400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ересек топ балаларының ұсақ маторикасын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Page 2

Тексерілді : Оқу ісі жөніңдегі орынбасары: Бекенова А.А



Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.

Қыркүйек
Міндеті Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге
үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі
құралдарын байқауға үйрету жоғары дыбыстарды ажырату әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу,
қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.

ҰІӘтақырыбы: «Біздің балабқшада»
ҰІӘ-нің мақсаты: Ән мәтіні арқылы балабқша туралы түсіндіру.
Музыканы тыңдауға әннің мағынасын түсінуге, жетекшінің дауыс ырғағына еліктей отырып,
балабақша туралы әнді айтуды үйрету.
Күтілетін нәтиже: Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата алады.

Тілдік мақсат: Пікір алмасу сұрақтары:
Әуен қалай естіледі, көңілді ме, көңілсіз бе?
Қандай аспаптың дауысын естідің?
Ән тыңдаған ұнай ма?

Өткен ҰІӘ-нен алған білім Таныс әуендерге би элементтерін қосып, өз ойларынан суырыпсалма би көрсете біледі.
Үйренген әндердің көңіл күйін, сипатын бере орындайды.

ҰІӘ өтілу барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Ұйымдастыру
3-5 минут
Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! (әндете амандасу). Өткен сабақта ұстаз –
тәрбиеші туралы ән айттық. Бүгін сол мамандық иелерінің жұмыс орны – балабақша туралы
білетін боламыз.
Балабақшада. Ернұр Сейдахмет
Күлімдейді күніміз.
Көңілді ән-күйіміз.
Асыр салып жүреміз,
Тәртіп бұзбай жиі біз.
Білеміз біз, сұраңыз.
Музыкалық сүйемелдеу

Мектеп туралы суреттер


Page 3

Жаттап алдық жыр-аңыз,
Тәрбиеші апайдың,
Айтқанын тез ұғамыз.
Өлең не туралы айтылған?
Балабақша ережелері, қызметі туралы түсінік беру.
ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
...... минут
Музыка тыңдау:Сөзі: Фариза Оңғарсынова Әні : Айжігіт Асанов«Достар»
«Үш түрлі көңіл күй» музыкалық-дидактикалық ойынын қолдану арқылы әннің көңіл күйін
ажыратуға баулу.
Дауыс жаттығулары: «Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту. Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне
ерекше көңіл бөлу. Күшті бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, әлсіз бөлігінде
ақырын орындау.
Ән айтуБалабақша (әні мен сөзі Бота Бейсенованікі) саған ұнай ма? Саған қандай сабақ қызықты?
Әннің мазмұны туралы не айта аласың? Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету. Әннің кіріспе
бөлімі мен қайырмасын ажыра білуге баулу. Айырмашылықтарын түсіндіру, талқылау. Әннің
сөзін анық, таза айтуға үйрету. Қол шапалақтау арқылы әннің ырғағын қабылдауға
дағдыландыру.
Ой қозғау.
Балабқшаға не үшін барасың? Балабқшадан не үйренесің?
Суретке қарап, өз балабақшаң туралы әңгімеле.
Балабақшада сендерді кім күтіп алады? Кімдермен ойнайсың?

Аудиожазба «Достар» (үнтаспа)
«Жаңғырық» дауыс жаттығуы



Нота хрестоматиясы.
Музыкалық аспаптар немесе
слайд суреттері






IV. ҰІӘ-нің қорытындысы.
Рефлексия
....... минут
-Бүгінгі ұіә туралы балалардың пікірлерін тыңдау.
-Ұіә балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, аяқпенен топылдат топ- топ
















Page 4

Тексеріді: Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.

ҰІӘтақырыбы: «Менің сүйікті достарым»
Күні:


ТОП: ересек тобы
ҰІӘ-нің мақсаты: Балалардың музыкаға деген құштарлығн арттыру, достық туралы түсіндіру. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз
бөліктерін ажырату. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.
Күтілетін нәтиже: Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
Тілдік мақсат: Пікір алмасу сұрақтары:
Музыка әуеніне ілесіп қимыл жасағанды ұнатасың ба?
Саған қандай әндер ұнайды?
Музыка тыңдағанды ұнатасың ба?
Көбіне қандай музыкалар тыңдайсың?
Өткен ҰІӘ-нен алған
білім
Балалар өткен сабақта әннің не және кім туралы айтылғанын естеріне түсіреді. Балалар тыңдаған музыкалары жайында өздерінің
пікірлерін ортаға салады.
ҰІӘ өтілу барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
0-2 минут
II.Ұйымдастыру
3-5 минут
Балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка ойналғанда жеңіл жүгіреді. Шаттық
шеңберін жасап, алақандарын тигізіп, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
Педагог: Дос деген кім? – Балалар, сендер бір-біріңмен доссыңдар ма?
«Достық» пен «дос» туралы білгендерің дұрыс. Достық – араларыңдағы татулық, дос – жаныңдағы бірге
ойнап жүрген бала. Жаныңда жақын достарың мен айналаңда ата-аналарың болған кезде нағыз бақытты
баласыңдар.
Жүздері бал-бұл жанған
бақытты балалардың суреттері
ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
........ минут
Музыка тыңдау: «Балалардың бақыты» (муз. Б. Әлімжан, сөзі С. Мәуленов). Әнді тыңдай отырып
мазмұны не туралы екенін сұрау. «Бақыт» деген сөздің айналасында балалармен пікірталас жүргізу.
Сендер өздеріңді қай кезде бақытты санайсыңдар? Ән көңілді ме әлде көңілсіз бе? Қандай екпінде
айтылып отыр?
Дауыс жаттығулары: «Телқоңыр» (Сүгір). «Телқоңыр» күйінің негізгі әуенін «да» буынында орындау.
Жақ сүйектері еркін қимылдайды, ауызды кең, дөңгелете ашады.
Ән айту: «Достасайық бәріміз». (сөзі мен муз. жазған Т. Бейсембек) Педагог әнді таныстырып болған соң,
әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді. Достық туралы, достары туралы балалар ойларын ортаға салады.
Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Соқыртеке» (муз. А. Тани, сөзі А. Естенов). Әуен мен мәтінді дұрыс айта
жүріп қимылдар жасау. Балалардың қалауы бойынша импровизация жасау, өңдеу, әрлеу.
Ой қозғау.
Достарыңмен қалай ойнайсың? Достарың туралы әңгімеле. Бұл суреттен не көріп тұрсың? Тату достардың
іс-әрекеттерін әңгімелеп бер.

«Балалардың бақыты» әні


«Телқоңыр» күйі




«Достасайық бәріміз» әні

«Соқыртеке» әні


Page 5



IV. ҰІӘ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
....... минут
Смайлктер беру Смайлктер














Тексерілді :






Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.


ҰІӘ тақырыбы: «Ойыншықтар»(И.Нүсіпбаев, Н.Әлімқұлов)

ҰІӘ-нің мақсаты: Музыкалық есту қабілеттерін арттыру,ойыншықты ұқыпты ұстауға,оларды әнге қосып айтуға үйрету.
Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Музыканың ширақ, ойнақы сипатын көрсете билейді.
Балабақша туралы тақпақ-өлеңдер айтады.
Өз балабақшасы, достары туралы әңгімелейді.


Page 6

Үйренген әндерін еске түсіріп, әуенді сағатта бейнел енген мазмұнына сәйкес суретті тауып көрсетеді.
Тілдік мақсат: өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды, әнді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды, тыңдап сезінуді,
әңгімелейді.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қуыршақ мұны, жас дәуір, түлек.
Пікір алмасу сұрақтары:
Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Ойыншық бізге не үшін керек?
Ойыншықтар неден жасалады?
Өткен ҰІӘ-нен
алған білім
Балалар өздері білетін әндерді қайталайды., би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралы әңгімелейді
ҰІӘ өтілу барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
0-2 минут
II.Ұйымдастыру
3-5 минут
Әуенді –дидактикалық ойын: «Әуенді сағат» ойналады.
Дауыс жаттығуына қуыршақтарын ұйықтатып, әлдейлейді.
Дауыстарын қатты және жай шығаруға дағдыланады.
Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп, үйренеді.
Ырғағы мен динамикасын шапалақтап көрсету арқылы есте сақтайды.
Балалар шапшаң қозғалуға, тез қимылдауға, жүгіруге дағдыланады.

қуыршақтар,
ойыншықтар, түрлі
түсті шарлармен зал
іші безендіріледі.
ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
.....минут
Музыкатыңдау:«Мәшине» (К. Қуатбаев,Т. Тұяқбаев)
Әннің мазмұны мен әуенінің ырғағын ажыратуға үйрену.
Мәшине, бағдаршам суреттерін көрсету, әңгімелеу.
Жол ережелері туралытүсінік беру.
Ән айту:«Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық әуені, Ю. Энтин, аударған И. Сапарбай)
Әннің әуенін үйрену, мазмұнына сәйкес қимыл жасауға үйрету.
Айғайламай, дауысқа күш түсірмей дұрыс айтуға дағдыландыру.
Өткен әндерді қайталау. Таныс әндерді естеріне түсіріп, сөздерін анық, таза айтуына мән беру.
Таныс әндерді қалаулары бойыншақайталау.
«Ойыншықтар»(И.Нүсіпбаев,
Н.Әлімқұлов)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Бөбектер биі» (К.Қуатбаев)
Балаларжұптасып тұрады.
1-бөлімде бір-біріне қарап тұрып, аяқтарымен жеңіл серіппеліқимылжасайды.
2-бөлімдеқол ұстасып айналады.
Кел, ойнайық, ойнайық,
Қызыққа бір тоймайық!
депойынғашақырады.
Дид ойын: «Музыкалық қалпақ»
Шарты: музыка ойнай бастайды, ол ойнап жатқанда, сіз қалпақты айналдырасыз. Музыка тоқтаған бойда
қолында қалпағы бар адам оны басқа баланың басына кигізеді.


Page 7


IV. ҰІӘ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
..... минут
Бүгінгі ҰІӘ туралы балалардың пікірлерін тыңдау.
ҰІӘ балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер ұіә қызықты өтті деп ойласаң қатты шаплақтаймыз, егер қызықты болмаса жай шапалақтаймыз.






Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.

Тақырыбы: «Мен өнерлі баламын»
ҰІӘ-нің мақсаты: Ән айта отырып, сол әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауға үйрету. Музыкалық қабілеттерін жетілдіру. Таныс әннің,
музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
Күтілетін нәтиже: Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты. мәнерлі қозғалыстар жасай алады.

Тілдік мақсат: Пікір алмасу сұрақтары:
Ән айтқанды ұнатасың ба? Неліктен?
Қандай әндерді, әншілерді білесің?
Өткен ҰІӘ-нен алған білім Өткен сабақта үйренген әннің 1-ші шумағын қайталап, бірге және жеке әндете орындайды. Әннің көңіл күйін ажыратады.
ҰІӘ өткізілу барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
Ұйымдастыру
3-5 минут
Музыкалық сәлемдесу.Ырғаққа сәйкес бірге қол шапалақтау және
«Сә-ле-мет-сіз бе?» сөзін буынға бөле әндету.
Балаларды екі топқа бөлу. Бірінші топқа ырғақты шапалақтап, келесі топқа бубен аспабымен
әуенін ырғағын дәл бере ойнауды ұсыну. Әрі қарай екі топ алмасады. Ән жанрлары, әншілер
туралы мағлұмат беру.
Бубен аспаптары
ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
.......минут
Музыка тыңдау:«Күзгі вальс» (муз. А. Досмағамбет). «Балдырғандар маршы» (муз. К.
Қуатбаев). Балалар шығарманы тыңдап, әуеннің сипатын анықтайды. Алған әсерлерін бөліседі.
Әуенді тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің? Шығарманың қарқыны қандай?
Дауыс жаттығулары:«Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту. Әуеннің күшті және әлсіз
бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. «Күшті» бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса,
«әлсіз» бөлігінде ақырын орындау.
Ән айту:«Мен өнерлі баламын» (муз. М. Омаров, сөзі Г. Жотаева). Әнді орындап, мазмұны
туралы әңгімелесу. Өнер және музыкалық мамандықтар (орындаушы, әнші, солист, оркестр,
дирижер туралы мағлұмат беру.Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындау. Жаңа әннің
«Күзгі вальс», «Балдырғандар
маршы» музыкасы Күз
мезгілін бейнелейтін түрлі
түсті сурет «Жаңғырық»
дауыс жаттығуы




Page 8

әуенін таза орындауға үйрету. Бұл әнді қандай көңіл күймен орындаймыз? Ырғағы қандай екен?
«Ырғақ» деген сөздің екі тілде айтылуын қайталау арқылы естеріне сақтауға ықпал ету: ырғақ
– ритм
Музыкалық-ырғақты қозғалыс:Полька (Б. Сметан). Би түрін бейнематериалдан көрсету. Би
ырғағын аяқ топылдату, шапалақтау арқылы есте сақтауға үйрету. Би элементтерін
жұптасып бірге қайталау, қарқынын сезіне мәнерлеп қозғалуға баулу. Ұлттық ойын. «Ақ терек,
көк терек».
Ой қозғау.
«Мен өнерлі баламын» әнінің мазмұнына қай сурет лайықты? Неліктен сол суретті таңдадың?
Өнерлі балаға қажетті заттарын тауып беруге көмектес. Аса қажетті құрал не деп
ойлайсың? Неліктен бұл затты таңдадың?

«Мен өнерлі баламын» әні


Полька (Б. Сметан)
Аудиожазбалар,
бейнематериалдар


IV. ҰІӘ-нің қорытындысы.
Рефлексия
.......минут
балалардың пікірлерін тыңдау.
қорытындылау, бағалау.






Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.

Қазан
Міндеті Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру.Қысқа
музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың
сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу.

ҰІӘ тақырыбы: «Отбасым –бақытым»
ҰІӘ-нің мақсаты: Отбасына, мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізу.
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату.
Күтілетін нәтиже: Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (қайырмасын, кіріспесін) ажырата алады.
Таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

Тілдік мақсат: Отбасы туралы әңгімелей алады. Отбасы мүшелері кімдер екенін ажыратады.
Пікір алмасу сұрақтары:
Аналарың ұйықтар алдында қандай ән айтады?
Сендер аналарыңа қандай ән айтасыңдар?


Page 9

Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды?
Өткен ҰІӘ-нен алған
білім
Өткен сабақта қандай ән айттыңдар?
Музыка тыңдаған сендерге ұнай ма?
Әнде кім, не туралы айтылғанын еске түсіру.
ҰІӘ өтілу барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
0-2 минут
II.Ұйымдастыру.
3-5 минут
Балалар көңілді музыка әуенімен келеді. Педагогпен әндетіп амандасады. Шеңбер бойымен жүріп, би
қимылдарынан элементтер жасайды.
– Балалар, «отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
– Отбасыларыңда кімдер бар?
– Сендер ұйықтар алдында аналарың әндетіп ұйықтатады, сол әнді «бесік жыры» деп атайды.
Бүгінгі әніміз де, тыңдайтын әуеніміз де осы тақырыпта болмақ.
Әуеннің қарқынын, динамикасын, регистрін талдап, түсіндіру.

ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
...... минут
Музыка тыңдау:«Бесік жыры» (муз. И. Нүсіпбаев, сөзі С. Жиенбаев). Әнде не туралы айтылғанын,
алған әсерлерін сұрау. Балаларға «бесік жыры» туралы мәлімет беріңіз. Балалардан бұл ән күннің қай
мезгілінде орындалатынын сұрау.
Дауыс жаттығулары: «аққу» (Сүгір). Әуенді асықпай, төменнен жоғары қарай әндету. Әуенді «га-га»
буынында орындау.
Дауысты ашық «а» дыбысын дөңгелете айтуға жаттықтыру.
Ән айту: «Әже тілегі» (муз. мен сөзі Т. Қоңыратбай).
Педагог әнді сүйемелдеумен орындап, балаларға мәтінін қайталатып үйретеді.
Ән кім туралы айтылып отырғанын естеріне салып, сезіммен айтуды ұсынады. Ән айту барысында
сүйемелсіз балаларға қайталатып, есту қабілетін тексеріңіз.
Ой қозғау.
Ән кімдер туралы? Анаң мен әкеңнің анасын қалай атайсың? Өз отбасың туралы әңгімеле. Суретті
мұқият қарап, әженің киімдерін сипатта. Музыкалық аспаптарды ата.
«Бесік жыры» әні Аспаптың
сүйемелдеуімен



«Әже тілегі» әні





IV. ҰІӘ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
............... минут
қорытындылау, бағалау. Смайктер беру Смайлктер










Page 10








Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет циклограммасы
Іс-әрекет түрі: Музыка.


ҰІӘ тақырыбы: «Мен бақытты баламын»
Күні: 1 сағат
Топ: Қатысқан балалар саны:
ҰІӘ-нің міндеті: Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты)
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарап ажырату.
Күтілетін нәтиже: Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарай ажырата алады.
Тілдік мақсат: Әуеннің сипатын, көңіл күйін, өз ойларын жеткізе әңгімелей біледі.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыкадан қандай әсер алдың?
Тыңдаған әнді қалай бейнелер едің?
Әннің мәтіні не туралы?
Өткен ҰІӘ-нен алған
білім
Өткен сабақтарда алған білімдерін көрсете алады, музыкалық шығарманың түрлерін ажырата біледі.
Өз ойларын еркін жеткізе әңгімелейді.
ҰІӘ өтілу барысы
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату 0-2
минут
II. Ұйымдастыру
3-5 минут
Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! (әндете амандасу).
Балаларға кезекпен допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады, жауаптар тыңдалады. – Бақыт деген не?
– Бақытты болу үшін не істеу керек? – Достарыңа бақытты болу үшін қандай тілек айтасың?
Музыкалық сүйемелдеу

Доп
ҰІӘ-нің ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
.............минут
Музыка тыңдау: «Ақ көгершін» (муз. Қ. Қалқатаев, сөзі Е. Баят).
«Еркін самғап ұшсын» деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қайсы құсты біз мақтаймыз? – Ән сендерге ұнады ма? Неліктен? Ән қанша бөліктен тұрады? Мазмұнын





Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 шілде
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі