Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларментүзету-дамыту жұмыстарын жүргізудегі ойынның маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
өз ойымен бөлісуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізудегі ойынның маңызы.


Бүгінгі таңда алдымызда тұрған міндеттердің бірі – ешкімді қалыс

қалдырмай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы білім алу

қажеттіліктері бар балаларға да бірдей сапалы білім беруді қамтамасыз

ету. Қазақстанның ашық азаматтық қоғам ретінде тұрақты даму шарты –

балалардың өмір сүру құқығын және «Балалар құқығы туралы

Конвенцияда» көрсетілгендей, олардың өз мүмкіндіктерін толық

дамытуын қамтамасыз ету және барлық балаларға бірдей мүмкіндіктер

беру, оларды әлеуметтік әрі құқықтық қорғау болып табылады.

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер

болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, өзгерді. Жаңа талпыныс –

білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы болып отырғандықтан, белгілі бір

көлемдегі білім-білік дағдыларды меңгертумен бірге қоршаған орта

туралы түсініктерін кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты

дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда

оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру

мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Тәрбие процесінің негізгі әдістерінің бірі ойын болып табылады. Бала

ойынының қызметі оның психикалық ерекшеліктерімен айқындалатыны

Л. С. Выготскиийдің, С.Л. Рубинштейннің, Э.Б. Элькониннің және басқа

да ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілген. Ойын баланың оқуға, еңбекке

деген белсенділігін арттырады. Бала ойын үстінде өзіне ұнаған адамның

іс-әрекетін еліктеп қайталайды, сол адамға ұнағысы келеді. Бала өмірде

көрген, білгендерін ойын арқылы айқын бейнелейді. Ойын сырттай

қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оңай тәрізді көрінуі мүмкін, ал іс

жүзінде бала үшін ойынға қатысу, басқа балалармен тіл табысу, өзінің

ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Әсіресе ақыл-ой дамуы артта

қалған балаларды айта кеткен жөн.

Ойын – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қоршаған ортаны тану құралы

ретінде ерекше қажет. Осыған байланысты ойын арқылы тәрбиелеудегі

негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі әрбір баланың ойын тәжірибесін

байыту, сонымен қатар оның дамуына ойын арқылы әсер етуін

жоғарылату керек. Кей кезде тәрбиешілер мен мұғалімдер ойынның

маңызын бағаламай жатады. Бірнеше рет қайталаумен, жаттап алу

арқылы балаларды жазуға, есептеуге және т.б. іс-әрекеттерді орындауды

үйретуге тырысады. Мүмкіндігі шектеулі балалардан шыдамдылықты

талап етеді. Ойын арқылы балалармен ойнау деген сөздердің астарын

балалардың ойнай алу мүмкіндігі деп түсінеді. Мысалы, оларға ойнауды

ұсыну, рөлді бөліп беру, ал өздері сырттан бақылап отыру немесе сайыс

ойынын ұйымдастырып, сол ойында әділ төреші болып отыру.

Мұғалімнің міндеті белсенді, өз бетінше ойнау іс-әрекеті үшін жағымды

жағдай жасау болып табылады. Ойынның бірнеше түрлері бар. Олар

саусақ ойындары, сюжеттік – рөлдік, драматизация, дидактикалық,

қозғалмалы ойындар. Бұл ойындар баланың ақыл-ойын дамуының негізгі

фундаменті болып табылады. Өйткені ол тек сипап – сезуді ғана

дамытып қоймай, сондай – ақ қабылдау, қозғалыс, ойлауды және ұсақ

қимылдарды, жалпы моторлы аймақты дамытады. Сюжеттік-рөлдік

ойындар көрініс сипатында болады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың

сюжеттік – рөлдік ойынын дамыту үшін жағдай жасау дегеніміз олардың

әлеуметтік орта туралы көріністерін байыту, көптеген жағдайлардың

қатысушы ету, қызығушылығын арттыру болып табылады. Балалар

бұндай әсерлі саяхат кезінде, суреттер,кинофильм көру кезінде, кітаптан

немесе мұғалімнің әңгімесінен алады. Сюжеттік-рөлдік ойындарда

мүмкіндігі шектеулі балалардың әсіресе монологтық, диалогтық сөйлеу

тілі, қиял, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Балалармен жүргізілетін ойын түрлері:

Ұсақ моториканы, қөздің көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді

дамытатын ойындар. «Өзіңнің ойыншығыңды тап», «Не өзгерді?», т.б.

Қол қимылдарының еліктеуі, қол саусақтарының дамуы қол білезігінің

қимылын дамыту. «Поезд», «Қояндар», «Допты домалат», «Кім шапшаң?»

Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар. «Дүкен»,

«Лото», «Өзіңнің жұбыңды тап», т.б.

Есте сақтау пішін туралы түсіну. «Біл және есте сақта», «Ұқсасын тап»,

«Суретті жаса» (сеген тақтасының үлгісіне қарап)

Түзету – дамыту ойындары арқылы күтілетін нәтижелер:

бала бойындағы ішкі қысымды жеңуге үйретеді;

«Мен» бейнесі ашылады;

есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіреді;

қарым-қатынастың жоғарғы деңгейін меңгереді;

шығармашылық қабілеті дамиды;

бала өзін –өзі басқаруды үйренеді;

баланың жеке мүмкіншіліктері анықталады, бейімділік қасиеті оянады;

қиындықтарды жеңе біледі;

қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделеді;

мүгедектіктің ауыр түрінен сақтандырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін түрлі ойындар мен жаттығу жұмыстары:

ырықты назар аудару мен қабылдау дағдыларын дамытуга;

логикалық және бейнелі есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, есте

сақтау қабілетінің көлемін кеңейтуге;

байланыстырып және бір жүйелілік іс-әрекетін қалыптастыруға;

аналитикалық – синтетикалық іс-әрекеттерін дамытуға мүмкіндік

беретін тәрбие процесінің маңызды әдістерінің бірі.

Қорыта айтқанда, баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуі, денесінің

дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Қазақ

халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала

бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Түзету ритмикасы» А. А. Айдарбеков, Т. Ж. Есенжолова, Алматы, 2005ж

«Дидактические игры и упражнения в обучении умственно - отсталых

дошкольников» Москва «Просвещение», 2014г

«Развиваем мышление» Москва,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12