"Еркемай" балабақшасы. : «Тәуелсіз Елім-Қазақстан» "Балдәурен" екінші кіші тобы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еркемай" балабақшасы. : «Тәуелсіз Елім-Қазақстан» "Балдәурен" екінші кіші тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан қаласы «Еркемай» балабақшасы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 29 жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіз Елім-Қазақстан»

«Балдәурен» екінші кіші тобы





Тәрбиеші: Нуржигитова А

Дулатбаева С













2020-2021 оқу жылы

Білім беру саласы: Әлеуметтік, шығармашылық

Бөлімі: Қоршаған ортаны таныстыру

Тақырыбы: «Тәуелсіз Елім-Қазақстан»

Білімділік міндеті: баланың туған жері, елі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық міндеті: Осы қиын, жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларында деген құрметті дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, плакаттар түрлі түсті бояаулар



І. Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

(Балаларды отырғызу)

ІІ. Негізгі бөлім

Қазақстан төрінде елімізді, жерімізді дүбірлеткен үлкен мереке келе жатыр.

Ол мереке Тәуелсіз Қазақстаның өмірі ұзақ, ғұмыры биік болсын.Егеменді еліміздің 29 жылдық мерекесі құтты болсын.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тақпақтар

Ту: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды Иляс



Елтаңба: Бейнелеп сан ғасырдан,

Елтаңбасы елімнің.

Таратады хас үлгі,

Киесіндей елімнің . Адина


Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!


Би «Алға Қазағым»


Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.



Бабам тұлпар жаратты.

Тұлпар барда қағатты,

Шайқалмайды шаңырақ. Даяна

Ән ұран: Әнұраны елімнің
Ша
қырады бірлікке.
Егеменді хал
қымның
Болаша
ғы бірлікте. Алина

Тәрбиеші: Жақсы балалар жарайсындар.

Сергіту сәтті: Көк аспанда егеменді елді көк байрағым мәңгі желбіресін-деп бәрінді көңіл көтеруге шақрамын. (Тумен шығыу)



Орындарына отырғызу. Тәуелсіз туралы тақпақтар:

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы меніңтуғанөлкем!
Айсұлтан


Отан деген – ата мекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел
Санжар



Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем. Нұрасыл


Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биікекен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Айсана



Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Хор: Қазақстан гиміні

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіз Елім-Қазақстан»  атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
1493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі