерге жауап бермейді. Сурет арқылы тамақ түрлерін көрсеткенде бала ым-ишарат арқылы (ням-ням) дыбыстар шығарды. |
Баланы зерттеуден кейінгі тұжырымдама:
Баланың зейіні щоғырланбаған бір заттан екінші затқа қарай алмасып отырады. Қоршаған орта, өзі, жанұясы туралы түсінігі қалыптаспаған, сюжетті суреттерді көрсеткенде бұрылып немесе зейін қойып қарамайды, сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдары қалыптаспаған. Сөздік қоры аз, түсініксіз тез сөйлейді, байланыстырып сөйлей алмайды, отбасы мүшелерін суреттер арқылы көрсеткенде бала бетіңе қарап күледі, есту, еліктеу әрекеттері қалыптасқан, ойыншықтарды көрсеткенде бала қолын созды, сылдырмақты сылдырлатқанда басын көтеріп қарады, қол қимылдары әлсіз, заттық әрекеттері толық қалыптаспаған, ойыншықтарды қолына дұрыс ұстай алмайды, қолын қысуды, көтеруді алға немесе артқа созуды білмейді. Бала өздігінен жүре алмайды, анасының көмегімен ғана еңбектеу арқылы қозғалады, отыра алмайды.
Логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде логопедке жіберіледі.
Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді.
Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсе-тіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. Сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі.
Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. Мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. Мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады.
Баланың даму ерекшелігіне қарай жеке дамыту бағдарламасы құрылды:
1-кезең.
|
Мақсаты |
Міндеті |
|
Танымдық әрекетінің алғышарттарын дамыту |
|
|
Сенсорлық дамуы |
|
|
Көріп қабылдауы мен зейінін дамыту. |
Үлкендермен көз қатынасын орнатуға ынталандыру: көз бен ауызға қарауға үйрету. Қайда? деген сұраққа жауап беруді үйрету: өзін табу, өзіне таныс адамдарды суреттер арқылы табуға үйрету. Таныс заттар мен ойыншықтарын бейтаныс заттар арасынан ажыратуды үйрету! (Доп қайда?). |
|
Естіп қабылдауы мен зейінін дамыту. |
Дыбыс пен дауысқа реакциясын шақыру. |
|
Есту зейінін дамыту. |
Үлкендердің дауысын, ойыншықтың сыңғырын және музыкалық аспап сылдырын тыңдауды үйрету. |
|
Айналамен таныстыру. |
|
|
Баланың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру. |
Өзінің атын атағанда қарауға үйрету. Баланың өзінің дене мүшелері туралы түсінігін қалыптастыру. |
|
Қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру. |
Қоршаған орта заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.). |
|
Сөйлеу тілі мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту |
|
|
Сөйлеу тілін түсінуін дамыту Қарым-қатынас дағдылары мен белсенді сөйлеуін дамыту. |
«Мысық, қоян қайда?» деген сұраққа көзінің алдындағы ойыншықты көзімен табу және көрсетуді үйрету. Тұрмыста жиі қолданылатын заттардың (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) атауларымен таныстыру. Тұрмыстық және ойын әрекетін білдіретін сөздердің (бер, ал, шеш, жап) мағынасын түсінуге үйрету. Тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету: «табақты бер», «қуыршақты алып бер» Баланың айтқан дыбыстарын «қосылып» айту. Сөздерді айтуға талпындыру.
|
|
Жалпы қол қимылдарын, ұсақ моторикасын дамыту |
|
|
Жалпы қол қимылдарын, ұсақ моторикасын дамыту. Күш салатын әрекеттерді дамыту. |
«Сау бол» деп қол бұлғауға, қарындашты ұстауға, сызуға талпындыру. Заттар мен күш салатын әрекет жасауға үйрету; сырғыту, итеру, иқысу, басу, тарту, шымшып алу. Заттарды сұқ саусағымен көрсетуге талпындыру; Кәмпиттің қабығын аршуды үйрету. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген