Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен !

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен !

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурызға әжелерді құттықтау, салт-дәстүрлерді дәріптеу, әже мен немере арасындағы сүйіспеншілікті көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

МShape1

Еркелейтін әлі мен , Әжем жақсы бәрінен

ақсаты: Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі әжелердің жауапкершілігі. Әжелердің өмірге деген көзқарасын өзгерту. Әжелердің немерелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыру.

2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананы бірігіп жұмыс жасауы.

Түрі: кездесу, ток-шоу

Көрнекілігі: слайд, бейнесюжет

Барысы: 1. Ұйымдастыру

Әженің өмірдегі, қоғамдағы, бала өміріндегі маңызы туралы видеоролик көрсету.

2.Кіріспе сөз. Қазақ отбасында әже орны қадірлі әрі ерекше. Әже-отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, кейінгі жастардың тәрбиешісі. Жаңағы бейне сюжеттен көргеніміздей ертегі айтатын әжелеріміз қазіргі кезде тым азайып бара жатқандай ма?

Алайда айтуға бәрі оңай...

Біздің сыныбымыздың әжелері немерелеріне әлі де қамқор , әрі тәрбиеші.

Ортаға әжелерді шақыру. Әжелер өз пікірлерін,бала тәрбиесі туралы ой өрбітеді.

  1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін АҚМАРЖАН МЕН ЕРДЕНнің асыл әжесі БИБІХАН әжейді ортаға шықырамыз.

  2. Көп балалы ардақты әже ДИАС, ТОЛҒАНАЙ, ТҰРҒАНАЙДЫҢ асыл әжесі НҰРСҰЛУ әжейді немерелерімен қарсы алыныздар!

3.Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді Ерейменнің асыл әжесі ГҮЛЗЕЙНЕП әжейді немересімен шақырамыз.

4. Әже біздің күніміз,әжемнің біз гүліміз,

Балаларды қуантып, ұзақ өмір сүрініз, - дей отырып АНЭЛЯНЫҢ асыл әжесі ГҮЛНАР әжейді ортаға шақырамыз!

5. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже НАЗЫМНЫҢ асыл әжесі ҰЛТУАР әжейді ортаға шақырамыз!

6.Таусылмайды өлеңі,күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,кәмпит алып келеді – деп ҰЛДАНАНЫҢ асыл әжесі РАУШАН әжені немересімен ортаға шақырамыз!

7. Құрт пен майын жинаған,балаларға сыйлаған,

Бұл әжемнің - өмірі,таусылмайтын жыр маған – деп ортаға НҰРЖАМАЛДЫҢ НАҒАШЫ әжесі ЗАКИРА әжейді ортаға шақырамыз. 

7. Менің әжем,ақ әжем  Менің әжем - жыр әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем Шуағы мол - нұр әжем деп АЗАМАТТЫҢ асыл әжесі САЛИХА әжейді немересімен ортаға шақырамыз.


Ертегі айтып бер десем Ақ орамалды тағып ап

Айтып берер тағы әжем Аман – есен жүр әжем


Оқушылар сұрақ қояды.

1.Базарлық деген не?

2.Немерелеріңіздің қызықты сәттерін айтып беріңіз

3. Баланың жақсысы қызық, жаманы –күйік –деген мақалды түсіндіріп берсеңіз?

4.Есікті керме деген тыйым сөздің мәнін ашып берсеңіз

5. Мақал-мәтел айтып берсеңіз?

6.Немерелеріңізге ертегі айтып бересіздер ме?

7. Бізге қандай өсиет сөздер айтып берсеңіздер?

Оқушы тілектері: Әр оқушы әжелеріне жырдан шашу шашады



1—оқушы:

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.


2- оқушы:

Менің әжем нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем .







3-оқушы:

Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем!


4-оқушы:

Әже маған үлгі сөзіңіз

Өнегесіз өзіңіз

Жақсылыққа талпынып

Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене

Жаман деген немене,

Осындайда әжетай

Айтыңызшы өнеге


5-оқушы:

Аман болсын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де

Жүзге жетсін жасыңыз

60-та өмір белесі,

Қартайдым мен демеші

Туған күнде жыл сайын ,

Қуанышқа бөлеші.



6-оқушы: Алтын әжем менің!

Тілеуімді тілеген ,еркелігімді көтерген, мен ауырсам-жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым ! Көңілі кең ,жүрегі мейірімді, кеудесі қазына , сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан ,немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым! Бар тәттіні аузыма тосып ,бар жақсыны үстіме кигізіп ,еркелетіп өсірген , қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің ! Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

7-ОҚУШЫ: Әжетай! Әулетіміздің киесі,барлығымыздың ақылшымыз, шыңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай ,тұмсықтыға шоқтырмай , мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып ,бүгінде бір-бір шаңырақты құрап , өсіп-өнді –қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар . «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»-дейді . Алла сізге күш қуат берсін! Ұл-қыздарыңызбен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

8- оқушы:

Алпыста алты жасар баладай бол .

Жетпіспе хан жығасы-жағадай бол.

Сексен мен тоқсанда сыр алдырмай,

Жүз жаста көпті көрген данадай бол.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де

Жүзге жетсін жасыңыз.



9-оқушы: Әжеме тілек

Әже-сенің ардақ тұтам есіміңді

Болдың ғой бізге әрдайым кешірімді.

Қондырып қияға-қыз, ұяға-ұл,

Өзіңнен ұрпақтарың өсіп-өнді.

Айналайын асыл әжем мінезіңнен,

Бар бақытты табамын бір өзіңнен .

Ешқашан ауырмай жүре берші,

Бар жақсыны тілеймін жүрегімнен.

Сізге деген тілегім таусылмайды,

Болмасын өміріңде уайым қайғы.

Көтеретін немере еркелігін,

Аппақ бейнең біз үшін жарқылдайды.

Анасысың әкемнің анашымның,

Тілеймін бір өзіңе бар асылды.

Көрейік асыл әжем өзіңді әркез,

Өмірдің биігінде дара шыңның.




Елдос

Балаңыздың сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым.


Гүлім

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Сабина

Маған ақыл беретін

Әжем менің асыл жан

Сипап жақсы көретін

Құлыным деп басымнан


Шамшінұр


Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім», - дейтін.


Салтанат

Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.



Әжемізге қандай тілек білдіреміз.
«Адал бол,- деп немерем»
Әділдікке үйреткен,
Жүрегінде махаббат
Тілегінде мархабат,
Әжемізге мың алғыс!

 Сұрақ-жауап «Сыр сандық» .

1. «Байғазы» дегеніміз не?.
2. Үш арсызды ата.
1. «Ерулік»деген не?
2. Бес дұшпан
1. «Сәлемдеме»деген не?
«Көрімдік» деген не?
«Сүйінші» деген не?
1. «Тілашар» қай кезде жасалады? 
2. Жеті ата қалай аталады? 
3. Базарлық деген не? 
4. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай? 


Әжелерге берілетін сұрақтар
1.Немереңізді қалай еркелетесіз?
2.Немереңіздің мінезі қандай?
3.Сізге қандай сыйлық береді?
4.Немереңізге қандай тамақ әзірлейсіз?
5.Қандай бала сүйкімді?
6.Немереңіз болашақта кім болады?
7.Қалай жазалайсыз?
8.Мақтаншақ болса қайтесіз?
9. Бойында қандай кемшілігі бар?




Менің әжем,ақ әжем  Менің әжем - жыр әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем Шуағы мол - нұр әжем

Ертегі айтып бер десең Ақ орамалды тағып ап

Айтып берер тағы әжем Аман – есен жүр әжем



Мақал - мәтелдер

  • Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал.

  • Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.

  • Анаңа ауыр сөз айтпа

Атаңа ауыр жүк артып.

  • Анасын көріп, қызын ал

Аяғын көріп асын іш.

  • Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

  • Айдың ізін ай басар,

Аттың ізін тай басар.

  • Бала, баланың ісі шала.

  • Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.

  • Баланың жақсысы - қызық,

Жаманы – күйік.

  • Бала - анаға аян

Әкеге - күмән.

  • Бала күлкіге тоймас,

Болбыр ұйқыға тоймас.

  • Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.


  • Әр оқушы әжелерге өз қолынан жасаған сыйлықтарын таратады.

  • «Әжеге арнау әні » , «Әже » -хор, әжелерден бата алу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
1588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі