Еркін түсу үдеуін анықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еркін түсу үдеуін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Еркін түсу үдеуін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зертханалық жұмыс №9



Зертханалық жұмыс тақырыбы: Еркін түсу үдеуін анықтау

Мақсаты:

Математикалық маятниктің және математикалық маятниктің виртуалды моделі көмегімен Жердегі еркін түсу үдеуін анықтау, алынған мәнді нақты мәнмен – 9,8 м/с2 салыстыру.

Барлық есептеулерді жүргізіп және қорытынды жасау.


Құрал- жабдықтар:

Зертханалық штатив, қысқыш, екі жұқа жазық пластиналар (қысқышта жіпті ұстап тұру үшін), созылмайтын жіңішке жіп, секундомер, өлшеуіш таспа (метрлік сызғыш).



Теориялық түсінік.

Денелердің еркін түсу үдеуі деп ауа кедергісі болмағанда денелердің Жерге түсуін айтады. XVI ғасырдың аяғында итальян ғалымы Г.Галилей тәжірибелік жолмен сол заманға сай уақыт дәлдігімен ауа болмағанда барлық денелер Жерге бірқалыпты үдемелі түсетінін және барлық денелердің үдеулері бірдей болатынын анықтады. Осыдан 2000 жыл бұрын Аристотельден бастап ғылымда ауыр денелер жеңіл денелерге қарағанда Жерге жылдамырақ түсетіні ұйғарылды. Денелердің Жерге түсетін үдеуі еркін түсу үдеуі деп аталады. Еркін түсу үдеуінің векторы g символымен белгіленеді. Оның бағыты вертикаль төмен бағытталады. Жер шарының әртүрлі нүктелерінде географиялық ені және бойына теңіз деңгейіне байланысты g-дің сандық мәні бірдей болмайды. Жуық шамамен полюстерде 9,83 м/с2 –ден экваторда 9,78 м/с2 дейін өзгереді. Мәскеудің енінде g=9,81523м/с2 . Әдетте есептеулерде жоғары дәлдік қажет болмаса, онда Жер бетіндегі g-дің сандық мәні ретінде 9,8 м/с2 немесе тіпті 10 м/с2 деп алады.

4π²l

g = -----------

Т ²

Тұрақты үдеумен дененің еркін түсуі ауырлық күшінің әсерінен болады. Дененің еркін түсу үдеуін анықтау үшін, түсу биіктігімен түсу уақытын білсе болғаны немесе дененің еркін түсу үдеуін математикалық маятниктің көмегімен де анықтауға болады. Ол үшін математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласын пайдаланамыз , мұндағы Т – математикалық маятниктің бір тербеліс жасауға кеткен уақыты, яғни тербеліс периоды. , N – тербеліс саны, t – сол тербеліс жасауға кеткен уақыт. Ал l – математикалық маятниктің ұзындығы, g – еркін түсу үдеуі. Сондықтан, теңдеудің екі жағын квадраттап, осыдан g еркін түсу үдеуінің формуласын қортып шығарамыз немесе



Зертханалық жұмысты орындау.

Әр студент жұмысқа қажетті құрал жабдықтар және жұмысты орындауға қажет үлестірмелі парақтар – 2 қосымшадан алады.

1. Столдың шетіне тұрғы орнатыңдар немесе виртуалды зертхана бөлімінен, тақырып бойынша көрсетілген симуляторды ашыңыз.
2. Жіпке ілінген жүктің массасын, ұзвндығын, ауытқуын таңдап алыңыз.

3. Сызғыш көмегімен жіп ұзындығын өлшеңдер.
l=......м

4. Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып,содан соң жіберіңдер.

5. Толық 20 тербеліс жасауға кеткен уақытты t өлшеңдер. t=.....с

6. Тәжірибені үш рет қайталаңыз.

7. Алынған мәліметтерді пайдаланып тербеліс периодын анықтаңыз Т =

8.Тәжірибе нәтижелері бойынша g еркін түсу үдеуінің мәнін келесі формула бойынша есептеңдер:

9. Еркін түсу үдеуінің практикалық тәжірибе бойынша алынған мәнін g теориялық мәнімен, яғни салыстырыңыз

10. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.


https://phet.colorado.edu/sims/html/pendulum-lab/latest/pendulum-lab_en.html


Талдау



Тәжірибе реті



l, м






tорт, с



Т, с



Торт, с



g,м/с2

1








2






3






Дескрипторлар

  • Маятник жібінің ұзындығын дұрыс өлшейді

  • Маятниктің тербеліс уақытын дұрыс өлшейді

  • Қажетті формуланы дұрыс қолданады

  • Еркін түсу үдеуінің Жердегі мәнін дұрыс есептейді

  • Математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтайды

  • Формуласынан еркін түсу үдеуін анықтайды


50 балл




Жинақтау


Тәжірибені жасап, еркін түсуді анықтау қорытынды жазу

Еркін түсуге мысал келтір?

Математикалық маятниктің және еркін түсу үдеуінің өз мамандықтарымен байланысы?



Сабақты қорытындылау және рефлексия


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2023
619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі