Ерітінділердің концентрациясы.Еріген заттың массалық үлесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерітінділердің концентрациясы.Еріген заттың массалық үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:1.Ерітінді, еріген зат,массалық үлес,мольдік концентрация туралы білімдерін қалыптастыру. 2. Ерітіндіге байланысты есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін логикалық және ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Теориялық білімдерін практикада қолдану арқылы тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Алғабас ауылы

«Алғабас орта мектебі»КММ

Карымбаева Айгүл Қожақанқызы

химия пәні мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы.Еріген заттың массалық үлесі

Сабақтың мақсаты:1.Ерітінді, еріген зат,массалық үлес,мольдік концентрация туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Ерітіндіге байланысты есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін логикалық және ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Теориялық білімдерін практикада қолдану арқылы тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді,сыни тұрғыда ойлауы дамиды,топпен,жұппен жұмыс істеуге дағдыланады. Есеп шығару біліктері дамиды,

қорытынды жасай білуге үйренеді.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Ресурстары: оқулық , интербелсенді тақта, слайд, бағалау парақшалары, стикер.

Оқыту әдістері: АКТ, диалогтік оқыту, СТО, Блум таксономиясы.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

1.Сәлемдесу 2. Кезекші мәліметі 3.Назарларын сабаққа аудару 4.Топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

I.Білу. Кім жылдам?( сұрақ- жауап ) әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1.Судың формуласы 2.Судың с.м.м 3. Су қандай зат? 4.Судың үш күйі 5.Судың тығыздығы 6.Мұздың тығыздығы 7.Судың физикалық қасиеттері 8.Сутегі жанғанда не түзіледі? 9.Су табиғатта қайда кездеседі?

2. Ой толғау (үйге берілген шығармашылық тапсырма) 5 ұпай

1 топ: Су – өмір 2 топ: Су – денсаулық 3топ: Су – экологиясы

3. Кім алғыр? Судың химиялық қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін аяқтау( әр дұрыс теңдеу 3ұпай)

1 топ: Na +H2O →

CaO + H2O→

2 топ: CO2+H2O→

SO3+H2O→

3 топ: Zn +H2O→

P2O5+H2O→

-Үй тапсырмасын қорытындылау,бекіту.

ІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі: жұппен жұмыс

Жаңа тақырыпты оқып үйрену ,оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу, жоспар бойынша сұрақтарға жауап табу, түртіп алу, талдау, түсіну.

1.Ерітінді деген не?

2.Ерітіндінің концентрациясы немен анықталады?

3.Ертіндінің түрлері

4.Ертіндінің концентрациясын көрсететін ең қарапайым әдіс.

5.Процент нені көрсетеді?

6.Ерітіндідегі заттың массасы немен өрнектеледі?

7. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі деген не?

8. Массалық үлес қандай формуламен анықталады?

W=m(еріген зат)/ m (ерітінді) * 100% (1)

( 1)Формуланы пайдаланып, еріген заттың массасын қалай табуға болады?

m(ер. зат)= (2)

Ерітіндінің жалпы массасын табу m (ерт)=m(ер. зат) +m( су) (3)

Судың массасын табу m( H2O) = m(ерт) – m( ер.зат) (4)

ІII. Қолдану. Есептер шығару 5 ұпай

1топ: 200гр 5%-тік ас тұзын ертіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз және су керек?

2топ: 60гр суға 20гр қант ерітілді. Осы ертіндінің массалық үлесін есептеу.

3топ: 20% , 500гр ерітіндіні даярлау үшін қанша грамм тұз және су қажет.

IҮ. Жинақтау: Өрмекшінің торы әдісі бойынша алған білімді жинақтау.

- сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау әр дұрыс жауап 1 ұпай

Ү. Бағалау (бағалау парақшаларына ұпай сандарын қою арқылы қорытынды баға шығару) Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.Мұғалімнің қорытынды бағалауы.

ҮІ Үйге тапсырма: № 38. №2,4,5 есеп

ҮІІ Рефлексия 1. Бүгін мен ......үйрендім . 2. Маған ......қиын болды. 3. Мен...түсіндім

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі