Материалдар / «Ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2019
630
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

-

Түркістан облысы. «Әдістемелік орталығы» арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша әдіскері М.Мусабаева. «Ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері»Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағ-дайларды жасау жолымен жүзеге асырылады. Кемтар балалардың ойлау ерекшеліктері. Кемтар балалардың ойлау операцияларының кімістігін көптеген экспиременттер нәтижелері дәлелдейді. Кемтар балалар заттарды салыстыруда олардың ұқсатықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударатының айтады. Көмекші мектептердегі мұғалімдердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі кемтар оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік – қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендегі, бұл оқу процесіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді. Көп жағдайларда мағынасына бойламайды, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан ережелерді білуді қажет ететін пәндер – арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді. Балалардың ойлау қабілеттерін зертеуде балалардың арифметикалық есептерді шешуде әрбір жаңа есепті өзі білетін бір ғана жолмен тырысатының көрінеді. Келесі бір кемшілік түрі – ойлаудағы реттеушілік рөлдің әлсіздігі. Яғни бала өзі меңгерген ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінші қолдана алмайды. Мұғалім үшін қиындық туғызады. Кемтар балалардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер. 3-4 жастағы сау балада біраз сөздік қор жинақталады, белсенді сөйлеу тілі енді ғана шыға бастайды, жеке сөздерді 2-3 жаста айтады, қысқа агроматикалық фразалар тек 5-6 жаста ғана пайда болады. Есту арқылы ажыратуы, дыбыстауы анағұрылым кеш қалыптасады. Оның сөйлеу тілі әлі анық емес, сөздік қоры өте аз. Сөйлеу тілінің мұндай күйінің негізгі себептері -тұрақсыз дифференциалдаушы және қалыптастырушы шартты байланыстар. Осының салдарынан бала ұзақ уақыт айналасындығы адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дифференциалдайалмайды, көпке дейін жаңа сөздерді, сөз тіркестерін меңгермейді. Балалар ұқсас дыбыстарды, оның ішінде дауыссыз дыбыстарды жиі шатастырады. Мектепке дейінгі жаста балалардың сөздерді қайталау кезендегі жіберетін қателеріне ересектер тек дыбыстық кемшіліктер деп қана қарайды. Ал мектеп жасында, яғни жазуға, оқуға үйрету процесінде бұл қателердің басым көпшілігі есту анолизаторларының жеткіліксіз дамуымен байланысты екенін аңғаруға болады. Бала диктант жазғанда фонемаларды айыра алмайды. Мысалы: сабын-шабын, ескі-ешкі, т.б. Фонемалық талдау қиындығынан сөздің грамматикалық формасын меңгеру тіпті қиынға түседі. Фонемалық есту қабілетінің меңгерілуі жалпы психиқалық дамуға кері әсерін тигізеді. Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеуіндегі сөздердің өзара байланысының бұзылуына мысалдар келтіреді. Мұндай аграматизімнің Екі себебі бар. Біріншіден, балалар түрлі грамматикалық формаларды тәжірибеде қолдана білуге машықтанбаған, сөйлеу тілін қабылдауда сөздердің қосымшаларын дифференциалдай аламағандықтан қосымшаларды дұрыс жалғай алмайды. Екіншіден, бұл жүйке процестерінің сыбырлығымен, олардың тежелгіштігімен байланысты. Бала бір ойды айтпақ болып фразаны бастайды да, басқа бір оймен алданып, басталған фразадан бірден екінші ойдын ортасына ауысады. Нәтежесінде фразаның жеке элементері түсіп қалады. Корыта келе, ерекше қажеттілігі бар оқушылардың танымдық қызмет түрлерінің ерекшеліктері тұлғааралық қатынасты қалыптастыру бойынша түзету, педагогикалық жұмысты құру қажеттілігін тудырады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!