Материалдар / ЕРІКТІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ІЗДЕСТІРУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕРІКТІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ІЗДЕСТІРУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада еріктілік негізінде қоғамға қол ұшын ұсыну мүмкіндіктерін іздеу процесін жеңілдететін, осы мақсаттағы жұмыс іздеу мобильді қосымшасы мен оның практикалық маңыздылығына шолу жасалған. Бұл қолданба азаматтардың еріктілік қолдауды қажет ететін ұйымдармен байланысуына қалай көмектесетінін сипаттайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 004


ЕРІКТІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ІЗДЕСТІРУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША


1Т. Атаназаров. , 2Д. Қондыбай, 3А. Сытдыхова,

4Н. Нұрманов, 5Е. Оңғарбаев, 6Б. Амандык


1Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасы 6В06103 – Есептеуіш техникалар және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы студенттері, Ақтау, Қазақстан.

E-mail: Temuraday1@gmailcom


Аңдатпа. Мақалада еріктілік негізінде қоғамға қол ұшын ұсыну мүмкіндіктерін іздеу процесін жеңілдететін, осы мақсаттағы жұмыс іздеу мобильді қосымшасы мен оның практикалық маңыздылығына шолу жасалған. Бұл қолданба азаматтардың еріктілік қолдауды қажет ететін ұйымдармен байланысуына қалай көмектесетінін сипаттайды. Мобильді қосымша мүмкіндіктерінің кең ауқымдылығы, пайдаланудың қарапайымдылығы, жұмыс туралы толық ақпарат және қауымдастықпен өзара әрекеттесу мүмкіндігі сияқты негізгі артықшылықтары талқыланады. Мақалада еріктілік қызметті ілгерілету және оң әлеуметтік әсер ету үшін оның мүмкіндіктерін табуға арналған мобильді қосымшалардың маңыздылығын атап көрсетеді.

Кілт сөздер: VolunteeringApp., kotlin, android studio, еріктілер, еріктілер мүмкіндіктері, мобильді қосымша.


Кіріспе. Еріктілер - бұл өз ынтасымен азаматтық қоғамның игілігі үшін әрекет ететін, өзінің білімін, уақыты мен күшін материалдық сыйақы алуға немесе ақы төленетін жұмысқа емес, бірлескен әлеуметтік күш үшін арнайтын тұлғалар. Ерікті қызмет белгілі бір міндет бойынша бірлесіп жұмыс жасау достық пен өзара түсіністікті құрудың тиімді әдістерінің бірі деген идеяға негізделеді, ал жобалар диалогтың, әр адамның қабілетіне қарай жұмыс істеу мүмкіндігінің негізі болып қызмет атқарады [1]. Бүгінгі күннің басты мәселесі көптеген жастардың еріктілік бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізе алмауында болып табылады. Бұл ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың жеткілікті деңгейде дамымауымен түсіндіріледі (жалпы ақпараттық кеңістіктің болмауы), нәтижесінде олар ерікті күш-жігерін қайда жұмсай алатынын білмейді [2]. Еріктілерге арналған мобильді қосымшалар волонтерлердің қолайлы мүмкіндіктерін табуды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы еріктілер қозғалысын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Кез-келген тұлға қоғамдық орталықта көмек бергісі келсе, қолданбаны пайдалана отырып, еріктілік негізінде қоғамға қол ұшын ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Егер қайырымдылық акциясы үшін қаражат жинауды ұйымдастыратын жағдайда немесе қоршаған ортаны қорғау бастамаларында еріктілерге жұмыстарды табуға ізденістер қажет болғанда, жоба қажеттілігі кең мүмкіндіктер береді. Олар көмектесуге дайын адамдарды қолдауды қажет ететін ұйымдармен байланыстырады. Қажетті процесті қарапайым және ыңғайлы етеді[3].

Зерттеу мәселесінің қойылымы. Қазіргі уақытта волонтерлік өркендеген қоғам құруда және әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Дегенмен, лайықты еріктілік жұмысын табу процесіне еріктілер үшін қиын және көп уақытты қажет етуі мүмкін. Осыған байланысты волонтерлік мүмкіндіктерді іздеуге арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу өзекті зерттеу мәселесі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – еріктілер мен еріктілік қолдауды қажет ететін ұйымдардың байланысында уақытты үнемдеп, бос жұмыс орындары мен еріктілер туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізе алу мүмкіндіктерін беру.

Зерттеудің негізгі нәтижелері. Ерікті жұмыс іздеу мобильді қосымшасының функционалдығын және волонтерлік мүмкіндіктерді ізделінеді. Пайдаланушы профилі, әрекетті ұйымдастырушылармен және басқа еріктілермен хабар алмасу сияқты мобильді қосымша ұсынатын негізгі мүмкіндіктерді алады. Мобильді қосымшада пайдаланушы интерфейсін бағалау, қолданба арқылы іздеу және табу функциялары жасалынады. Еріктілерге қойылатын талаптар, әрекеттің орны мен уақыты және байланыс ақпараты, мобильді қосымшаның еріктілерді қоғамдық қызметке тарту бойынша әсерін бағалау жүргізіледі. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны, олардың қолданбаны пайдалану тәжірибесі туралы пайдаланушы пікірі жайлы функциялары қосылады. Бұл өз кезегінде мобильді қосымша бойынша туындаған қиындықтар, мәселелермен жұмыс жасап, оны жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Мобильді қосымшаға арналған ықтимал жақсартулар мен әзірлемелер зерттелінеді. Оның негізгі проблемалары мен кемшіліктерін анықталып, сол жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, еріктілерге мобильді қосымшаның келесі функциялары ұсыналады:

- Ерікті бөлімінде қоғамдық қызметке ниет білдірген азаматтарға арналған ұсыныстар, қызметтің мекен-жайы және уақыты көрсетіледі. Еріктілер өзіне ыңғайлы тапсырыстарды қабылдауға мүмкіндік алады.

- Өтініш беру бөлімінде тапсырыс беруші өзінің тапсырысын қалдыра алады, ал еріктілер болса өздерінің түйіндемесін ұсынады.

- Категория бөлімінде ерікті өзіне ыңғайлы қызмет саласын таңдай алады.

- Қолданушы бөлімінде тапсырыс беруші немесе ерікті өз профилін баптай алады. (1-суретті қараңыз)

Сурет 1. Еріктілерге арналған мобильді қосымшаның басты беті

Қорытынды. Бұл мобильді қосымша Аndroid Studio бағдарламасында XML және Kotlin тілдерінде орындалады. Жалпы алғанда, еріктілік жұмысын іздеу мобильді қосымшасы қоғамға үлес қосуға және қоршаған әлемді жақсартуға ұмтылатын кез-келген адам үшін құнды құрал болып табылады. Оның еріктілік қозғалысты дамытуға жәрдемдесудегі және оң әлеуметтік әсер етудегі рөлі баға жетпес. Бұл мүмкіндік адамдарға қажет екенін қоғам мен уақыт талап етуде. Еріктілік кәсіби дамуда немесе тұлғаның жеке өмірінде пайдалы болуы мүмкін дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл коммуникацияны, басшылықты, іс-шараларды ұйымдастыруды және т.б. қамтуы мүмкін. Мобильді қосымшаның тағы бір пайдасы, еріктінің қарама-қайшы тараптармен қарым-қатынас жағдайында әңгімелесушілердің эмоцияларын түсіну және қабылдау, өз эмоцияларын басқару қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстандағы волонтерлікті дамытудың жай-күйі мен перспективалары qazvolunteer.kz/uploads/f4/4f/Волонтерство_доклад_kz_3.pdf

  2. Проблемы развития волонтерского движения - Проблемы и потребности развития волонтерского движения в городе Урюпинске за 2014 год (studwood.net)

  3. РАЗВИТИЕ ЭМОЦИОНАЛЬНОГО ИНТЕЛЛЕКТА ВОЛОНТЕРОВ elar.uspu.ru/bitstream/uspu/13047/2/Buldakova.pdf?ysclid=lv3g1tqsre386413816



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!