Материалдар / "Еркемай" балабақшасы. Жаңа жыл-2021жыл. "Балдәурен" екінші кіші тобы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Еркемай" балабақшасы. Жаңа жыл-2021жыл. "Балдәурен" екінші кіші тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценарий 2-кіші топқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
943
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ІІ кіші «Балдәурен» тобы

Қош келдің Жаңа жыл!


Әуен қосылып балалар залға кіреді.


Ән: Аяз ата Ақшақар


Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті Ата аналар,апайлар және кішкентай біздің ұл қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Жаңа жылды біз тойлап.

Шаттанамыз баріміз,

Өлеңде әзір ән әзір.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл,жаңа жыл


Сыртта Қарды ғыртылдатып басып жүріп келе жатқан дыбыс естіледі


Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты,тыңдаңдаршы, қорқып-үркіп бірдеңеден қашып келе жатқан сияқты. Балалар сендерде естідіңдерме сырттан қандай дауыс естіп тұрмыз.


Балалар: Қардың дауысы


Қоян сырттан қашып келген күйде залға кіріп қорыққан сездіріп әр жерге бір тығылады


Жүргізуші: Ұзын құлақ сұр қоян, сен қайдан келдің қайдан жүрсің


Қоян: Орманда мен өзіме қыстық азық іздеп жүр едім. Қасқырды көріп тұра қаштым. Балалар мені жасырыңдаршы мен өте қорқақпын. Енді қыста жейтін сәбізді қайдан табамын. Орманда қасқыр жортып жүр. Енді мен көктемге шейін аш қалатын болдым. Балалар маған сәбіз табуға көмектесесіңдерме?


Балалар: ия көмектесеміз


Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

Ақ түске мен бояндым.

Сәбіз берсең балалар,

Әдемілеп тоямын.

Секіремін, жүгіремін,

Сендерге қарай келемін.


Қоян: Қандай әсем шырша қандай әдемі балалар


Тәрбиеші:Олай болса қоян сен бізбен бірге жаңа жалды қарсы ал.


Қоян:Ия Ия Әрине. Олай болса балалар менің сүйіті ойыныммен ойнасын. Қоян сияқты секіріп жарыса отырып сәбіз жинап келу.


Ойын: Кім шапшаң?

Қоян: Жарайсыңдар балалар сендер менің қоймамды сәбізге толтырдыңдар. Енді қарным ашпайды.


Жүргізуші:Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылда

Сендер сыйлықты кімнен күтесіңдер?


(Балалардың жауабы) Аяз ата, Ақшақар


Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар келеміз деп еді кешігіп жатыр (деп сағатқа қарайды) Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.


Балалар хормен: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - - у! 3 - рет


Аяз ата:Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?


Жүргізуші: Аяз ата сіз жалғыз жүрсізбе? Немереңіз Ақшақар қайда?


Аяз ата: Орманда келе жатып немере Ақшақарды жоғалтып алдым. Балалар маған немеремді табуға көмектесіңдерші.


Жүргізуші: Балалар біз Аяз атаға немересі Ақшақарды тауып берейік. Қане барлығымыз бар дауыспен Ақшақарды шақырайықшы.


Балалар: Ақшақар!-Ақшақар!-Ақшақар- ау-у-у-у


Сырттан жалмауыз кемпір кіріп келеді. Жалмауыздың белі бүкірейген желкесі гүжірейген басында Ақшақардың каронасы бар. Мысқылдап күліп келеді


Жалмауыз кемпір: Мені шақырдыңдарма мен Ақшақармын


Балалар: Жоқ сен Ақшақар емессің


Жүргізуші: Жоқ біздің Ақшақарымыз жап-жас өзі әдемі сұлу. Аяз ата мына кемпір өзін Ақшақармын дейді


Аяз ата: Мүмкін бұл кемпір менің немеремді жасырып қойған шығар?

Қане менің Ақшақарым! Тауып бер!


Жалмауыз кемпір: Жоқ мен тығып қойған жоқпын сенбесеңдер мені тексеріңдер. Мен Ақшақар биін әдемі билеймін


Жүргізуші: Аяз ата біз Ақшақардың әдемі әуенін қосайық. Мына кемпір билей алама көрейік


Ақшақардың әдемі әуені қосылады Жалмауыз кемпір билей алмай секең-секең етіп қайта-қайта құлап қала береді


Аяз ата мен балар шулап; Ақшақар емессің сен Жалмауыз кемпірсің қуыңдар Жалмауыз кемпірді


Балалар Жалмауыз кемпірді жердегі қар ұлпаларымен ұрып қуып жібереді


Ақшақар өзінің әдемі әунін естіп залға Қуана кіріп келеді




Ақшақар: Орманда адасып қалып едім. Өзімнің сүйікті әуенімді естіп сендерді тауып келдім.

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!


Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Аяз ата:Ақшақар қызым ау мына шырша шамдары жағылмаған екен қане балалармен шырша шамын жағайық.


1, 2, 3 шырша шырша жайнай түс.



Балалар шыршаны айнала қол ұстасып шеңбер болып тұрады


Ән: В лесу родилас елочка!


Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздардың сіздің ақшақар қызыңызға арнаған биі бар биге кезек берейік


Би: Ақшақарлар


Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге дайындаған Әсем әні де, биі де бар
Отырңыз ата,  Аяз ата сізге біздің балалардың айтар тақпақтары бар екен:


Адина

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Даяна

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Айсұлтан

Аққаламыз жүрмейді

Ойнап бізбен күлмейді

Қалжыңдап қар атсада

Сөз қайтару білмейді



Нұрәли

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып кемеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де


Асылым

Біздің бала бақшада

Шырша тойы болады

Аяз ата ақша қар

Біздерге мәз болады



Нұрасыл

Келді келді жаңа жыл

Қуанып қарсы ала біл

Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр


Аяз ата:ой балалар өркендерің өссін қандай әдемі тақпақтар.


Би: Тик-так часики


Әуен қосылып көңілсіз мұрынын жоғалтқан аққала кіреді.


Жүргізуші:Ой балалар қараңдаршы бізге қонаққа аққала келді

Сәлеметсің бе ! Аққала неге көңіл күйін жоқ?


Аққала:Менің мұрыным түсіп қалып соны таба алмай жылап келемін


Жүргізуші:Сен мұңайма сенің мұрныңды табуға біздің балалар көмек теседі.

Солайғой балалар,көмек тесемізбе аққалаға

Сен аққала бізбен ойын ойнап көңіліңді көтер.


Аққала: әрине ойнаймын.


Қоян; Аққала сенің мұрның сәбізден емеспе? Мен саған өз сәбізімнен бір сәбіз бере тұрамын


Ойын: «Қар кесектері»

Ойын арасында сәбіз табылады. (Ойын 2 рет қайталанады).

Ойынға барлық балалар қатысады:


Аққала: Рахмет балалар мұрнымды тауып бергендеріңе және көңіл күйімді көтердіңдер!


Жүргізуші: Аяз ата енді біздің балалардың жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарға кезек берейік.


Айсана

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады


Сержан

Көрікті бөрікті

Аяз ата келіпті

Тақпақ айтқан балдарға

Сыйлықтарын беріпті


Аяулым

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл жаңа жыл


Иляс

Новый год! Новый год!

В гости елочка придет

Дед Мороз и Зайки

Принесут подарки


Хансултан

Дед Мороз хороший

Хлопает в ладоши

В валенках шагает

Елку зажигает


Санжар

Елочка сверкает

Шарики блестят

Радуется дети

И Ура кричат!


Данил

Наша елка велика

Наша елка высока

Выше папы. Выше мамы

Достает до потолка


Жүргізуші: Олай болса енді Аяз-атамен бір ойын ойнайық.


Ойын: Аяз атаның қолғабы. Балалар кезектесіп қолғапты аяз атаға ұстатпай лақтыруы қажет


Жүргізуші:Аяз ата ұлдардыңда жаңа жыл мерекесіне арналған билеріне кезек берсек қалай қарайсыз ата сізде билеуге болады.


Би: Сантаклаустар. Балалар биі.


Ойын:  «Шыршаны безендіру»


Жүргізуші: Балалар енді ескі жылмен қоштасатын уақыт келді.

Балалар бізде ескі жыл қандай жыл болды ?


Балалар: Тышқан деп жауап береді.


Тышқан мен сиыр бірге кіреді..


Тышқан:Салем балалар салем қонақтар мені таныдыңдар ма?


Балалар: ия сен Тышқансың


Тышқан: Ал менің досымды таныдыңдар ма?


Балалар: Сиыр деп жауап береді


Тышқан: Ия дұрыс айтасындар мен Тышқанмын сендермен бір жыл дос болдым енді сендерді Сиырға табыстаймын

 Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа Қош сау болыңдар!

Жаңа жыл мерекелерің Құтты болсын

Жүргізуші:Тышқан сен бізге бір жыл қомқор болдың бізге жақсы тілектер тіледің бірге болдық рахмет саған ризамыз.


Сиыр: Мен жаңа жылмын сендерге бақыт, молшылық, жақсылық әкелдім! Сендермен дос боламын.


Жүргізуші: Балалар жаңа жылға ән айтып берейік.


Ән: «Шыршаға бардық»


Ән: В лесу родилась елочка (хоровод)


Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамына нұр бітсің! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіне аманат


Сөз кезегі: «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі: Тулеуова Элмира апайға сөз берейік



















































«Еркемай» балабақшасы.
















Қош келдің жаңа жыл!


Екінші кіші «Балдәурен» тобы.






Тәрбиешілер: Нуржигитова А

Дулатбаева С

Неметжанова М

Искенова Н












2020-2021 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!