Материалдар / Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу. ҰБТ есептерін шығару жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу. ҰБТ есептерін шығару жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді қайталай отырып, ҰБТ- да кездесетін есептерді шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
3009
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Утегенова Айнур Туреахметовна

Бөрлі ауданы, Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сыныбы

11 «А»

Сабақтың тақырыбы

Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.

(1 сабақ) / ҰБТ есептерін шығару жолдары/

Сабақтың мақсаты

Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді қайталай отырып, ҰБТ- да кездесетін есептерді шығару

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: А. Ерітіндіге берілген есептерді шығарудағы білімдерін тереңдетеді. Оқушылардың басым бөлігі: В. Ерітіндіге берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара алады. Кейбір оқушылар: С. Күрделі есептерді топтық жұмыста өзара талдап, қорытынды жасайды.

Дерек көзі

Оқулық, ғаламтор, ҰБТ сынық кітапшасы, ҰБТ есептерді шешудің әдістемелігі

Құрал- жабдықтар

үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған парақтар, проектор, компьютер

Бағалау критерийі

  1. Ауыша есептеу

  2. Жекелей жұмыс жасауы

  3. Жұптық жұмыс жасау

  4. Топпен жұмыс жасауы

  5. Деңгейлік тапсырмаларды орындау


Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе

















Тұсау

кесер

  1. Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Топқа бөлу. Есептер жазылған парақшалар таратылады

Есептердің жауабын таба отырып, 4 топқа топтасады

Бағалау парақшалары таратылады

Оқушылар бағалау критерийлерімен танысып, аты- жөнін жазады

«Мына қызықты қараңыз»

Ерітіндіні проценті бойынша табуға арналған есептер ҰБТ-да жиі кездеседі. Оны шығару көптеген оқушылар үшін қиындық туғызады. Ерітінділердің қосылыстарына арналған есептерді теңдеу құрмай-ақ, крест әдісі арқылы тез есептеп табуға болады. Крест әдісі бойынша шығару жолы мына схема бойынша жүзеге асады:


DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2 В |A – C|

DrawObject4 А


С |A – B|


мұндағы В, С қосылатын ерітінді,А – қосылғаннан кейінгі шыққан ерітінді

|A – C|, |A – B| - әр ертіндіден қанша бөлік алатынын көрсететін оң шама.


Жаңа тақырыпты оқып үйренеді, топпен жұмыс істейді.


Негізгі бөлім

«Ойлан.Бірік.Бөліс.» әдici бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар видеосабақтан жаңа тақырыпты меңгереді.

1 ресурстық парақ: Сабақта үйрету керек тапсырмалар үлестіріледі.





2 ресурстық парақ: Сабақта жұптық, топтық әдістері арқылы орындалған тапсырмалар үлестіріледі.

ҰБТ есептері беріледі. Топта бірлесіп орындайды. Әр топтан бір оқушы жауабын айтады. С деңгейінің есебін шығарған оқушы тақтаға орындайды


Шығара алмаған есептерді көмек пернесін басу арқылы әр қадамын шығарып үйренеді.

Бірі шығарған есебін тақтаға шығарады, екіншісі түсіндіреді.

Қорытынды

Жас түлекке тілек

Өзіңнің күшіңді екі еселе, үш еселе, ал білім көлемін n-дәрежеге дейін көбейт.

Сенің жадыңда жастық шақ тұрақты шама болып қалсын.

Барлық өмір қателіктерінен тек оң түбір шығар.

Сенің тағдырыңның сындық нүктелерінде min сәтсіздік пен max табыс болсын.

Жабырқаңқы көңіл-күйді үнемі 0-ге көбейтуге тырыс.

Миллион үміттен жақсылық күт!



Кері байланыс парағын толтыру.


Мен сабақта жұмыстандым

Қарқынды

Қарқынсыз

Мен сабақтағы жұмысыммен

Қанағаттанамын

Қанағаттанбаймын

Сабақ мен үшін көрінді

Қысқа

Ұзақ

Сабақта мен

Жалыққан жоқпын

Жалықтым

Сабақ тақырыбы маған

Түсінікті

Пайдалы

Қызықты

Түсініксіз

Пайдасыз

Қызықсыз

Менің көңіл-күйім

Жақсы болды

Нашар болды






Үйге тапсырма

ҰБТ жинақтарынан қосымша есептер шығарып келу





Сабақта үйрету керек тапсырмалар:

1- есеп. 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50грамына 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын күкірт қышқылының массасын тап.


Шешуі:

50г

DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 80% 5

9DrawObject8 5%


100% 15


50:5=10

15*10=150


жауабы 150грамм



Схема бойынша 80% -тік күкірт қышқылынан 5 бөлік ал 100%-тік күкірт қышқыланан 15 бөлік алу керек. Сондықтан әр бөліктің құнын білу үшін 50грамды 5 бөлікке бөлеміз. Шыққан санды 15-ке көбейтеміз.


2-есеп. 5%-тік сірке қышқылының ертіндісіне 40%-тік сірке қышқылының ертіндісін қосып, 30%-тік сірке қышқылының 140 гр. алынды. әр ертіндіден қанша грамм алынған?


Шешуі:

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 5 % 10

140г

3DrawObject12 0%


40% 25

10+25=35

140:35=4

10*4=40

25*4=100

жауабы: 40грамм, 100 грамм


3-есеп. Екі қоспаның біреуінде 40%, екіншісінде 20% күміс бар. 32 %-тік қоспа алу үшін 20кг бірінші қоспаға екінші қоспадан қанша кг қосу керек?


Шешуі:

20кг

DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 40 % 12

3DrawObject16 2%


20% 8

8*

Жауабы: кг.

4-есеп. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. Құрамында тұздың концентрациясы 1,5% болу үшін 15л теңіз суына қанша литр тұщы су құю керек?


Шешуі:

15л

DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 5 % 1,5

1DrawObject20 ,5%


0% 3,5


15:1,5=10

3,5*10=35

жауабы: 35л

5-есеп. 30%-тік және 10% -тік тұз қышқылдарын қосып, 600грамм 15%-тік тұз қышқылының ертіндісі алынған. Әр қышқылдық ертіндіден неше грамнан алынған?


Шешуі:

DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 30 % 5

600г

1DrawObject24 5%


10% 15


5+15=20

600:20=30

30*5=150

30*15=450

жауабы: 150гр., 450гр

6-есеп. Сұйықтықтың құрамында тұз қышқылы салмағы бойынша 5%. 40кг сұйықтыққа құрамындағы тұз қышқылы 2% болу үшін неше кг таза су құю керек?

Шешуі:

40кг

DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25 5 % 2

DrawObject28 2%


0% 3

40:2=20

20*3=60


жауабы:60кг



Сабақта жұптық, топтық әдістері арқылы орындалған тапсырмалар:

1. 15 литр 10%-тік тұз ертіндісіне 5%-тік тұз ертіндісі араластырылып, 8%-тік ертінді алынған. Қанша литр 5%-тік ертінді қосылған? (жауабы 6л)

2. Бір ертіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ертіндісін алу үшін бірінші және екінші ертіндіден қанша алу керек? (жауабы 20л, 80л)

3. Құрамында никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек? (40т, 100т)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!