Маңғыстау аудандық
балалар өнер мектебі
8-Наурыз мерекесіне
арналған
«Еркін жүректердің
самғауы»
теория бірлестігінің
есептік концерті
Ұйымдастырушылар:
Қабасова Ақбөбек
Халиманова
Лиза
Абилова
Бақыт
Саймова
Альбина
Жакашев
Ерхат
Омарова
Мира
Жұмашбаева
Мәншүк
Шетпе
2021-жыл
«Еркін жүректердің
самғауы»
Қощ келдіңіздер аса
құрметті ұстаздар, ата-ана және де
оқушылар!
«Өнер деген тамаша ғой,
аңсағанда,
Басады ол деміңді
шаршағанда,
Қасиеттің киелісі – өнер
деген,
Сыйлайды ол рахатын барша
жанға» - дей отыра, Сіздерді келе жатқан «8-наурыз Халықаралық
әйелдер мерекесімен құттықтай отырып,мектебіміздің теория бөлімінің
өнерлі оқушыларының қатысуымен дайындалған «ЕРКІН ЖҮРЕКТЕРДІҢ
САМҒАУЫ» атты мерекелік концертімізді тамашалауға
шақырамыз!!!
«Өнердің түр-түрі бар, бұл
ғаламда,
Ән салады әншілер,
қыр-далада.
Бишілер мың бұралып
билегенде,
Тебіренер сілкініп, жер –
ана да.
Алдарыңызға вокал сыныбының
оқушысы (жәйлап музыка қосылып
бастайды) Абилханов
Жалғасты «Ассалаумағалейкум»
әнімен шақырамыз,
ән-шашуымызды қарсы алыңыздар!
Мереке
ҚарақатТЫ «SNOW
MAN» әнімен қарсы
алайық.
«Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай
тіл қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ
сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл
бақтың.
Ер жеткізіп елге берген
баласын,
Ақылдысың, ардақтысың,
данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір
сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,
анашым!!!» – деп ақ тілекті арнай отырып,
«Ақ
әжем» әнімен сахнаға баян және
вокал сыныбының оқушылары Айша мен Мереке Дәулетовтер отбасын
шақырамыз! Қошеметтеп қояйық!!!
Дәулет
Мереке «Коробейники»
шығармасымен.
Келесі оқушымыз жас пионист
(сахнаға шығып поклон
жасап орнына отыра береді) Мұратбек Аяжан, қазақтың
халық әні «Дудар-ай»
шығармасымен,қошемет
көрсетейік!!!
«Десекте уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялымен
қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
тебіреніп,
«Өнерін» аналарға
бағыштайды. – дей келе, оқушыларының өнерін тамашалаңыздар. Серік
Зейнептің орындауында «Этюд» Беркович. тема
Поганини, қобызда қосылатын Айдарова
Торғын
Таңбаев
Ильясты «Мен
Қазақпын»
Саматқызы Тілектестің
орындауында «Мамамның
мерекесі»
шығармасы.
Вокал сыныбының оқушысы
Жауынбай Жазылбетік «Туған
жер» әнімен қарсы
алайық
Абай «Көзімнің
қарасы» фортепианода орындайтын
Ноғаев Думан
Дәулетова Мөлдірдің
орындауында «Қуаныш»
шығармасы. Қошеметтеп
көрсетейік.
Қошемет көрсетейік
Абилханов Жалғас, «Районы кварталы»
әнімен
«Анасыздар, кең байтақ
дарасыздар,
Жаны жайсаң жеңімпаз
данасыздар.
Көлеңке жоқ көңілінде,
қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын
баласыздар.- деп мектебіміздің басшысы Жанат апайымыз бен
орынбасары Мәншүк апайымызға арналған сыйлығымызды тарту
етеміз!!!
Алақаны жылылықтан
балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді
шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша
жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған» - дей
отыра, оқушыларының өнерін
тамашалайық.
«Мама»
әнімен жас әншіміз Амантай Ұлданай қарсы
алыңыздар!!!
«Анашым»
орындайтын вокал сыныбының оқушысы Сағынғали
Айару
«Частушка»
баянда орындайтын Мадикулов Расул, қошеметтеп
отырайық
«Волга
әуендері» шығармасымен сахнада Баян
сыныбының оқушыларынан құралған ансамбль (ойнап болғасын) Ноғаев
Ақниетпен Биғалиев Ринаттың өнеріне қошемет
көрсетейік!!!!
«Ару - Ана өмірдің
асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл
бағы.
Сендер үшін ән мен жыр
шырқалуда,
Сендер үшін мереке
шашулары,
(осы кезде хор сахнаға шығып, өз орындарына
тұра береді, шуламай,
тарсылдамай)
Әркімнің де өмірден аласы
бар,
Аласы бар адамның анасы
бар.
Мерекесін құттықтап
аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар» -
дей отыра «Бір
бала» әнімен мектебіміздің «Шұғыла» балалар хорын
қарсы алыңыздар!!!!!
(Тып-тыныш шығып кете бергенде,екінші оқушы
дайын тұрсын, хабарлап жатқанда оқушы шыға берсін және музыка
қосыла берсін)
Вокал сыныбының жас әншілері Айша мен
Мерейлімді «Мәңгілік ел
Қазақстан»
әнімен
шақырамыз
«Ғайни»
фортепианода орындайтын Орынбасар Нұргүл.
(ойнап
болғасын) Нұргүлдің өнеріне қошемет
соғайық
«Аяулысың, ауылымның
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен
би,
Сендер үшін мереке
шашулары
«Кең кеудеңе гүл болып
тағыламын,
Жұлдызындай көгінде
жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын
сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.-дей отыра
алдарыңызға әнші қыздарыңыз Ұлданай мен
Қарақатты «Dans
monky» әнімен
шақырамыз.
«Дәл
мендей» әнімен вокал
сыныбы (музыка қосылып, оқушы шыға
береді) оқушысы Шәңгерей Дильназды қарсы
алыңыздар.
«Нұр
Аға» әнімен алдарыңызда мектебіміздің оқушылар
ансамбльі, қошеметтеп
отырайық!!!
Әйел – сенің ақылшың да,
айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы
әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың
да,
Әйел – сенің мерекең де,
мейрамың.
Құрметі де аяулы аналар, ұстаздар, гүлдей
құлпырған қыздар, сіздерге арналған
«Еркін жүректердің
самғауы» атты мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті!
Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр,
отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер
тілейміз! Сау
болыңыздар!
«Еркін жүректердің
самғауы» атты мерекелік
концерт
-
Абилханов
Жалғасты «Ассалаумағалейкум»
-
Мереке
Қарақат «SNOW
MAN»
-
Айша мен Мереке
Дәулетовтер «Ақ
әжем»
-
Мереке
Дәулетов «Коробейники»
-
Мұратбек Аяжан,
қазақтың «Дудар-ай»
-
Серік
Зейнептің «Этюд» Беркович..
Торғын
-
Таңбаев
Ильясты «Мен
Қазақпын»
-
Саматқызы
Тілектестің « Мамамның
мерекесі»
-
Ноғаев
Думан
Абай «Көзімнің
қарасы»
-
Жауынбай
Жазылбек «Туған
жер»
-
Дәулетова
Мөлдірдің «Қуаныш»
-
Абилханов
Жалғасты «Районы
кварталы»
-
Амантай
Ұлданай «Мама»
-
Сағынғали
Аружан «Анашым»
-
Мадикулов
Расул «Частушка»,
-
Ноғаев Ақниетпен Биғалиев
Ринаттың «Волга
әуендері»
-
«Шұғыла» балалар
хорын «Бір
бала»
-
Айша мен
Мерейлімді «Мәңгілік ел
Қазақстан»
-
Орынбасар
Нұргүл. «Ғайни»
-
Ұлданай мен
Қарақатты «Dansy
monky»
-
Шәңгерей
Дильназды «Дәл
мендей»
-
Оқушылар
ансамблі «Нұр
Аға»

