Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ересек тобының ата аналарға арналған жиналыс жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ересек «Балдәурен » тобындағы ата-аналармен жылдық жұмыс жоспары
№ |
Мерзімі |
Шаралар |
Жауапты |
1 |
Қыркүйек
|
Ата-аналар бұрышына кеңес: «5-6 жастағы балалардың даму ерекшелігі». Ата –аналар үшін ереже Тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты: «Ана тілім -ардақтым» Психологтан кеңес: «Балаңыз балабақшаға барса...» |
Тәрбиешілер
психолог |
2 |
Қазан |
Ата-аналар бұрышына кеңес: «Отбасы-әлеуметтік институт» Ата-аналар жиналысы «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» «Алтын күз әсем айналам, Еліме береке сыйлаған » ертеңгілігі Ата-аналарға жадынама «Отбасының денсаулық бағдарламасы» |
Тәрбиешілер |
3 |
Қараша |
Баяндама«Бала неге өтірік айтады?» Кеңес «тумаудың алдын алу жолдары» Баяндама «Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық |
Тәрбиешілер
|
4 |
Желтоқсан |
Баяндама «Бала дамуында, тәрбиелеу кезіңде күн тәртібінің маңызы» Ата -аналар жиналысы. Тақырып: «Бала тәрбиесіндегі ата-аналар рөлі» «Құтты болсын Жаңа жыл!» ертеңгілі. |
Тәрбиешілер |
5 |
Қаңтар |
Медбикеден кеңес «Тазалық – денсаулық кепілі» Ата-аналарға арналған 6 кеңес Баяндама «Тәрбие-тал бесіктен». «Баланың мектепке психологиялық дайындығы» ата-аналарға арналған кеңес |
Медбике Тәрбиешілер
психолог |
6 |
Ақпан |
«Сіз өз балаңызға кімсіз?» ата-аналарға арналған саулнама «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту» баяндама. « Ата-аналарға тұмау жөнінде» денсаулық бұрышына кеңес (медбике) |
Тәрбиешілер
Медбике |
7 |
Наурыз |
«Ана-асыл қазынам!» - 8-ші наурыз мерекесі. «Тұйық бала қайдан шығады?» баяндама «Абайла! Төбедегі сүмелек мұз». |
Тәрбиешілер
|
8 |
Сәуір |
Баяндама: «Бала дамуына керекті ойындар» Кеңес: «Су тасқыны» Балалардың танымдық процесстердің диагностикасы (психолог) |
Тәрбиешілер |
9 |
Мамыр |
Ата-аналарға арналған 10 қағида Әңгіме: «Жаздағы дамытушылық ойындары» Ата- аналар жиналысы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау» «Қош бол, балабақшам»ертеңгілігі. |
Тәрбиешілер |
№1 Ата-аналар жиналысы.
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым қатынасын жақсарту. Шағын орталық өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым-қатынаста болу.
Көрнекілігі: шарлар,қағаз,қаламдар,алма,себет.
Жоспар:
-
Жылулық шеңбері
-
Ата-аналармен танысу (шағын орталықтың күн тәртібі,жылдық жоспары және ата-ана комитетін сайлау,келісім шартпен танысу)Психологиялық кеңес.
-
Отбасындағы бала тәрбиесі (баяндама)
-
Тренингты жаттығу (ойын)
-
Сауалнама,сұрақтар
-
«Ашық айтсам....» жаттығуы. Қорытынды.
-
Шаттық шеңбері
Ата-аналарды қолдарынан ұстатып,шаттық жылулық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық жылулық шеңбері деп атаймыз?Қалай ойлайсыздар?
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз,жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтанда бұл шеңберді жылулық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз балалармызға жақсылық тілеп,шаттана қуанып,күлкімізді сыйлайық..
Әр ата-ана өзінің баласының атының басқы әріпінен басталатын еркелететін сөздерін айтып таныстырады. Мысалы: Әмір-әлемдегі әміршім,әлпештеген әлдиім деген сияқты.....
-
Ата-аналармен танысу.
Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар сіздерді 2018-2019 жылдың жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Қатарымызға жаңадан қосылып жатқан ата-аналарға қош келдіңіздер демекпіз.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде болады. Отбасы-- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Мына жасампаз ғасырда,жаһандану дәуірінде баланың жан-жақты тәрбие алып,білім алуына ең бірінші ықпал ететін тәрбиешісі ұстазы болса,оның сүйеніші ата-анасы. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алып,тәрбиелі болуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде яғни, 8 сағат шағын орталықта болса ,қалған уақытта отбасында тәрбие алады. Ендеше сіз бен біз тығыз байланыста болып,балаға бірдей талап қойсақ, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Бір ауыз біршілікпен баламызға барынша жақсы тәрбие беруге ат салысайық.
Шағын орталықтың ішкі жұмыс жоспарымен таныстыру.
Ұжыммен таныстыру және әрқайсының ой-пікірін тыңдау.
(Яғни ата-аналардың жылдық жоспары,күн тәртібі,балалар тазалығы,ас мәзірі,ата-ана коммитетін сайлау және келісім шартпен таныстыру)
Және дәстүрден тыс ата-аналардың жұмыс түрлерін қолдансақ.Оған бос уақытты тиімді өткізу,қайырымдылық күндер,ата-аналармен бірге сенбіліктер және шағын жиналыстар өткізу жоспарланып отыр.Бос уақытты тиімді өткізуге:мейрамдар,ертеңгіліктер,туған күнді атап өту,топтан бөлек экскурсиялар мен серуендер,отбасылық суреттер көрмесін кіргізу болып табылады және республикалық конкурстар болған жағдайда балаңызды қатыстыру.
-
Баяндама
-
Тренингті жаттығу
Енді ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»демекші адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіздер тамыры ма ,әлде діңі ме,әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр,жапырақ,діңі болып бөлініңіздер. Ал енді сіздер бөлініп бірге отырыңыздар да не үшін таңдағандарыңызды айтып топтарыңызды қорғаңыздар.
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес,психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік,мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар. Енді сіздер мына қағазға тамыр тобы-тамырды,діңгек тобы-діңгектің және жапырақтың суретін салыңыздар.
Ұжымға деген талап-тілектеріңізді тамыр тобы-тамырға,діңгек тобы-діңгекке,жапырақ тобы-жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры-ата-ана,діңгегі-тәрбиешісі,жапырағы-балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып,діңгегі мықты болып,бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Ендеше мына алмаларды алып,өз балаңызға деген тілекті жазып,ағаштың жемісін іліп,балаларымыздың қызығын бірге көрейік.
Ата-аналармен ойын. «Қай жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдап, өзіне ұнаған шарды алып,музыкаға билеп,шарды жарады. Шардың ішінен тілектер алып шығып,қалған ойыншыларға дауыстап оқып береді.
-
Сауалнама және сұрақтар
«Сіз қандай ата-анасыз?» (сауалнама)
Сұрақтар: (сұраққа жылдам жауап беру керек)
-
Тәрбиешілерінің толық аты-жөнін атап беріңіз.
-
Балаңыздың шағын орталықта достарының атын атап беріңіз.
-
Шағын орталық қай жылы ашылды?
-
Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
-
Балаңыздың топтағы орамал,төсек,орындықтағы суреті не?
-
Балаңыз бүгін қандай түсті киіммен келді?
-
Балаңыздың сүйікті асы.
-
Балаңыздың туған күні.
-
Шағын орталықтың аты қандай?
-
Шағын орталықта қанша қызметкер бар?
-
Балаңыздың шкафтас көршісі кім?
-
Балаңыздың салмағы қанша?
-
Балаңыздың бойының ұзындығын білесіз бе?
-
Балаңыздың сүйікті ойыншығы не?
-
Балаңыздың сүйікті ертегісі.
-
«Ашығын айтсам.....» жаттығуы. Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып ,толтырылады.
Қорытынды сөз: Ендеше ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оған үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін
алғысымды айта отырып,отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.Сау болыңыздар!
№2 Ата-аналар жиналысы.
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
-
Жылулық шеңбері
-
Ата –аналарға « Міне қыста келді»кеңес.
-
Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі (баяндама)
-
жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».
-
«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» сұрақтар
-
. «Тілек шамы». Қорытынды.
Шаттық
шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан
ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте
қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер
құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп
атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.
Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге
тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен
жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді
жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп,
шаттана қуанып, күлкімізді
сыйлайық.
Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.
Бүгінгі «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тақырыптағы жиналысқа қош келдіңіздер!
Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.
Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!
І жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».
Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.
ІІ жаттығу: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ата-аналарға сұрақтар жазылған қағаз таратылады. (3-5 минут) Сол қағаздың түсіне қарай топқа бөлу.
1. Балаңыздың ең жақын досы кім?
2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
3. Балаңыздың туған күні қашан?
4. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
5. Балаңыздың шкафтағы көршісі кім?
6. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?
7. Балаңызға ренжігенде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?
8. Балаңыздың сүйіктіойыншығы қандай?
9. Балаңыз кімді үлгі тұтады?
10. Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім?
11. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?
12. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?
13. Балаңыздың тәрбиешісі кім?
14. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?
Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
ІІІ жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
(топпен жұмыс)
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.
V жаттығу. Қорытындылау. «Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
Бүгінгі тренингтен сіздерге рухани құндылық тілей отырып, сөзімді Сүлеймен пайғамбардың нақыл сөздерінің мағынасын түсіне оқып, ой түйіңіздер дегім келеді.
«Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі».
Ақылды бала — әкесінің сүйініші,
Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.
Данышпан білімін сақтап қояр,
Ақымақ аузымен пәле шақырар.
Қастығын жасырғанның тілі жалған,
Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.
Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?
Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?
Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?
«Тұйық бала қайдан шығады?» баяндама
«Бала – ол әр ата-ананың баға
жетпес байлығы» екені бәрімізге мәлім. Бала үшін барлығымыз бар
жақсылықты жасауға тырысамыз, келешегін бүгінгі күннен ойлайтынымыз
рас.Осы сәттен баламызға көңіл бөлемізбе, әлде тек жұмыстың соңында
кетіп бара жатқан жоқпызба деген сұрақ мазаламай қоймайды. Соның
салдарынан баламыз келешегіне зардабын тартпаса екен дейміз немесе
жаман жақтарын көрсетпесе екен. Осындай себептердің бірі – баланың
тұйық болып қалуы.
Егер сіздің балаңыз онша сөйлемейтін және де балабақшада, үй
маңындағы балалармен онша ойнамайтын болса, сонымен қатар тек
жалғыздықты қалайтын болса, ондай баланы тұйық балалар қатарына
жатқызуымызға болады.
Тұйық болудың бірнеше себептері бар:
Мәселен, ол мүмкін оның психологиялық ерекшелігіне, жан-дүниесінің
нәзік келуі болып табылады. Егер бала тек жалғыз болғанды ұнататын,
бірақ берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын болса, үндемей өз
ойын ішінде сақтап, сыртқа шығармаса, онда ол балаға дер кезінде
көңіл бөлінуі керек. Осы кезде ата-ананың қатал болуы, дөрекі
сөйлеуі, ұрысу баланың өмірге деген көзқарасының дамуына әсер етіп,
одан әрі жасқаншақ болы п кетуі әбден мүмкін.
Тұйық болудың ең көп кездесетіні: жанұяда жалғыз өскен балаларда
кездеседі. Ағасымен апайының болмай, амалсыз үйде ойнауы бала
өмірінің дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар ата-аналардың көзқарасынада байланысты. Егер, ата-ана
туыстарымен онша араласпай, тек жағымсыз жағын естіртетін болса,
онда баланыңда туыстық көзқарасы бұрыс қалыптасады. Сондықтанда
ата-ана көзқарасы, ойы үлкен әсер етіп отыратыны анық .
Тұйық болуға итермелейтін тағы бір себеп: ата-аналардың
іс-әрекеті.
--- Сіз балаңызға көп уақытыңызды бөлесіз бе?
Егер балаңыз өз қолымен әдемі сурет салса немесе кесте тігіп, өте
қуанышты көңілмен әкеліп ұсынса, ал сіз болсаңыз жай ғана
көзіңіздің қырын салып қарай алдай салдыңыз делік.
Бұнда өз ойыңызды қоспай, шын пейілмен мақтаса баланың алға деген
ынтасы туындайды. Немесе сіз балаңыздың тек жаман қылықтарын ғана
айтып, мақтамай бетіне басатын болсаңыз бала төмендеуі
мүмкін.
Психологтардың айтуы бойынша тұйықтықты олардың салған
суреттеріненде
байқауға болады. Бұл
тәжірибені 4 жастан салғызуға болады.
Бала өзін ақ бетке қалай салады? --- Егер ол өзін өте үлкен қылып
салса, онда ол еркеліктің белгісі. ---- Керісінше, үйде үлкені бола
тұра өзін кішкене қылып салса,онда ол өз орынын маңызды деп
санамауы.
----Егер өзін анасынан не әкесінен алшақ қылып салса , онда ол
мүмкін әке-шешесінің көп көңіл аудармауы.
Егер ата-ананың жұмысы көп болып, балаға деген көңілінің болмауы
немесе істеген ісінің жемісін көрмеуі, жақтырмай немғұрайлы қарай
салу,
Бала санасында: өз ісінің бәрібір қате болатынын, үлкендерге тек
кедергімді тигіземін деген ой қалыптасады.
Кейбір ата-аналар баланың жағаласпауы үшін немесе уақыттарын алмауы
үшін тек материалдық жағын қамтамасыз етуге тырысады. Баланы тек
әдемі, қызықты ойыншықтар сатып беріп, алдап отырады.
Міне, осыдан бала өз бөлмесінде тек ойыншықтармен
ойнайды. Ата- анасы үйде бола тұрсада бала олардың бар
екенін елемейді. Өйткені олар баламен бірге емес, әркім өз ісімен
шұғылданады. Осындайда ата-анаға деген сезім, махаббатта
болмайды.
Бір жағынан балаға шектен тыс көңіл аударып, еркелете берудіңде
қажеті жоқ. Сондықтанда балалар ата-анасының қандай маңызды жұмыс
атқаратындарын білулері керек. Мәселен: Егер анасы тамақ істегеннің
орнына немесе кір жуудың орнына баламен бірге ойнап кетсе аш
қалатындарын ақырын ақылмен ұғындыру.Ең бастысы –балаға
айғайламай,қатты сөйлемей тек ақылмен ақырын ғана ұғындыру.
Бала ата – анасының қорғанышы,сүйіктісі болу керек. Осы өмірде өте
мықты,ержүрек,ешкімнен қорықпайтын әкесінің бар екенін,және де өте
мейрімді, ақылды анасының бар екенін сезінуі тиіс.
Әсіресе мектепке дейінгі балаларға ата – анасының көп көңіл
бөлуі,жанұялық махаббат қолдаушылық көрсеткен өте маңызды.
Толық қанды бала болып өсуі үшін: Ішкі және сыртқы сезімдерінің тек
бақытты жанұяда дамытуға болады. Егерде жанұяда
махаббат,сүйіспеншілік,мейрімділік,өзара түсінушілік болған
жағдайда ғана баланың ішкі және сырты сезімдері осы бақытты жанұяда
толықтай жетіледі.
Бала тұйық болмау үшін үйге жиірек қонақтарды шақыруға тырысыңыз.
Бала
үшін басқа адамдармен,бөтендермен қарым – қатынас жасау тиімдірек.
Баламен сөйлесіп олардың әңгімесін тыңдап, бірге
ойнап,ата – ана баласына не қажет екенін неге өкпелегенін т.б. біле
алады.Осы арқылы баланы өмірге деген сенімін туғызуға болады.
Көптеген балалар қиалдағанды ұнатады.Балаңызға мысал: «Кляксы»
ойнын ұсыныңыз 5 – 6жастағы.Оны табиғатта да, жолда келе жатып
аспандағы бір бұлтты көрсетіп оның неге ұқсайтынын сұрауға болады.
Ойлану кезінде кедергі жасамай,өз ойын айтқызуға тырысыңыз
.
Тек бір ғана сөзбен өз ойын аз білдірсе, оның қиялының
дамымағанында. Егер ештеңеге ұқсата алмай,өз ойын, айтпаса,онда
қиялы дамымаған немесе сәтсіз уақытты таңдағаныңыз.
Тағы бір ойын «Ғажап аң» онда балаға « өмірде жоқ құсты немесе аңды
сал- деу» керек.Көбінде балалар өз ойларын салады. Содан соң оның
аты кім екенін, оның қайда мекендейтінін сұрап, жауабын алуға
болады.
Балаға ертегілер айтып, оның мазмұнын есіне сақтатуға
тырысыңыздар.Өзіне ертегіні құрату өте тиімді.
«Танысу» ойынын ойнатуға болады. Балаларды жаныңызға айналдыра
отырғызып өздері жайлы бір – екі сөлем айтып берулерін
сұрау.
Тұйық болудың тағы бір себебі : табиғи,туа біткен кемістіктің
болуы. Мысалы: Көзі онша көрмеуі, толықтық т.б. Балаға ешқашан өз
кемістігін айтып бетіне басуға болмайды. Керсінше кемістігінің бар
екенін білдірмей , оны мадақтап отыру керек. Мысалы: Мен көзілдірік
тағам, бірақ мен тапсырманы күшті орындаймын, мен толықпын бірақ
балалармен маған көңілді.
Тағы « Мен кіммін?» , « Менің жақсы жақтарым және кемшілігім» деген
сұрақтарды қою арқылы баланы білуге болады.
Мұндай ойынды тек балалармен ғана емес, сонымен қатар үлкен
адамдарға да қоюға болады .
Мақсаты: Ұялмай өзінің кемшілік жақтарын, жақсы жақтарын ортаға
айту.
Балаға адамдармен қарым – қатынас жасау мүлде зиян емес екенін,
қорқатын ештеңе жоқ екенін айту.
Адамның ішкі сырын білу, соның ішінде өз балаңыздың ішкі сырын білу
оңай емес . Ал оны дұрыс жолға тәрбиелеу ең қиын істердің бірі, ол
үшін сіз қаншама шыдамдылығыңызды күшіңізді аямай төгесіз.
Ата-аналарға арналған
сауалнама:
«Сіз өз балаңызға кімсіз?»:
Ата-анасыз ба әлде жақсы таныс адамсыз ба?»
1.Сіздің қызыңыз теледидардан өзіңіз сүйіп қарайтын фильмді рок-музыка бағдарламасына ауыстырып қоюды талап етті. Сіз не істейсіз?
а) оның талабын орындап, рок-музыканы бірге отырып қарайсыз.
ә) оған фильм біткенше күте тұру қажет екендігін айтасыз.
б) оған портативті теледидар алып беруге уәде бересіз.
в) фильмді видеоға жазып алып, қызыңызға рок-музыка қаратасыз.
2.Сіз өз балаларыңыздан кімді көресіз?
а) өзіңізге тең адамдарды.
ә) өзіңіздің жастық шағыңызды қайтадан еске түсіретін адамдарды.
б) кішкентай ересек адамдарды.
в) үнемі өзіңіздің мейірімді ақыл-кеңестеріңізді күтуші адамдарды.
3.Сіз орта жастағы адамсыз, өзіңіздің шашыңыздың үлгісін мақтан тұтасыз. Сіздің шашыңыздың сән үлгісін қалай таңдайсыз?
а) өзіңізге көбірек жарасытынын.
ә) соңғы сән үлгісі бойынша.
б) сүйікті жұлдызыңыздың шаш үлгісін.
в) балаңыздың (қызыңыздың) шаш қою стилін.
4.Сіздің жасыңыз туралы сөйлесейік:
а) балаларыңыз сіздің жасыңыз нешеде екенін біле ме?
ә) сіз өз жасыңыз бен балаларыңыздың арасындағы жас айырмашылығын мойындағыңыз келмей ме?
б) сіз өз жасыңызды балалардан жасырасыз ба?
в) сіз жасыңыз үлкен болғасын көп білетіндігіңізді үнемі алға тартасыз ба?
5.Сіз қалай киінесіз?
а) ұлыңыздың (қызыңыздың) сүйікті рок-жұлдызының стиліне еліктейсіз?
ә) өзіңізге көбірек үйлесетін стильді таңдайсыз.
б) өзара неғұрлым тығыз байланысқа септігін тигізеді деп ұлыңыздың (қызыңыздың) стилін басшылыққа аласыз.
в) жастардың сән үлгілеріне еліктеу арқылы жас болып көрінуге тырысасыз.
6.Егер жасөспірім балаңыз құлағына сырға тағып алса не істер едіңіз?
а) бұл оның өз ісі деп есептейсіз.
ә) өзіңізді «артта қалған» деп ойламас үшін, балаңызға бұл заманға сай сән екенін айтасыз.
б) оны қызға ұқсатып мазақтайсыз.
в) тап сондай сырға алып тағып, балаңызбен компания құрасыз.
7.Балаңыз (қызыңыз) музыканы бар даусына қойды, сіз?
а) құлағыңызға мақта тығып алып өз жұмысыңызды жасай бересіз?
ә) музыка дауысын басып қоясыз?
б) оған осы ұнайтын болғасын, көнесіз?
в) музыка басыңызды ауыртып тұрса да, оның өте жағымды екендігін айтасыз?
8.Балалармен керісіп қалсаңыз:
а) олардың сізден мүлдем қашқақтап кетулерінен қауіптеніп, олардың қателіктері туралы өте сирек айтасыз?
ә) одан арғы айтыстың пайдасыз екендігін түсініп, өз позицияңызды өзгертесіз?
б) өмірдің соншалықты қысқа екендігін ескеріп, соңғы сөзді оларға қалдырасыз?
в) шындығында олардың айтқандары дұрыс болса, оны мойындайсыз?
9.Балалар өз достарын шақырды, ал сіз:
а) не істесе, соны істесін деп өздерін оңаша қалдырасыз?
ә) өзіңізді тең ұстауға тырысып, олармен компания құрасыз?
б) олар да өз ата-аналарын сіз сияқты көңілді деп ойлай ма деп сұрайсыз?
в) ештеңеге араласпайсыз, алайда егер бірнәрсе бола қалса жақын жерде екендігіңізді білдіресіз?
10.Балалар дискотекаға жиналды, бірақ сізді ілестіргілері келмейді. Ал сіз:
а) таңқалмайсыз, өйткені олар сіздің жаңа биге қалай қарайтыныңызды біледі?
ә) мұңайып қалдыңыз, өйткені сіздің де олармен бірге биге барғыңыз келіп еді?
б) ренжіп қалдыңыз, себебі олар сізбен көңілді кешті бөліскілері келмеді?
в) көңіл күйіңіз бұзылды, өйткені сіз осы кешке денеңізбен дене болып тұратын джинси мен металл әшекейлеріңізді дайындап жүргенсіз?
11.Сіз өзіңізді балаларыңызбен тең, олардан үлкен емес етіп көрсетуге тырысқанда, бұны не үшін істейсіз?
а) балалармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін?
ә) себебі бұл отбасының беріктігін сақтайды?
б) себебі бұл сіздің жас айырмашылықтарыңызды қысқартады?
в) себебі бұл сіз үшін табиғи нәрсе?
12.Өз балаларыңызбен қарым-қатынаста сіз:
а) оларды ересектерше қабылдайсыз?
ә) олармен жақын болуға тырысасыз?
б) оларды кішкентайларша қабылдайсыз?
в) өзіңізді ата-ана ретінде ұстайсыз?
«Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту» баяндама.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
"Ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз,ойынды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек.Ойын-жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек".
Я.А.Каменский.
Ойын- балалар әрекетінің бір түрі.Ойын-қарым-қатынас құралы.Бастауыш сыныптағы жүргізілетін ойын түрлері баланың есінің,ойлау мен қиял және барлық танымдық процестеріне әсері мол.
Ойын әдісін қолдану барлық сабақтарға тән.Мысалы ойын арқылы тіл сабақтарында балалар ел тарихымен танысады,математика сабақтарында логикалық ойлау қабілеттері қалыптасса,дүниетану сабақтарында олар айналамен танысып,табиғат жөнінде түсініктері кеңейеді.
Бастауыш сыныптарда ойын қатыспаған сабақтың сапасы төмендеу болады.Себебі,ойын балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына,ұйымшыл болуына мүмкіндік жасайды.Мұғалім де ойын арқылы берілген сабағының мақсатына жете алады.Мұғалімнің пайдалануға әзірленген ойыны бағдарламалық материалға сәйкес болуы шарт.Оқу әрекеттерінің әртүрлілігі және мұғалім қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген қабілеттерін арттырады,ойын әрекеті арқылы олар қоғамдық жұмыстарға да қатыса алады,танымдық қызығушылықтары кеңейеді.Ойын жүйелі түрде тақырыпқа сай жүргізіліп отырса,оқушылар келе -келе өз беттерінше сұрақ бере білуге машықтанады,тыңнан ойын құрастыруға талпынады,оқылған тақырып бойынша өз тұжырымын айта алатын болады.
Енді бірнеше ойындарды айта отырып, қолданылу аясына тоқталып өтейін:
Математика пәнінен "Көбейту тауы" деп аталатынойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Сондай-ақ ойын ,сергіту жаттығулары ауызша есептеуге,тез есептеуге дағдыландырады.
А.С.Макаренко : "Бала өмірінде маңызы зор.Ересек адам үшін еңбектің,қызметтің,жұмыстың қанша маңыздылығы болса, ойын әрекетінің бастауыш сынып балалары үшін маңыздылығы сонша.Жасында ойын әрекетінде қандай болса,есейгенде жұмыста да сондай болады",-деген екен.
Демек,ойын деп қана түсінбей,оның үлкен маңыздылығын ескеру керек.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін"Жалғасын тап" деген ойын толық емес сөйлем берілген кезде қолданылады.Оқушылар қабілеттеріне қарай сөйлемді жалғастырып әкетеді."Ұйқасын тап" ойыны оқушыларды шығармашылыққа баулиды.Өлең жолдарының алғашқы қатары беріледі де,келесі қатарын балалар ойластырады."Сөз таптарынәөткен кезде тірек сызбаларын пайдаланудың маңызы ерекше, тірек сызбалары балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға игі ықпалдарын тигізіп отырады.Шығармашылыққа баулудың тағы бір түрі-өлең құрастыру.Бастауыш сыныптарды"Ұйқасын тап" деген ойын өлең қатарларын құрастыруға үйретеді.Бұл жұмыстар уақыттылы жүргізуді талап етеді.
Ойын жүргізу аяқ астынан ойластырылмайды.Мұғалім белгілі мақсат көздеп,сабақ жоспарына енгізіп,арнайы көрнекіліктер дайындайды.Балаларды "жақсы оқиды", "үздік оқушы", "үлгірімі нашар оқушы" деп бөлмеу керек.Түгел қатыстыра отырып,оларды шешім қабылдауға,ойын үстінде тез ойлана білуге жетелеу-мұғалімге міндетті.
Психолог А.С.Выготский : "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы,іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адамдар секілді көрінеді",-деп дәлелдеген.Осыдан -ақ ойын әрекетінің баланың даму сатыларына жетелейтінін көруге болады.
Қорыта келгенде,әрбір ұстаз ойын элементтерін сынып оқушыларының деңгейіне қарай таңдап ала білсе,қолдана білсе болғаны
Өз ұпайларыңызды санаңыз:
36-25 ұпай: сіз, сірә, олармен барлық жағынан тең көрінуге тырысып, балаларыңызбен уақытыңызды көңілді өткізіп жүрмін деп ойлайтын болуыңыз керек. Бұл тек қазір. Кейінірек бұл сізге қымбатқа түсуі мүмкін. Сіз олардың жақын досы болуға тырысып, өзіңізді олармен бір деңгейге қойып алғансыз. Бұл уақыт өте келе балаларыңыздың жүйкесіне тиеді. Тек жақын құрбы болу жеткіліксі. Балалар жетекшілікті қажет етеді. Сіз жас айырмашалағымен ештеңе істеуге болмайтынын түсінуге, тек өзіңіз ғана балаларыңыздың болашағына сеніммен қарауларына, ұрпақ сабақтастығын сезінулеріне, өздерінің өмірдегі орындарын таңдауға және қоғамдық тамырларын білуге ықпал етуге тиіссіз.
24-14 ұпай: сіздің балаларыңыз сізбен дәл қандай қарым-қатынас жасауды біле алмай жүрген сияқты. Сіз олардың көңілінен шыққан болып жүресіз де, өзіңізге қажет болған уақытта ата-ананың рөліне енуге тырысасыз. Ерте ме, кеш пе маңызды бір мәселе болған жағдайда сіз өз позицияңызды ұстап қалғыңыз келеді, ал бұл сіздің балаларыңыздың ашу-ызасын туғызады, олар өз айтқандарын істеуге тырысып, сізге бағынғылары келмейді. Бірақ сіз әлі де көп алысқа ұзап кете қойған жоқсыз, өз балаларыңызбен жақсы да жағымды жақын адамның рөлін ойнауды қойып, мінез-құлқы қалыптасқан, жауапкершілігі жоғары ересек адам ретінде үлгі көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. Егер сіз ата-ана ретінде өзіңіздің позицияңызды қатаң сақтап қалсам, балаларым мені жақсы көрмей кетеді деген қауіп сізді алаңдатпай-ақ қойсын.
13-0 ұпай: өзіңізді алдағы уақытта да осылай ұстаңыз, құрметті ортаңғы ата-ана! Сіз өз балаларыңыздың үнемі өзгеріп отыратын көңіл-күйлері мен қажеттіліктерін дәп басып отыруға, оны түсінуге және бағалауға әрқашан да әзір болуға тырысасыз, кейде олардың дегеніне жығыласыз. Бұнда тұрған ешқандай сөрекілік жоқ, себебі бажайлап қарасақ, сіз өз балаларыңызбен олардың емес, өзіңіздің қалауыңыз бойынша қалай қарым-қатынас жасауды білесіз. Өзара келіспеушілік болады, онсыз мүмкін емес, алайда балаларыңыз сізді жақсы көреді, сыйлайды және ең бастысы – ата-ана ретінде сізге сенеді және үміт артады. Сәтін салса сізді үлкен отбасы бақыты күтіп тұр, бұл сізге қазіргі өмірдің жүйкені жұқартар күйзелістері мен түңілістерін жеңуге көмектеседі.
Балалардың 5-6 жастағы жас ерекшеліктері
Бұл жастағы балалардың дене бітімінің және таным процесстерінің қабілеттерінің дамуының кезеңі.
Айналадағы әлемді танудың негізгі іс әрекетіойын болып қала береді, тек қана оның мазмұны өзгереді.
Бұл жаста балаңыз:
Айналадағы әлемді белсенді тануды жалғастырады. Бала тек қана өзі сұрақтарды қоймай, сонымен бірге өзі жауаптар құрып немесе нұсқаулар құрастырады. Қиялы 24 сағаттай іске асырылуда және оған тек даму ғана емес өзіне таныс емес қиын түсініксіз әлемге бейімделуге көмегін береді
Бала әлемге өзін көрсеткісі келеді. Ол жиі өзіне көңіліңізді аударғысы келіп отырады, өйткені оған өзін өзі білдірудің куәгері керек. Кейде балаға жоқтан гөрі сіздің кері көңіліңіз маңызды, сондықтан бала сіздің көңіліңізді «жаман» жүріс-тұрыспен сізді ұрындырады.
Өзінің «қалауын» басқалардың қалауларымен мүмкіндіктеріне келмейтінін айырмашылығын қиын ажыратады, сондықтан ылғи сіздің қойған шектеулеріңіздің беріктігін тексеріп, өзінің қалағанын жасауға тырысады.
Өзіне қатар әріптестерімен қарым-қатынас ережелерін таны отырып қатынасқа дайын болып тұрады. Бірте-бірте сюжетті-рөлдік ойындардан өз жүріс-тұрысын билеудің механизмін құрайтын және кейін басқа да іс әрекеттерде анықталатындай ережелік ойындарға ауысады.Осы жастағы балаларға әлі де сырттай бақылау қажет-өз жастағы балалар жағынан. Балалар әуелі бір бірін бақылайды, ал кейін-әркім өз өзін.
Өз бетімен жүруге тырысады. Бала бәрін өзі өз бетімен жасай алады, бірақ қызықсыз іске зейіні жинақталмаған.
Өзіне жақын адамға өте ұқсағысы келіп отырады, сондықтан «үлкен адамның ойындарын» және басқа әлеуметтік ойындарды ойнауды жақсы көреді.ойын ұзақтығы әжептәуір маңызды.
Жыныстық айырмашылықты сезіне бастауы мүмкін. Сол себептен үлкендерге ыңғайсыз сұрақтар қоюы мүмкін
Адамның өлуі туралы сұрақтарды қоя бастайды.қорқыныштар күшейуі мүмкін, әсіресе ұйқыға жатар кезде.
Сізге ата-аналар ретінде өте маңызды:
*Баланың қиялы мен нұсқауларына сиқырлығын ойлауын баспай сыйластықпен қарауыңыз қажет.
*«Өтірік айту» , қорғаныс қиял және қиялды ойынды ажырата білу қажет
* Баланың өзін өзі білдірудің оңды болуын қолдау, таланттар мен қабілеттерін пайдаланбай оны дамытуға мүмкіндік беру.
*Мүмкіндігінше алуан түрлі шығармашылықпен қамтамасыз ету.
*Баланың көңіліне зейінді бола отырып оның армандары өзіне және айналадағы ларға зиян тигізетін жерге шек қоя білу.
* Өзіңіз шек қоя отырып оны ұстай алмайтындай жағдайдан аулақ болыңыз
* Балаға әріптестерімен қарым-қатынасына қамтамасыз етіңіз тек эмоционалды қиындықтар пайда болған кезде ғана қол ұшын беру
* Отбасымен туысқандармен жиі қатынасу
* Бақылау мен қамқорлықты төмендету
* Жетістіктеріне қуану
* Бала міндет еткеннен гөрі көмекке тез қол ұшын беретінін естен түсірмеу
* Балаға көмекшіретінде қарау керек сонда балада «ересек» көзқарас болады, ал міндетті жүктей берсеңіз бала «сәбилік»көзқарасты ұстана береді
* С бала сізге «ыңғайсыз» сұрақтар қойғанда қорықпай, қашпаңыз дұрыс жауап беріңіз
* Балаға қорқыныштардан арылуға көмек беру, қасында болу.
«Ана тілім – ардақтым»
Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ (Германиядан келген)
- Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Жүргізуші:Балалар, амандасайық қонақпен!
Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Берлин деп аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Жүргізуші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Қай балабақшаға барамыз?
- Нешінші топқа барамыз?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Жүргізуші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Жүргізуші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран
Отан – туым
Отан – мәңгі гүлденеді.
Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.
Өлең: « Біздің балабақшада» Орындаушы қазақ тобының балалары.
Отан – сенің ата-ананаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».
Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:
Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.
Для всестороннего развития языка большую роль играют пословицы и поговорки.
Мақал мәтелдерді қазақ ересек тобының балалары дайындап келді.
Талаптыға нұр жауар
Ақыл - азбайды, білім - тозбайды.
Оқу білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Туған жер – алтын бесік
Жүргізуші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!
Қыздар тобы. Қазақ биі
Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау болыңыз!
Балаңыз балабақшаға барса… (психологтан кеңес)
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі
тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар
ерекшеліктері бар. Бөбекжай-балабақшалардың бөлмелері балаларға
арналған арнайы жиһаздармен жабдықталған әрі кең де жарық. Олардың
білікті қызметкерлері балалардың шеберлік қабілетін дамытатын,
қоршаған орта туралы түсінік беретін сабақтар өткізеді.
Ойыншықтарды, оқу құралдарын өздері іріктеп алады. Тәжірибелі
тәрбиешілердің бақылауымен және басшылығымен балалардың өзара
қарым-қатынасы өмір бойы ұмытылмайтын терең жолдастық сезімге
ұласады, сәби бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасады.
Сәбиге балалар мекемесін таңдаған кезде сән қуып, конькимен
мәнерлеп сырғанауды немесе шетел тілін үйрететін балабақша іздеудің
қажеті жоқ. Сіз үшін әрқашан да үйіңізге жақын орналасқан
бөбекжай-балабақшадан ең қолайлысы да, артығы да жоқ.
Балалар мекемесіне орналасар алдында сәби емханада тексерілуден
өтеді: диспансеризациядан өтеді, қанына, зәріне, нәжісіне сараптама
жасайды. Ал балаңыздың педиатры сәбиге карта толтырады, ол
пәтерінде жұқпалы сырқат жоқ па деп эпидемиолог берген анықтамамен
бірге балалар мекемесіне тапсырылады. Мектеп жасына дейінгі балалар
мекемесінің дәрігері де баланы толықтай қарап шығады. Сөйтіп
сәбидің балабақшаға бірінші рет келетін күнін белгілейді.
Баланы бөбекжай-балабақшаға әкелмей тұрып, алдымен тәрбиешімен
танысып алыңыз, күн тәртібінің ерекшелігін біліңіз, оған ұлыңыз
немесе қызыңыз жайында айтып беріңіз, үйіңіздің мекен-жайы мен
телефоныңыздың нөмірін қалдырып кетіңіз. Келесі жолы сәбиді
өзіңізбен ертіп келіңіз, сөйтіп ол өзі болатын топтың бөлмесін
көрсін, балалармен таныссын. Бірінші күні балаңызды әлі үйренбеген,
оған тосын әрі жаңа ортаға күні бойы қалдырмай түстен кейін алып
кетіңіз. Бала ұжымға бірте-бірте үйренуі тиіс.
Бөбекжай-балабақшаға орналастырар алдында сәбиді алдын ала әзірлеу
қажет. Ол үшін балаға өзі баратын топта жолдастары да, қызықты
ойыншықтары да көп болатынын, тәрбиешісі оны жақсы көретінін айтып
түсіндірген жөн.
Кейбір балалардың бірден аралас-құралас болып кетуі өте қиын,
жатырқағыш болады да өз қатарларынан тосырқайды. Ондай баланың жаңа
ортамен танысуын жеңілдету керек. Мысалы, үйінен бір ойыншығын
өзімен бірге ала келгені жөн. Сонда жаңа келген балаға
жолдастарының назары тез ауады, сөйтіп олар бір-бірімен оңай тіл
тауып, ойнап кетеді.
Алғашқы кезде сәби ата-аналарынан қалып бара
жатып жылауы, топқа барудан бас тартуы мүмкін. Өзіне таныс емес
ортаға ата-анасы тастап кетіп бара жатқан бала жайын сіз түсінуіңіз
қажет. Әрине, бөбегіңізді сіз де аяйсыз, көзіңізге жас та келуі
мүмкін. Мұныңызды бала көріп қалса, сізге аяныш білдіріп, ол
бұрынғысынан да қатты жылайды. Сондықтан мұндай сәтте сәбиге көңіл
күйіңізді сездірмеуге тырысыңыз, қайта оны еркелетіп, жылы
сөйлеңіз, жұбатыңыз. Балаңыз жолдастары мен ұстазына тез үйренеді.
Сөйтіп, өз ықыласымен тобына жеткенше асығатын, тіпті үйге қайтқысы
келмейтін болады.
Баланы ыңғайлы әрі жеңіл киіндірген жөн: қыз балаға алдынан
түймелейтін көйлек, ер балаға жейде мен қысқа шалбар кигізу керек.
Бақшада ауыстырып киетін аяқ-киім ала келу қажет. Баланы алғашқы
күннен бастап өз шкафына жылы киімдері мен аяқ-киімдерін ықтияттап
іліп қоюға үйреткен жөн.
Егер сәби өте жас болып, түбекке отыруға дағдыланбаса, балабақшаға
онымен бірге артық іш киімдерді целлофан-пакетке мұқият орап ала
келген жөн.
Әдетте балалар үйдегіден гөрі тамақты ұжым арасында жақсы ішеді.
Сондықтан бөбекжай-балабақшаға апарар алдында баланы
тамақтандырмаңыз: таңертеңгілік асқа дейін жеген бір печенье немесе
жалғыз алма сәбидің тәбетін бұзады, сөйтіп ол тамақ ішпей қояды.
Балалар мекемелеріндегі тамақ та алуан түрлі. Соған қарамастан,
сәбиіңізге қосымша жеміс, шырын немесе тәтті бергіңіз келсе, онда
оларды кешкі тамақтан кейін ұсыныңыз.
Ескерте кететін бір жайт: үйде ішетін кешкі тамақты
балабақшаның мәзірімен үйлестіріп отырыңыз.
Балаңызды бақшаға әкелген кезде қабылдап отырған медбикеге оның
денсаулығы жайында айтуды, ал кешке қарай үйге алып қайтарда
тәрбиешіден сәби бүгін өзін қалай ұстағанын, тамақты қалай ішкенін,
қалай ұйықтағанын, не үйренгенін сұрап тұруды әдетке
айналдырыңыз.
Өз балаңыз тәрбиеленіп жүрген балалар мекемесінің қоғамдық өміріне
белсене араласыңыз, медициналық қызметкерлермен тығыз байланыс
жасап тұрыңыз. Егер балаңыз бүгін үйде қалып қойса, оның себебін
медбикеге айтып түсіндіріңіз. Ал баланың температурасы көтеріліп,
дәрігер шақыртуға тура келсе, онда сырқаттың түрін үш күннен
кешіктірмей хабарлаңыз.
Кейбір ата-аналар баласын балабақшаға тастап кетерде екі-үш
сағаттан соң келіп алып кететіндерін айтып, уәде береді. Сәби осы
уәдені ұмытып кетіп, әке-шешесімен мүлдем кездесе алмай қалудан
қорқып, екі көзі төрт болып үнемі жолға қарап тосумен болады,
ойынға араласпайды, көңілсіз
күйге түседі. Үздіксіз тосу баланы дағдылы
ырғақтан шығарады. Ол тамақ ішуден қалады, ұйқысы бұзылады.
Ата-аналар балаларына кезектен тыс әрі күтпеген жерден келген кезде
қоршаудың саңылауынан сәбилерге жеміс-жидек бере бастайды. Әрине,
мұның зияннан басқа келтірер пайдасы жоқ.
Ата-ананың баласына тек жақсылық істегісі келетіні әбден түсінікті.
Бірақ жақсылықтың, сүйіспеншіліктің бұдан басқа, көкейге неғұрлым
қонымды түрлері бар.
Ата-аналарға жадынама
Отбасының денсаулық бағдарламасы
-
Үйде сабаққа қажет қарапайым құрал-жабдықтарды жинау: шана, шаңғы, гантельдер, шеңбер, секіргіштер, доп.
-
Әр күнді таңертең гигиеналық гимнастикадан, шынығу процедураларынан бастау.
-
Демалыс күндері туристік жорықтарға, экскурсияларға бару. Таза ауадағы ойын-күн сайын!
-
Мүмкіндігінше балаларды спорттық секцияларға қатыстыру.
-
Жүйелі түрде дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын бақылау.
-
Дене шынықтыру дайындығының нәтижелерін білу.
-
Баланың күн тәртібін жасау және сақтау.
-
рационалы тамақтануды ұйымдастыру;
-
Жүзуге үйрету .
-
Әртүрлі отбасылық жарыстарға қатысу.
-
Ата - аналарға салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра білуге, балаларының денсаулықтарын сақтай білуге жағдай жасау.
«Бала неге өтірік айтады ?» баяндама
Қазіргі заманның балалары – ерекше ақылды, жылдам, еркіндікке құмар балалар. Мүмкін сондықтан да олар көп нәрсені талап етеді. Осыған орай қазіргі ата-аналар тәрбие беру жөніндегі мәселелер бойынша біршама қиындықтарға тап болады.
Тәрбиенің отбасынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма» т.б деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек.
Баланың үлкендерге өтірік айтуы, көбінесе ол балаға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндіктен деп түсіндіреді мамандар. Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Бала ересектердің көңілінен шығу үшін және өзін қорғау үшін, тығырықтан шығу үшін де жалған сөйлеуге барады. Мұндай нәрсе ой-қиялы бай, яғни ойынан «шындық» құрастырып шығарғысы келетін балаларда көп кездеседі.
Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Әдетте ата-ананың балаға деген немқұрайлығы, салқынқандылығы теріс мінездердің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Өзіңіз ойланыңызшы, өмірде алаяқтар, бетімен кеткен жүгенсіздер, қылмыскерлер қайдан шығады? Олардың тағдыр жолдарын талдап қарағанда балалық шағы дұрыс қалыптаспағаны белгілі болған. Әсіресе, баланың 4-5 жасындағы қылықтарына мән берген абзал. Көптеген ата-аналар бұған балалық деп қарайды. Басында балалар әке-шешесінің қатаң сөгісінен қорқып, өтірік сөйлей бастайды. Қалағанын алу үшін өтірік айта бастайды. Бірте-бірте бала қулыққа бейімделе бастайды. Тіпті, жалған сөйлеуді «қару» етіп алады. «Сәтті» басталған өтіріктер әрі қарай да баланың осылай көзқарасы бұрыс қалыптасуына жол ашады.
Сондықтан, отбасында бала қандай жағдайда өтірік айтады, соны анықтап алуыңыз керек. Оның өтірік айтуының себебі неде? Бәлкім, отбасындағы мүшелермен арадағы қарым-қатынастың дұрыс болмауынан, қатар-құрбыларының арасындағы қарым-қатынастың қиындауынан болар. Мұны біліп алған соң, енді жай өзгертуге тырысыңыз. Яғни, баланың өтірік сөйлеуіне итермелейтін жағдайларды болдыртпауға тырысыңыз.
Естеріңізде болсын! Егер балаңыз өтірік айта бастаса, оның ішкі жан-дүниесінде қандай да бір проблема болғаны.
Бала өтірік айтқан жағдайда ата-аналар не істеуі және өздерін қалай ұстауы керек? Мысалы, балаңыздың өтірік айтқанын біліп тұрсыз, тіпті дәлеліңіз де бар делік, психологтар мұндай жағдайда онымен ақырын отырып, жәйлап тілдескен жөн дейді. Психолог Алан Фромм балаңызға әсіресе мына сөздерді міндетті түрде айтып өтіңіз деп ескертеді. «Балам, маған мұның қалай болғанын бастан-аяқ айтып берші. Мейлі, сен кінәлі болсаң да, жазаламай-ақ қояйын. Тек менен ештеңе жасырма. Егер сен бәрін айтып берсең, неліктен жаман қылыққа барғаныңның себебін тауып түсіндіріп беремін. Екінші рет қайталамайтын боласың!» деп айту керек.
Бала мына жағдайда өтірік айтады:
-
ыңғайсыз жағдайға тап болудан қорқып, ата-анасының жазалауынан қорыққаннан, ұялғаннан.
-
қалағанына қол жеткізу үшін немесе ұнатқан нәрсесін алу үшін.
-
баланың өзі жақсы көретін досын қорғау үшін.
-
өзінен үлкендердің мақтауына ие болу үшін және ұнау үшін.
-
өзінікі «дұрыс екенін» ұқтыру үшін.
Ешуақытта баланың теріс әрекетін көре сала оны қорқытып-үркітіп, жазалаймын деп шара қолдануға асықпаңыз. Оны одан бетер өтірік айтуға итермелейсіз. Сондықтан баланың ішкі эмоциясы басылғанын күтіңіз. Төтеннен ашуға мініп, дөрекілік көрсететін болсаңыз, сізге сенбей өседі, іштей «жау» санап өсуі мүмкін. Бұл жерде балаға өтірік айтқызбаудың бірден-бір кепілі – сенімділік. Яғни, бала мен үлкен адам арасында сенім қалыптасуы керек. «Бала неліктен өтірік айтады?» кітабының авторы, американ психологы Пол Экман бұл мәселені жеңу үшін баламен ашық әңгімелесу керек екенін айтады. «Балам, екеуіміздің арамызда бір-бірімізге деген сенімнен артық ештеңе жоқ. Егер ұнамсыз қылықтар жасап қойсаң, маған оны айтудан қорықпа. Әрине, сен бәрін жасырып қалуыңа болады. Бірақ, шындықты айтуға батылдық танытсаң, мен сен үшін мақтанар едім». Балаға өтірік айтудың соңы неге апарып соқтыратынын мысалдармен түсіндіріп беріңіз. Ертең үйден тыс бөтен ортадағы адамдармен араласа бастаған шақта мұнан да үлкен мәселелер, жалған нәрселер, алдап-арбаулар балаңыздың алдынан кездесуі мүмкін ғой. Мысалы, қатарластары, құрбы-құрдастары, одан ересектері… Оларға қалай сенуге болады? Қандай жағдайда сенбеуі керек? Өмірде кездесетін мысалдарды, оқиғаларды айтып беріңіз.
Әрине, біз балаларымыздың тәртіпті, әділ, өнегелі болғанын қалаймыз. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін тіпті ең кішкентай деген мәселеге дейін әділ болуыңыз керек. Берген уәдеңізді орындай алмадыңыз ба, онда не себепті ондай болғанын айтып, балаға түсіндіруіңіз қажет және кешірім сұрау артықтық етпейді.
Сенің қолдайтының да, қорғайтының да – отбасы бақыты. Айтарың да, үйретерің де – тәрбие.
Абай атамыз былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен отбасында алады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады. Сондықтан баланың түр-сипатына емес, ішкі жан дүниесіне өте қатты көңіл бөлсек екен.
Кеңес «Тұмаудың алдын алу жолдары»
Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары - бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Адамзатқа пандемияның бірнеше түрі белгілі, ең қатерлісі «Испанка» пандемиясы. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек- қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтынд жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел,интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. Қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39-40С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Тұмаудың ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиалді белгілердің болуы тән. Катаральды синдром интоксикация синдромымен бірге, немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін). Оған тән белгілер: тамағының жыбырлауы, жұтынғанда ауырсынуы, мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, дауысының қарлығуы, «құрғақ», қысқа түрдегі жөтел, аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы. Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы, жас ағуы, жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, конъюктивит анықталады.Гриппен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті: беті ісінген, аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады. Атипті түрлері: Акатаральды түрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды. Афебрильды түрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде. «Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады. Геморрагиялық түрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді, ауыр ағымды.
Тұмауды алдын алудың жолдары:
1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен исрек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз).
3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.
6. төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
7. Толық тамақтаныңыз
8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз.
Алдын алу шаралары
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Балабақша мен мектеп жұмысындағы
сабақтастық (баяндама)
Білім берудің мектепке дейінгі және мектептік сатылары арасындағы сабақтастық балаларды тек оқуға дайындау ретінде қабылданбауы тиіс. Мектепке дейінгі жаста болашақ тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады. Балалардың мектепке ауысуы барынша жұмсақ болып, олардың жаңа жағдайға тез бейімделуіне мүмкіндік беру үшін мұғалімдер мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) жұмыс түрлерімен, әдістерімен танысады. Ал мектепке дейінгі балаларды мектеппен, оқушылардың оқудағы және қоғамдық өмірімен таныстыру балабақша тәрбиеленушілерінің сәйкес түсініктерін кеңейтуге, олардың мектепке қызығушылығын, оқу ниетін дамытуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектепте сәтті оқудың маңызды шарты балада сәйкес оқу уәждемелерінің болуы: оқуға маңызды қоғамдық іс ретінде қарауы, білім алуға ұмтылуы, белгілі оқу пәндеріне деген қызығушылығы болып табылады. Күшті әрі тұрақты уәждемелердің болуы баланы мектеп өзіне жүктеген міндеттерді жүйелі және адал орындауға жетелейді. Бұл уәждемелердің қалыптасу алғышарттарына мектепте оқу ниеті, балалардың алдында абыройлы оқушы мәртебесіне ие болу және білуге құмарлықты, ақыл-ой белсенділігін дамыту жатады, ол қоршаған ортаға деген қызығушылықта, жаңаны білуге құмарлықта көрініс табады. Балабақша мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балалардың мектепте оқу талаптарына сай жалпы даму мен тәрбие деңгейімен мектепке көшуін, басқа жағынан – мектептің мектепке дейінгі балалар меңгерген білімге, машықтарға, дағдыларға сүйенуін, оларды оқушыны ары қарай жан-жақты дамыту үшін белсенді қолдануды қарастырады. Бастауыш мектеп мұғалімі оқу нәтижелілігін көтеру үшін балабақшада жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балабақша тәрбиешісі арнайы оқу тапсырмаларын, жаттығуларды біртіндеп күрделендіре отырып оқу үдерісіне енгізеді, және осы арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу қызметінің алғышарттарын қалыптастырады. Сабақтастықты іске асыру мақсаттарын, міндеттерін және мазмұнын нақты түсіну, аталған білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы игілікті іскер қарым-қатынас балабақша мен мектептің сабақтастық байланыстарын орнатудың маңызды шарты болып табылады. МДҰ мен мектеп жұмысындағы сабақтастықты іске асыру мақсаттары мен міндеттері бірлескен іс-шаралар өткізудің, бірыңғай білім беру кеңістігін ұйымдастырудың, оқытудың және тәрбиелеудің сабақтас технологияларын, түрлерін, әдістерін қолданудың негізінде жүзеге асады. Сабақтастықты жүзеге асыру түрлері Балалармен жұмыс: мектепке экскурсиялар; мектепке дейінгі балалардың бастауыш сынып мұғалімдерімен және оқушыларымен танысуы және өзара әрекеттестігі; бірлескен білім беру қызметіне, ойын бағдарламаларына қатысу; суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмелері; балабақшаның бұрынғы тәрбиеленушілерімен кездесулер және әңгімелесулер
(бастауыш және орта мектеп оқушылары); бірлескен мерекелер мен спорттық сайыстар; театрландырылған қызметке қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектеп жанында ұйымдастырылған сабақтардың бейімдеу курстарына
қатысуы. Педагогтар әрекеттестігі: бірлескен педагогикалық кеңестер; семинарлар, шеберлік сыныптары; МДҰ педагогтары мен мектеп мұғалімдерінің дөңгелек үстелдері; тәрбиешілер мен мұғалімдерге арналған психологиялық және коммуникативтік тренингтер; балалардың мектепке дайындығын анықтау бойынша диагностика өткізу; МДҰ мен мектептің медициналық қызметкерлерінің, психологтарының әрекеттестігі; МДҰ-ғы білім беру қызметі мен мектептегі ашық сабақтардың ашық көрсетілуі; педагогикалық және психологиялық қадағалаулар. Ата-аналармен ынтымақтастық: бірлескен ата-аналар жиналыстары; дөңгелек үстелдер, пікірсайыстық кездесулер, педагогикалық "қонақ бөлмелер"; ата-аналар конференциялары, сұрақ-жауаптар кештері; МДҰ және мектеп педагогтарымен консультациялар; ата-аналардың болашақ мұғалімдермен кездесулері; ашық есік күндері; мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған білім беру-ойын тренингтері және практикумдері, іскерлік ойындар, практикумдер; отбасылық кештер, тақырыптық ойын-сауықтар; қарым-қатынастың визуалды құралдары (стенд материалы, көрмелер, сұрақ-жауаптардың пошта жәшігі және т. б.); ата-аналар клубтарының отырыстары. Педагогтардың осындай қарым-қатынастары нәтижесінде өзара түсіністік қалыптасады: – тәрбиешілер мектеп талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін нақты түсінеді және оны сәтті шешеді; – мұғалімдер балабақша жұмысының міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне
тереңірек енеді, ол тәрбиелік әсер ету әдістерінде сабақтастық орнатуға септігін тигізеді. Дайындық тобы балалары мен оқушылар арасындағы байланыс оқу жылы бойы сақталады. Балабақша мен мектеп арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату – балаларды жүйелі оқуға дайындау міндеттерін сәтті шешудің қажетті шарты. Балабақша мен мектептің бірлескен жұмысы туралы шарт Балабақша мен мектептің оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары Баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін (оқу ниетін) белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіреді.
«Балаңыз мектепке дайын ба?» баяндама
Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс.
Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?
Бірінші сыныпқа баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.
Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады.
Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек.
Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге
бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз
жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау
қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай
алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу
қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға
деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай
білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына,
мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты
түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс
қабылдап, әрекет ете білуі;
Әлеуметтік-психологиялық дайындық
Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді
танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа,
баланың мектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса
назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын
болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға
дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады.
Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.
Міне, құрметті ата-аналар, бала бес жастан асты екен деп, маманның кеңесінсіз баланы бірден мектепке берген жағдайда оның мектеп өміріне дайын еместігі ары қарайғы оқу үлгеріміне нұқсан келтіретінін білген жөн. Сонымен қатар, балаңызға жылы сөздер айтуды, мақтан тұтуды, қателіктерін түзетуіне көмектесуді ұмытпағайсыз.
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға
болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін
жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеті:
1. Ата - аналармен ұстаздардың кездесуі;
2. Ойынға қатысушылар арасындағы қарым - қатынасты орнату;
3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.
1. Танысу жаттығуы. Мен «баламды сүйемін» деп алақаның жүрегіне
қойып баласының және өзінің есімін айтады. Бейнетаспа
көрсетіледі
Адамдар да өсімдік тәрізді жақсы күтілмесе, жайнап өспейді (Ш.
Монтескье)
Егер: баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
- Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
- Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
- Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.
- Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
- Бала түсіністік және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен
махаббатты тануды үйренеді.
2. Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы ата - ана жауап береді)
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
-
Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата - ана.
Құрметті ата-аналар
сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға арналған
10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз!
1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз.
2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.
3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».
4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.
5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.
6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.
7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.
8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің жалғасы.
9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.
10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ!
Ата-аналарға арналған кеңестер
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі баланың логикалық ойын қалай дамыту керек?»
Әр жастағы мектеп оқушыларына, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерге алуан түрлі логикалық ойындар ойлап тауып өткізуге бүгінгі ғылым мен техниканың, өнер-білімнің биіктерге көтерілер кезеңінде мүмкіндік молынан жасалғандай. Адам ойы түрленіп, жаңалыққа, жақсылықтарға деген құштарлық артқан шақта халқымыздың болашағы – жас ұрпаққа озаттықты, азаматтық биік парасаттылықты мектепке дейінгі жастағы балалары бойына жас ерекшеліктеріне қарай дарыта тәрбиелеу – ұстаздар қауымының ең жауапты әрі аса күрделі міндеттерінің бірі болып қала бермек.
Баланың ойлау қабілетін тәрбиелеу мақсатында өткізілетін кейбір ойын түрлерін мысал ретінде айтар болсақ:
«Санамақтар» ойыны. Бұл мектепке дейінгі жастағы және жасөспірім балалар үшін ұсынылады. Мұндай ойын түрі – ойынға қатынасушылардың лидерлік (озаттық) қабілеттерін айқындауға игі әсер етеді. Ойынға қатынасушылар көздерін жұмады. Ойын жүргізуші бұларға, мысалы, онға дейін санауды ұсынады (сан кез келген де болуы мүмкін). Санамақ тәртібі төмендегідей:
— санау кезінде сандардан басқа бірдеңелерді айтуға болмайды;
— топқа бөлінген балалардың тек біреуі ғана сандарды атауы тиіс, егер балалардың екеуі бірдей бір уақытта бір түрлі санды атайтын болса, ойын қайта басталады. Ойыншылар көздерін жұмып отырғандықтан, бұлар кімнің бұдан әрі санауға дайындалып отырғанын біле алмайды. Және бір-бірлеріне нендей де бір белгі де бере алмайды. Ақыр соңында, бәлкім, бәрінен сандарды көп айтқан ойыншы дараланып қалады. Міне, серіктестер ішінен озып шыққан ойыншы, осылайша, лидер (озат) атанады.
«Бір, екі» ойыны. Бұл ойын, негізінен, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Ойын түрі де ойыншылар тобынан ерекшеленген озаттарды анықтауда ерекше маңызды. Ойын басталмас бұрын, команда бойынша көрсетілетін қозғалыстарды ойыншылардың бір уақытта жасаулары ескертіледі. «Бір де!» ойын басқарушының командасы бойынша ойыншы балалар өз орындықтарын жоғары көтереді. Бұдан соң, ойын жүргізуші ешқандай команда бермейтінін хабарлайды. Бұл тұста, балалардың (ойынға қатынасушылардың) алғашқысының «Орындықтарыңды түсіріңдер!» деген командасын ескеру ғана маңызды. Бұдан әрі ойын жүргізушінің «Екі де!» командасы бойынша балалар өз орындықтарын айналып жүгіреді. Ойыншылардың біреуінің: «Орындықтарыңа отырыңдар!» бәрі де бір уақытта
орындықтарына отырулары тиіс. Ойыншылар арасынан бірінші және екінші жағдайларда команданы бір ғана бала берсе, бұл ойыншы бойында лидерлік (озаттық) қабілеттің бары анықталады.
«Кактустар шөл далада өседі» ойыны. Бұл ойын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Ойынға қатынасушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен жүріп, бәрі бірдей: — Кактустар шөл далада өседі, кактустар шөл далада өседі, - дейді. Ойын басқарушысы шеңбер ортасында тұрып, тосыннан бұрыла кетеді. Осы кезде лезде шеңбер ішінен бір ойыншы секіріп шығып: — Ой! – деп айқай салады. Мұны ол ойын басқарушы міндетті түрде көре алмайтын кезде жасауы тиіс. Көршілес тұрған ойыншылар айқайлаған ойыншының іле қолынан ұстай алады. Егер ойын жүргізуші шеңберден секіріп шығуға ыңғайланған ойыншыны байқап қалса, ол сол ойыншының иығынан қағуы керек. Ойыншы бұл кезде көпшілік тұрған шеңбер ішінде қалуы тиіс. «Саған не болды?» дейді ойын жүргізуші шеңбер ішінен секіріп шыққан «науқасқа». Ойыншы кактусқа байланысты кез келген жауапты ойлап табады (мысалы: «Мен дәмі тым ащы кактусты жеп едім». «Мен кактусты басып кетіп едім», т.б.). Бұдан кейін ойыншы шеңберге қайта кіреді. Осы тәртіппен ойынды басқалары жалғастырады. Ойыншылар басқарушының сұрақтарына жауап беру кезінде бұрын айтылған жауаптарды (ойыншылардың жауаптарын) қайталамауы тиіс. Шеңбер сыртына көбірек шығып, белсенділік танытқан ойыншы «лидерлік» (озаттық) қабілеті бар деп бағаланады.
«Мен сенімен келіспеймін» ойыны. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған. Бүлдіршіндер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері екінші топқа бірнеше сұрақ қояды. Екінші топ мүшелері бұл сұрақтарға жауап қайтарады. Сұрақтар, негізінен, әр ойыншының белгілі бір іс-әрекетке құмарлығы төңірегінде өрбиді. Мәселен: «Соңғы кезде қандай кітап оқыдың?», «Спорттың қандай түрімен айналысасың?», «Денсаулықтың зор болуы үшін не қажет?», т.б. Мұндай сұрақтар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әр алуан болып келеді. Сұрақтарға жауап беруші жақтың да жауаптары мазмұнды, мағыналы, ойға қонымды болуы қажет. Ойыншылардың сұрақ және жауаптарындағы ой-өрістеріне қаншалықты әсер ететінін де байқап, бағамдау ләзім. Бірінші топ мүшелерінің сұрақтарына екінші топтың – жауап беруші жақтың – бағасы он баллдық (ұпай) мөлшерде беріледі. Бұдан әрі екінші топ сұрақ қоюға көшеді де, бірінші топ мүшелері жауап қайтарады. Көбірек сұрақ қойған ойыншылар да, сұрақтарға дұрыс жауап қайтарған оқушылар да 10 баллдық шкаламен бағаланып, ең жоғары баллға ие болғандар – лидерлік (озаттық) сапаға ие болып, ойын басқарушыдан немесе әділқазылар алқасынан дәріптеліп, марапатталуы да мүмкін.
Лидерлік сапа – қабілет – кез келген бала бойынан табыла бермейтін қасиет. Десек те, шәкірттерді озаттыққа тәрбиелеу – тәжірибелі тәрбиешілер мен балабақша психологтарының педагогтік қызметтегі басты міндеттерінің бірі
деуіміз қажет. Бала бойына туа біткен зәрідей ғана дарын тәрбиешілер еңбегімен ғана қалыптасып, дариды да дамиды.
«Біз екеуіміз ғана» ойыны. Бұл қызықты ойынды сегіз бен он бес жас аралығындағы балалар ойнайды. Ойыншылар саны шектелмейді. Бірақ сегіз адамнан кем болмауы да керек. Топ ішінен екі жүргізуші (ойын басқарушы) тағайындалады. Басқалары – ойыншылар. Бұлар жұп санды құрауы қажет. Радиусы 4 метрлік шеңбер жасап, балалар ойынға әзір тұрады. Ойыншы жүргізуші екеуі қарама-қарсы жаққа тарап, біріне-бірі қарама-қарсы тұрады. Музыканың әуенімен бәрі шеңбер жасап, қол ұстаса көңілді қозғалыспен ойынды бастап кетеді.
Арада бірер минут өткен соң, жүргізушілердің бірі жұптанған ойыншылардың бірінің қолынан ұстай алады. Осы кезде шетте қалған екінші ойыншы қаша жөнеледі. Ойын басқарушы оны қайткенде ұстап алуы керек. Ойын басқарушылар да, ойыншылар да бірі – ұстауға, екіншісі – ұстатпауға тырысады. Басқарушы шеңбер жасап қашқан ойыншыны ұстап алса, ойыншының орнына басқарушы тұрады да, ұсталған ойыншы басқарушының рөлін орындайды.
«Мен бәрінен жақсымын, ал сен ше?» ойыны. Бұл ойын да мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған. Ойынға қатынасушы бүлдіршіндер бұл ойын түрінен бірлікті, сергектікті, ұнатушылықты, т.б. қасиеттерді мақұлдауды сезінуге тәрбиелене беруге, жақсы көңіл күйде болуға, біраз уақытқа болса да дағды алады. Күнделікті ойындарында кездесетін қорқыныштарды, күдіктерді аз уақыт болса да ұмытатын болады. Ойын үш, бес бүлдіршіннің қатынасуымен шақталуы тиіс. Балалардың бірі көпшіліктің мақұлдауы, қолдауымен орындыққа отырғызылып, үстін жұмсақ, бірақ салмағы бар заттармен жабады. (Бұл тұста бүлдіршіннің жасы және салмағы қатаң ескеріледі.) Бұдан әрі орындықтағы бүлдіршін үстінде үйілген заттарымен сахнаға әкелінеді. Жиналған ата-ана, мектеп оқушылары бұл көріністі ерекше қошеметпен, ду қол шапалақтап қарсы алады. Ойынға қатынасқан былайғы үш, төрт бүлдіршін орындықтағы бүлдіршінді қоршап алып, қол шапалақтайды. Бұл секілді «құрметті» орындыққа қалған бүлдіршіндер де кезегімен отырып, өз өнерлерін көрсетуі тиіс. Жеңіске жеткендер – ең көп қол шапалаққа ие болғандар, көпшіліктің ризашылығына бөленгендер болса керек. Жеңімпаз бүлдіршін сый-сияпатпен көтермелеуі мүмкін.
«Тәрбиеші және бала» ойыны. Бұл ойын мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Бұл қызықты ойынды өткізу үшін бірнеше қарындаш пен қағаз ғана қажет. Әуелі, ойын жүргізуші тағайындалады. Бұл – тәрбиеші рөлінде ойнайды. Қалған ойыншылар – балалар. Әр парақ қағазға «тәрбиеші» бір заттың суретін салады. Бұл сурет оңай да, бәлкім, қиын да салынуы мүмкін. «Тәрбиеші» кезекпен әр парақтағы суретті «балаларға» (ойыншыларға) бірнеше секунд ішінде көрсетеді де, «тәрбиеші» «балаларына»: — Суреттердің қалай салынатынын есіңе сақта да, салып шық, — дейді. Бұдан әрі «балалар»
суреттерді сала бастайды. Көрсетілген заттарды ұқсата салған «балалардың» жұмыстары белгіленген ұпай бойынша бағаланады. Кім неғұрлым көп ұпай жинақтаса, сол жүлдегер атанады.